Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық
кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су
жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 22.02.00 ж. № 276; 25.03.01 ж. № 378; 14.03.02 ж. № 304;
21.03.03 г. № 290; 29.11.03 ж. № 1204 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен тақырып, кiрiспе және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлуді реттеу және оларды ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу ережелері бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 22.02.00 ж. № 276; 25.03.01 ж. № 378; 14.03.02 ж. № 304 қаулыларымен 2-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 290 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл, Зайсан-Ертіс бассейндерiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру мәселелерi мен балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурстар (тендерлер) өткізу үшiн балық қорларын және басқа да су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту мен пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың арнаулы өкiлеттi органы (бұдан әрi - арнаулы уәкiлеттi орган): арнаулы уәкiлеттi органның (комиссияның төрағасы);
тиiстi облыс әкiмдiгiнiң (облыс әкімі орынбасарынан төмен емес);
ғылыми ұйымдардың;
арнаулы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен конкурстық (тендерлiк) комиссия құрады.
Облыс iшіндегі су айдындарын немесе олардың жекелеген учаскелерiн бекітіп беру мәселелерi мен балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөніндегі конкурстар (тендерлер) өткізу үшiн арнаулы өкiлеттi органның аумақтық органдары тиiстi облыстың жергiлiктi атқарушы органымен бірлесiп оларда конкурстық (тендерлiк) комиссия құрады.
3. "Қазақстан Республикасында балық және басқа да су жануарларын аулау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 49, 479-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережесінде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Жекелеген жағдайларда конкурстар (тендерлер) өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының
балық шаруашылығы су айдындарында
балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері
және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын
аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу ережелері
ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 290 (бұр. ред. қара); 29.11.03 г. № 1204 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу үшін конкурстық (тендерлiк) комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін және айналадағы ортаны қорғау мен жануарлар әлемін пайдалану саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережелерді басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 290 (бұр. ред. қара); 29.11.03 г. № 1204 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөніндегі конкурсты(тендерді)(бұдан әрі - Конкурс) дайындау мен өткізілуін ұйымдастыруды балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Конкурсты өткізу және оның шарттары туралы хабарландыру ол өтетiн күнге дейiн бір ай бұрын мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланады.
Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл және Зайсан-Ертіс бассейндерiнiң су айдындары жөнiнде ол "Казахстанская правда" мен "Егемен Қазақстан" газеттерiнде жарияланады.
ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Табиғат пайдаланушылар меншiк нысандарына қарамастан, конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Егер қатысуға өтiнiштi екеуден кем табиғат пайдаланушы берген болса немесе конкурстық (тендерлiк) комиссия барлық табиғат пайдаланушылардың ұсыныстары конкурстың (тендердiң) шарттарын қанағаттандырмады деп таныса, конкурстық (тендерлiк) комиссия конкурс (тендер) өтпедi деп таниды.
Балық кәсiпшiлiгi су айдындарын (учаскелерiн) бекітіп беру және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарындағы балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөніндегі конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн өтiнiмге қосымшада көрсетілген құжаттардың толық емес тiзбесi ұсынылған немесе оларды дұрыс ресiмдемеген жағдайда мұндай конкурстық (тендерлiк) өтiнiм қабылданбайды және оны конкурстық (тендерлiк) комиссия қарамайды.";
8. Конкурсты өткізу барысында артықшылықтар:
суайдындардың экологиялық жай-күйін, гидробионттардың тіршілік ету жағдайларын және балық қорларын молықтыруды жақсартуға бағытталған балық өсіру-мелиоративтік іс-шараларын жүргізуге белсене қатысатын;
заңдарда көзделген жануарлар әлемін қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі талаптарды орындайтын;
балық пен басқа да су жануарларын аулауға бөлінген лимиттерді іс жүзінде игеру мүмкіндігі бар (яғни, аулау құрал-саймандарының, жүзу құралдарының, кәсіпшілік тетіктерінің, өндірістік қуаттарының, балық қабылдау пункттерінің, көлігінің, тоңазытқыш қондырғыларының және т.с.с. болуы) табиғат пайдаланушыларға беріледі.
ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9. Балық және басқа да су жануарларын аулау лимиттерi мен квоталарын конкурстық (тендерлiк) комиссия табиғат пайдаланушылардың көрсеткiштерiн рейтингтiк бағалау негiзiнде бөледi. Рейтингтiк бағалауды анықтау тәртібін арнаулы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Табиғат пайдаланушылардың рейтингтiк бағасы тең болған жағдайда басымдылық қызметiнiң негiзi балық аулау және оған байланысты қызмет болып табылатын жергiлiктi жағалау аудандарының мамандандырылған жеке және заңды тұлғаларына берiледi.
Конкурстық (тендерлiк) комиссияның шешiмi осы қаулының 8-тармағын ескере отырып, мәжіліске комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3-i қатысқан кезде көпшiлiк дауыспен қабылданады және хаттама түрiнде ресiмделедi.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 290 (бұр. ред. қара); 29.11.03 г. № 1204 (бұр. ред. қара қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Комиссияның ұсынымдық шешіміне сәйкес:
Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл және Зайсан-Ертіс бассейндерiнiң су айдындары жөніндегі тиісті облыс әкімдігі балық кәсіпшілігі учаскелерін облыстың әкімшілік шекарасы шегінде бекітіп беру туралы шешім қабылдайды.
балық шаруашылығы саласындағы Жайық-Каспий, Балқаш-Алакөл және Зайсан-Ертіс бассейндерiнiң су айдындары жөніндегі уәкiлеттi орган мен тиісті облыс әкімі табиғат пайдаланушылар арасында балық және басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу туралы бірлескен шешімдер қабылдайды.
облыс iшіндегі балық шаруашылығы су айдындары бойынша балық аулау кәсiпшiлiгiне және басқа да су жануарларын аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су айдындарын немесе олардың учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру туралы шешiмдi тиiстi облыстың әкiмдiгi қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 290 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Тиісті шешім қабылданғаннан кейін балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушылармен балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық ресурстарын пайдалану туралы шарттар жасасады.
Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық ресурстарын пайдалану туралы шарттың үлгі нысаны мен оны жасасу тәртібін балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
Табиғат пайдаланушылар арасында
балық кәсiпшiлiгi су айдындарын
(учаскелерiн) бекітіп беру және
балық пен басқа да су жануарларын
аулаудың лимиттерi мен квоталарын
бөлу жөнiнде конкурс (тендер)
өткізу ережелерiне қосымша
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 290 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 29.11.03 г. № 1204 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында
балық кәсiпшiлiгi су айдындарын (учаскелерiн) бекітіп беру және
балық пен басқа да су жануарларын
аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөніндегі
конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн
ӨТІНІМ
1. Атауы, ведомстволық тиiстiлiгi, құрылтайшы, деректемелерi
мекен-жайы _______________________________________________________
__________________________________________________________________
2. ________ облыс әкiмдiгiнің ____ жылғы "___" ________ N __
шешіміне және "___" ____________ жылғы "___" ______________ балық
шаруашылығы саласындағы арнайы уәкілеттi органмен жасаған N _______
шартқа сәйкес бұрын бекiтіліп берiлген су айдыны (учаске) (итбалық
аулайтын орын)
3. Өндiрiстiк қызметiнiң негiзгi бағыты, қай уақыттан бастап балық
аулауды және балық өнiмдерiн қайта өңдеудi (итбалық аулау мен оны қайта
өңдеудi) жүзеге асырады
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Өтiнiм берiлген су айдыны немесе учаске (итбалық аулайтын
орын) ____________________________________________________________
5. Өтінiм балықтың түрлерi бойынша аулау (итбалық аулаудың)
көлемi (лимитi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6.__________________________________________________________
_____________________________________________ жүзетiн құралдардың
Балық аулау ережелерiне сәйкес келетiн аулау (итбалық аулау) құралдары
тиiсті біліктiлiгi (жұмыс тәжiрибесi, арнайы дайындығы) бар балықшылардың
саны (итбалық аулайтын кәсiпшi-аңшылар)
__________________________________________________________________
кәсiп тетiктерiнiң болуы
__________________________________________________________________
басқа да мәлiметтер
__________________________________________________________________
7. Өндірiстiк қуаты:
өндiрiстік үй-жайлар, цехтар (шаршы м.)
__________________________________________________________________
тоңазытқыш қондырғылар (қуаты)
__________________________________________________________________
технологиялық жабдықтар (қуаты және басқа да өндiрiстiк
сипаттамалары)
__________________________________________________________________
басқа да мәлiметтер
__________________________________________________________________
8. Балық қорларының өсiмiн молайту, мелиорациялау бойынша
iс-шаралардың және өз қаражаты, растаушы құжаттарды ұсына отырып, ақшалай
мәндегi демеушілік көмектiң есебiнен соңғы үш жылда жүргiзiлген
iс-шаралардың түрлерi мен көлемi
__________________________________________________________________
Өтінiмге қосымшалар:
заңды тұлға жарғысының нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелерi;
мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды түрде куәландырылған көшiрмесi;
бюджет алдында берешектiң болмауы туралы Салық комитетiнiң анықтамасы;
қаржылық жай-күйi туралы банктiң анықтамасы;
аулау құралдарының, балық кәсiпшiлiгi орындардың, өндiрiстiк үй-жайлардың санитарлық жағдайы туралы санэпидқызметтiң анықтамасы;
табиғат пайдаланушылар бұрын өздерi шарт мiндеттемелерiнiң орындалуы, өтінiм берiлген балық аулау лимитi мен квоталарын игеру үшiн қажеттi балықшылардың аулау құралдарының, кәсiпшiлiк тетiктердiң, жүзетiн құралдардың және т.б. болуы мен жай-күйi туралы арнайы уәкiлеттi органның және (немесе) оның ведомстволық бағыныстағы тиiстi ұйымдарының анықтама-қорытындысы;
ағымдағы жылға арналған табиғат қорғау iс-шаралары бойынша басшы бекiткен Мiндеттемелер-жоспары, оның iшiнде су айдынының экологиялық жай-күйiн, гидробионттардың мекендеу жағдайын жақсарту және олардың көлемi мен қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, балық қорларының өсiмiн молайту бойынша балық-мелиорациялық жұмыстар.
Берiлген күнi.
Ұйымның
мөрi ______________ Басшының аты-жөнi, қолы