7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) 30,89 мың шаршы км алаңдағы 1:200000 масштабында жетiлдiре геологиялық зерделеу жүргiзiлетiн, қазiргі заманғы геологиялық негіз (1:200000 масштабының геологиялық және геофизикалық карталарының 14 номенклатуралық парағы) алынатын болады;
2) пайдалы қазбалар кен орындарын анықтау үшiн перспективалы жалпы көлемi кемiнде 400 шаршы км кем емес учаскелер бөлiнетiн болады;
3) өңiрлiк гидрогеологиялық жұмыстарды 17,54 мың шаршы км. алаңда жерасты ауыз суларын iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшін 3 келешегi бар учаскелердi анықтаумен орындалатын болады;
4) алтынның - 5 тонна, мыстың - 5 мың тонна, қорғасынның - 30 мың тонна, мырыштың - 70 мың тонна қорының өсуi қамтамасыз етілетiн болады;
5) мұнай-газ перспективалы құрылымдар бөлiнетiн болады;
6) 33 селолық елдi мекендi жерасты суларының пайдалану қорларымен қамтамасыз етiлетiн және 34 селолық елдi мекен үшiн кен орындарын табу мақсатында перспективалы су жеткізушi көкжиектерге сипаттама берiлетiн болады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
306-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторингi"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 569600 мың теңге (бес жүз алпыс тоғыз миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының Су Кодексiнiң 58, 59, 60-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының 56, 58, 59-баптары; "Қазақстан Республикасының жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауының мемлекеттік мониторингi туралы ереженiң 8, 9, 12, 13, 19, 28-тармақтары; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысымен бекітілген 2003-2010 жылдарға арналған елдiң минералдық-шикiзат кешенiнiң ресурстық базасын дамыту бағдарламасының 5.4-тармағы; "Мемлекеттік су кадастрын жүргізу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; "Су объектілерiн, суды мемлекеттік есепке алу және оларды пайдаланудың мемлекеттік мониторингiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 85 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазiргi экономикалық жағдайда жетекшi кен орындарын геологиялық-экономикалық қайта бағалау негiзiнде Қазақстан Республикасының негiзгi пайдалы қазбаларының шикiзат базасының нақты жай-күйiн белгiлеу; Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасын (МШБ) болжамдау және меңгеру мiндеттерiн шешу үшiн жер қойнауы туралы барлық ақпаратты жинаудың, есепке алудың, жүйелiк таңдаудың бiртұтас компьютерлiк технологиясын жүргiзу; жерасты сулары мен қауiптi геологиялық процестердiң режимi мен балансын зерделеу, жер асты сулары мен жер қойнауының жай-күйiн мемлекеттік басқарудың мiндеттерiн шешу үшiн жер асты суларының пайдаланылуы мен есепке алынуын бағалау, Қазақстан Республикасының жер асты суларын мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету және жер асты суларының ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын талдау, пайдалы қазбалардың болжамдық ресурстарын талдау, 2030 жылға дейiн түпкiлiктi өнiм өндiрудi дамыту болжамы; негiзгі тауарлық ағындарды бейнелеумен пайдалы қазбалардың негiзгi түрлерiнiң минералдық-шикiзаттық базасының геосаяси жай-күйiн талдау: Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзаттық кешенiн дамыту үрдiстерi, даму болжамы мен мүмкiн болатын әсерi; қазiргi нормативтiк құқықтық құжаттарды (нұсқаулықтар) жасау; Қазақстан Республикасының жер асты суларын мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету және жер асты суларының ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, қауiптi геологиялық процестердi зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 014 Жер қой-
науы және
жер қойна-
уын пайда-
лану мони-
торингi
2 100 Минерал- 1. Пайдалы қазба- Жыл Қазақстан
дық-шикi- лардың 7 түрi бойы Республика-
зат база- бойынша, соның сының
сы және iшiнде 3 түрi Энергетика
жер қой- бойынша 2005 жылы және
науын пай- аяқталумен жай- минералдық
далану мо- күйiн 2030 жылға ресурстар
ниторингi дейiнгi кезеңге министрлігі
үлгiлеумен Қазақ-
стан Республика-
сының минералдық-
шикiзаттық базасы-
ның мониторингi
мен дамыту
болжамы.
2. Өндiрiс сала-
лары бойынша
анықтамалықтар
дайындау және
нормативтiк құқық-
тық актілер (3
нұсқаулық пен
2 анықтамалық)
әзiрлеу.
3 101 Жер асты Жер асты суларының Жыл Қазақстан
сулары мониторингi: бойы Республика-
және 1) мемлекеттік сының
қауiптi торап бақылауын- Энергетика
геология- дағы 5005 және
лық про- бекеттерде жер минералдық
цестер асты суларының ресурстар
монито- мониторингiн министрлігі
рингі жүргiзудi
жалғастыру;
2) Елек өзенiнiң
трансшекаралық
бассейнiнде жер
асты сулары жай-
күйiнiң монито-
рингi полигонын
құру;
3) "Луговая"
сейсмомониторинг
постысын құруды
аяқтау;
4) мемлекеттік су
кадастрын жүргiзу
МСК;
5) мемлекеттік
байқау пункттерiне
жер бөлiп берудi
ресiмдеудi бастау.
2. Қауiптi геоло-
гиялық процестер-
дiң мониторингi:
1) қауiптi геоло-
гиялық процестер-
дiң мониторингi-
нің 20 постысын
қалпына келтiру;
2) қауiптi геоло-
гиялық процес-
тердiң мониторин-
гiн жүргізу;
3) қауiпті геоло-
гиялық процестердi
зерттеу бойынша
Қаскелең-Талғар
полигонын құру.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
1) жетекшi кен орындарын геологиялық-экономикалық қайта бағалану негiзiнде Республиканың негiзгi пайдалы қазбаларының нақты шикiзат базасы мен оның қазiргi экономикалық шарттарға сәйкестiгiн анықтау - пайдалы қазбалардың 3 түрi бойынша 2004 жылы басталатын және 2005 жылы аяқталатын жұмыстар жөнiнде есеп беру;
2) нормативтiк актiлердi жасау (3 нұсқаулық); Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзаттық базасының ағымдық жай-күйi туралы ел басшылығын хабардар ету (2 анықтамалық);
3) жерасты суларының мемлекеттік мониторингiнiң мемлекеттік торабындағы 5005 бақылау пункттерiнiң жерасты сулары мониторингiн жүргiзу;
4) Елек өзенiнiң трансшекаралық бассейнiнде жерасты сулары жай-күйiнiң мониторингі полигонын құруды жалғастыру;
5) "Луговая" сейсмомониторинг постысын құру және жабдықтау аяқталатын болады;
6) жерасты суларының мемлекеттік мониторингiнiң мемлекеттік бақылау постыларына жер бөлiп берудi ресiмдеу басталатын болады;
7) қауiптi геологиялық процестер мониторингiнiң 20 бақылау постысын қалпына келтiру және мониторингті жүргiзу;
8) қауiптi геологиялық процестердi зерттеу бойынша Қаскелең-Талғар полигонын құру;
9) жерасты сулары бөлiгiнде мемлекеттік су кадастрын (МСК) енгізу, жер қойнауының жай-күйi мен жер асты суларын ластанудан қорғау және тоғандар мен кен орындарындағы жер асты суларының ластануы мен азаюын қорғалуын мемлекеттік бақылау;
10) жерасты суларының жай-күйiне баға берiлетiн болады, iс-шаралар жасалатын және жер қойнауы мен жер асты суларының жай-күйiнiң өзгеруiнен жағымсыз салдарлардың алдын алу, азайту немесе жою жөнiндегі тиiстi мемлекеттік органдардың әкiмшiлiк шешiмдердi қабылдауы үшiн iс-шаралар мен ұсынымдар әзiрленетiн болады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
307-қосымша
231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар
туралы ақпараттық жүйенi дамыту"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 30000 мың теңге (отыз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күші бар Жарлығының 55-61, 69-баптары; Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ереженiң 8-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысымен бекітілген Цифрлы геоақпараттық жүйелердiң негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесін құру және енгізу ережесінiң 1-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi туралы ереженiң 10-тармағының 1-тармақшасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы ақпараттық жүйесiн дамыту және компьютерлiк деректер банкiн құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жер қойнауы туралы деректер банкінің негізiнде геологиялық материалдардың электрондық мұрағатын ұйымдастыру; "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" СУБД бейiмделу және "Қазақстанның қатты пайдалы қазбаларының болжамдық ресурстары" деректер базасын тәжiрибелiк енгізу "Казгеоинформ" РЦГИ компьютерлiк жабдықпен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 015 Жер қойнауы 1. Жер қойнауы ту- Жыл Қазақстан
және жер ралы деректер бойы Республикасы
қойнауын банкінiң негiзiнде Энергетика
пайдалану- геологиялық мате- және
шылар тура- риалдардың минералдық
лы ақпа- республикалық ресурстар
раттық электрондық министрлігі
жүйенi мұрағатын
дамыту ұйымдастыру
(1-кезең).
2. "Жep қойнауы
және жер қойнауын
пайдалану туралы"
СУБД бейiмделу
және "Қазақстанның
қатты пайдалы
қазбаларының бол-
жамдық ресурстары"
деректер базасын
тәжiрибелiк енгi-
зу. 3. "Казгео-
информ" РЦГИ үшiн
мынадай есептеу
техникасын сатып
алу: жұмыс стан-
циялары - 16 бiр-
лiк, арнайы мақ-
саттағы жұмыс
станциялары - 3
бiрлiк, үздiксiз
қоректендiру көз-
дерi - 2 бiрлiк,
сервер - 1 бiрлiк,
таспалық кiтапхана
- 1 бірлік, жаб-
дықтарға арналған
бокс - 1 бiрлiк,
маршрутизатор -
1 бiрлiк.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) жер қойнауы туралы деректер банкi шектерiнде геологиялық-геофизикалық материалдардың электрондық мұрағатын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;