2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 150-165 қосымшалар)
(2005.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
150-қосымша
215 -Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Көлiк және коммуникациялар саласындағы
уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген
001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1099321 мың теңге (бір миллиард тоқсан тоғыз миллион үш жүз жиырма бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 425-бабы; "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 5-бабы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңының 9-бабы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңының 3 , 8 , 21-24-баптары; "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 28-бабы; "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және біліктiлiгiн Арттыруды жетiлдiру жөнiнде одан әрi жүргiзiлетiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгімен қауiпті жүктердi тасымалдауды жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары және біліктiлiк талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлігiнде жолаушылар мен жүк, қауіптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртібі мен шарттары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 мамырдағы № 885 қаулысы; "Қазақстан Республикасында темір жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегі № 714 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасының Концепциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысы; "Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Оларға жүктелген функциялар мен мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі орталық аппаратының, оның комитеттерiнiң және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсіби шеберлігiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдердi, дағдылар мен машықтарды жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң орталық аппаратын, оның комитеттерiн және олардың аумақтық бөлiмшелерiн ұстау; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлігін арттыру; Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының жергiлiктi-есептеу желiлерiне жүйелi-техникалық қызмет көрсету; ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету; деректердi тарату желiлерiне рұқсат беру жөнiндегі қызметтер көрсетуге абоненттiк және жалға алу төлемдерiн қамтитын Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiн сүйемелдеу; лицензиялар және өзге де рұқсат құжаттарын беру және лицензиаттардың лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын сақтауына бақылау жасау; бақылау-өлшеу салмақ өлшеу жабдығын, арнайы автомобиль көлiгiн және инспекторлық су кемелерiн күтiп ұстау, қызмет көрсету және жөндеу; материалды-техникалық базаны нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
Рет|Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
са.|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
ны |лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
N |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 001 Көлiк және
коммуника-
циялар
саласындағы
уәкiлеттi
органның
қызметін
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық 374 бiрлiк санын- Жыл Қазақстан
органның дағы штат санының бойы Республикасы-
аппараты лимитiне сәйкес ның Көлiк
Қазақстан Республи- және коммуни-
касының Көлік және кациялар
коммуникациялар министрлігі
министрлігінiң
орталық аппаратын
және оның комитет-
терiн ұстау.
Бекiтiлген қажеттi-
лiк нормативiне
сәйкес 12 бiрлiк
санындағы қызметтік
автокөлiктi күтiп
ұстау, жалға алу.
Шамамен 150 000
дана санындағы
қатаң есептік блан-
кiлерiн, соның
iшiнде лицензиялар,
рұқсаттар бланкі-
лерiн, есептiк және
өзге де құжаттарды
жасау жөніндегі
қызметтер көрсетудi
сатып алу.
3 002 Аумақтық 992 бiрлiк санын- Жыл Қазақстан
органдардың дағы штат санының бойы Республикасы-
аппараттары лимитiне сәйкес ның Көлік
Қазақстан Республи- және коммуни-
касының Көлiк және кациялар
коммуникациялар министрлігі
министрлігі
комитеттерiнiң
аумақтық органдарын
ұстау. Бекiтiлген
қажеттiлiк нормати-
вiне сәйкес 32
бiрлiк санындағы
қызметтiк автокө-
лiктердi және 78
бiрлiк санындағы
арнайы автокөлiк-
тердi күтіп ұстау,
жалға алу.
Функционалдық
мүлiктердi, 77 бiр-
лiк бақылау-өлшеу
салмақ өлшеу жабды-
ғын және 26 бiрлiк
инспекторлық су
кемелерiн күтіп
ұстау.
4 007 Мемлекеттік Білiктіліктi Жыл Қазақстан
қызметшiлер- арттырудың бекітіл- бойы Республикасы-
дiң біліктi- ген жоспарына ның Көлік
лiгiн артты- сәйкес мемлекеттік және коммуни-
ру қызметшiлердiң кациялар
біліктiлiгiн арттыру министрлігі
жөніндегі қызмет-
тердi сатып алу,
соның iшiнде
мемлекеттік тiлдi
үйрету, біліктiлiктi
арттыру курстарын
өтетiн мемлекеттік
қызметшiлердiң
орташа жылдық саны
350 адам.
5 008 Мемлекеттік Атырау және Жыл Қазақстан
органдардың Солтүстiк Қазақстан бойы Республикасы-
ғимаратта- облыстық автомобиль ның Көлік
рын, үй-жай- жолдары және инфра- және коммуни-
лары және құрылымдық кешен кациялар
құрылыстарын құрылысы басқарма- министрлігі
күрделi ларының ғимаратта-
жөндеу рын күрделi жөндеу-
ден өткізу.
6 009 Мемлекеттік 35 газболжауыштар, Жыл Қазақстан
органдарды 34 түтiн өлшеуiштер, бойы Республикасы-
материалдық- 26 бiрлiк факс, 16 ның Көлік
техникалық бiрлiк көшiру және коммуни-
жарақтандыру техникасы. кациялар
министрлігі
7 017 Ақпараттық 2192 есептеу техни- Жыл Қазақстан
жүйелердiң калық құралдарын бойы Республикасы-
жұмыс iстеу- техникалық қамтама- ның Көлік
iн қамтама- сыз ету. Жиынтық- және коммуни-
сыз ету таушы, қосалқы және кациялар
және мемле- шығын материалдарын министрлігі
кеттiк сатып алу. 5 бiрлiк
органдарды лицензиялық бағдар-
ақпараттық- ламалық өнiмдердi
техникалық сатып алу. Есептеу
қамтамасыз техникалық құралда-
ету рын жүйелiк қамта-
масыз ету.
Қазақстан Республи-
касының Көлiк және
коммуникациялар
министрлігіне
деректердi беру
үшiн VPDN арқылы
Іnternet желiлерiне
кіру жөніндегі
қызметтер. Есептеу
техникалық құралда-
рын мынадай санда
сатып алу: 1 бiрлiк
сервер, 140 бiрлiк
жұмыс станция, 3
бiрлiк ноутбук, 36
бiрлiк принтер,
4 бiрлiк сканер,
3 бiрлiк модем, 2
бiрлiк кросс шкаф.
Темір жол транс-
портындағы жылжыма-
лы құрамының жай-
күйiн есептеу
жүйесi ақпараттық
жүйесiн сүйемелдеу
және iске қосу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау; қазiргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
151-қосымша