2005 жылға арналған республикалык бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 389-394-қосымшалар)
(2005.22.12. енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
389, 390, 391, 392, 393, 394-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясы) 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
389-қосымша
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық және
сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттiгі
(қаржы полициясы)
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа
қарсы күрес жөніндегі уәкiлеттi органның
қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 3921483 мың теңге (үш миллиард тоғыз жүз жиырма бір миллион төрт жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi; "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Заңы; "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шiлдедегi Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ақпараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тiзілiмдерiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтарындағы № 1284 Жарлығы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнің (қаржы полициясы) мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 17 наурызындағы № 330 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
1) жүктелген мiндеттерін тиiмдi атқаруға қол жеткізу үшiн, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының орталық атқарушы органы мен аумақтық органдары қызметiн қамтамасыз ету;
2) кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру және өзіне жүктелген қызметтік мiндеттерiн тиiмді орындау үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білімдiк бағдарлама бойынша теориялық және практикалық білімiн, шеберлiгi мен дағдылығын жаңарту;
3) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының орталық аппараты және аумақтық органдарының әрекетi үшiн қажеттi жағдайларды жасау;
4) қаржы полициясы органдарын материалдық-техникалық құралдармен, оның iшiнде нысанды және арнайы киім-кешекпен және өзге де активтермен және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету;
5) экономика және қаржы қызметі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi күшейту, қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу бөлiмшелерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру;
6) қаржы полициясы органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн және басқа да ақпараттық ресурстарын iлестiрiп жүру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасы қаржы полициясының орталық атқарушы органын, аумақтық органдарын ұстау;
2) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру;
3) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының әкiмшiлiк ғимараттарында күрделi жөндеу жүргізу;
4) қаржы полициясы органдарының материалдық-техникалық базамен жарақтандыру және оны нығайту, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн нысанды және арнайы киім-кешекпен қамтамасыз ету;
5) мемлекеттің экономикалық қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету, экономикалық қылмыстардың тергеу, анықтау және алдын алу жолын кесу және оны ашу;
6) Электрондық пошта арқылы Қазақстан Республикасы қаржы полициясының орталық атқарушы, аумақтық органдары және оқу орны арасындағы байланысты қамтамасыз ету, түрлi ақпараттық көздерге кiруге рұқсат берудi қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етулердi сатып алу, қолданылатын есептеуiш техникалардың және периферилiк жабдықтардың жұмысқа қабiлеттілігiн қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар саласындағы қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыру.
ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 509з Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
|коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 001 Экономика-
лық және
сыбайлас
жемқорлық
қылмысқа
қарсы кү-
pec жөнiн-
дегi уәкi-
летті
органның
қызметiн
қамтама-
сыз ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органның касы қаржы полиция- бой- Республикасы
аппараты сы органының орта- ында Экономикалық
лық аппаратын штат және сыбайлас
кестесiне сәйкес жемқорлық
338 бірлiк көле- қылмысқа
мiнде ұстау, тиiстi қарсы күрес
нормаларға сәйкес жөніндегі
қаржы полициясы агенттiгi
органдары орталық (қаржы
аппаратының, ау- полициясы)
мақтық органдары-
ның және Қаржы
полициясы акаде-
миясы қызметкер-
лерiн нысандық
және арнайы киім-
кешекпен қамтама-
сыз ету.
3 002 Аумақтық Қазақстан Респуб- Жыл Қазақстан
органдар- ликасы аумақтық бой- Республикасы
дың аппа- қаржы полициясы ында Экономикалық
раттары органдарын 3447 және сыбайлас
бірлiк көлемiнде- жемқорлық
гi штаттық санға қылмысқа
сәйкес ұстау. қарсы күрес
жөніндегі
агенттiгі
(қаржы
полициясы)
4 007 Мемлекет- Бекiтілген білiк- Жыл Қазақстан
тiк қыз- тіліктi арттыру бой- Республикасы
метшiлер- жоспарына сәйкес ында Экономикалық
дiң бі- қаржы полициясы және сыбайлас
ліктілі- органдары қызмет- жемқорлық
гiн арт- керлерiнiң білiк- қылмысқа
тыру тілігiн арттыру, қарсы күрес
соның iшiнде мем- жөніндегі
лекеттiк және агенттiгі
ағылшын тілдерiн (қаржы
оқыту бойынша полициясы)
қызмет көрсету-
лердi сатып алу.
Бiлiктілiктi арт-
тыру курстарын
өтетiн қаржы поли-
циясы органдары
қызметкерлерiнiң
жылдық орта саны
1100.
5 008 Мемлекет- Қаржы полициясы Жыл Қазақстан
тiк ор- орталық атқарушы, бой- Республикасы
гандардың аумақтық органда- ында Экономикалық
ғимарат- рының және меке- және сыбайлас
тарын, месiнiң әкiмшілік жемқорлық
үй-жай- ғимараттарында қылмысқа
лары және күрделi жөндеу қарсы күрес
құрылыс- жүргізу жөніндегі
тарын агенттiгі
күрделi (қаржы
жөндеу полициясы)
6 009 Мемлекет- Двигателiнiң көлемi Жыл Қазақстан
тiк ор- 1600-ден 2500 куб. бой- Республикасы
гандарды см дейiнгi: қоса ында Экономикалық
матери- алғанда -10 бірлiк, және сыбайлас
алдық- 1600-ден 1800 куб. жемқорлық
техника- см дейiнгi - 10 қылмысқа
лық жарақ- бірлiк, 1500-ден қарсы күрес
тандыру 2000 куб. см жөніндегі
дейiнгi -35 бірлiк агенттiгі
автокөлiктердi (қаржы
сатып алу. полициясы)
Сатып алу:
Ерекше жабдықтарды
(арнайы заттар,
оқ-дәрiлер).
Ксерокстарды -
40 дана және
факсимильдi ап-
параттарды - 48
дана.
Басқа да тауарлар-
ды (столдар,
орындықтар, шкаф-
тар, офистiк
креслолар және
т.б.).
7 017 Ақпарат- "Интернет" желiсiне Жыл Қазақстан
тық жүйе- кiруге қызмет көр- бой- Республикасы
лердiң сету және электрон- ында Экономикалық
жұмыс iс- дық пошта қызметiне және сыбайлас
теуiн ақы төлеу. жемқорлық
қамтама- Есептеу техникасы- қылмысқа
сыз ету ның құралдарына қарсы күрес
және мем- және периферилiк жөніндегі
лекеттік жабдықтарға тех- агенттiгі
органдар- никалық қызметтердi (қаржы
ды ақпа- көрсету - 68 дана. полициясы)
раттық- Шығындалатын мате-
техника- риалдар, жиынтық-
лық қам- таушы бұйымдарды
тамасыз және қосалқы
ету бөлшектердi сатып
алу.
Iлесiп жүретiн қыз-
метулердi сатып
алу:
1. WEB-сайтына;
2. "ЮРИСТ" авто-
маттандырылған
анықтамалық құ-
қықтық жүйесiне;
3. "Қазақстан
Республикасы
Экономикалық жә-
не сыбайлас жем-
қорлық қылмысқа
қарсы күрес жө-
нiндегі агентті-
гінің (қаржы
полициясы) бірың-
ғай автоматтан-
дырылған ақпа-
раттық-телеком-
муникациялық
жүйесiнiң"
бағдарламалық
қамтамасыз етуiне;
4. Локальдық
мақсаттарға
("ЕСЕП" бюджет-
тік мекемелердiң
шығыс сметасының
орындалуының
бухгалтерлiк
есебi, SALARY
жалақы есебi,
мiндеттемелер мен
төлемдер бойынша
қаржыландыру жос-
парларын құру,
бюджеттен қаржы
бөлу лимитiнiң
есебi, тоқсан-
дық, жылдық
есептіліктің
жиынтығына).
8 100 Қаржы Қазақстан Респуб- Жыл Қазақстан
полиция- ликасы қаржы бой- Республикасы
сы орган- полициясы орган- ында Экономикалық
дарының дарының жедел- және сыбайлас
жедел-iз- iздестiру iс- жемқорлық
дестiру шараларын қылмысқа
қызметi жүргiзу. қарсы күрес
жөніндегі
агенттiгi
(қаржы
полициясы)
____________________________________________________________________