бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерi үшiн бақылау-өлшегiш, арна жасаушы және коммутациялық жабдықтарды сериялық өндiру игерiлдi, бақылау және диспетчерлендiрудiң автоматтандырылған жүйелер қатары қолданысқа енгізiлдi, есептеуiш техника құралдарын отандық өндiру одан әрi жүзеге асырылды. Экологияның, ауыл шаруашылығының, картографияның және геологияның, көлiктiк коммуникациялар (мұнай және өнiм құбырлары жүйесiнiң, электр беретiн желiлердiң, автомобильдер мен темір жолдардың және т.б.) жүйесiн оңтайландырудың мiндеттерi мен проблемалары қатарын шешу, Қазақстанның аумағын қашықтықтан зондпен тексеру арқылы ақпаратты өңдеу нәтижелерiнiң негiзiнде техногендiк және табиғи апаттарды болжау және геоақпараттық технологиялар негiзiнде электрондық карталарды пайдалану қамтамасыз етілетiн болады. Қазақстан Республикасының қарулы Күштерiне қазiргi заманғы байланыстар жүйесiн жеткізу және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ радиоэлектрондық қарсы әрекет ету кешендерiн әзiрлеу және шығару жүзеге асыратын болады, ақпаратты өңдеудiң отандық құралдарын шығару бойынша өндiрiстiк база құрылды.
Нормативтiк, құқықтық және әдiстемелiк база құру саласында ақпаратты қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаның талдауы жүргiзiлетiн және оларды жетiлдiру бойынша ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын дамытудың негiзгi үрдiстерiн ескере отырып ұсынымдар, сондай-ақ оларға қарсы әрекет ету тәсiлдерi әзiрленетiн болады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу саласында ақпараттар жария болуы мүмкiн арналарын кешендi зерттеу жүргiзiлетiн болады; көзбояғыш факторлары спекторынан қорғалатын ақпараттың жария болуы мүмкiн арналарды анықтау, сондай-ақ оларды әлсiрету немесе жабу жөніндегі мейлiнше тиiмдi әдiстер таңдап алынды; операциялық жүйелерде және қолданбалы ақпараттық өнiмдердегi ақпаратты қорғауда әлуеттi қауiптiң бар-жоғын және қарсы әрекетiн зерттеу әдiстерiн әзiрлеу жүргiзiлдi.
Бағдарламаның мiндеттерiн iске асыру шеңберiнде ақпаратты қорғау үшiн қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерi әзiрленетiн және мақұлданатын болады. Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдар партиясы, оның iшiнде ақпаратты электрондық өңдеу құралдарына әдейiлеп күшпен әсер етудiң аппараттық құралдары, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың тиiмдiлiгін бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегі құралдар және техникалық барлауға қарсы әрекет ететiн аппараттық-бағдарламалық құралдар әзiрлендi және шығарылды. Ақпаратты криптоталдаудың негізгi үрдiстерiн ескере отырып криптографиялық қорғаудың отандық құралдары әзiрлендi және жасалды.
Қазақстанның минералдық ресурстарын рационалды пайдалануды стратегиялық жоспарлау мен басқару жүйесi қолданысқа енгiзiлетiн болады, кендi жоғалту және құнарсыздандыру азайтылды, пайдалы қазбалар өндiрудiң ресурстарын үнемдеу технологияларын пайдалану есебiнен бұрғылау-қопару жұмыстарының шығындары азайтылды, концентраттар сапасы төмендетiлдi және байыту кәсiпорындарының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында тапшылықты уытты реагенттер шығыстары сульфидтiк полиметалл және байытылуы қиын кендердi байыту технологияларын жетiлдiру есебiнен қысқартылды, ММК кәсiпорынының зиянды әсерi азайтылды және өндiрiстiң қалдықтар жасау жаңа экологиялық таза технологияларды енгізу есебiнен қысқартылды, ММК қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн өнiмнiң жаңа түрлерi алынатын болады; қазiргi заманғы материалдарды алудың қағидатты жаңа технологиялары әзiрленiп, қара және түстi, сирек кездесетiн және асыл металдар негiзiнде жаңа материалдар алудың қазiргі заманғы технологиялары құрылады, тұтынушыларға барынша қажеттi балқымалар мен жаңа материалдар енгiзiлетiн болады; препараттардың әрекет ету тетiгi мен олардың фармакологиялық және иммунологиялық қасиеттерi зерделенiп, жұқпалы ауруларға қарсы препараттарға клиникаға дейiнгі және клиникалық сынақтар жүргізiлетін болады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
1354 қаулысына
321-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа
жүйесi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10500 мың теңге (он миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 6, 17-баптары, "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңы, "Өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы, "2005 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2005-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысының5.3.3.4-тармағы, "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 6 ақпандағы № 148 қаулысының 8.2 және 8.4-тармақтары, "Қазақстандық кәсiпорындардың ИСО 9000 және 14000 халықаралық стандартына көшуiн жеделдетудiң 2004-2005 жылдарға арналған жұмыс жоспары" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 28-ө Өкімінiң 2 және 3-тармақтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сапаны басқарудың қазiргі заманғы, тиiмдi әдiстерiн енгізудi қамтамасыз ету, тауар өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттігін және сараптамалық мүмкiндiктерiн көтеру; мұнай химия саласында стандартты анықтамалық деректердi пайдаланудың қазiргi жағдайын зерттеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазiргi жағдайдың негiзiнде мұнай химиясы саласындағы физикалық константтар және заттар ерекшелiктерi мен материалдар туралы стандартты деректер анықтамалықтарының кестелерiн әзiрлеу; ғылыми зерттеулер; ауыл шаруашылығы мен азық-түлiк өнiмдерiн өндiру мен iске асыру саласындағы сапа менеджментi мен НАССР жүйесiн әзiрлеу кезiнде туындаған проблемаларды талдау; МС ИСО 9001 менеджмент сапасының жүйесi және азық-түлiк өнiмдерiн өндiру және iске асыру саласындағы НАССР жүйелерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 007 Стандарттау, ИСО 9000 халықара- жыл Қазақстан
сертификат- лық стандарттарын iшiнде Республика-
тау, метроло- және азық-түлiк сының
гия және өнiмдерiн оның Индустрия
сапа жүйесi iшiнде шағын және сауда
саласында- және орта бизнес министрлігі
ғы қолдан- салаларындағы
балы ғылыми кәсiпорындарындағы
зерттеулер - 1 есеп-қисап
өндiру мен iске
асыру саласындағы
сапа менеджментi
мен HACCP принцип-
терiне негізделген
стандарттарды ен-
гiзу кезiнде туын-
даған проблемалар-
ды талдау үшiн
ғылыми-зерттеу
жұмыстары.
HACCP принципте-
рiне, оны ендiру
алгоритмдерiне
негiзделген сапа
менеджментi жүйе-
лерiн құру жөнiн-
дегi ұсынымдар
әзiрлеу:
2. Мұнай химиясы
саласындағы
ғылыми-зерттеу-
лердi жүргізу.
Мемлекеттік
ғылыми-техника-
лық сараптамалар
өткізудi ұйым-
дастыру.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ұсынымдармен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы және мұнай химиясы саласындағы стандартты анықтамалық деректердi пайдалану туралы 3 есеп-қисаптар әзiрлеу.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
1354 қаулысына
322-Қосымша (құпия)
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 322-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
1354 қаулысына
323-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Астана қаласында эталондық орталық салу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1200000 мың теңге (бір миллиард екi жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 10-бабы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 10-бабы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта жедел жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында өлшем бірлiктердi қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң техникалық негізiн жасайтын шама бірлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын ұстау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: эталон орталығы ғимаратын орнату, технологиялық қамтамасыз ету және авторлық және техникалық қадағалауларды жүзеге асыру, құрылыстың басқа да қажеттiлiктерi мен жабдықтарын алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 009 Астана қа- Құрылыс iстерi жыл Қазақстан
ласында жөніндегі комите- iшiнде Республика-
эталондық тiнiң 2004 жылғы сының
орталық 21 қаңтардағы № 17 Индустрия
салу ПИР қорытындысы және сауда
белгіленген тәр- министрлігі
тiппен алынған
және жобалық-сме-
талық құжаттама-
лардың бекiтілуiне
сәйкес Астана
қаласында Эталон-
дық орталықтың
құрылысын жалғас-
тыру
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Астана қаласында Эталондық орталықтың құрылысы.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
1354 қаулысына
324-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау
жөнiндегі ақпараттық жүйенi дамыту"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4467 мың теңге (төрт миллион төрт жүз алпыс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы заңы, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1268 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн санын одан әрi өсiруге жағдайлар жасау, шағын бизнестiң (кәсiпкерлiктiң) iшкi жалпы өнiм құрылымындағы үлесiн ұлғайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенiң жұмыс iстеуiн талдау, Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде ақпараттық жүйелердiң жұмысы үшiн телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу, шағын бизнестi (кәсiпкерлiктi) қолдаудың сапалы инфрақұрылымын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 012 Қазақстан Компьютерлiк тех- жыл Қазақстан
Республика- ника сатып алу: iшiнде Республика-
сында кә- дербес компьютер- сының
сiпкерлiктi лер 26 бірлiк; Индустрия
қолдау модемдер (орнатуды және сауда
жөніндегі қоса алғанда) - министрлігі
ақпараттық 16 бірлiк.
жүйенi да-
мыту
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Шағын бизнес субъектiлерiн ақпараттандыру, шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегі атқарушы орган мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы шұғыл ақпарат алмасымы, шағын кәсiпкерлiк бойынша барлық қатысушылармен ақпараттық алмасымды дамыту.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
1354 қаулысына
325-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Стандарттау, метрология және сертификаттау
жүйесiн жетiлдiру"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 652700 мың теңге (алты жүз елу екi миллион жетi жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi заңының 6, 10, 15 және 17-баптары, "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңы, "Өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5 , 10, 13 және 15-баптары, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 10, 21-баптары, "Қазақстан Республикасының кейбір кесiмдерiне стандарттау және сертификаттау жөнiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Каспий теңiзіндегі қазақстандық секторды игерудiң мемлекеттік бағдарламасы туралы" (КТҚСИ) 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының халықаралық топтастыру және техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың халықаралық жүйесiне көшуi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 15 шiлдедегi № 1113 қаулысы, "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңiстiгі және оны дамыту шаралары жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегі № 715 қаулысы, "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикадағы өлшемдердiң бірыңғайлығы мен дәлдiгін қамтамасыз етудiң техникалық негiзi болып табылатын шама бірлiктерiнiң мемлекеттік эталондық базасын құру және жетiлдiру;
өлшемдердiң бірыңғайлығы мен дәлдiгiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының эталондық базасын халықаралық эталондарға сәйкес келтiрудi қамтамасыз ету. Өлшемдер нәтижелерiнiң дұрыс болмауынан экономикалық шығындарды қалыптастыру;
өлшемдердiң бірыңғайлығы мен дәлдiгiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының эталон базасының халықаралық эталондарға сәйкестiгiн қамтамасыз ету;