Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 Қаулысы
(2006.12.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет 15 қаңтарға және 10 шiлдеге Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет 30 қаңтарға және 25 шілдеге Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 27 қаңтардағы
№ 68 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен
қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарламаның паспорты
ҚР Үкіметінің 2006.12.06. № 540 қаулысымен өзгеріс енгізілді (бұр.ред.қара)
Атауы Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен
қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме Қазақстан Республикасы ?кіметінің
2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының 6.3.1.тармағы,
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында
әлеуметтік реформаларды одан әрі
тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының 5.1.1.тармағы
Әзірлеуші-мемлекеттік Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
орган әлеуметтiк қорғау министрлiгі
Мақсаты Өнiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету,
жұмыссыздық деңгейiн төмендету
Міндеттері Халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуiн
ынталандыратын шараларды жүзеге асыру;
нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу;
халықты жұмыспен қамту саясатын ақпараттық
қолдау;
жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк
құқықтық базаны жетілдiру
Бағдарламаны жергілікті бюджеттердің
қаржыландыру 10861,2 млн. теңге көлеміндегі
қаражаты есебінен жүзеге
асырылатын болады, оның ішінде:
2005 жылы - 3251,5 млн. теңге;
2006 жылы - 3282,5 млн. теңге;
2007 жылы - 4327,2 млн. теңге.
Бағдарламаны iске Бағдарламаны iске асыру:
асырудан күтілетін 902,1 мың жұмыс орнын, оның iшiнде:
нәтиже 2005 ж. - 705,0 мың, 2006 ж. - 158,8 мың,
2007 ж. - 38,3 мың жұмыс орнын құру;
460,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға
жәрдемдесу, оның ішінде:
2005 жылы - 184,7 мың, 2006 жылы - 137,4 мың,
2007 жылы - 138,4 мың;
347,2 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру, оның ішінде:
2005 жылы - 123,6 мың, 2006 жылы - 111,6 мың,
2007 жылы - 112,0 мың;
73,0 мың жұмыссызды кәсіптік оқуға
және қайта даярлауға жіберу, оның ішінде:
2005 жылы - 25,3 мың, 2006 жылы - 23,9 мың,
2007 жылы - 23,8 мың;
нысаналы топтар үшін 22,7 мың әлеуметтік
жұмыс орындарын құру, оның ішінде:
2005 жылы - 5,4 мың, 2006 жылы - 8,4 мың,
2007 жылы - 8,9 мың;
ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер үшін клубтық
жұмыс ұйымдарын қаржыландыруға 14,0 млн.
теңге жіберу, оның ішінде: 2005 жылы - 1,0 млн.
теңге, 2006 жылы - 4,1 млн.
теңге, 2007 жылы - 8,9 млн. теңге;
білім беру ұйымдарының түлектерін жастар
практикасы арқылы жұмысқа орналастыруды
қаржыландыруға 182,3 млн.
теңге жіберу, оның ішінде:
2005 жылы - 43,6 млн. теңге,
2006 жылы - 59,8 млн. теңге,
2007 жылы - 78,9 млн. теңге;
2007 жылдың аяғына қарай жұмыссыздық
деңгейiн 7,2 пайызға дейiн төмендету
есебiнен еңбек рыногындағы шиеленiсті
төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Iске асыру мерзiмi 2005 - 2007 жылдар
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптiк өндiрiстiң инновациялық дамуының, аграрлық саланың жоғары білікті кадрларға қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс орындары санының теңгерiмдiлігі, ұлттық еңбек рыногын қорғау жолымен өнiмдi жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында әзiрлендi.
Бағдарлама республикада соңғы жылдары қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалды, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың өңiрлiк бағдарламаларында көзделген жұмыссыздықты азайту жөніндегі шараларды ескередi.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне ықпалдасуға бағдарланғанын назарға ала отырып, Бағдарлама 2003 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы мақұлдаған Жаһандық жұмыспен қамту бағдарламасында және 2002 жылғы Еуразиялық жұмыспен қамту хартиясында қамтылған тәсiлдердi ескере отырып әзiрлендi.
Бағдарлама 2005-2007 жылдардағы кезеңде шешiлетiн мiндеттердiң тiзбесiн айқындайды, бұл мiндеттердi шешу тетіктерi мен одан күтiлетiн нәтижелердi қамтиды.
Бағдарлама экономика саласындағы жаңа жұмыс орындарының құрылуы арқылы өнiмдi жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге және кәсiпкерлiк қызметті және өзiн-өзi жұмыспен қамтуды, жұмыс күшiнің сапасын арттыруды қолдауға және рыноктағы бәсекелестiк қабiлеттiң өсуiне, нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларға бағытталған еңбек рыногындағы белсендi саясатты жүзеге асыруға ықпал ететiн болады.
Бағдарламаны әзiрлеу үшiн "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаларын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарлары негіз болып табылады.
1-бөлiм. Еңбек рыногының қазiргі жай-күйiн талдау
Соңғы жылдары еңбек рыногындағы жағдай жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен және жұмыспен қамтылған халық санының артуымен сипатталады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігiнiң алдын ала деректерi бойынша республика экономикасында 2004 жылы 7,2 млн. адам жұмыспен қамтылған, бұл осының алдындағы жылғыдан 180,7 мың адамға немесе 2,6% артық.
Жұмыспен қамтылғандар арасында 62,2% (4,5 млн. адам) - жалданбалы қызметкерлер, 37,8% (2,7 млн. адам) - өзін өзі жұмыспен қамтылғандар.
Жұмыссыз халықтың саны 657,4 мың адамды құрады, бұл 2003 жылға қарағанда 14,7 мың адамға немесе 2,2%-ға кем.
Жұмыссыздық деңгейi 8,4% болды және 2003 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға қысқарды.
Tipкелген жұмыссыздар үлесінің азаю үрдiсi байқалады. Олардың саны 2003 жылмен салыстырғанда 25,1 мың адамға азайды және 117,7 мың адам болды.
Жұмыссыздар құрылымындағы әрбір екіншi адам - әйел, әрбір үшінші адам - 15-39 жаста.
Жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен тоқыраған ауылдық өңiрлерде аса өткiр болып отыр.
Республикада еңбек рыногы жай-күйінің мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессiздiгi және халықтың еңбек ұтқырлығының төмен болуы себептi жергiлiктi еңбек рыноктарындағы жұмыс күшінің бір мезгілдегi тапшылығы жағдайында қазiргi уақытта Қазақстанда оған сұраныстың жеткiлiктi екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi органдардың ай сайынғы бос орындар банкі 15-17 мың бірлiктi құрайды. Бiрақ кәсіптік белгiсi бойынша жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессiздігінен айына бір бос жұмыс орынынан орта есеппен 7-10 жұмыссыз үмiттенедi.
Білім беру қызметтерінің рыногы сұраныстың өзгеруіне шұғыл әсер етуге дайын болмады, бұл біліктi жұмысшы кадрлары тапшылығының проблемасын шешуге және жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныстың сәйкессiздiгiн жоюға мүмкiндiк бермейдi.
Кедейлiкті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны, Ауыл жылын өткізу жөніндегі iс шаралар жоспарын iске асыру барысында еңбек рыногындағы белсендi шаралардың нәтижелері жақсарды. 2004 жылы елiмiзде 220,4 мың жұмыс орыны, оның iшiнде 50% - ауылдық жерлерде құрылды. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі органдардың көмегiмен өтiнiшпен келгендердiң әрбір екiншiсi (2003 жылғы 154,6 мыңмен салыстырғанда 167,5 мың адам) жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту органдарына өтiнiшпен келген азаматтардың жартысынан көбі қоғамдық жұмыстарға қатысады. Жұмыссыздардың едәуір саны оқуға, қайта даярлауға және біліктілiгiн арттыруға жiберiлдi. 2004 жылы ғана 26,9 мыңнан астам жұмыссыз оқуын және қайта даярлауды тәмамдады.
Сонымен қатар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатын iске асыруда белгiлi бір проблемалар да бар. Жаңа жұмыс орындарын құру қарқыны көбiнесе жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының көбеюiмен әрдайым сәйкес келмейді, қайта оқытудан өткен жұмыссыздардың үштiң бірiнен астамы еңбек рыногында өз орынын таба алмайды, қоғамдық жұмыстар өңiр үшiн де экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық жағынан әрдайым пайдалы бола бермейдi.
Репатрианттарды (оралмандарды) жұмысқа орналастыру проблемасы шешiлген жоқ. Талдау бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда айтарлықтай кемшілiктер бар екенін дәлелдейдi. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және Астана және Алматы қалаларындағы оралмандардың жұмысқа орналасу деңгейi орташа республикалық деңгейден екi есеге жуық төмен.
Еңбек рыногындағы өзектi проблемалар:
тиімсiз жұмыспен қамтудың басым болуы;
жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың біліктілік-кәсiби құрылымының сәйкессiздiгi;
біліктi кадрлардың еңбек әлеуетінiң жоғалуы;
кадрлар даярлаудың экономика қажеттілiктеріне сәйкес болмауы;
халықтың жекелеген топтарын (әйелдер, жастар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, мүгедектер) жұмысқа орналастыру қиындығы;
өңiрлік еңбек рыноктарының үлкен сараланымы;
тоқырауға ұшыраған, жұмыс күшi артық ауылдық аудандардағы, шағын қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейi;
шекаралас мемлекеттерден келетiн жұмыс күшінің заңсыз ағымдары болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігiнің болжамы бойынша 2005-2007 жылдары 826 мың адам жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі органдарға өтінішпен барады, олардың шамамен жартысы жұмысқа орналастырылатын болады.
2005-2007 жылдары белгiленген квота шегiнде тарихи отанына келетін оралмандар қатарынан шамамен 45 мың отбасының құрамында еңбекке жарамды жастағы 100 мыңнан адам келедi деп болжануда, олардың бәрi де жұмысқа орналасуға мұқтаж болады.
2005-2007 жылдардағы кезеңде IЖӨ өсiмi жылына бес пайыз, жұмыссыздық деңгейi 7,2% болған кезде 2007 жылы жұмыспен қамтылғандардың саны 8 млн. адамнан сәл ғана асатын болады.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын өзгерту жағдайында импорт алмастыруға бағытталған құрылымдық-технологиялық қайта құруға, өнеркәсіп саясатындағы басымдықтарды таңдауға сәйкес, өндiрiстi әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын құру, біліктi жұмыс күшіне тапшылықтың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарының жартысынан астамы туризм және инфрақұрылым саласында, 20% астамы өндiрiстік секторда, шағын және орта бизнесте құрылатын болады деп күтілуде.
Экономиканы құрылымдық қайта құру жұмыс күшіне сұраныс сипатындағы және оның кәсіптік-біліктілік құрамындағы өзгерістерге апарып соғады. Тиісінше, кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың көлемі мен бейіні де өзгеруі тиіс.
Индустриялық даму стратегиясын іске асырумен бірге өнеркәсіпте істейтін адамдар саны да едәуір көбейеді деп күтілуде.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы бейініндегі мамандарға сұраныс артады деп күтілуде.
Мұнайгаз өнеркәсiбiнiң республикадағы көш бастаушылық жағдайына байланысты, оның даму перспективалары осы саладағы кадрларды даярлау мәселесіне жаңа тәсiлдерді талап ететiн болады.
Нарық инфрақұрылымы, тұрмыстық және халыққа сервистiк қызмет көрсету, көлiк, байланыс, мектептегi білім беру, ғылым қызметкерлеріне тұрақты сұраныс болады деп болжанып отыр.
Экономиканың біліктi кадрларға қажеттілігі басқару және әкiмшiлiк-өндiрiстiк қамтамасыз ету саласындағы басшылар мен мамандарға деген тұрақты сұраныспен сипатталатын болады. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс және т.б. кәсіпорындарының менеджмент және шаруашылық қызметін талдау салаларында тiкелей жұмыс iстейтін мамандарға сұраныс едәуір артады.
Қоғамды ақпараттандырудың дамып келе жатқан процесіне байланысты компьютерлiк технологияны игерген біліктi мамандарға және техникалық орындаушыларға сұраныс көбейедi. Мүгедектер тарапынан жұмыс орындарына тұрақты сұраныс сақталады.
2-бөлiм. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - өнiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды жүзеге асыру;
нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
халықты жұмыспен қамту саясатын ақпараттық қолдау;
жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру.
3-бөлiм. Бағдарламаның негізгi бағыттары және
оны iске асыру тетiгi
3.1. Халықты жұмыспен қамту деңгейiнiң өсуiн ынталандыратын шаралар
3.1.1. Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру
Жаңа жұмыс орындарын құру:
инвестициялық жобаларды, 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларды iске асыру (902,1 мың жұмыс орны);
нысаналы топтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;
қоғамдық жұмыстарда жұмыспен уақытша қамтуды дамыту жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамаларын, бос жұмыс орындарын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтары бөлігінде бұзушылықтарды анықтау жөнiндегі жұмыс жандандырылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және салалық
(секторалдық) бағдарламалар бойынша 2005-2007 жылдар
кезеңінде құрылатын жұмыс орындарының саны
(жұмыс орындары)
Р/с № | Экономика салаларының атауы | Жылдар | Жиыны |
2005 | 2006 | 2007 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Өнеркәсіп | 3786 | 6585 | 5219 | 15590 |
2 | Құрылыс | 10404 | 18948 | 18948 | 48300 |
3 | Көлiк | 11204 | 11451 | 11976 | 34631 |
4 | Ауыл шаруашылығы | 16012 | 1718 | 488 | 18218 |
5 | Шағын және орта бизнес | 100000 | 100000 | - | 200000 |
6 | Денсаулық сақтау | 52 | 1010 | - | 1062 |
7 | Білім беру | 397 | 1296 | 253 | 2446 |
8 | Мәдениет | 217 | 133 | 133 | 483 |
9 | Туризм | 540000 | - | - | 540000 |
10 | Спорт | 1529 | 1829 | 1242 | 4600 |
11 | Басқа салалар | 20930 | 15873 | 8 | 36811 |
| Республика бойынша | 705031 | 158843 | 38267 | 902141 |
3.1.2. Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмдiлігі жөніндегі шаралар
Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмдiлiгi болуы үшін кәсіптік даярлауды еңбек рыногындағы қажеттiлiктерге сәйкес жетілдiру, еңбек рыногындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингi қажет.
Бұл ретте мыналар:
еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың және білім беру қызметтері рыногындағы мамандар даярлаудың көлемін, бейіндері мен мерзiмдерiн болжау;
жұмыс берушілердiң таяудағы 3 жылда жұмыс күшіне деген қажеттілігiн айқындау және кадрлар даярлау жүйесiн экономика қажеттіліктерiмен сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшiне сұраныс мониторингiн жүзеге асыру;
жұмыссыздарды кәсiби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетiн арттыру;
бастауыш, орта және жоғары кәсiби білім берудiң Кәсіптер (мамандықтар) жіктемелерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;