7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) өңiрлiк зерттеулер бойынша Қарағанды және iшiнара Ақмола облыстарының аумағы бойынша 165000 мың шаршы км. алаңда масштабы 1:1000000 радиогидролитохимиялық түсiру орындалатын болады, 2004 жылдың далалық жұмыстары бойынша барлық лабораториялық талдаулар аяқталады;
орта масштабты зерттеулер бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы 2 типтiк учаскенi жан-жақты зерделеу аяқталады және радиациялық факторлар жиынтығы бойынша радиациялық кернеулiктi бағалау үшiн Орталық Қазақстандағы үш учаскеде жұмыстар басталатын болады;
Қазақстанның 4 облысы бойынша масштабы 1:1000000 топырақ пен судың радиациялық-химиялық ластану карталары, барлығы 85 карта;
Шығыс Қазақстан облысының типтiк учаскелерi бойынша 2 радиациялық паспорт және Ақмола облысының типтiк учаскесi бойынша радиациялық паспорттың 1 макетi;
радиоактивтiк ластанудың 10 оқшау учаскесiнiң радиациялық паспорттарының макеттерi;
санамаланған карталардың және паспорттардың қосымшасымен бiрге ақпараттық есеп.
2) бұрынғы ЕХМЗ мен Первомайский кентiнiң аумағына шектесетiн РҚКП радиоактивтiк қалдықтар мен иондаушы сәулелерден және ластанған топырақтан адамдардың денсаулығы мен өмiрiне нақты және тұрақты төнiп тұрған қауiпсiздiк жойылды;
радиоактивтiк қалдықтарды көму пункттерiне жақын жерлерде табиғи процестердiң (топырақтың жел эрозиясы, радиоактивтi заттарды өсiмдiктермен бiрге көшіру т.с.с.);
бұрынғы ЕХМЗ-ның РХҚП аумағында орналасқан барлық РАҚ қоймаларын толық жою, өндiрiстiк цехтардың технологиялық жабдықтарын кәдеге жарату жөніндегі ұсыныстар мен бағдарламалар әзiрлендi;
3) бұрынғы ССП аумағының шекарасы (периметрi 600 км) арнайы белгілермен белгілендi;
ССП аумағындағы (Дегелен, Балапан алаңдары және Курчатов қаласындағы бас кеңсе) шаруашылық қызметiн жүргiзу мониторингiнiң қызметiнiң негiзiн қалайтын 3 қосымша орын қалпына келтiрiлдi; шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң дерек қорларын дамыту;
ССП аумағында оның өзiндiк ерекшелігін ескерумен шаруашылық жүргізу тәртібін реттейтiн ереже;
реакторлық кешендердi физикалық қорғаудың қазiргi жүйесiн жаңғырту жөнiндегі қосымша iс-шаралар;
ССП аумағында қосымша радиологиялық зерттеулер жүргiзу бағдарламасы;
Жерасты суларының мониторингi жүйесiнiң нақтыланған сызбасы; оны жаңғыртуға жұмсалатын шығындар және оның құрамы айқындалды, аумақтың гидрологиясы мен гидрогеологиясы нақтыланды;
ССП аумағында радионуклидтердiң көшiп-қонуы және радиациялық жағдайдың динамикасы жөніндегі жаңа деректер; жерасты ядролық сынақтарын өткiзетін орындардағы жерасты сулары бассейнiнiң радионуклидтермен ластануы жөніндегі жаңа деректер;
радионуклидтердiң жерасты суларымен жеңілдету аймағына түсу мүмкiндiгiн бейтараптандыру әдiстемесiне шолу жасау;
Балапан алаңының қазiргi сейсмикалық жағдайы туралы жаңа деректер;
Балапан алаңының әскери ұңғымаларының бiр бөлiгін паспорттау;
ССП аумағындағы ядролық сынақтар өткiзiлген жерлердегi ядролық қарулану әрекетiнiң қалдықтарын iздеп табу әдiстемесiне шолу жасау; ядролық қару әрекетiнiң қалдықтарын, радиоактивтiк және улы қалдықтарды сенімдi консервациялау жөнiнде ұсынымдар әзiрленген;
барынша ласталған және қауiптілiгi бiрдей аумақтардың жергiлiктi учаскелерiн ремидияциялау әдiстемесiне шолу жасау;
ядролық қару әрекетiнiң қалдықтарымен, радиоактивтiк және улы қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеу технологияларына шолу жасау;
радиоактивтiк қалдықтарды, улы қалдықтарды және ядролық қару әрекетiнiң қалдықтарын көму объектiлерi мониторингiнiң жүйесiне қойылатын талаптар.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
304-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арнаған
"Геологиялық ақпаратты түзу"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 72417 мың теңге (жетпiс екi миллион төрт жүз он жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ереженiң 8, 9, 12, 20, 21, 23, 26-тармақтары; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; "2003-2010 жылдарға арналған елдiң минералдық-шикiзат кешенiнiң ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат кешенiнiң жай-күйiнiң талдауы; жер қойнауын пайдалану мониторингi; геоақпараттық қамтамасыз ету мен жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тiркеу; жер қойнауын пайдаланушылар қызметінiң нәтижелерiн мемлекеттік статистикалық есепке алу; жер қойнауы туралы ақпаратты сақтау мен пайдалануға беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: пайдалы қазбалар кен орындарының мемлекеттік балансын жүргiзу; жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт шарттарын орындауына бақылауды жүзеге асыру, жер қойнауын пайдалану нәтижелерiнiң статистикалық есебi; геологиялық ақпаратты мемлекеттік сақтау және пайдалануға ұсыну; Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, геофизикалық және басқа да зерделенуiнiң мемлекеттік есебiн алу, жер қойнауы туралы банк мәліметінiң техникалық және технологиялық әкiмшiсi.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 012 Геологиялық 1. Республикалық Жыл Қазақстан
ақпаратты геологиялық ақпа- бойы Республика-
түзу рат орталығын сының
бекітілген штат Энергетика
санының шегiнде және
ұстау - 71 минералдық
бiрлiк. ресурстар
2. Пайдалы қазба- министрлігі
лар қорларының
мемлекеттік
балансын жүргізу.
3. Жер қойнауы
мен жер қойнауын
пайдалану туралы
ақпаратты жинауды,
сақтауды және
пайдалануға
берудi жүзеге
асыру.
4. Жер қойнауын
пайдаланушылардың
келісім-шарт
шарттарының
мониторингiсiн
ұйымдастыру және
жүзеге асыру, 1-4
ЛКШ нысандары
бойынша жер
қойнауын пайда-
лану нәтижелерiне
статистикалық
есеп жүргізу.
5. Жер қойнауы
мен жер қойнауын
пайдалану сала-
сында автоматтан-
дырылған деректер
базасын жүргізу.
6. Кен орындары
мен байқалған
пайдалы қазбалар-
дың мемлекеттік
кадастрларын
жүргiзу.
7. Геологиялық
ақпаратты сатып
алуға арналған
келісімдердi;
геологиялық
ақпаратты Қазақ-
стан Республика-
сынан тыс жерлер-
ге шығаруға
рұқсаттарды;
геологиялық ақ-
парат пакеттерiн
дайындау.
8. Жер қойнауын
пайдалану объек-
тiлерi бойынша
ақпараттық қам-
тамасыз етудi
жүзеге асыру, жер
қойнауын пайда-
лану келісім-
шарттарының жоба-
ларын келiсуге
қатысу.
9. Өзінің құзыреті
шегiнде жер
қойнауын қорғау
мен пайдалануды
аумақтық басқару
қызметiне әдiс-
темелiк басшылық
жасауды жүзеге
асыру.
10. Жер қойнауын
қорғау құқығын
беруге арналған
инвестициялық
бағдарламалардың
ашық конкурсына
шығарылатын
объектiлердің
тiзбесiн жасау.
11. Тау-кендік
және геологиялық
бөлуді дайындау
және беру.
12. Геологиялық
зерделеу жөнiн-
дегi жұмыстарды
мемлекеттік
тiркеу, геологи-
ялық зерттеу-
лердiң объектілік
жоспарларын
тiркеу, Қазақстан
Республикасының
геологиялық және
геофизикалық
зерделенуiн
жүргiзу.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) жер қойнауын пайдалану мониторингiсiн жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісім-шарттық ережелердi орындауының статистикалық есебi - жер қойнауын пайдалану нәтижелерiнiң тоқсан сайынғы талдамалық шолулары;
2) пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын жүргiзу - 108 баланс;
3) геологиялық ақпараттың мемлекеттік сақталуы және пайдалануға берiлуi - геологиялық есептердiң жыл сайын түсуi - жылына 240 есеп беру;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жобаларын келiсу - 60 келісім-шарт жобасы;
5) жер қойнауын пайдалануға арналған тау-кендiк және геологиялық бөлулердi дайындау - 80 бөлу;
6) Қазақстан Республикасының аумағын геологиялық, геофизикалық және басқалай зерделеудiң мемлекеттік есебi - 100 есеп карточкалары.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
305-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік геологиялық зерделеу"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1371294 мың теңге (бiр миллиард үш жүз жетпiс бiр миллион екi жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының 18-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасының "Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудi жақсарту" Іс-шаралар жоспарының 3-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасы Іс-жоспарларының 8-тармағы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысымен бекітілген 2003-2010 жылдарға арналған елдiң минералдық-шикiзат кешенi ресурстық базасын дамыту бағдарламасының 5, 6-бөлiмдерi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: пайдалы қазбалардың кен орындарының ашылуына арналған перспективалы алаңдарды анықтау үшiн қазiргi заманғы геологиялық негiз құру; пайдалы қазбалар кен орындарын ашудың негiзi ретiнде минералдық шикiзаттың әр түрлерiнiң болжамды ресурстарын анықтау; Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасын нығайту; пайдалы қазбалар қорларының өсуiне қол жеткізу және оларға баға беру; елдi мекендердi сумен қамтамасыз ету үшiн жерасты суларының жаңа учаскелерi мен кен орындарын анықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: пайдалы қазбалар кен орындарын iздестiру үшiн қазiргi заманғы картографиялық негіз құру мақсатында аймақтық, геологиялық-суретке түсiру, геофизикалық, гидрогеологиялық жұмыстар жүргiзу: минералдық-шикiзат базасының озыңқы дамуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық карталар жасау, пайдалы қазбаларды iздестiру бағытын анықтау үшiн болжамды-металлогеникалық негiз құру; пайдалы қазбалар қорларының өсуiне қол жеткізу мақсатында қатты пайдалы қазбаларға iздестіру-бағалау жұмыстарын жүргiзу, ГДП-200 жүргiзу нәтижесiнде анықталған учаскелерде iздестiру-бағалау жұмыстарын жүргізу және қазiргi ғылыми әзiрленiмдер негiзiнде геологиялық материалдарды қорытындылау, пайдалы компонеттердiң қорларын есепке алу, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру; елдi мекендердi жерасты суларының қажетті мөлшерде және кепiлдендiрiлген сапада сумен қамтамасыз ету үшiн iздестiру-барлау жұмыстарын жүргiзу; көмiрсутек шикiзатына геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 013 Мемлекеттік
геологиялық
зерделеу
2 100 Аймақтық 1. 1:200000 масш- Жыл Қазақстан
және геоло- табта 30,89 мың бойы Республика-
гиялық тү- шаршы км алаңда сының
сiру жұмыс- геологиялық жете Энергетика
тары зерделеу. және
2. Өңiрлiк гидро- минералдық
геологиялық жұ- ресурстар
мыстар - 17,54 мың министрлігі
шаршы км.
3. Өңiрлiк зерт-
теулердi - 12 есеп
беру - ұсынымдарды
жүргізу, олардың
3 - 2005 жылы
аяқталады.
3 101 Iздестi- 400 шаршы км. Жыл Қазақстан
ру-баға- алаңда iздестiру- бойы Республика-
лау жұ- баға беру жұмыс- сының
мыстары тарын жүргiзу, Энергетика
оның ішінде және
қатты пайдалы минералдық
қазбаларға - 250 ресурстар
шаршы км.; министрлігі
көмiрсутек шикi-
заттарға: МОГТ -
2 D -210 қума км
(150 шаршы км)
сейсмобарлау;
2500 м тереңдiк-
пен 1 iздестіру
ұңғымасын
бұрғылау.
4 102 Iздестi- 1. Облыстар Жыл Қазақстан
ру-барлау бойынша елдi бойы Республика-
жұмыстары мекендердi сумен сының
жабдықтау мақса- Энергетика
тында жерасты және
суларының кен минералдық
орындары қорларын ресурстар
бекітумен iздес- министрлігі
тіру-барлау
жұмыстарын аяқтау:
Ақмола - 6,
Батыс Қазақстан
- 4, Қостанай - 2,
Павлодар - 7,
Солтүстiк
Қазақстан - 14.
2. Облыстар
бойынша елдi
мекендердi сумен
жабдықтау мақса-
тында iздестiру-
барлау жұмыстарын
жүргізудi бастау:
Ақмола - 4,
Батыс Қазақстан
- 10, Павлодар
- 9, Солтүстік
Қазақстан - 10,
Ақтөбе - 1.
____________________________________________________________________