7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының аумағындағы жерсiлкiнiстер каталогы; алғашқы бақылау материалдарының (сейсмограммалардың, цифрлық сейсмограммалардың, деформограммалардың, күштi қозғалыстар жазбасының, геофизикалық, гидрогеологиялық, сейсмобиологиялық бақылаулар және жер қабығы қозғалыстарын қазiргi бақылау бойынша алғашқы материалдары) мұрағаттары; бақылау түрлерi бойынша деректердiң базалары; сейсмикалық ("Сейсмо", "Бадис", "Уақытша қатарлар", "Карточка", "Кармех"); геофизикалық ("Магнитка", "Теллурика"), гидрогеологиялық ("Геохим"), қазiргi қозғалыстар ("Қабық"); өлшеу параметрлерi негiзiнде жерсiлкiнiстердiң күн сайынғы оперативтi болжамдары (барлығы 365 болжам); Білім және ғылым министрлігі жанындағы жерсiлкiнiстерiнiң болжамдары жөніндегі ведомствоаралық Комиссияға күн сайын бақылау материалдарын берiп отыру.
Сейсмологиялық стансалардың беретiн өңделген ақпараттарының сапалығы мен автоматты оперативтiк үдерiсiнiң сенiмдiлiгiн арттыру мақсатында құрылғыларды жаңарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
244-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Білім беру жүйесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету
және білім беру қызметтерiнiң сапасын талдау"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 751484 мың теңге (жетi жүз елу бір миллион төрт жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24-сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "СПИД ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесiн басқаруды жетiлдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы, "Білім ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1305 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасында СПИД эпидемиясына қарсы мемлекеттік концепциясы" туралы 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысы, "Қазақстан Республикасында СПИД iндетiне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы" туралы Қазақстан Республикасында СПИД iндетiне қарсы күрес жөніндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылға 28 қазандағы № 1111 қаулысы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудегi жалпы әлеуметтiк үрдiстердi ескере отырып білім деңгейлерi үшiн жалпыға мiндеттi мемлекеттік білім стандарттарын жасау және енгізу, білім берудi басқару жүйесiн жетiлдiру. Денешынықтыру және спорт саласында ғылыми-әлеуметтiк жұмыстарды жүзеге асыру, алынған бағдарламалар, әдiстемелiк ұсынымдар және құралдар түріндегі нәтижелердi тарату. Білім ұйымдарында білім сапасын бақылаудың жаңа технологияларын енгізудi жүзеге асыру. Білім берудiң барлық деңгейлерiнде оқушылардың білімдерiн бағалауды қамтамасыз ету. Мектепке дейiнгi білiм берудiң стратегиялық дамуын қамтамасыз ету. Жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсету бойынша ғылыми-әдiстемелiк жұмысты iске асыру. Мектепке дейiнгi, орта және жоғары білімнiң сапасын бағалау, сондай-ақ білім берудiң барлық деңгейлерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдардың сапасын арттыру. Барлық деңгейлерде білім беру үшiн оқу әдебиеттерiн әзiрлеудi қамтамасыз ету. Кәсiптiк білім беру бағдарламаларының институциалдық, аккредитациялық қызметiн iске асыру. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшiлердiң кәсiптiк дайындығына тәуелсiз бағалау өткізудi ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету. Аэроғарыш саласы бойынша кадрларды дайындау және біліктілігiн арттыруды қамтамасыз ету. ВИЧ- инфекциясының эпидемиясын ескерту бойынша алдын алу жұмыстарына бақылау мен талдау жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тестiлеу теориясы мен методологиясы бойынша ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу, мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім стандарттары мен оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәртібін сақтауды әзiрлеу және талдау. Денешынықтыру мен спорт бойынша бағдарламалар мен ұсынымдар әзiрлеу. Республикада білім ұйымдарында 12 жылдық оқу мерзiмi енгiзiлген мектептердiң бастапқы саты үлгiсiн сынау бойынша эксперименттiк жұмыс бағдарламасын iске асыру. Білім мекемелерiнiң сапасы мен оқу материалдарын қорыту сапасын анықтау, жалпы білім беру мектептерiнiң 4, 9 сыныптары оқушыларының мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім беру стандарттарына сай екенiн бағалау, оқушы контингенттерiн құру механизмiн жетiлдiру. Кәсiптiк білім бағдарламаларын аккредитациялаудан өткізу. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшiлердiң кәсiптiк дайындығына тәуелсiз бағалау өткізудi ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету. Аэроғарыш саласы бойынша кадрларды дайындау және біліктілігiн арттыруды қамтамасыз ету. Білiм беру ұйымдары үшiн ВИЧ- инфекциясы мәселелерi бойынша интеграцияланған курстар, құралдар мен әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлеу.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 025 Білім беру Жас балаларға ал- Жыл Түзеу
жүйесiн әдiс- ғашқы түзету педа- бойы педагоги-
темелiк гогикалық көмек касының
қамтамасыз көрсетудi әдiсте- ұлттық
ету және мелiк қамтамасыз ғылыми-
білім беру ету. практикалық
қызметтерiнiң орталығы
сапасын Білім деңгейлерi Қазақстан
талдау бойынша стандарттар Республи-
әзiрлеу касының
12 жылдық оқуға Білім және
көшудi әдiстемелiк ғылым ми-
қамтамасыз ету; нистрлiгi
дене тәрбиесi бойын-
ша әдiстемелiк
басылымдар әзiрлеу;
оқу-әдiстемелiк
құралдар, мектеп
жасындағы балаларды
iздестiрудiң және
есепке алудың әдiс-
темесi мен талдауын
әзiрлеу.
Орталық мектепке "Мектепке
дейiнгi білім берудi дейiнгi
дамытудың әдіснама- балалық
лық негіздер шақ"
стратегиясын республи-
әзірлеу. калық
ғылыми-
практикалық
орталығы
Оқулықтар мен оқу- "Оқулық"
әдiстемелiк әдебиеттi ғылыми-
әзiрлеудi және басып әдiстемелiк
шығаруды әдiстемелiк орталығы
қамтамасыз ету.
Білім беру жүйесi Білім беру
жай-күйiнiң монито- сапасын
рингiн жүзеге асыру. бағалаудың
Қазақстан Республи- ұлттық
касында білім берудiң орталығы
жай-күйi туралы
ұлттық баяндаманы
дайындау.
Жоғары оқу орындарын Ұлттық
институционалдық аккредиттеу
аккредиттеу және орталығы
кәсiптiк білім беру
бағдарламаларын
аккредиттеу.
Жұмысшы кадрлар мен Республи-
техникалық және калық
қызметтер көрсету біліктi-
еңбегi мамандарының лiктi беру
кәсiби даярлығын, және
олардың білiктілігiн қуаттау
беру және қуаттауды орталығы
бағалауды тәуелсiз
жүргiзу.
Қазақстан Республи- Қазақстан
касының Білім және Республи-
ғылым министрлігінiң касының
бұйрығымен бекітілген Білім және
сатып алынатын ғылым ми-
жабдықтар тiзбесiне нистрлiгi
сәйкес білiм инфрас-
труктура орталықтарына
басты құралдар алуға
күрделi трансферттер.
Білім берудi дамыту
институттарын (орта-
лықтарын) ашуға және
олардың қызметiн
қамтамасыз ету үшiн
трансферттер аудару.
Аэроғарыш саласы
бойынша кадрларды
дайындау және білік-
тілігiн арттыруды
қамтамасыз ету үшiн
әдiстемелiк және оқу
құралдарын әзiрлеу
және басып шығару.
Білiм беру ұйымдары
үшiн ВИЧ- инфекциясы
мәселелерi бойынша
интеграцияланған
курстар, құралдар
мен әдiстемелiк
ұсыныстар әзiрлеу.
ВИЧ- инфекциясының
эпидемиясын ескерту
бойынша алдын алу
жұмыстарына бақылау
мен талдау жүргiзу.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қазiргi сабақ беру әдiсiнiң білім практикасына оқу-әдiстемелiк құралдар әзiрлеу және енгізу, мұның өзi білім ұйымдарында оқытудың сапалық деңгейiн жақсартады. Бастауыш және орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк мамандықтар бойынша стандарттар әзiрлеу. Жаңа оқу-әдiстемелiк құралдар әзiрлеу және енгізу. Жаңа ақпараттық технологияларды ескере отырып оқу-әдiстемелiк әзiрлемелердi оқу процесiне, сондай-ақ денешынықтыру мен спортты дамытуға енгізу. Салауатты өмiр салтын насихаттау, ақпаратты арттыру, білім алушылардың мiнез-құлқын өзгерту, ВИЧ iндетiнiң алдын алу саласында білім сапасын жақсарту. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарттарын жасау. Кәсiптiк білім беру бағдарламаларының институциалдық, аккредитациялық қызметiн iске асыру. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшiлердiң кәсiптiк дайындығына тәуелсiз бағалау өткізудi ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету. Аэроғарыш саласы бойынша кадрларды дайындау және біліктілігiн арттыруды қамтамасыз ету үшiн 10 әдiстемелiк және оқу құралдарын басып шығару. Білім берудi дамыту институттары ашылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
245-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне арнайы (түзету) білім беру ұйымдары арнаулы
техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз
етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 202894 мың теңге (екi жүз екi миллион сегiз жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 20-бабы, "Мүмкiндiгi шектеулi балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегі Заңының 6 , 9-баптары, "Қазақстан Республикасында білiм беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.