Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық
кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су
жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 22.02.00 ж. N 276; 25.03.01 ж. N 378; 14.03.02 ж. N 304;
21.03.03 г. N 290 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 29 қарашадағы N 1204 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлуді реттеу және оларды ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу ережелері бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 22.02.00 ж. N 276; 25.03.01 ж. N 378; 14.03.02 ж. N 304 қаулыларымен 2-тармақ өзгерді.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. N 290 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi табиғат пайдаланушылар арасында Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшілiгi учаскелерiн бекiтiп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу мәселелері жөнiнде конкурс (тендер) өткiзу бойынша комиссияны:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (комиссия төрағасы);
тиiстi облыс әкiмдiгiнiң (облыс әкiмiнiң орынбасары);
"Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының;
балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi мемлекеттiк мекемелердiң өкілдерiнен қалыптастырсын.
3. "Қазақстан Республикасында балық және басқа да су жануарларын аулау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 49, 479-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережесінде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Жекелеген жағдайларда конкурстар (тендерлер) өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысымен
бекітілген
Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер
жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері
және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын
аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу
ережелері
1. Осы Ережелер Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. N 290 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу үшін комиссия құрады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін және айналадағы ортаны қорғау мен жануарлар әлемін пайдалану саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережелерді басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. N 290 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөніндегі конкурсты(тендерді)(бұдан әрі - Конкурс) дайындау мен өткізілуін ұйымдастыруды балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Конкурс өткізу және шарттары туралы хабарландыру оның өткізілуінен бір ай бұрын "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская Правда" газеттерінде жарияланады.
6. Табиғат пайдаланушылар меншік нысандарына қарамастан конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды табыс етеді:
қосымшаға сәйкес нысандағы өтінім;
шаруашылық қызметіне берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы (бар болған жағдайда);
оң аудиторлық қорытынды;
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі ұсыныстар.
7. Екіден аз өтінім түскен жағдайда Конкурс өткізілмеген болып саналады.
8. Конкурсты өткізу барысында артықшылықтар:
суайдындардың экологиялық жай-күйін, гидробионттардың тіршілік ету жағдайларын және балық қорларын молықтыруды жақсартуға бағытталған балық өсіру-мелиоративтік іс-шараларын жүргізуге белсене қатысатын;
заңдарда көзделген жануарлар әлемін қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі талаптарды орындайтын;
балық пен басқа да су жануарларын аулауға бөлінген лимиттерді іс жүзінде игеру мүмкіндігі бар (яғни, аулау құрал-саймандарының, жүзу құралдарының, кәсіпшілік тетіктерінің, өндірістік қуаттарының, балық қабылдау пункттерінің, көлігінің, тоңазытқыш қондырғыларының және т.с.с. болуы) табиғат пайдаланушыларға беріледі.
9. Комиссия шешімі отырысқа комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда көпшілік дауыспен қабылданады және хаттама түрінде ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. N 290 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Комиссияның ұсынымдық шешіміне сәйкес:
тиісті облыс әкімдігі балық кәсіпшілігі учаскелерін облыстың әкімшілік шекарасы шегінде бекітіп беру туралы шешім қабылдайды.
балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен тиісті облыс әкімі табиғат пайдаланушылар арасында балық және басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу туралы бірлескен шешімдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. N 290 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Тиісті шешім қабылданғаннан кейін балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган табиғат пайдаланушылармен балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық ресурстарын пайдалану туралы шарттар жасасады.
Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық ресурстарын пайдалану туралы шарттың үлгі нысаны мен оны жасасу тәртібін балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
Табиғат пайдаланушылар арасында
балық кәсiпшiлiгi су айдындарын
(учаскелерiн) бекітіп беру және
балық пен басқа да су жануарларын
аулаудың лимиттерi мен квоталарын
бөлу жөнiнде конкурс (тендер)
өткiзу ережелерiне қосымша
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. N 290 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде
балық кәсiпшiлiгi су айдындарын (учаскелерiн) бекiтiп беру және
балық пен басқа да су жануарларын
аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiндегi
конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн
ӨТІНІМ
1. Атауы, ведомстволық тиiстiлiгi, құрылтайшы, деректемелерi
мекен-жайы _______________________________________________________
__________________________________________________________________
2. ________ облыс әкiмдiгiнің ____ жылғы "___" ________ N __
шешiмiне және "___" ____________ жылғы "___" ______________ балық
шаруашылығы саласындағы арнайы уәкілеттi органмен жасаған N _______
шартқа сәйкес бұрын бекiтіліп берiлген су айдыны (учаске) (итбалық
аулайтын орын)
3. Өндiрiстiк қызметiнiң негiзгi бағыты, қай уақыттан бастап балық
аулауды және балық өнiмдерiн қайта өңдеудi (итбалық аулау мен оны қайта
өңдеудi) жүзеге асырады
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Өтiнiм берiлген су айдыны немесе учаске (итбалық аулайтын
орын) ____________________________________________________________
5. Өтінiм балықтың түрлерi бойынша аулау (итбалық аулаудың)
көлемi (лимитi)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6.__________________________________________________________
_____________________________________________ жүзетiн құралдардың
Балық аулау ережелерiне сәйкес келетiн аулау (итбалық аулау) құралдары
тиiсті бiлiктiлiгi (жұмыс тәжiрибесi, арнайы дайындығы) бар балықшылардың
саны (итбалық аулайтын кәсiпшi-аңшылар)
__________________________________________________________________
кәсiп тетiктерiнiң болуы
__________________________________________________________________
басқа да мәлiметтер
__________________________________________________________________
7. Өндірiстiк қуаты:
өндiрiстік үй-жайлар, цехтар (шаршы м.)
__________________________________________________________________
тоңазытқыш қондырғылар (қуаты)
__________________________________________________________________
технологиялық жабдықтар (қуаты және басқа да өндiрiстiк
сипаттамалары)
__________________________________________________________________
басқа да мәлiметтер
__________________________________________________________________
8. Балық қорларының өсiмiн молайту, мелиорациялау бойынша
iс-шаралардың және өз қаражаты, растаушы құжаттарды ұсына отырып, ақшалай
мәндегi демеушілік көмектiң есебiнен соңғы үш жылда жүргiзiлген
iс-шаралардың түрлерi мен көлемi
__________________________________________________________________
Өтінiмге қосымшалар:
заңды тұлға жарғысының көшiрмелерi;
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
бюджет алдында берешектiң болмауы туралы Салық комитетiнiң анықтамасы;
қаржылық жай-күйi туралы банктiң анықтамасы;
aулау құралдарының, балық кәсiпшiлiгi орындардың, өндiрiстiк үй-жайлардың санитарлық жағдайы туралы санэпидқызметтiң анықтамасы;
табиғат пайдаланушылар бұрын өздерi шарт мiндеттемелерiнiң орындалуы, өтінiм берiлген балық аулау лимитi мен квоталарын игеру үшiн қажеттi балықшылардың аулау құралдарының, кәсiпшiлiк тетiктердiң, жүзетiн құралдардың және т.б. болуы мен жай-күйi туралы арнайы уәкiлеттi органның және (немесе) оның ведомстволық бағыныстағы тиiстi ұйымдарының анықтама-қорытындысы;
ағымдағы жылға арналған табиғат қорғау iс-шаралары бойынша басшы бекiткен Мiндеттемелер-жоспары, оның iшiнде су айдынының экологиялық жай-күйiн, гидробионттардың мекендеу жағдайын жақсарту және олардың көлемi мен қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, балық қорларының өсiмiн молайту бойынша балық-мелиорациялық жұмыстар.
Берiлген күнi.
Ұйымның
мөрi ______________ Басшының аты-жөнi, қолы