225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Білім беру жүйесiн ақпараттандыру"
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 80200 мың теңге (сексен миллион екi жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1037 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдiң барлық аумағында білім беру кеңiстiгiнiң бірлiгiн және білім сапасын арттыруды қамтамасыз ететiн бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын құру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мониторинг, білім беру ұйымдарын талдау және бақылау, ақпараттық жүйесiн құру, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң білім порталын және үш өңiрлiк білім беру ақпараттық ресурстық орталықтарын құру, үздiксiз білім берудi және компьютерлiк өзiн-өзi оқытуды қамтамасыз ету үшiн қашықтан оқыту технологияларын, бағдарламалық және аспаптық құралдарын әзiрлеу, Қазақстан Республикасы білім беру стандарттарына сәйкес қазақ және орыс тiлдерiнде электрондық оқу басылымдарын әзiрлеу және тираждау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 022 Білім беру Жалпы орта және Жыл Қазақстан
жүйесiн ақ- жоғары білім дең- бойы Республи-
параттандыру гейлерiнде білім касы Білім
беру ұйымдарының және ғылым
бақылау және талдау министрлігі
жүйесiн дамыту;
Қазақстан Республи-
касы Білім және
ғылым министрлігінiң
білім порталын және
үш ресурстық орта-
лықтарын (Алматы,
Астана, Қарағанды
қалаларында) құру;
Жалпы орта білім
беру ұйымдарына
Қазақстан Республи-
касы білім беру
стандарттарына сәйкес
қазақша және орысша
тiлдерiнде 16 элек-
трондық оқыту басы-
лымдарын әзiрлеу;
Жалпы орта білім
беру ұйымдарына
қазақша және орысша
тiлдерiнде әзiрленген
электрондық оқыту
басылымдарын тираждау
және тасымалдау.
Жоғары және орта
білім беру деңгейде
қашықтықтан оқыту
технологияларын
(кейс-, ТД- және
желiлiк), бағдарла-
малық және әдiсте-
мелiк қамтамасыз
етудi әзiрлеу.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бірыңғай білім беру ақпараттық ортасының негiзi қаланады, ол:
- білім беру дамытуды ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудiң бірыңғай жүйесiнiң негiзiн қалыптастыруға;
- білім беру объектілерін және процестерiн тиiмдi басқару үшiн жүйе құруға;
- қазiргi электрондық оқу басылымдарын (ЭОБ) әзiрлеу және оқу процесiне енгізу, жалпы білім беретiн мектептердiң негізгі пәндерi бойынша ЭОБ-тың тираждалуын ұйымдастыру және олардың дәстүрлi оқу құралдармен ықпалдасуын жүзеге асыруға;
- білім беру ақпараттық ресурстық орталықтарын құруға;
- әртүрлi деңгейдегi білім беру ұйымдары үшiн қашықтықтан оқыту жүйесiн ұйымдастыруға.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
242-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кадрлардың
біліктілігiн арттыру және қайта даярлау"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 163368 мың теңге (бір жүз алпыс үш миллион үш жүз алпыс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 21, 27, 41-баптары, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындап, кәсiптiк шеберлiктерiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес өздерiнiң кәсiптiк қызметi саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, iскерлiктерi мен дағдыларын жаңартып отыру. Білім беру, спорт және денешынықтыру мамандарының кәсiптiк білімдерi мен дағдыларын тереңдету, консультативтiк-әдiстемелiк көмек көрсету. Аймақтық білім беру жүйелерi мен оқу орындарын басқарудың сапасын арттыру, мектеп мұғалiмдерiнiң компьютерлiк сауатын қамтамасыз ету, мектептi 12 жылдық оқуға көшiру үшiн кадрлар даярлау, білім ұйымдарында мұғалiмдер мен оқытушылардың жұмысқа кәсiптiк және психологиялық дайындық сапасын арттыру. Ұйымдардың, білім басқармаларының, білім берудiң барлық деңгейдегi педагог қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыру. Ғарыш байланыстары бойынша мамандардың біліктілігiн арттыру мен қайта даярлау. Ғарыштық қызмет мамандарының шет елдегi стажировкасы.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: біліктіліктi арттыру және басшы кадрлар мамандарын қайта даярлау жөніндегі білім функцияларын жүзеге асыру, білім ұйымдары мұғалiмдерi мен педагогтарының кәсiптiк білімдерi мен дағдыларын жаңарту және тереңдету, отандық психологиялық-педагогикалық ғылым мен практиканың озық педагогикалық тәжiрибесi мен жетiстiктерiн насихаттау және тарату. Мамандардың отандық және шетелдiк озық тәжiрибеде тиiстi ғылым мен техника салаларындағы жаңа жетiстiктер туралы білім алуға деген талабын қанағаттандыру, бұрын алған кәсiптiк білімдi тереңдету немесе жаңа кәсiптiк білім алу. Ғарыш байланыстары бойынша мамандардың біліктілігiн арттыру мен қайта даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 023 Мемлекеттік Педагог кадрлардың Жыл Қазақстан
білім беру біліктілігiн арттыру бойы Республи-
ұйымдарындағы және қайта даярлау касының
кадрлардың бойынша біліктілік Білім және
біліктілігiн көтеру институтта- ғылым ми-
арттыру және рында жаңа форма- нистрлiгi
қайта даярлау циялық педагогтар
дайындау. Әртүрлi
бағытта педагог
кадрлардың біліктi-
лiгiн арттыру және
қайта даярлау.
Ғарыш байланыстары
бойынша мамандардың
біліктілігiн арттыру
мен қайта даярлау.
Ғарыштық қызмет
мамандарының шет
елдегi стажировкасы.
Психология-медицина- Түзеу
педагогика мамандары педагоги-
үшiн біліктілігiн касының
арттыру курстарын ұлттық
өткізу. ғылыми-
практи-
калық
орталығы
Тыңдаушылардың орта
жылдық саны - 6065.
Қазақстан Республи-
касының Білiм және
ғылым министрлігінiң Қазақстан
бұйрығымен бекітіл- Республи-
ген сатып алынатын касының
жабдықтар тiзбесiне Білім және
сәйкес Республикалық ғылым ми-
білім беру жүйесiнiң нистрлiгi
басшы және ғылыми-
педагогикалық кадр-
лары біліктілігiн
арттыру институтына
материалдық-техника-
лық базаны нығайту
күрделi трансферттер.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: құрылған 5 жоғары оқу орындарының базасында педагогикалық кадрлардың біліктілігiн арттыратын институттарында әртүрлi бағытта жаңа формациялы педагог кадрларын даярлау және қайта даярлау. Білім беру жүйесiне, спорт пен дене тәрбиесiне озық тәжiрибенiң жаңа әдiстерiн, отандық және шетелдiк ғылым мен техниканың соңғы жетiстiктерiн енгізу. Теориялық және практикалық білімді жаңарту, кәсіптік білімді қалыптастыру және бекемдеу. Ғарыш байланыстары бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
243-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Сейсмологиялық ақпарат мониторингi"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 194790 мың теңге (бір жүз тоқсан төрт миллион жетi жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңының 1 , 5 , 10, 11, 14, 15, 28-баптары; "Ұлттық қауiпсiздiк туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 1 , 2 , 7 , 8 , 17, 25-баптары; "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында мүмкiн болатын жерсiлкiнiстерiнiң шығынын азайту және олардың зардаптары жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1490 қаулысы; "Республиканың сейсмологиялық қауiптi аймақтарындағы жойқын жерсiлкiнiстердiң шығынын азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының сейсмологиялық қауiптi аудандарында жерсiлкiнiстерiн болжау мақсатымен кешендi зерттеулер ұйымдастыру және өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және сапалы ғылыми қызмет үшiн сейсмикалық стансаларды қайта жарақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Бақылаудағы аумақ пен iргелес аудандардағы жерсiлкiнiстерi туралы деректердi тiркеу және өңдеу; далалық аспаптармен бақылау жүргiзу және стационарлық станциялар желісінде сапалы әрi үздiксiз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, гидрогеодинамикалық, деформографиялық, ойыс өлшеу, сейсмобиологиялық ақпарат алу, алған ақпаратты алғашқы өңдеуден өткізу; зерттелетiн аумақты сейсмикалық бақылау тәртібі бойынша тақырыптық жұмыстар жүргiзу; Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингтi жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында қатты жерсiлкiнiстердiң эпицентрлiк аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың және өзге де бақылау түрлерiнiң жұмысын жандандыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы директивалық органдарының өкімі бойынша жұмыстар орындау; бақылаудағы аумақ бойынша барлық байқалған және күштi жерсiлкiнiстер туралы Қазақстан Республикасының директивалық органдарын мезгiлiнде хабарландырып отыру; Білім және ғылым министрлігі жанындағы жерсiлкiнiстерiн болжау жөніндегі ведомствоаралық Комиссияға мезгiлiнде материалдар берiп отыру; жерсiлкiнiстерiнiң оперативтiк каталогтарымен бюллетендерiн жасау, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, деформографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын құрастыру; аспаптық бақылау деректерiн тiркеу, жөнелту және өңдеу үрдiстерiн автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргiзу; жерсiлкiнiстер болжамдары бойынша бақылау жүргiзу және материалдарды өңдеу үшiн жаңа әдiстер мен техникалық құралдарды енгізу. Бақылауларды, тапсыруларды және деректердi өңдеудi автоматтандыру үшiн сейсмикалық стансалардағы аппаратураны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 024 Сейсмология- Алға қойылған талап- жыл Қазақстан
лық ақпарат тарды орындау үшiн бойы Республи-
мониторингi штаттық саны 296 касының
адамдық лимит Білім және
шегiнде Сейсмология- ғылым ми-
лық тәжiрибелiк экс- нистрлiгi
пидицияны қамтамасыз Сейсмоло-
ету. гиялық
Сейсмологиялық стан- тәжiрибе-
саның материалдық- лiк-әдiс-
техникалық жағдайын темелiк
нығайту мақсатында экспе-
негiзгi құралдар дициясы
сатып алу.
Сейсмикалық цифрлық
аппаратура 6 дана;
капилярлық электро-
форез жүйесi -
1 дана; иономерi -
30 дана; газ хроно-
метрi - 1 дана;
персоналдық компью-
терлер - 8 дана; УАЗ
автомашинасы - 5
дана; дистиляторлар
- 4 дана; күштiк
трансформаторлар -
2 дана; бензоэлектр-
лiк агрегаттар - 4
дана.
__________________________________________________________________