2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 126-149 қосымшалар)
(2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың: 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135 136, 137, 138, 139, 140, 141, 141-1, 141-2, 141-3, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
126-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау
және көшi-қон саласындағы уәкiлеттi органның
қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1119010 мың теңге (бір миллиард бір жүз он тоғыз миллион он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасының "Электрондық төлқұжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы органдарының мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен ұсталатын қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету. Ең төмен күнкөрiс деңгейiн ең төменгi мемлекеттік стандарттар жүйесiнiң базалық индикаторы ретiнде анықтау әдiстемесiн, аурудың әр түрлi нозологиялық нысандары кезiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама және мүгедектердi оңалту бойынша әдiстемелiк негiздер әзiрлеу. "Еңбек туралы" және "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторларын бақылау-өлшеу құралдарымен, белгiлейтiн жабдықпен қамтамасыз ету. Халықтың көшi-қоны саласындағы тұжырымдамалар мен бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету, бекітілген иммиграция квотасы шегiнде оралмандарды қабылдау мен оларды орналастыруды ұйымдастыру. Лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру үшiн, қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласындағы білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, машықтар мен дағдыларды жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Ең төмен күнкөрiс деңгейiн ең төмен мемлекеттік стандарттар жүйесiнiң базалық индикаторы ретiнде анықтау әдiстемесiн әзiрлеу жөніндегі консультациялық қызметтердi алу, олардың өзара байланысы және құрылымдық элементтерiнiң өзара бағыныстылығы. Аурудың әртүрлi нысандары кезiнде мүгедектердi медициналық-әлеуметтiк сараптау және оңалту мәселелерi бойынша әдiстемелiк негiздер әзiрлеу жөнiнде консультациялық қызметтер алу. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігін және Көшi-қон жөніндегі комитетiн қазiргi есептеу техникасымен техникалық жарақтандыру. Ұйымдарды "Еңбек туралы" және "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында зиянды өндiрiстiк факторларды анықтау жөнiнде өлшеулер жүргiзу үшiн бақылау-өлшеу құралдары мен белгiлейтiн жабдықты сатып алу және өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру. Медициналық-әлеуметтiк сараптаманы сапалы жүргiзу үшiн медициналық жабдықтар мен құрал-саймандарды сатып алу. Мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгін арттыру. Ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар-|бағ- |бағдарлама-| іске асыру | асыру | орындау-
|лама|дар- | лардың | жөніндегі |мерзімі| шылар
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 001 Еңбек,
жұмыспен
қамту, халықты
әлеуметтiк
қорғау және
көшi-қон
саласындағы
уәкiлетті
органның
қызметiн қам-
тамасыз ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органның касы Еңбек және бойы Республи-
аппараты халықты әлеуметтiк касының
қорғау министрлігі- Еңбек және
нiң орталық аппара- халықты
тын 173 бірлiк кө- әлеуметтік
лемiнде бекiтілген қорғау ми-
штаттық кесте лимитi нистрлiгi
шегiнде ұстау. Қыз-
меттiк көлiктi бе-
кiтiлген тиiстiлiк
нормативiне сәйкес
7 бірлiк көлемiнде
ұстау және жалдау.
Техникалық қызмет-
термен 9 көшiрме,
5 факс аппараттарын
қамтамасыз ету.
3 002 Аумақтық Министрлiктiң аумақ- Жыл Қазақстан
органдардың тық органдарын 1398 бойы Республи-
аппараттары бірлiк көлемiнде касының
бекітілген штаттық Еңбек және
кесте лимитi шегiнде халықты
ұстау. Бекiтілген әлеуметтiк
тиiстілік нормативiне қорғау ми-
сәйкес 32 бірлiк нистрлiгi
қызметтік және 90
мамандырылған көлiктi
ұстау және жалдау.
37 көшiрме аппарат-
тарын техникалық
қызмет көрсетумен
қамтамасыз ету.
4 007 Мемлекеттік Бiлiктілiктi артты- Жыл Қазақстан
қызметшілер- рудың бекітілген бойы Республи-
дiң білікті- жоспарына сәйкес касының
лігін арттыру мемлекеттік қызмет- Еңбек және
шілердiң біліктілі- халықты
гiн арттыру, соның әлеуметтiк
iшiнде мемлекеттік қорғау ми-
тілдi оқыту жөнiн- нистрлiгi
дегi қызметтерді
сатып алу. Білiк-
тіліктi арттыру
курстарынан өтетiн
мемлекеттік қызмет-
шілердің орташа
жылдық саны - 394
адам.
5 009 Мемлекеттік Министрлiктiң орта- Жыл Қазақстан
органдарды лық аппараты үшiн: бойы Республи-
материалдық- 1) 20 бірлiк конди- касының
техникалық ционер; қағаз жою Еңбек және
жарақтандыру құралы - 1 бірлік. халықты
министрлiктiң аумақ- әлеуметтiк
тық органдары үшiн: қорғау ми-
1) ұйымдық техника нистрлiгi
(10 бірлiк көшiрме
аппараты, 10 бірлік
факс);
2) мемлекеттік еңбек
инспекторлары үшін
бақылау-өлшеу аспап-
тарын, белгiлейтiн
құрал-жабдық (16 дана
шу мен тербелiс
өлшегiшi, 16 дана
энергия ағыны тығыз-
дығын өлшегiш, 16
дана электрмагниттi
өрiс шиелiнiсiн
өлшегіш, 16 дана
спекторадиометр, 16
дана газ талдағыш,
16 дана бейнекамера,
16 дана фотоаппарат);
3) медициналық-әлеу-
меттiк сараптама
бөлiмдерi үшiн бір-
лiгiнiң бағасы кемiнде
40 еселенген АЕК
(айлық есептiк көр-
сеткiш) тұратын меди-
циналық құрал-жабдық
пен аспаптар сатып
алу.
6 017 Ақпараттық Техникалық қызмет Жыл Қазақстан
жүйелердiң көрсетумен компью- iшiнде Республи-
жұмыс iстеуiн терлер мен принтер- касының
қамтамасыз лердi қамтамасыз Еңбек және
ету және ету. Шығыс материал- халықты
мемлекеттік дарын, қосалқы бөл- әлеуметтiк
органдарды шектер мен 9 дана қорғау ми-
ақпараттық- компьютер және 4 нистрлiгi
техникалық дана принтер есептеу
қамтамасыз техникасын сатып алу.
ету Көшi-қон жөніндегі
комитеттiң Интернет
желiсiне қосылу мүм-
кiндiгi қызметi;
"Есеп" "Шығыстар
сметасының бухгал-
терлiк есебi", "Жа-
лақыны есепке алу"
жергiлiкті мiндетте-
рiн жүргізу. 36 ли-
цензия Business
Optimal Windows WS
Касперский антиви-
русы; 1 лицензия
Microsoft Offiсе SB
Еd 2003 Win 32.
Russian. OEM лицен-
зиялық бағдарламалық
қамтамасыз етудi
сатып алу.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
127-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Зейнетақы бағдарламасы"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 209038486 мың теңге (екi жүз тоғыз миллиард отыз сегiз миллион төрт жүз сексен алты мың теңге).