3) өзiнiң өсу қабiлетiн жоғалтып бара жатқан жапырақты ормандар;
4) бірiншi қабаттағы пiсiп-жетiлген бөлiгiнiң жуандығы 0,3 және одан жоғары, ал екiншi қабаттағысы - 0,4-тен кем болмайтын қос қабатты екпелер;
5) кескен соң 1-2 жыл iшiнде ағашы кесілген жерлерде алдын ала дақылдарды немесе орман дақылдарын отырғызған жағдайда шымылдығында қанағаттанарлық дәрежеде не қанағаттанғысыз түлеген (шәкiл бойынша) жуандығы 0,3-0,5 екпелер;
6) жуандығы 0,5 және одан жоғары таза және аралас әртүрлi жастағы екпелер;
7) қураған екпелер;
8) басқа да пiсiп-жетiлген екпелер.
4-тарау. Жазық жерлердегі ормандар мен Қазақтың шағын адырлы ормандарындағы мемлекеттік орман қоры
учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу
26. Жазық жерлердегi ормандар мен Қазақтың шағын адырлы ормандары өздерiнiң өсiп-өну жағдайлары бойынша былай бөлiнедi:
1) орманды далалық және далалық аймақтардың шоқ ағашты ормандары;
2) Қазақтың шағын адырлы ормандары: қарағайлы және жапырақты;
3) шағын адыр бойынша шоқ ағашты ормандардың оңтүстiк шетi;
4) жазық жерлер бойынша шоқ ағашты ормандардың оңтүстiк шетi;
5) қарағайлы орманды жалдар;
6) аралдардағы қарағайлы ормандар;
7) шөлейттегi ормандар;
8) интрааймақтық ормандар: жайылмалы және тоғайлы ормандар.
27. Жазық жерлердегi ормандар мен Қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тұтастай тар кеспеағаштық және ерiктi-iрiктеп кесу түрiнде жүргізiледi.
28. Шағын адырлы ормандар бойынша және жазық жерлер бойынша шоқ ағашты ормандардың оңтүстік шетiнiң екпелерiнде олардың өсiп тұрған кезіндегі жоғары ролi мен молықтырудың қиындығы салдарынан басты мақсатта ағаш кесу жүргiзiлмейдi. Оларда орманға күтiм жасау мақсатында кесу мен санитарлық кесу ғана белгiленедi. Жаппай санитарлық кесу болған алаңдарда кесуден кейiнгi алғашқы жылы-ақ орман дақылдары отырғызылады.
1. Орманды далалық және далалық аймақтардың шоқ ағашты ормандары
29. Орманды далалық және далалық аймақтардың байырғы шоқ ағашты ормандарында көлемi 5 гектардан астам орман учаскелерінде ағаш өскіндерінің болуына және сүрекдiңнiң жуандығына қарамастан жаппай тар кеспеағаштық кесу жүргізіледi.
Кеспеағаштың енi - 40 метрге дейiн немесе екпе биiктігінiң екi еселiк мөлшерiнен аспайды, кеспеағаштың ұзындығы орам өлшемдерiмен шектеледi, алаңы - 5 гектардан аспайды, жанасуы - ықтырмалы жанасу (2-3 кеспеағаштан кейiн). Телiмнiң енi кемiнде 100 метрден кем болған жағдайда жанасуы - бір белдеуден кейiн (бір кеспеағаштан кейiн), жанасу мерзiмi - 2 жыл. Кесу жылы жанасу мерзiмiне қосылмайды (1-кесте, 1.1-тармақ).
Кеспеағаштар ұзын жағымен жел қатты соғатын жаққа көлденең тартылады. Ағаш кесудiң бағыты - жел қатты соғатын жаққа қарсы.
Алаптың жел өтi жағында соңғы кеспеағаш кесiлгеннен кейiн 2 жылдан соң кесiлетiн кеспеағаштың енi шегiнде қорғаныштық белдеу қалдырылады.
Сүрекдiңнiң жуандығына және ағаш өскiндерiнiң болуына қарамастан көлемi 5 гектардан кем шоқ ағаштарда олардың қорғаныштық әсерiн сақтау мақсатында жаппай тар кеспеағаштық кесу екi кезекте жүргізiледi. Бірiншi кезекте оның жел өтіндегі жартысы кесiледi. Шоқ ағаштың екiншi жартысы ағашы кесiлген жердi ойдағыдай қалпына келтiру және өскiннiң биiктiгі 1,5 метрден асуы үшiн қажет мерзiм аяқталғаннан кейiн iрiктеп алынады.
Шоқ ағаштың кесiп алынған бөлiгі қанағаттанарлық дәрежеде қалпына келмеген жағдайда онда орман дақылдары отырғызылады; екпелердiң екiншi жартысы олар отырғызылғаннан кейiн үш жылдан соң кесуге белгiленедi.
30. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу рұқсат етілген жайылма сулардағы жапырақты сүрекдiңдерде кеспеағаштың енi 25 метрден аспайтын мөлшерде белгiленiп, ұзына бойымен өзен арнасына немесе көл жағалауының шетiне қарама-қарсы орналастырылады. Кеспеағаштың ең үлкен көлемi - 1,5 га. Ағаш кесу бағыты - өзен ағысына немесе қатты соғатын желдерге қарама-қарсы (1-кесте, 1.2-тармақ). Кеспеағаштардың жанасуы - бір жолақтан кейiн (бір кеспеағаштан кейiн), жанасу мерзiмi - 2 жыл, және де кесу жылы жанасу мерзiмiне қосылмайды.
31. Табиғи өскен сары қараған жыңғылдарында немесе басты тұқым жойылғаннан кейiн қалған жасанды жолмен өскен екпелерде жаппай кеспеағаш кесу жүргізіледi. Кеспеағаштардың енi - 40 метрге дейiн, тiкелей жанасуы - 2 жыл мерзiмде (1-кесте, 1.3-тармақ).
32. Шоқ ағашты ормандарда ағаш өскiндерiн өсiру үшін ағаш кесудiң оңтайлы мерзiмi - қазан айынан сәуiр айының ортасына дейiн. Ағаш дайындау кезiнде томарды жаруға және оның қабығын сыдыруға жол берiлмейдi. Егер ағашы кесiлген жерлерде кейiннен орман дақылдары отырғызылатын болса, кесу мерзiмiне шек қойылмайды.
2. Қазақтың шағын адырының қарағайлы ормандары
33. Қазақтың шағын адырының қарағайлы ормандарында ерiктi-iрiктеп және жаппай кеспеағаш кесу жүргiзiледi.
Ерiктi-iрiктеп кесу құламасы 21-30 градус барлық экспозицияның баурайларында өсетін жуандығы 0,6-1,0 орманның ылғалды, таза және құрғақ түрлерi қарағайының қарапайым және күрделi, таза және аралас бір жастағы және әртүрлi жастағы екпелерiнде (2-кесте, 2.1, 2.2-тармақтар) және құламалығы 0-20 градус тiк қияның барлық экспозицияның баурайларында өсетiн орманның құрғақ түрлерiнiң дәл осындай екпелерiнде (2-кесте, 2.4-тармақ) жүргiзiледi.
Жуандығы 0,8-1,0 сүрекдiңдерде қордың 20-25 пайызы, ал жуандығы 0,6-0,7 екпелерде - 15-20 пайызы таңдап алынады. Барлық жағдайда сүрекдiңнiң жуандығы 0,5-тен кемiмейдi. Кеспеағаш көлемi 10 гектарға дейiн.
Келесi ағаш кесу кезеңi қарапайым сүрекдiңдер жуандығының 0,6-ға және одан көп мөлшерге немесе бірiншi қабаттың жуандығы 0,3 және одан көп мөлшерге жетуiне және екiншi қабаттың жуандығы жас талдар үшін кемiнде 0,4, орта жастағылары үшін - 0,3 болып күрделi екпенiң қалыптасуына қарай жүргiзiледi.
34. Жаппай кеспеағаш кесу құламалығы 20 градусқа дейiнгi барлық экспозициялардың баурайларында өсетiн орманның таза және ылғалды түрлерiнiң қарапайым таза және аралас бір жастағы және әртүрлi жастағы екпелерiнде жүргiзiледi. Қарағай жеткiлiктi түрде қалпына келмейтiн екпелерде олар алғашқы 2 жылда қарағай дақылдарын отырғызу арқылы жүзеге асырылады.
Кеспеағаш енi 40 метрден аспайды, көлемi - 2 гектарға дейiн. Жанасу мерзiмi - кесу жылын есептемегенде 5 жыл. Кеспеағаштардың жанасуы - тiкелей. Кеспеағаштар ұзын жағымен жел қатты соғатын жаққа қарама-қарсы, құламалығы 10 градустан астам баурайларда көлденең тартылады, ағаш кесудiң бағыты баурай бойынша жоғарыдан төмен қарай (2-кесте, 2.3-тармақ).
3. Қазақтың шағын адырының жапырақты ормандары
35. Қазақтың шағын адырының жапырақты ормандарында жаппай кеспеағаштық және ерiктi-iрiктеп кесу жүргiзiледi.
Ағаш өскiндерiнiң болуына қарамастан жуандығы 0,3-1,0 байырғы қайыңдар мен көктеректерде, сондай-ақ қарағай өскіні жоқ қолдан өсiрiлген сүрекдiңдерiнде осы Ереженiң 29, 32-тармақтарына сәйкес жаппай кеспеағаш кесу (3-кесте, 3.1, 3.2-тармақтар) жүргiзiледi. Кеспеағаштың ең үлкен ауданы баурайдың құламалығы және шоқ ағаштың 2 гектарға дейiнгi көлемi ескерiле отырып белгiленедi. Құламалығы 10 градустан асатын баурайларда олар ұзын жағымен көлденең тартылады, кесу бағыты баурай бойынша жоғарыдан төмен қарай. Туынды екпелерде кесуден кейiнгi бірiншi жылы қарағай дақылы отырғызылады. Жанасу мерзiмi - олар отырғызылғаннан кейiн 3-5 жыл.
36. Қарағаймен араласқан туынды сүрекдiңдерде және қанағаттанарлықтай дәрежедегі қарағай өскiнi бар таза жапырақты екпелерде осы Ереженiң 24-тармағында көзделген технология бойынша ерiктi-iрiктеп кесу белгiленедi. Бұл ретте жапырақты ағаш тұқымдарын қылқан жапырақты ағаштарға алмастыру мақсаты көзделедi. Кезектердiң қайталануы - 15 жыл, кеспеағаштар көлемi 10 гектарға дейiн (3-кесте, 3.3-тармақ).
4. Аралдағы қарағайлы ормандар
37. Аралдағы қарағайлы ормандарда ерiктi-iрiктеп және жаппай кеспеағаш кесу жүргізiледi.
Ерiктi-iрiктеп кесу өсiп тұрған жерiнiң құрғақ жағдайларында қарапайым және күрделi, таза және аралас бір жастағы және әртүрлi жастағы жуандығы 0,6-1,0 қарағай екпелерде жүргiзiледi (4-кесте, 4.1, 4,2-тармақтар).
Жуандығы 0,8-1,0 қарапайым және күрделi сүрекдіңдерде қор бойынша iрiктеу қарқындылығы 25-30 пайызды, жуандығы 0,6-0,7 болса - 15-20 пайызды құрайды.
Ерiктi-iрiктеп кесудi өткізу кезiнде сүрекдiңнiң жуандығы 0,5-тен көп төмендемейдi.
Кесудiң кейiнгi кезектерi қарапайым сүрекдiңдердiң жуандығы 0,6-ға және одан көп мөлшерге жетуiне немесе бірiншi қабаттың жуандығы 0,3 және одан жоғары күрделi екпелердiң қалыптасуына, ал екiншi қабатта жас шыбықтар үшiн пiсiп-жетiлу - кемiнде 0,4, орта жастағылар - 0,3-ке жетуiне қарай жүргiзiледi.
Күрделi екпелерде ерiктi-iрiктеп кесу пiсiп-жетiлген бөлiгiн сирету арқылы жүргізiледi. Екiншi қабаттың жуандығы 0,4 және одан жоғары болған жағдайда оның қорының 50 пайызына дейiн, ал жуандығы 0,3 болған жағдайда - 30 пайызына дейiн iрiктеп алынуы мүмкiн.
Кеспеағаштың ең үлкен ауданы 10 гектарға дейiн.
38. Қарағайдан тұратын екiншi қабаты бар қарапайым және күрделi әртүрлi жастағы, таза және аралас екпелерде ағаш өскiндерiнiң болуына қарамастан орманның жас және ылғалды түрлерiнде жаппай тар кеспеағаштық кесу жүргізiледi (4-кесте, 4.3, 4.4-тармақтар).
Әртүрлi жастағы екпелерде кесуге орманның пiсiп-жетiлген және қурап қалған ұрпақтарының ағаштары ғана белгіленедi.
Кеспеағаштың енi - 40 м, көлемi - 2 гектарға дейiн. Кеспеағаштардың тiкелей жанасу - мерзiмі кесу жылын есептемегенде 5 жыл. Кеспеағаштың бағыты - жел қатты соғатын жаққа көлденең, кесу бағыты - жел қатты соғатын жаққа - қарсы.
Қарағайдың қалпына келуi жеткiлiксiз екпелерде олар алғашқы екi жылы қарағай дақылдарын жасау арқылы жүргізiледi.
39. Аралдағы қарағайлы ормандардың жапырақты екпелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу Қазақтың шағын адырының жапырақты ормандарында көзделген нормативтер мен технологияларға сәйкес жүргізiледi.
5. Шөлейттегi, жайылмалы және тоғайлы ормандар
40. Жел эрозиясына шыдамды топырақта (саздақ, сазды, тақырлау) өсетiн қара сексеуіл екпелерiнде қара сексеуiлдi де, ақ сексеуiлдi де жинай отырып, жаппай кеспеағаштық кесу жүргiзiледi.
Кеспеағаш енi 75 метрге дейiн. Жанасу тәсiлi - бір белдеуден кейiн, жанасу мерзiмi - 3 жыл. Қалдырылған белдеулер кесуге бұдан бұрын ағашы кесiлген белдеулерде 1 гектарда 3-5 жастағы 500 данадан астам сексеуiл өскiнi болған жағдайда немесе оларды орман көмкерген жерлерге ауыстыруды қамтамасыз ететiн сандық нормативтiк көрсеткiштер болған жағдайда орман дақылдары отырғызылғаннан кейiн 3-4 жылдан соң белгiленедi (5-кесте, 5.1-тармақ).
Табиғи түлеудi есепке ала отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу белгіленген сексеуiл тоғайларында мал жаю кесуден 5 жыл бұрын тоқтатылады және кесуден кейiн 5 жыл бойы жүргізiлмейдi.
Өскiнмен қайта жаңғырған 300-ден аз данасы бар немесе 1 гектарда 3-5 жастағы сексеуіл өскiнiнiң 500-ден аз данасы бар ағашы кесiлген жерлер қанағаттанарлықсыз түрде қайта жаңғыртылған жағдайда оларда орман дақылдарын отырғызу қажет.
Аралас түрде қайта жаңғырту кезiнде тұқымдық өскiннiң жалпы санын 0,6 коэффициентке көбейтедi және бәрiн өскiн баламасымен көрсете отырып өскiнмен қайта жаңару көрсеткiшiне қосады.
Сексеуiл екпелерiнде ағаш кесу тұқым пiсiп-жетілгеннен және вегетация тоқтатылғаннан кейiн:
1) жусанды-тұзды шөлейттiң солтүстiк кiшi аймағында (Алматы облысы, Жамбыл облысының шығыс бөлiгi, Солтүстiк Арал өңiрi) кеспеағаштарды табиғи қайта жаңғыртуға бағдарлау кезiнде және 1 гектарда 30 жасқа дейiнгi сексеуiлдiң кем дегенде 300 данасы немесе өскiннiң 500 данасы немесе өскiн беруге қабiлеттi даналар мен өскiндердiң қажеттi жиынтық мөлшерi болған жағдайда - желтоқсаннан наурызға дейiн;
2) оңтүстiк кiшi аймақта (Жамбыл облысының батыс бөлiгі, Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстары) - жоғарыда айтылғандар минимумнан жоғары болған жағдайда - желтоқсаннан ақпанға дейiн жүргiзiледi.
Ағашы кесiлген жерлерде екпелердi жасанды жолмен қалпына келтiру кезiнде сексеуiлдi бүкiл жыл бойына сындыруға рұқсат етiледi.
41. Ерекше қорғаныш учаскелерiн қоспағанда, «өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар және басқа да су объектілерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi» мемлекеттік орман қоры санатының өскiн арқылы қайта жаңғыратын су жайылмалы жапырақты сүрекдiңдерде жаппай тар кеспеағаштық кесу белгiленедi. Бұл ретте көлемi 1 гектардан асатын барлық телiмдер енi 40 метрге дейiнгi кеспеағаштарға бөлiнедi, жанасуы - ықтырмалы (2 кеспеағаштан кейiн), ал телiмнiң енi 80 метрден кем болған кезде - бір белдеуден кейiн (бip кеспеағаштан кейiн), кесу жылын есептемегенде жанасу мерзiмi - 2 жыл (5-кесте, 5.2-тармақ).
Көлемi 1 гектардан аз таксациялық телiмдер олардың пiшiмiне қарамастан кесуге тұтастай белгiленедi.
Өзен арнасын бойлай орналасқан телiм енi 40 метрден кем болған кезде кеспеағаштың ұзын жағы (200 метрден аспайтын) өзен бойлай орналасуы мүмкiн, бірақ бұл жағдайда оның көлемi 1 гектардан аспауы тиiс.
Барлық екпелер үшiн кеспеағаш бағыты су арнасының басты бағытына көлденең, ал кесу бағыты - ағынға қарама-қарсы.
Жайылмалы екпелердегi өскiннiң барынша жақсы қайта жаңғыруын қамтамасыз ету мақсатында ағаш кесу қыркүйектен бастап сәуiр айының басына дейiн жүргiзiледi. Өскiн беру қабiлетiн жоғалтқан екпелер жаз кезiнде шабылады. Yйеңкілік сүрекдiңдердi ағын сулар басылғаннан кейiн жаз кезiнде (тамызға дейiн) кесу белгiленедi.
42. Жайылмалардың талды жыңғылдарында жаппай тар кеспеағаштық кесу жүргiзiледi. Кеспеағаштар енi - 40 метрге дейiн. Жанасуы - 2 жылдық мерзiммен тiкелей. Ағаш кесу қар сулары азайған соң жаз кезiнде жүргізiледi (5-кесте, 5.3-тармақ).
43. Тоғайлы талдарда (Жоңғар және Вильгельм талдары) және жыңғылдарда енi 40 метрден аспайтын кеспеағаштарда жаппай тар кеспеағаштық кесу жүргiзiледi, жанасуы - 3 жылдық мерзiммен бір белдеуден кейiн. Қалдырылған белдеулерде ағаш кесу аралас кеспеағашта ағаштың қайта жаңаруы қанағаттанарлық деңгейде болған жағдайда жүзеге асырылады (5-кесте, 5.4, 5.5-тармақтар).
Ағаш кесудi жүргiзу уақыты - қыс немесе ерте көктем.
44. Тоғайлы талдарда, сондай-ақ барлық басқа табиғи аймақтардың талдарында енi 40 метр кеспеағашта жаппай тар кеспеағаштық кесу жүргiзiледi. Жанасуы - 2 жылдық мерзiммен тiкелей (5-кесте, 5.6-тармақ).
Ағаш кесу уақыты - жаз кезiнде қар суының тасуы басылғаннан кейiн. Кесу бағыты кеспеағаштың ұзын жағы өзен арнасына көлденең орналасып, оның ағысына қарсы белгiленедi.
5-тарау. Тау ормандарының мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу
45. Тау ормандарына жергiлiктi жердiң салыстырмалы биiктiгiнiң ауытқушылығы 100 метрден асатын және тау жоталарының етегiнен бастап шыңына дейiн үстіңгі бетінiң еңiстiгi орташа немесе ормансыз кеңiстiктер шекарасына дейiн 5 градустан асатын тау жүйелерi мен жекелеген тау алаптары шегiнде орналасқан (баурайлардың жекелеген учаскелерiнiң құламалығы 5 градустан кем болуы мүмкiн екенiне қарамастан), сондай-ақ жергiлiктi жер еңiстігінiң көлемiне қарамастан таулы қыраттар мен тегiс таулы жерлердегi барлық ормандар жатады.
46. Тау ормандары табиғи жағдайларының кешенi, ағаш-бұта өсiмдiктерiнiң тұқымдық құрамы мен орманның қайта жаңару жағдайларына қарай былай бөлiнедi:
1) Қалба тауларының қарағайлы ормандарын, Кендi Алтайдың қою түстi қылқан жапырақты ормандарын, Оңтүстiк Алтай мен Сауырдың жапырақты ормандарын қамтитын Қазақстан Алтайының ормандары;
2) Солтүстiк Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының қылқан-жапырақты-жапырақты ормандары;
3) Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың арша-жемiстi ағаш ормандары.
47. Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың арша-жемiстi ағаш ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жүргізiлмейдi.
Қазақтың шағын адырының тау ормандарына, шағын адыр бойынша шоқ ағашты ормандардың және Баян-Қарақаралы тауларының оңтүстік шетiне Жазық жерлердегі ормандар мен Қазақтың шағын адырлы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртібі қолданылады.
6. Қалба тауларының қарағайлы ормандары
48. Топырақтың эрозияға қарсы төзiмдiлiгiне қарамастан барлық экспозициялардың қиялы, еңiстi және тік баурайларында өсетiн жуандығы 0,6-1,0 орман түрлерінің барлық топтарының қарағайлы екпелерiнде ерiктi-iрiктеп кесу жүргiзіледi.
Ағаш кесу қарқындылығы екпелердiң жуандығына байланысты, бірақ одан қор бойынша 30 пайыздан астам мөлшерде асып кетпеу керек. Екпелердiң жуандығын 0,5-тен төмендемеуге жол берiлмейдi. Екiншi және үшiншi кезектер 20 жылдан соң өткiзiледi, кеспеағаш көлемi - 10 гектардан аспайды (6-кесте, 1.1-тармақ).
7. Кендi Алтайдың қою түсті қылқан жапырақты (майқарағайлы және шыршалы) ормандары
49. Бір жастағы майқарағай және шырша екпелерiнде, төзiмдi және төзiмсiз топырақты солтүстiк экспозициялардың қиялы, еңiстi баурайларында (6-кесте, 2.1-тармақ), сондай-ақ топырағы төзiмдi құламаны баурайларда (6-кесте, 2.7-тармақ) біртiндеп ағаш кесу жүргiзiледi.
Жуандығы 0,9-1,0 екпелерде біртіндеп үш кезекпен ағаш кесу жүргiзiледi. Бірiншi кезекте жуандығын 0,6 - 0,7-ге дейін кемiте отырып, қордың 30 пайызына дейiн, екiншi кезекте - 40 пайыздан аспайтын мөлшерi шабылады.
Жуандығы 0,6-0,8 екпелерде бірiншi кезекте қордың 40 пайызына дейiнгi мөлшерi iрiктелiп, біртіндеп екі кезекпен ағаш кесу жүргiзiледi.
Екi жағдайда соңғы кезек жақсы қайта жаңғыру орын алған кезде жүргiзiледi.
Ағаш кесудiң қайталану мерзiмi - 10-15 жыл. Кеспеағаш көлемiн қиялы және еңiсті баурайларда 20 гектардан, тiк қияларда - 15 гектардан арттыруға жол берілмейді.
50. Топырағы төзiмдi солтүстік экспозициялардың қиялы және еңiстi баурайларында (6-кесте, 2.2-тармақ) және топырағы төзiмсiз солтүстiк экспозициялардың қиялы баурайларында (6-кесте, 2.4-тармақ) жуандығы 0,6-1,0 әртүрлi жастағы майқарағай мен шырша екпелерiнде, егер сүрекдiңдердiң орташа жастағы және өсiп-жетiлiп қалған бөлiгiнiң жуандығы 0,4-тен кем болмаса, ұзақ мерзiмдi-біртiндеп кесу жүргiзiледi.
Бірiншi кезекте пiсiп-жетiлген, қураған және уақыты өтiп кеткен ағаштарды аластау есебiнен қордың 50 пайызына дейiн кесiледi. Екпелердiң жуандығын 0,3-0,5-тен төмендетуге жол берiлмейдi. Қорытынды кезек жақсы қайта жаңғыру орын алған (шәкiл бойынша) кезде жүргiзiледi. Ағаш кесудiң қайталану мерзiмi - қалған ұрпақ пiсiп-жетiлу жасына жеткеннен кейiн - 30-40 жыл. Кеспеағаш алқабын 20 гектардан асыруға жол берiлмейдi.
51. Жуандығы 0,6-1,0 майқарағай мен шырша екпелерiнде ерiктi-iрiктеп кесу:
1) егер орташа жастағы және өсiп-жетiлiп қалған ағаштардың жуандығы 0,4-тен кем болса, топырағы төзiмдi солтүстiк экспозициялардың қиялы және еңiстi баурайларындағы (6-кесте, 2.3-тармақ), топырағы төзiмсiз солтүстiк экспозициялардың қиялы баурайларындағы (6-кесте, 2.5-тармақ) әртүрлi жастағы екпелерiнде;
2) топырағы төзiмсiз солтүстік экспозициялардың еңiстi (6-кесте, 2.6-тармақ) және топырағы төзiмдi солтүстiк экспозициялардың тiк қиялы баурайларында (6-кесте, 2.9-тармақ) әртүрлi жастағы екпелерiнде;
3) топырағы төзiмсiз солтүстiк экспозициялардың тiк қиялы баурайларында әртүрлi жастағы және бір жастағы екпелерде;
4) топырақтың төзiмдiлiгiне қарамастан оңтүстiк экспозициялардың қиялы, еңiстi және тiк қиялы бір жастағы және әртүрлi жастағы екпелерiнде (6-кесте, 2,10, 2.11-тармақтар) жүргiзiледi.
Топырағы төзiмдi солтүстiк экспозициялардың баурайларында ағаш кесудiң қарқындылығын екпелердiң жуандығын 0,5-тен төмен болмайтын мөлшерге жеткiзiп, бастапқы қордың 30 пайызынан, топырағы төзiмсiз оңтүстiк экспозициялардың баурайларында - 20 пайызынан астам арттыруға жол берiлмейдi.
Екiншi және үшiншi кезектер бір жастағы екпелерде 10 жылдан кейiн, әртүрлi жастағы екпелерде - 20 жылдан кейiн жүргiзiледi.
Кеспеағаштың көлемi баурайлардың құламалығына қарай 15-20 гектардан аспайтын мөлшерде белгiленедi.
8. Солтүстiк Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының шыршалы және майқарағайлы ормандары
52. Топырағы төзiмдi барлық экспозицияның қиялы және еңiстi баурайларындағы бір жастағы шыршалы екпелерде әрбір кезекте қордың 30-40 пайызы кесiлiп, екi-үш кезекте біртiндеп кесу жүргізiледi (6-кесте, 3.1-тармақ).
53. Жуандығы 0,6-1,0 шыршалы екпелерде epiкті-iрiктеп кесу:
1) топырақтың төзiмдiлiгiне қарамастан барлық экспозицияның қиялы және еңiстi баурайларындағы әртүрлi жастағы екпелерде (6-кесте, 3.2-тармақ);
2) топырақтың төзiмділігiне қарамастан барлық экспозициялардың тiк қиялы баурайларындағы бір жастағы және әртүрлi жастағы екпелерде (6-кесте, 3.4-тармақ) жүргiзiледi.
Ағаш кесудiң жиiлiгiн екпелердiң жуандығын 0,5-тен төмен болмайтын мөлшерге жеткiзiп, бастапқы қордың 25-30 пайызынан астам арттыруға жол берiлмейдi.
Екiншi және үшiншi кезектер 25-30 жылдан кейiн өткiзiледi.
Кеспеағаштың көлемi баурайлардың құламалығына қарай 15-20 гектардан аспайтын мөлшерде белгiленедi.
54. Топырағы төзiмдi және төзiмсiз барлық экспозициялардың қиялы еңiстi және тiк қиялы баурайларындағы майқарағайлы бір жастағы және әртүрлi жастағы екпелерде ерiктi-iрiктеп кесу жүргiзiледi (6-кесте, 3.3, 3.5-тармақтар).
Топырағы төзiмсiз тiк қиялы баурайларда ағаш кесудiң жиiлiгiн екпелердiң жуандығын 0,5-тен төмен болмайтын мөлшерге жеткiзiп, бастапқы қордың 20 пайызынан, қиялы және еңiстi баурайларда 30 пайызынан астам арттыруға жол берiлмейдi.
Кеспеағаштың көлемi баурайлардың құламалығына қарай 15-20 гектардан аспайтын мөлшерде белгiленедi.
9. Оңтүстiк Алтай мен Сауырдың жапырақты ормандары
55. Топырағы төзiмдi барлық экспозициялардың қиялы және еңiстi баурайларындағы (6-кесте, 4.1-тармақ), сондай-ақ топырағы төзiмсiз барлық экспозициялардың қиялы және еңiстi баурайларындағы (6-кесте, 4.2-тармақ) бір жастағы жапырақты екпелерде біртiндеп кесу жүргiзiледi.
Жуандығы 0,9-1,0 екпелерде бірiншi кезекте қордың 30 пайызына дейiнгi мөлшерi кесiлiп, үш кезектi біртiндеп кесу жүргiзiледi. Екiншi кезекте 40 пайызынан аспайтын мөлшерi кесiледi.
Жуандығы 0,6-0,8 екпелерде бірiншi кезекте қордың 40 пайызына дейiнгi мөлшерi iрiктеле отырып, екi кезектi біртiндеп кесу жүргiзiледi. Ағаш кесудi қайталау мерзiмi - 10 жыл. Кеспеағаштың көлемiн 20 гектардан, соңғы кезек кезiнде - 10 гектардан астам мөлшерге арттыруға жол берiлмейдi.
Екi жағдайда қорытынды кезек жақсы қайта жаңару орын алған жағдайда жүргізіледі.
56. Топырағы төзiмдi солтүстiк экспозициялардың қиялы және еңiстi баурайларында (6-кесте, 4.3-тармақ) және топырағы төзiмдi оңтүстiк экспозициялардың қиялы баурайларында өсетiн әртүрлi жастағы жапырақты екпелерде (6-кесте, 4.5-тармақ), егер өсiп-жетiлу жасына жетпеген сүрекдiңдердiң жуандығы кемiнде 0,4-тi құраса, біртiндеп ұзақ мерзiмдi кесу жүргiзiледi.
Бірiншi кезекте қураған, пiсiп-жетiлген және ұзақ тұрып қалған ағаштарды аластау есебiнен қордың 50 пайызына дейiнгi мөлшерi кесiледi. Екпелердiң жуандығын 0,3-0,5-тен төмендетуге жол берiлмейді. Қорытынды кезек жақсы қайта жаңару орын алған жағдайда (шәкiл бойынша) жүргiзiледi. Қайталану мерзiмi - 30 жыл. Кеспеағаштың көлемiн 10 гектардан астам мөлшерге арттыруға жол берiлмейдi.
57. Жуандығы 0,6-1,0 жапырақты екпелерде ерiктi-iрiктеп кесу:
1) егер өсiп-жетілу жасына жетпеген сүрекдiңнiң жуандығы 0,4-тен кем болса, топырағы төзiмдi солтүстік экспозициялардың қиялы және еңiстi баурайларындағы (6-кесте, 4.4-тармақ), оңтүстiк экспозициялардың қиялы баурайларындағы (6-кесте, 4.6-тармақ) әртүрлі жастағы екпелерде;
2) топырағы төзiмсiз барлық экспозициялардың қиялы және еңiсті баурайларындағы әртүрлi жастағы екпелерде (6-кесте, 4.8-тармақ);
3) топырағы төзiмдi оңтүстiк экспозициялардың еңiсті баурайларындағы әртүрлi жастағы екпелерде (6-кесте, 4.7-тармақ);
4) топырағы төзiмсiз барлық экспозициялардың тiк қиялы баурайларындағы әртүрлi және бір жастағы екпелерде (6-кесте, 4.10-тармақ);
5) топырағы төзiмдi барлық экспозициялардың тік қиялы баурайларындағы бір және әртүрлi жастағы екпелерде (6-кесте, 4.9-тармақ) жүргiзiледi.
Топырағы төзiмдi баурайларда ағаш кесудiң жиілігін 30 пайыздан, топырағы төзiмсiз тiк қиялы баурайларда - 20 пайыздан астам мөлшерге (ағаш сүйретiп шығару жолын тартуға кесiлген сүрек көлемiн есепке алмай) арттыруға жол берiлмейдi. Екiншi және үшiншi кезектер бір жастағы екпелерде 10 жылдан кейiн, әртүрлi жастағы екпелерде - 20 жылдан кейiн жүргізiледi.
Тiк қиялы баурайларда кеспеағаштың көлемiн 15 гектардан, қиялы және еңiстi баурайларда - 20 гектардан астам мөлшерге арттыруға жол берiлмейдi.