2) "жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" деректер базасына бейiмделу жөніндегі жұмыстарды аяқтау және "Қазақстанның қатты пайдалы қазбаларының болжамдық ресурстары" деректер базасын тәжiрибелiк енгізу.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 307-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
307-1-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
016 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын
ұлғайту" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бip миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Қазақстан Республикасының газ саласын 2015 жылға дейiн дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 25 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының оңтүстiк өңiрлерiн газбен жабдықтау жүйесiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ты қосымша капиталдандыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
____________________________________________________________________
N |Бағ-|Кiшi |Бағдарлама-| Бағдарламаны | Іске | Жауапты
|дар-|бағ- | ның (кіші | іске асыру | асыру |орындаушылар
|ла- |дар- |бағдарлама-| жөніндегі |мерзімі|
|ма- |лама-|ның) атауы | іс-шаралар | |
|ның |ның | | | |
|коды|коды | | | |
___|____|_____|___________|____________________|_______|____________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 016 "ҚазМұнайГаз" Қазақстан Республи- 2005 Қазақстан
ҰК" AҚ-ның касының оңтүстiк жылдың Республикасы
жарғылық өңiрлерiн газбен екінші Энергетика
капиталын жабдықтау жүйесін жарты және
ұлғайту дамыту үшін жылдығы минералдық
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық ресурстар
компаниясы" АҚ-ты министрлігі
қосымша капиталдан-
дыру.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасының оңтүстiк өңiрлерiн газбен жабдықтау жүйесiн дамыту үшiн "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ты қосымша капиталдандыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
308-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Өздiгiнен төгiлiп жатқан ұңғымаларды жою және тұмшалау"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 752900 мың теңге (жетi жүз елу екi миллион тоғыз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заң күшi бар Жарлығының 56-бабының 1, 2-тармақтары, 48-бабының 2-тармағының 6-тармақшасы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 шiлдедегi № 1019 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзiрлеу кезiнде жер қойнауын қорғаудың бiрыңғай ережелерiнiң 139-тармағы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қойнауын және қоршаған ортаны мұнайлық, радионуклидтiк және химиялық ластанудың, табиғи су ресурстары ысырабының алдын алу және жою, Каспий теңiзi биотының сақталуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: құрғақта және су басу аймағында мұнай ұңғымаларын жою және консервациялау, құрамында радионуклидтi жоғары, жоғары дебитті, төгiлетiн тұщы сулы өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 017 Өздiгiнен 1. Мұнай ұңғымала- Жыл Қазақстан
төгiлiп рын: құрғақта бойы Республикасы-
жатқан ұң- 4-iн және су басу ның
ғымаларды аймағында 7-iн Энергетика
жою және жою және және
тұмшалау консервациялау. минералдық
2. 46 өздігінен ресурстар
ағатын гидрогео- министрлігі
логиялық ұңғыма-
ларды жою және
консервациялау.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) 11 мұнай ұңғымалары, оның iшiнде құрғақта 4-i және Каспий теңiзiнiң су басу аймағында 7-i жойылатын және консервацияланатын болады;
2) 46 өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар, оның iшiнде 41 су құрамында радионуклидтер бар, 5 жоғары дебиттi ұңғымалар жойылатын және консервацияланатын болады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
309-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мұнай операцияларын жүргiзу, сондай-ақ көмiрсутегiн
тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу
кезiнде келісімшарттарда мемлекет мүддесiн бiлдiру"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500000 мың теңге (бec жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Заң күшi бар Жарлығының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарттарда, сондай-ақ көмiрсутектерiн тасымалдау, қайта өңдеу және сату кезiнде мемлекеттiң мүдделерiн толыққанды бiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мұнай операцияларына және мұнай-газ-көлiк инфрақұрылымына байланысты келісім-шарттардың сақталу мониторингі, мұнай операцияларына және көмiрсутектерiн тасымалдауға келісім-шарттарды жасау және орындау кезiнде мемлекеттiң мүдделерiн қамтамасыз ету, мұнай операцияларын жүргiзу саласында нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 018 Мұнай опе- 1. Мұнай операция- Жыл Қазақстан
рацияларын ларына келісім- бойы Республика-
жүргiзу, шарттар талапта- сының
сондай-aқ рының орындалу Энергетика
көмiрсуте- мониторингiн және
гiн тасы- консультациялық минералдық
малдау, сүйемелдеу. ресурстар
қайта өңдеу 2. Мұнай опера- министрлігі
және өткізу цияларын жүргi-
кезiнде зуге келісім-
келісім- шарттар, соның
шарттарда iшiнде өнiмдi
мемлекет бөлу туралы ке-
мүддесiн лiсiмдер жоба-
бiлдiру ларын дайындау.
3. Мұнай операци-
яларын жүргiзу
саласында норма-
тивтік құқықтық
базаны жетiлдiру.
4. Даулы мәселе-
лердi шешу, мұнай
операцияларын
жүргiзудiң шарт-
тарын мердiгер-
лердiң орындауы
және мұнай-газ
жобаларын iске
асыру кезіндегі
басқа мәселелер
жөнiнде консуль-
танттарды тарту.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) лицензиялық - келісім-шарттардың талаптарын сақтау;
2) мұнай операцияларына арналған келісім-шарттар жобаларын дайындау;
3) мұнай операцияларын реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
310-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Қарағанды шахталарын тарату" РМБК-ке берiлген,
жабылған шахталар қызметкерлерiнiң
денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 144211 мың теңге (бip жүз қырық төрт миллион екi жүз он бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 47-тарауы (Ерекше бөлiм).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жойылған шахталар қызметкерлерiнiң денсаулығына келтiрiлген залалдың өтемi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жойылған шахталар қызметкерлерiнiң денсаулығына келтiрiлген залалдың өтемiн төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 019 "Қарағанды 1. Жойылған шах- Жыл Қазақстан
шахталарын талар қызметкер- бойы Республика-
тарату" лерiне индексаци- сының
РМБК-ке яны ескере Энергетика
берілген, отырып, залалдың және
жабылған орнын толтыру минералдық
шахталар жөнiндегі ай ресурстар
қызметкер- сайынғы төлем- министрлігі
лердiң ден- дерi.
саулығына 2. Сомасын жет-
келтiріл- кiзу және жi-
ген зиян- беру шығындары.
ды өтеу
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 763 адам санымен "Қарағандышахтатарату" РМБК-ге берiлген, жойылған шахталар қызметкерлерiнiң денсаулығына келтiрiлген залалды өтеу төлемдерiн жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
311-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік бюджет алдындағы мiндеттемелердi өтеу үшiн
"Қазатомөнеркәсiп" ҰAК" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4471118 мың теңге (төрт миллиард төрт жүз жетпiс бiр миллион бiр жүз он сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Маңғыстау атом энергия комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарты мен тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1341 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Маңғыстау атом энергия комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарты мен тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1341 қаулысының шарттарынан туындайтын "Маңғыстау атом энергия комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мүлiктiк кешенiн сатып алуға байланысты салық мiндеттемелерiн төлеумен негiзсiз оқшауландырылған "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ айналым қаражатын толықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бұрынғы "Маңғыстау атом энергия комбинаты" РМК мүлiктiк кешенiн сатып алудан туындайтын салық мiндеттемелерiнiң орнын толтыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 022 Мемлекеттік Салық мiндеттеме- Жыл Қазақстан
бюджет ал- лерiн, оның бойы Республика-
дындағы ішінде: есептеуге сының
мiндетте- жатқызуға жатпай- Энергетика
мелердi тын және шеге- және
өтеу үшін рiмге жатқызыла- минералдық
"Қазатом- тын қосылған құн ресурстар
өнеркәсiп" салығын (248580690 министрлігі
ҰAК" АҚ- теңге), корпора-
ның жарғы- тивтiк кiрiс
лық капи- салығын
талын (2654929638 теңге)
ұлғайту және 2003-2004
жылдарға белгі-
ленген активтер-
дiң төмендетiлген
құны есебiнен
корпоративтiк
кiрiс салығын
(1567607823
теңге) төлеу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: салық мiндеттемелерiн өтеу.