«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы
№ 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 маусымдағы № 540 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 4, 38-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Қаржыландыру көлемі және көздері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджеттердің 10861,2 млн. теңге көлеміндегі қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады, оның ішінде:
2005 жылы - 3251,5 млн. теңге;
2006 жылы - 3282,5 млн. теңге;
2007 жылы - 4327,2 млн. теңге.»;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген жолда:
үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«460,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде: 2005 жылы - 184,7 мың, 2006 жылы - 137,4 мың, 2007 жылы - 138,4 мың;
347,2 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, оның ішінде: 2005 жылы - 123,6 мың, 2006 жылы - 111,6 мың, 2007 жылы - 112,0 мың;
73,0 мың жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу, оның ішінде: 2005 жылы - 25,3 мың, 2006 жылы - 23,9 мың, 2007 жылы - 23,8 мың;
нысаналы топтар үшін 22,7 мың әлеуметтік жұмыс орындарын құру, оның ішінде: 2005 жылы - 5,4 мың, 2006 жылы - 8,4 мың, 2007 жылы - 8,9 мың;
ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер үшін клубтық жұмыс ұйымдарын қаржыландыруға 14,0 млн. теңге жіберу, оның ішінде: 2005 жылы - 1,0 млн. теңге, 2006 жылы - 4,1 млн. теңге, 2007 жылы - 8,9 млн. теңге;
білім беру ұйымдарының түлектерін жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыруды қаржыландыруға 182,3 млн. теңге жіберу, оның ішінде: 2005 жылы - 43,6 млн. теңге, 2006 жылы - 59,8 млн. теңге, 2007 жылы - 78,9 млн. теңге;»;
«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген 4-бөлімде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттердің 10861,2 млн. теңге көлеміндегі қаражаты көзделеді, оның ішінде: 2005 жылы - 3251,5 млн. теңге, 2006 жылы - 3282,5 млн. теңге, 2007 жылы - 4327,2 млн. теңге.»;
екінші абзацта «2006-2007 жылдары» деген сөздер «2007 жылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген 5-бөлімде:
төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«460,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде: 2005 жылы - 184,6 мың, 2006 жылы - 137,4 мың, 2007 жылы - 138,4 мың;
347,2 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, оның ішінде: 2005 жылы - 123,6 мың, 2006 жылы - 111,6 мың, 2007 жылы - 112,0 мың;
73,0 мың жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу, оның ішінде: 2005 жылы - 25,3 мың, 2006 жылы - 23,9 мың, 2007 жылы - 23,8 мың;
нысаналы топтар үшін 22,7 мың әлеуметтік жұмыс орындарын құру, оның ішінде: 2005 жылы - 5,4 мың, 2006 жылы - 8,4 мың, 2007 жылы - 8,9 мың;
ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер үшін клубтық жұмыс ұйымдарын қаржыландыруға 14,0 млн. теңге жіберу, оның ішінде: 2005 жылы - 1,0 млн. теңге, 2006 жылы - 4,1 млн. теңге, 2007 жылы - 8,9 млн. теңге;
білім беру ұйымдарының түлектерін жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыруды қаржыландыруға 182,3 млн. теңге жіберу, оның ішінде: 2005 жылы - 43,6 млн. теңге, 2006 жылы - 59,8 млн. теңге, 2007 жылы - 78,9 млн. теңге;»;
«Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-бөлімде:
«1. Халықты жұмыспен қамту деңгейін өсіруге ынталандыратын шаралар» деген кіші бөлімде, «1.1. Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру» деген тарауда:
реттік нөмірі 1.1.2-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 687,9, оның ішінде:
2005 жылы - 118,7
2006 жылы - 217,0
2007 жылы - 352,2»;
«1.4. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту» деген тарауда:
реттік нөмірі 1.4.3-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 82,1, оның ішінде:
2005 жылы - 30,4
2006 жылы - 24,2
2007 жылы - 27,5»;
«1.5. Еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру» деген тарауда:
реттік нөмірі 1.5.1-жолда:
2-бағанда «70,8» деген сандар «73,0» деген сандармен ауыстырылсын;
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 1365,8, оның ішінде:
2005 жылы - 358,3
2006 жылы - 435,1
2007 жылы - 572,4»;
«1.6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру» деген тарауда:
реттік нөмірі 1.6.1-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 8436,7, оның ішінде:
2005 жылы - 2661,0
2006 жылы - 2518,9
2007 жылы - 3256,8»;
«1.7. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешудегі рөлін арттыру жөніндегі шаралар» деген тарауда:
реттік нөмірі 1.7.2-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 5,6, оның ішінде:
2005 жылы - 0,4
2006 жылы - 1,5
2007 жылы - 3,7»;
реттік нөмірі 1.7.3-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 14,0, оның ішінде:
2005 жылы - 1,0
2006 жылы - 4,1
2007 жылы - 8,9»;
реттік нөмірі 1.7 4-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 67,7, оның ішінде:
2005 жылы - 19,0
2006 жылы - 21,9
2007 жылы - 26,8»;
реттік нөмірі 1.7.5-жолдың 2-бағанында «403,1» деген сандар «460,4» сандармен ауыстырылсын;
«1.10. Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» деген тарауда:
реттік нөмірі 1.10.2-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 182,3, оның ішінде:
2005 жылы - 43,6
2006 жылы - 59,8
2007 жылы - 78,9»;
көрсетілген бөлімге ескертуде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджеттен талап етілетін қаражаттың барлығы - 10861,2 млн. теңге, оның ішінде: 2005 жылы - 3251,5 млн. теңге, 2006 жылы - 3282,5 млн. теңге, 2007 жылы - 4327,2 млн. теңге.»;
2-тармақта «2006-2007 жылдары» деген сөздер «2007 жылы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |