7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: саны кемiнде 7 бірлiк мемлекеттік эталондар құру үшiн эталондық жабдықтар сатып алу, сондай-ақ өлшеудiң дәлдiгiн арттыру, өлшем бірлiгiнiң құралдарын тексеруге кететiн шығынды азайту, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы үшiн халықаралық талаптарға сәйкестендiру.
Кемiнде 17 эталондар мен эталондық жабдықтарды салыстырып қарауды жүргiзу, 57 қызметкерлердiң эталондарға қызмет көрсету, халықаралық семинарларда кемiнде 5 маманның біліктiлiгiн арттыру, эталондарды қолданысқа енгізу, жабдықтарға сервистiк қызмет көрсетуi, аймақтық эталондық орталықтарын жарақтандыру және жұмылдыру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сауда-экономикалық операциялар саласында өлшем бірлiктерiн қамтамасыз ету.
120 стандарттар әзiрлеу, стандарттау, метрология және сертификаттау саласында 300 нормативтiк құқықтық құжаттар сатып алу.
Мемлекеттік топтама жөніндегі бірыңғай библиографиялық деректер базасына қажеттi жабдықтарды сатып алу, ТЭИ-дiң 10 жiктемесiн енгізу, техникалық-экономикалық қызметтiң бір мемлекеттік топтамашысын әзiрлеу олардың халықаралық стандарттармен үйлесiмдiгі.
Аккредиттелген зертханалармен жүргiзiлетiн сынауды, тексерудi, калибрлеудi және олардың мамандарының біліктiлiгiн растау сапасын қамтамасыз ету.
Халықаралық техникалық регламентке Қазақстанның енуi туралы 12 сайлау бюллетенiн ұсыну, техникалық реттеу саласында 8 заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындылар дайындау.
Бағдарламаның iске асуы бәсекеге қабiлеттi отандық өнiмдi көтеру үшiн қолайлы жағдай туғызуы мүмкiн және оның әлемдiк рынокқа ықпалдасуы, сондай-ақ ТБТ бойынша ДСҰ Келісімiнiң ережесіне сәйкес техникалық заңнамаға жылдам әкелуi үшiн жағдай туғызуы мүмкiн, сол арқылы Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiне жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
1354 қаулысына
326-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы
нормативтiк-техникалық құжаттарды жетiлдiру"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 177725 мың теңге (бір жүз жетпiс жетi миллион жетi жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 28 және 29-бабы, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңы, "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн дамыту жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 462 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Білім беру" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 448 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықтың денсаулығы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы, "2003-2005 жылдарға арналған "Ауыл мектебi" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 ақпандағы № 128 қаулысы, "Салауатты өмiр салты" кешендер бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Экономиканың базалық салалары объектiлерiнiң құрылысын жобалаудың нормативтiк базасын жетiлдiру және жаңарту, халықаралық стандарттар мен нормалар, сондай-ақ ТМД елдерiмен қолданыстағы нормативтердi үйлестiру.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен тұрғызылатын ауылдық жерлер үшін әлеуметтiк инфрақұрылымның негiзгi объектiлерiнiң құрылысы үшiн қажеттi жобалық-сметалық құжаттаманы қамтамасыз ету. Кейiнгi жылдарға арналған қаржыландырудың соңғы мерзiмдерi мен көлемдерi ?кімет және өзге де дерективтердi ұйымдар белгiлеген мiндеттермен айқындалады және түзетiледi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сметалық-нормативтiк құжаттаманы жетiлдiру және сметалық нормалардың базаларын кеңейту;
- сәулет, қала құрылысы қызметi мен құрылыстық жобалау саласында нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және қайта өңдеу;
- үдемелi материалдарды, инженерлiк жабдықтарды және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсiптiк құрылыстағы технологияларды пайдалана отырып, жобалық ұсыныстар, техникалық шешiмдер әзiрлеу;
- құрылыс саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды түзету және мемлекеттік тiлге аудару, аумақтарды ұйымдастыру, халықаралық нормалар мен ережелер, ТМД елдерiнiң өзара мүдделерi бар объектiлердi жобалау және құрылыс үшiн нормалардың талаптарына үйлестiрiлген стандарттар саласында бiздiң заңнамалық базамызға бейiмделген нормативтердi әзiрлеу және сатып алу;
- iздестiру, жобалау, құрылыс, тұрақтылық, берiктiк, жарылыс-өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде жалпы техникалық нормативтiк құжаттар базасын қалыптастыру.
1. Табиғи-климикалық және сейсмикалық жағдайлары әр түрлi аудандар үшiн қазiргi заманғы мына үлгiлік жобаларды әзiрлеудi аяқтау:
1) орташа және iрi ауылдық елдi мекендер, сондай-ақ қала түріндегі кенттердегi құрылысын салу үшiн мектеп-интернаттар;
2) орташа және iрi ауылдық елдi мекендер, сондай-ақ қала түріндегі кенттерде салу үшiн босанатын бөлiмдер бар көпсалалы ауруханалар;
3) iрi ауылдық елдi мекендер мен аудан орталықтарында салу үшiн туберкулезге қарсы ауруханалар (диспансерлер);
4) орташа ауылдық елдi мекендер мен қала түріндегі кенттерде босанатын үйлердiң құрылысын салу.
2. Yлгiлiк жобалық құжаттаманы көп қайтара пайдалану, үлгілiк жобаны, сатып алуды, сондай-ақ оны нақты аймақты жерге және инженерлiк қамтамасыз ету шарттарына бекітуге ақы төлеу шығындарын көздейтiн оны әзiрлеуге шығындарды азайту.
3. Қасақана немесе байқаусыз жобалау тапсырмасына және жобаға негiзсiз қымбаттауларды немесе құрылыс-монтаждау жұмыстардың жоғары көлемдерiн салуға мүмкiндiк бермейтiн ұтымды үлгiлiк, технологиялық, көлемдi-жоспарлық, құрылыстық-құрастырмалық және инженерлiк жобалық шешiмдер.
4. Қоршайтын құрылымдардың техникалық шешiмдерi альбомдарын тиiмдi материалдарын (ұялы бетон, полистирол бетон, ұсақ даналы бетон) пайдалана отырып, әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 014 Сәулет, 1. Республикалық жыл Қазақстан
қала құры- деңгейдегі жоба- iшiнде Республика-
лысы және лық-iздену, сының
құрылыс құрастырмалық Индустрия
қызметi және технология- және сауда
саласындағы лық жұмыстар министрлігі
норматив- 2005 жылы құрылыс
тiк-техни- саласында - 42
калық бірлiк норматив-
құжаттар- тiк техникалық
ды жетіл- құжаттар әзiрлеу
діру және қайта өңдеу
жоспарланды және
988,5 жетілдiру
бірлiк норматив-
тердiң шартты
беттерiн (ҚР
СниП, ҚР СН,
ҚР РДС, ҚР СП
және ҚР CT)
мемлекеттік
тiлге аударылады
және 2 тақырып
бойынша жұмыстар
жалғасады.
1-бөлiм 9-құжат
санында "Қазақ-
стан Республика-
сының сметалық-
нормативтiк ба-
засы, құрылыс
саласындағы
экономикалық
нормативтер мен
әдiснама";
2-бөлiм "Сәулет,
қала құрылысының
қызметiн реттеу
үшiн нормативтiк
-құқықтық құжат-
тама әзiрлеу"
- 6 құжат;
3-бөлiм "Норма-
тивтiк құжат-
тарды, жобалық
ұсыныстарды,
техникалық ше-
шiмдердi үде-
мелi материал-
дарды, инженерлiк
жабдықтарды және
тұрғын үй азамат-
тық және өнер-
кәсiптiк құрылыс-
тағы технология-
ларды пайдалану
арқылы әзiрлеу
- 4 құжат;
4-бөлiм "Құрылыс
саласындағы
нормативтiк
техникалық құ-
жаттарды түзету
және мемлекеттік
тiлге аудару;
5-бөлiм тұрғын
үй-коммуналдық
саласындағы
нормативтiк-
техникалық ке-
сiмдердi әзiр-
леу - 1 құжат.
Жалпы сомасы
68900,0 мың
теңгенi
құрайды.
2. Құрылыс
саласындағы
халықаралық,
өңiрлiк және
ұлттық
стандарттар
сатып алу.
Техникалық
нормалардың
17 бірлігін
әзiрлеудi
аяқтау, оның
ішінде және
2004 жылы
басталған 4
тақырып бойынша
нормативтiк
құжаттарды әзір-
леуді аяқтау,
аяқталу мерзi-
мі 2005 жылға
жоспарланған
4 тақырыпты
әзірлеуді бастау.
9 Мемстандарттар
сатып алу. Жалпы
сомасы 15000,0
мың теңге.
3. Үлгiлiк жоба-
ларды әзірлеу.
4. Үлгілік жоба-
ларды әзірлеуді
аяқтау.
Yлгiлiк жобаларға
мемлекеттік
сараптау жүргiзу.
Мемлекеттік са-
раптаудың үлгілік
жобаларын жүргізу.
16 үлгілік жобаны
әзiрлеудi жалғас-
тыру және мына
тақырыптардағы 5
үлгілік жобаны
әзірлеу жөнiнде
жұмысты аяқтау.
1) орта ауылдық
мекендер, сон-
дай-ақ І В қалалық
түрдегі ауылдар
мен ІІІ А қара-
пайым климаттық
жағдайлары бар
аудандарда қымбат
емес тұрғын үйлер
құрылысын салу;
2) орта ауылдық
елді мекендерде,
сондай-ақ II В
қала түрдегі
ауылдар мен ІІІ В
қарапайым климат-
тық жағдайлары
бар аудандарда
қымбат емес
тұрғын үйлер
құрылысын салу;
3) орта ауылдық
елді мекендерде,
сондай-ақ IV А
қалалық түрдегi
ауылдар мен IV Г
қарапайым климат-
тық жағдайлары
бар аудандарда
қымбат емес
тұрғын үйлер
құрылысын салу;
4) орта ауылдық
елдi мекендерде,
сондай-ақ сейсми-
калық белсенділік
жоғарлығы 7 балл
болатын I В кли-
маттық аудандарда
қымбат емес тұрғын
үйлер құрылысын
салу;
5) орта ауылдық
елдi мекендерде,
сондай-ақ сейсми-
калық белсенділiк
жоғарылығы 8 балл
болатын ІІІ В
климаттық аудан-
дарда қымбат емес
тұрғын үйлер
құрылысын салу.
Жалпы сомасы
83825,0 мың
теңгенi құрайды.
5. 2005 жылы
қоршайтын құры-
лымдардың техни-
калық шешiмдерi
альбомдарын,
тиiмдi материал-
дарды пайдалана
отырып, әзiрлеу
жоспарланды.
Жалпы сомасы
10000,0 мың
теңге.
____________________________________________________________________