Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1231 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
30 наурыздағы № 467 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 49 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында теңiз сауда кемелерiнiң жүзу құқығы жөніндегі уақытша ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1231 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1993 ж., № 48, 584-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбындағы "құқығы жөніндегі уақытша ереженi" деген сөздер "құқығын берудiң тәртібін" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) 1-тармақтың екiншi абзацында "құқығы туралы уақытша ереже" деген сөздер "құқығын берудiң тәртібін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында теңiз сауда кемелерiнiң жүзу құқығы туралы уақытша ережеде:
тақырыбындағы "құқығы туралы уақытша ереже" деген сөздер "құқығын берудiң тәртібін" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталсын;
2-тармақ "немесе шетелдiк лизинг берушi мен қазақстандық лизинг алушы арасындағы лизинг туралы шарт бойынша берілген" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "Көлiк министрлігi" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Көлiк министрлігі" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақтағы "осы Ереженің" деген сөздер "осы Тәртiптің" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтағы "Көлiк министрлігі" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Көлiк министрлігі шешiмiнiң мерзiмi бiткенi жөнiнде бербоут-чартер бойынша теңiз сауда кемесiнiң берiлуi туралы шарт жасасқан тараптарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалауы астында жүзу құқығын қайтарып алу туралы шешiмiнiң мерзiмi аяқталуы бойынша теңiз сауда кемесiнiң иесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларда:
"құқығы туралы уақытша ережесi" деген сөздер "құқығын берудi" тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бекітілген" деген сөз мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде дұрыс жазылған;
көрсетілген қаулыға 1 және 3-қосымшаларының 6-тармақтарында:
"Көлiк министрлігіне" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көлiк министрлігімен" деген сөздер "Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Су көлiгi департаментiнiң директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі бұрын қабылданған ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
бірінші орынбасары