Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн
көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды
ретке келтiру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 27 мамырдағы № 663 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359;
22.08.01 ж. № 1098; 14.02.02 ж. № 216; қаулыларымен
енгізілген өзгерістермен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 248 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк нормативi (бұдан әрi Норматив) бекітілсiн.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекітілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi олардың балансына беру;
2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттік органдарға:
"Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекітілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдау;
2001 жылға дейiн қызметтік жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпау;
көлiк қызметiн көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1336 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында мiндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінiң шегiнде ғана жасау ұсынылсын.
3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдасын;
2) 2001 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын;
3) көлiк қызметін көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1336 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында міндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінің шегiнде ғана жасасын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік органдарды қаржыландыруды қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.
5. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар үшін ұқсас Нормативтер әзiрлеу мен бекіту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалану шығыстарының лимитi шегiнде көлiк қызметiн көрсетуге жасалған шарттарға қатаң сәйкес қаражаттардың жұмсалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп, заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
7. Осы қаулы 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы
№ 663 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359 қаулысымен Қосымшаның тақырыбы өзгерді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін
көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік
Нормативі
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359; 22.08.01 ж. № 1098; 14.02.02 ж. № 216 қаулыларымен нормативке өзгерістер енгізілді
N р/ с | Меморгандардың атауы | Лауазымның атауы | Автомобильдер саны | |
қызметтік жеңіл (1 бірл.) | кезекші |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | | Парламент Палатасының Төрағасы Премьер-Министр Мемлекеттік Хатшы | 1 1 1 | | |
| 1 1 1 1 1 1 1 1 1 | 18 | 3000-нан аспайды 3000-нан аспайды 3000-нан аспайды 3000-нан аспайды 3000-нан аспайды 3000-нан аспайды 3000-нан аспайды |
| Президенттің Іс Басқармасы | Президенттің Ісін Басқарушы Президент Ісін Басқа- рушының орынбасары | 1 1 | |
Парламент | Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары Депутаттар | 1 | 3-не 1-бірл. |
Парламент Аппараты | | 1 1 | 4 |
5 | Премьер-Министр. дің Кеңсесі | 1 1 1 | 14 |
6 | | Төраға (Бас Прокурор) Төрағаның (Бас проку- рордың) орынбасары Конституциялық Кеңес- тің және Есеп комите- тінің мүшелері | 1 1 1 | 1 |
7 | Бастық (төраға, прокурор прокурордың орынбасары Бастық (төраға, прокурор) | 1 1 1 | |
8 | Жоғарғы сот | Жоғарғы соттың Төрағасы Жоғарғы соттың Судьялары | 1 | 3-не 1 бірл. |
| Сот төрағасы Сот төрағасы Сот төрағасы | 1 1 1 | |
10 | Министрліктер мен Агенттіктер | Министр (Агенттіктің төрағасы) Министрдің орынбасары (Агенттіктің төрағасы) Министрліктер жанын- дағы комитеттің басшысы | 1 1 1 | |
11 | "Байқоңыр" ғарыш аймағындағы ар. найы өкілдің аппараты | Арнайы өкіл | 1 | |
12 | Орталық атқарушы органдардың ау. мақтық бөлімшеле. рі 1)облыстың (рес. публикалық маңы. зы бар қалалардың және астананың) 2) аудандық | Бастық Бастық | 1 1 | |
13 | Меморгандардың орталық аппараты. на көлік қызметін көрсету І топ: Президент Әкімші. лігі Парламент аппара. ты Премьер-Министр. дің Кеңсесі Есеп комитеті Бас прокуратура Мемқызмет жөнін. дегі агенттік Сыбайлас жемқор. лықпен күрес жөніндегі мем.комитет Жоғарғы сот ІІ топ: 1 топта аталғандардан басқа, барлық мемлекеттік органдар ІІ-топ: І-топта көрсетілгендерден басқа, барлық Мемлекеттік Органдар | | | 1 2 3 4 5 6 7 1 2 3 4 5 6 7 1 2 3 4 5 6 7 |