3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүмкiн болатын талқандамалы жер сiлкiнiстерi, басқа да табиғи катаклизмалар, географиялық және техногендiк құбылыстардың сейсмикалық тәуекелi мен залалын төмендету, негiздердi есептеу және жасау әдiстерiн жетiлдiру жөніндегі мiндеттердi iске асыру, химиялық қоспаларды, жаңа материалдарды әзiрлеу және сапалы аспаптық бақылау. Келесi жылға арналған қаржыландырулардың мерзiмi мен көлемi Үкiметпен және басқа директивтi ұйымдармен бекітілген мiндеттермен айқындалады және түзетіледi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:
- мүмкiн болатын талқандамалы жер сiлкiнiсiнiң сейсмикалық тәуекелi мен залалын төмендету;
- ғимараттар мен құрылыстардың шыдамдылығы мен ұзаққа төзiмдiлiгiн қамтамасыз ету, оның iшiнде күрделi-геологиялық жағдайларда құрылыс үшiн ғимараттардың iргетастары мен негіздерiн тиiмдi конструктивтi шешiмдердi әзiрлеу;
- импорт алмастыратын құрылыс материалдарын, өнiмдерiн, конструкцияларын өндiру технологияларының жаңа түрлерiн алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 005 Құрылыс 2004 жылы 6 бас- жыл Қазақстан
саласындағы талған тақырып iшiнде Республика-
қолданбалы бойынша 2005 жылы сының
ғылыми зерттеу жұмыстарын Индустрия
зерттеулер аяқтау және 4 жаңа және сауда
тақырып бойынша министрлігі
зерттеу жұмыстары
жоспарланып отыр:
1-бөлiм "мүмкiн
болатын талқанда-
малы жер сiлкiнi-
сiнiң сейсмикалық
тәуекелi мен зала-
лын төмендету";
2-бөлiм ғимараттар
мен құрылыстардың
шыдамдылығы мен
ұзаққа төзiмділі-
гiн қамтамасыз
ету, оның iшiнде
күрделi-геоло-
гиялық жағдайларда
құрылыс үшiн
ғимараттардың
iргетастары мен
негiздерiн тиiмдi
конструктивтi ше-
шiмдердi әзiрлеу;
3-бөлiм импорт
алмастыратын
құрылыс материал-
дарын, өнiмдерi
мен құрылымдарды
өндiру техноло-
гияларының жаңа
түрлерiн алу.
Мемлекеттік
ғылыми-техни-
калық сараптау-
ды өткізу
жөніндегі
қызметтер көрсе-
тудi төлеу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 2004 жылы 6 басталған тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын аяқтау және 4 жаңа тақырып бойынша зерттеу жұмыстары жоспарланып отыр. Құрылыстағы нормативтік-техникалық базаларды және техникалық регламенттердi жетiлдiру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
1354 қаулысына
320-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 968802 мың теңге (тоғыз жүз алпыс сегіз миллион сегіз жүз екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі бюджеттік кодексі, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегі Заңы, "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы Жарлығы; "Радиоэлектрондық приборлар мен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiн әзiрлеу, жасау және дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1956 қаулысы; "Машина жасауды дамытудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 наурыздағы № 353 қаулысы; "Ақпаратты қорғау саласында ғылыми зерттеулер мен техникалық әзiрлемелер жүргiзудiң 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 ақпандағы № 177 ҚБПҮ қаулысы (мерзiмiн ұзарту); "Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия кешенiн дамытудың тұрақты қалыптасуын және стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз етудiң 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 17 ақпандағы № 187 қаулысы, "Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттар әзiрлеудiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 маусымдағы № 703 қаулысы
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өнеркәсiптiң базалық салаларын (тау-кен-металлургиялық кешен, машина жасау, радиоэлектроника) ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, iшкi өндiрiстi кеңейтудiң және өнеркәсiптiң базалық салаларындағы бәсекеге қабiлеттi машина жасау өнiмдерiн шығарудың технологиялық процестерiн жетiлдiру мен модернизациялаудың ғылыми-қорғау объектiлерiнiң құпия ақпараттары мен техникалық сипаттамаларының деңгейiне қатысты техникалық және технологиялық алғы шарттарын құру, Қазақстан Республикасында жоғары технологиялық, импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өнiмдi құру. Адамдар мен жануарлардың бактериалдық, вирустық және бактериалдық-вирустық (микст) жұқпалы ауруларымен күресу үшiн жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттар әзiрлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: машина жасау саласы үшiн, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тау-кен өндiру, мұнай өндiру және қайта өңдеу өнеркәсiптерi үшiн, жол құрылысы үшiн тәжiрибелi және тәжiрибелi-өнеркәсiптiк үлгілер құру жөнiндегі ғылымды қажетсiнетiн ресурстық және энергия үнемдейтiн технологиялар ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi құрастырмалық жұмыстар жүргiзу; арнайы мақсаттағы техника, жабдықтар мен құралдар шығару;
электроэнергетика, көлiктiк құбырлар және көлік құралдарының құрылысын бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын және өнеркәсiптiк кешенiн ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз ету жөніндегі жүйелiк жобаларды әзiрлеу және iске асыру, арна жасайтын аппаратураны, коммуникацияларды және терминалдық құрылғыларды, мобильдiк байланыс құралдарын, сондай-ақ бақылау және диагностика аппаратураларын қоса алғандағы ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн отандық өндiрiстiң приборлар-құралдар паркін құру. Өндiрiстiк процесте отандық жинақтық өнiмнiң үлесiн өсiру жөнiндегі ұйымдық-техникалық iс-шаралар әзiрлеу және iске асыру; жоғары рұқсат етiлген ғарыштық түсiрiлiмдердi пайдалану арқылы геоақпараттық жүйелер мен технологияларды құру, сандық электрондық карта жасау үшiн қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу; мемлекеттің қорғаныстық қабiлетiн және қауiпсiздiгiн, оның iшiнде, басқарудың автоматтандырылған жүйелерiн қамтамасыз ету мүдделерiндегі радиоэлектрондық кешендердi, жүйелер мен құралдарды техникалық жасақтауды құру және қамтамасыз ету, қорғалатын ақпаратқа төнген қауiптiң барынша мүмкiн түрлерiн бағалау және қарсы әрекет етудiң барынша оңтайлы тәсiлдерiн анықтау бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, aқпараттық қауiпсiздікті қамтамасыз етудiң отандық әдiстерi мен құралдарын дамыту мен пайдаланудың басым бағыттарын таңдау, ақпаратты қорғау саласындағы техникалық әзiрлемелердi жүзеге асыру; құрастырмалық құжаттамаларды ғылыми зерттеу барысында алынған нәтижелердiң негізiнде әрбір ақпаратты қорғаудың техникалық құралына әзiрлеме; Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия кешенiн тиiмдi басқару үшiн ғылыми негiздеме мен әдiстемелiк және нормативтiк құжаттарды әзiрлеу; тау-кен-металлургия кешенi өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн әлемдiк рыноктың талаптарына сай өсiру мақсатында жаңа технологиялар әзiрлеу және қолданыстағы өндiрiстердi жетiлдiру; жоғары қосымша құны бар экспорттық және импортқа бағдарланған өнiмнiң номенклатурасын кеңейту бойынша технологиялар әзiрлеу; кен, техногендiк, теңгерiмдегi және қосалқы шикiзатты қайта өңдеумен айналысуды қамтамасыз ететiн жаңа технологияларды әзiрлеу және игеру; қоршаған ортаға техногендiк әсер етудi төмендетуге бағытталған технологиялар әзiрлеу; жаңа өндiрiстердi құру.
Жаңа материалдарды құру бойынша қазiргі заманғы технологияларды әзiрлеу және ғылымды қажетсiнетiн және Қазақстанның металлургиялық кешеніндегі төртiншi және бесiншi қайта бөлiстiң жоғары технологиялық өндiрiстерiн айқындау;
жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттарға фармакологиялық және иммунологиялық зерттеулер мен клиникаға дейiнгi және клиникалық сынақтар жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 006 Технология- Мынадай бағдарла- жыл Қазақстан
лық сипат- малар бойынша iшiнде Республика-
тағы қол- негiзгi тапсырма- сының
данбалы лар мен бағыттарды Индустрия
ғылыми орындау: және сауда
зерттеулер "Машина жасауды министрлігі
және жоғары тиiмдi
машина мен жаб-
дықтар жасауды
дамытудың 2001-
2005 жылдарға
арналған ғылыми-
техникалық проб-
лемалары" бұдан
- ҒТӨ
2001-2005 жылдарға
арналған "Ақпа-
раттық-телеком-
муникациялық
жүйелерге арнал-
ған радиоэлектрон-
дық приборлар мен
құралдарды әзiр-
леу, жасау және
дамыту" РҒТӨО
"Ақпаратты қорғау
саласында 2004-
2005 жылдарға
арналған ғылыми
зерттеулер мен
техникалық әзiр-
лемелер жүргiзу"
ҒТӨ
Қазақстан Респуб-
ликасының тау-кен
-металлургия кеше-
нiн тұрақты құру
мен дамытудың
2004-2006 жылдарға
арналған страте-
гиялық басымдық-
тарын ғылыми-тех-
никалық қамтама-
сыз ету;
"2003-2005 жылдар-
ға арналған Қазақ-
стан Республика-
сындағы металлур-
гиялық кешеннiң
4 және 5 қайта
бөлiстерiнiң өндi-
рiстерiн құруды
ғылыми-техникалық
қамтамасыз ету"
ҒТӨ
"Жұқпалы аурулар-
ға қарсы жаңа
препараттар әзiр-
леу" ҒТӨ
Мемлекеттік ғылы-
ми-техникалық
сараптама жүргiзу
жөніндегі қызмет-
тер көрсету төлемi
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: iшкi өндiрiсті кеңейтудiң және бәсекеге қабiлеттi машина жасау өнiмдерiн шығарудың ғылыми-техникалық және технологиялық алғы шарттарын құру, машина жасау саласы үшiн ғылымды қажетсiнетiн ресурстық және энергияны үнемдейтiн технологиялар құру, басым өнеркәсiп салалары үшiн машина жасау өнiмдерiн шығару жөнiндегі технологиялық тiзбектер кешенiн құрудың ғылыми әдiстемелiк негiздерiн құру. Ауыл шаруашылығы, тау-кен өндiру, мұнай өндiру және қайта өңдеу өнеркәсiптерi үшiн, жол құрылысы және арнайы мақсаттағы техника (тұтану ошақтарын табу жүйелерi, арнайы қызметтердi жарықтандыру құралдары, өрт сөндiретiн автомобильдер, апаттан құтқару техникасы) үшiн тәжiрибелi және тәжiрибелi-өнеркәсiптiк үлгiлер құру. Отандық ғалымдардың ғылыми және құрастырмалық-технологиялық жұмыстарын әзiрлеу және енгізу;