Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 27 мамырдағы № 663 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 ақпандағы № 216 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік Нормативінде:
реттік нөмірі 7-жолдың 1) тармақшасында:
3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Прокурордың орынбасары»;
4-баған «1» деген санмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |