АВТОМОБИЛЬНЫЕ ДОРОГА РЕСПУБЛИКАНСКОГО ЗНАЧЕНИЯ - относятся автомобильные дороги, обеспечивающие транспортное сообщение между крупными административными, культурными и экономическими центрами республики, а также соседними государствами, и автомобильные дороги, имеющие оборонное значение, за исключением указанных в подпункте 1) статьи 3 Закона РК «Об автомобильных дорогах» (ст. 3 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245) | РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ - «Автомобиль жолдары туралы» ҚР Заңның 3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, республиканың ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары, сондай-ақ көршілес мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары және қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 ҚРЗ 3-бап) |
АВТОМОБИЛЬНЫЕ ПЕРЕВОЗКИ- перевозки пассажиров, багажа, грузов или почты, осуществляемые автотранспортными средствами по автомобильным дорогам (ст.1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476) | АВТОМОБИЛЬМЕН ТАСЫМАЛДАУ - автомобиль жолдары арқылы автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер немесе почта тасымалы («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
АВТОМОБИЛЬНЫЙ ПЕРЕВОЗЧИК- физическое или юридическое лицо, владеющее автомобильными транспортными средствами на праве собственности или на иных законных основаниях, предоставляющее услуги по перевозке пассажиров, багажа, грузов или почты за плату или по найму и имеющее на это лицензию или соответствующее разрешение, выданное в установленной форме (ст.1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476) | АВТОМОБИЛЬМЕН ТАСЫМАЛДАУШЫ - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде автомобиль көлігі құралдарына иелік етуші, жолаушыларды, багажды, жүктерді немесе почтаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететін және соған белгіленген нысанда берілген лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
АВТОМОБИЛЬНЫЙ ТРАНСПОРТ - отрасль экономики, основной сферой деятельности которой являются организация и осуществление перевозок пассажиров, багажа, грузов и почты с использованием автотранспортных средств и инфраструктуры (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476) | АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ - негізгі қызмет аясы автокөлік құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен почта тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 ҚР3 1-бап) |
АВТОР - физическое лицо, творческим трудом которого создано произведение (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6) | АВТОР - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап) |
АВТОРСЕЛЕКЦИОННОГОДОСТИЖЕНИЯ (СЕЛЕКЦИОНЕР) - физическое лицо, которое создало, выявило или вывело сорт, породу (ст.2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422-1) | СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІК АВТОРЫ (СЕЛЕКЦИОНЕР) - сортты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсіріп шығарған жеке адам («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап) |
АВТОР ТОПОЛОГИИ - физическое лицо, творческим трудом которого она создана (ст.6 ЗРК «О правовой охране топологий интегральных микросхем» от 29 июня 2001 года № 217) | ТОПОЛОГИЯ АВТОРЫ - топологияны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке адам («Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы № 217 ҚРЗ 6-бап) |
АВТОРСКИЙ НАДЗОР - правомочия автора по осуществлению контроля за: разработкой проекта строительства (строительной документации), осуществляемого автором (авторами) архитектурного и градостроительного произведения; реализацией проекта строительства, осуществляемого его разработчиками, включая автора (авторов) архитектурного или градостроительного произведения (ст.1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242) | АВТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ - автордың: сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзірленуіне; сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, оны әзірлеушілер жүзеге асыратын құрылыс жобасының іске асырылуына бақылау жүргізу жөніндегі құқықтылығы (Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап) |
АВТОРСКОЕ ПРАВО - имущественные и личные неимущественные права автора (ст.2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6-1) | АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1 ҚРЗ 2-бап) |
АВТОСТАНЦИЯ - комплекс сооружений, предназначенный для обслуживания пассажиров и водителей автобусов, пассажиропоток которого составляет менее пятисот человек в сутки, и включающий в себя: капитальное здание с залом ожидания вместимостью до семидесяти пяти человек и билетными кассами, камеры хранения, перрон для посадки и высадки пассажиров, площадку для стоянки автобусов, диспетчерские пункты (ст.1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476) | АВТОСТАНЦИЯ - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін құрылыстар кешені («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
АГЕНТ - организация со стопроцентным государственным участием, создаваемая по решению Правительства РК и осуществляющая в пределах своей компетенции полномочия по управлению государственными ресурсами зерна (ст.1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143) | АГЕНТ - мемлекет жүз процент қатысатын, ҚР Үкіметінің шешімімен құрылатын және өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын ұйым («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 ҚРЗ 1-бап) |
АГЕНТ - юридическое лицо со стопроцентным участием государства, определяемое Правительством РК для управления бюджетными средствами, выделяемыми для поддержки обязательного страхования в растениеводстве (cm.1 ЗРК «Об обязательном страховании в растениеводстве» от 10 марта 2004 года № 533) | АГЕНТ - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінген қаражатын басқаруға арналған, ҚР Үкіметі айқындайтын, мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлға («Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 ҚР 31-бап) |
АГЕНТСКАЯ ОБЛИГАЦИЯ - облигация, выпускаемая финансовым агентством (ст. 1 «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461) | АГЕНТТІК ОБЛИГАЦИЯ - қаржы агенттігі шығаратын облигация («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
АГЕНТ ПО УПЛАТЕ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЕНСИОННЫХ ВЗНОСОВ - физическое или юридическое лицо, включая иностранное юридическое лицо, осуществляющее деятельность в РК через постоянное учреждение, а также филиалы, представительства иностранных юридических лиц, исчисляющее, удерживающее (начисляющее) и перечисляющее обязательные пенсионные взносы в порядке, определяемом законодательством РК (ст.1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136) | МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТ - ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері («ҚР зейнетакымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап) |
АГРОЛЕСОМЕЛИОРАТИВНОЕ НАСАЖДЕНИЕ- защитное лесное насаждение, позволяющее снижать воздействие неблагоприятных для сельского хозяйства природных факторов (ст.4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477) | АГРООРМАНМЕЛИОРАЦИЯЛЫҚ ЕКПЕ - ауыл шаруашылығы үшін қолайсыз табиғи факторлардың әсерін азайтуға мүмкіндік беретін қорғаныштық орман екпесі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап) |
АГРОМЕТЕОРОЛОГИЧЕСКИЙ МОНИТОРИНГ - совокупность мероприятий, направленных на проведение наблюдений наземной агрометеорологической сетью; система сбора, передачи, анализа и обработки информации по планированию агротехнических работ и составление агрометеопрогнозов в интересах сельского хозяйства (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66) | АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжаулар жасау («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдың аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап) |
АГРОПРОДОВОЛЬСТВЕННЫЙ РЫНОК - совокупность отношений, связанных с приобретением, реализацией и иными элементами оборота сельскохозяйственной продукции и продуктов ее переработки (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66) | АГРАРЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫ - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның қайта өңдеу өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдың аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап) |
АГРОПРОМЫШЛЕННЫЙ КОМПЛЕКС - совокупность отраслей экономики, включающих производство, заготовку, хранение, транспортировку, переработку и реализацию продукции сельского, рыбного хозяйства, атакже пищевую промышленность, сопутствующие производства и сферы деятельности, обеспечивающие их современной техникой, технологическим оборудованием, деньгами, информационными и другими ресурсами, ветеринарно-санитарную и фитосанитарную безопасность, научное обеспечение и подготовку кадров (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66) | АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақша-мен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап) |
АГРОЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ЗОНА - территория, однородная по условиям возделывания сельскохозяйственных растений или близких по экологическим требованиям культур (ст.1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385) | АГРОЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ - ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру жағдайлары бойынша біртекті немесе дақылдардың экологиялық талаптары бойынша жақын аумақ («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап) |
АГРЕССИЯ - применение вооруженной силы иностранным государством (группой либо коалицией государств) против суверенитета, территориальной неприкосновен-ности или политической независимости РК или воздействие на нее каким-либо другим образом, не совместимым с Уставом Организации Объединенных Наций (cт.1 ЗРК «О военном положении» от 5 марта 2003 года № 391) | АГРЕССИЯ - шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) ҚР егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы («Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы № 391 ҚРЗ 1-бап) |
АКТ АГРЕСИИ - любое из следующих действий независимо от объявления войны: вторжение, нападение вооруженных сил иностранного государства на территорию РК, любая аннексия территории РК или ее части с применением вооруженной силы; бомбардировка территории РК или применение любого оружия иностранным государством против РК; блокада портов или берегов РК вооруженными силами иностранного государства; нападение вооруженных сил иностранного государства на Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования РК, судно торгового мореплавания или гражданской авиации РК; применение вооруженных сил иностранного государства, находящихся на территории РК по международному договору, в нарушение условий, предусмотренных в международном договоре, или любое продолжение их пребывания на территории РК по прекращении действия международного договора; действие государства, позволяющего, чтобы его территория, которую оно предоставило в распоряжение другого государства, использовалась этим государством для совершения акта агрессии против РК; засылка государством или от имени государства вооруженных банд, групп, иррегулярных сил или наемников, которые осуществляют акты применения вооруженной силы против РК, носящие столь серьезный характер, что это равносильно перечисленным выше актам; иные действия иностранных государств, направленные против суверенитета, территориальной неприкосновенности или политической независимости РК, а также акты, определенные Советом Безопасности Организации Объединенных Наций, как представляющие собой агрессию согласно положениям Устава Организации Объединенных Наций (ст.1 ЗРК «0 военном положении» от 5 марта 2003 года № 391) | АГРЕССИЯ АКТІСІ - соғыстың жариялану-жарияланбауына қарамастан мынадай іс-қимылдардың кез келгені: шет мемлекеттің қарулы күштерінің ҚР аумағына басып кіруі, шабуыл жасауы, қарулы күшті қолдана отырып ҚР аумағын немесе оның бөлігін аннексиялаудың кез келгені; ҚР аумағын бомбалау немесе шет мемлекеттің кез келген қаруды ҚР қарсы қолдануы; шет мемлекеттің қарулы күштерінің ҚР порттарын немесе жағалауларын қоршап алуы; шет мемлекеттің қарулы күштерінің ҚР Қарулы Күштеріне, басқа әскерлері мен әскери құралымдарына, ҚР теңізде жүзетін сауда немесе азаматтық авиация кемесіне шабуыл жасауы; халықаралық шарт бойынша ҚР аумағында орналасқан шет мемлекеттің қарулы күштерін халықаралық шартта көзделген талаптарды бұза отырып қолдану немесе халықаралық шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін де олардың ҚР аумағында болуының кез-келген түрде жалғасуы; басқа мемлекеттің билігіне берілген аумақта, сол мемлекеттің ҚР қарсы агрессия актісін жасау үшін пайдалануына мүмкіндік жасаушы мемлекеттің іс-қимылы; мемлекеттің немесе мемлекет атынан ҚР қарсы тегеурінділігі жоғарыда атап көрсетілген актілерге пара-пар қарулы күш қолдану актілерін жүзеге асыратын қарулы бандалардың, топтардың және тұрақты емес күштердің немесе жалдамалылардың жіберілуі; шет мемлекеттердің ҚР егемендігіне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы бағытталған өзге де іс-қимылдары, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелеріне сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік Кеңесі агрессия ретінде белгілеген актілер («Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы № 391 ҚР З1-бап) |
АДАПТАЦИЯ ПРОГРАММЫ ДЛЯ ЭЛЕКТРОННО-ВЫЧИСЛИТЕЛЬНОЙ МАШИНЫ ИЛИ БАЗЫ ДАННЫХ - внесение изменений в программы для ЭВМ или базы данных, осуществляемое исключительно в целях обеспечения функционирования программы для ЭВМ или базы данных на конкретных технических средствах пользователя или под управлением конкретных программ пользователя (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года) | ЭЛЕКТРОНДЫ-ЕСЕПТЕУ МАШИНАСЫНА НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ БЕЙІМДЕУ - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап) |
АДВОКАТ - гражданин РК, имеющий высшее юридическое образование, получивший лицензию на право осуществления адвокатской деятельности, обязательно являющийся членом коллегии адвокатов и оказывающий юридическую помощь на профессиональной основе в рамках адвокатской деятельности, регламентируемой Законом РК «Об адвокатской деятельности» (ст.7 ЗРК «Об адвокатской деятельности» от 5 декабря 1997 года № 195) | АДВОКАТ - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы («Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195 ҚРЗ 7-бап) |
АДМИНИСТРАТИВНО-ПРАВОВАЯ СТАТИСТИКА - отрасль государственной правовой статистики о состоянии административных правонарушений и производства по делам об административных правонарушениях (ст.1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510) | ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА - әкімшілік құқық бұзушылықты және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жай-күйі туралы мемлекеттік құқықтық статистика саласы («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510 ҚРЗ 1-бап) |
АДМИНИСТРАТИВНОЕ ЗАДЕРЖАНИЕ - временное лишение физического лица личной свободы, в частности, свободы действия и передвижения с принудительным содержанием в специальном помещении в течение определенного времени с целью пресечения его противоправных действий, может производиться (ст.620 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155) | ӘКІМШІЛІК ҰСТАУДЫ - жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерін тыю мақсатында белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыру (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 620-бап) |
АДМИНИСГРАТИВНОЕ ПРАВОНАРУШЕНИЕ - противоправное, виновное (умышленное или неосторожное) действие либо бездействие физического лица или противоправное действие либо бездействие юридического лица, за которое Кодексом РК об административных правонарушениях предусмотрена административная ответственность (ст.28 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155) | ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ - жеке адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 28-бап) |
АДМИНИСТРАТИВНЫЕ ПРОЦЕДУРЫ - порядок принятия и исполнения решений при осуществлении государственными органами и должностными лицами государственных функций и должностных полномочий и их оформление; процедура организации работы государственного аппарата; процедуры рассмотрения обращений граждан по реализа-ции их прав, атакже процедуры административной защиты прав и законных интересов граждан; основные начала процедур принятия решений в области экономики (ст.1 ЗРК «Об административных процедурах» от 27 ноября 2000 года № 107) | ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР - мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды мемлекеттік функциялармен лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау мен орындау тәртібі және оларды рәсімдеу; мемлекеттік ақпараттың жұмысын ұйымдастыру рәсімі; азаматтардың өз құқықтарын іске асыру жөніндегі өтініштерін қарау рәсімдері, сондай-ақ азаматтарды құқықтары мен заңды мүдделерін әкімшілік қорғау рәсімдері; экономика саласындағы шешімдер қабылдау рәсімдерінің негізгі бастаулары ұғынылады («Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 ҚР 31-бап) |
АДМИНИСТРАТИВНЫЕ РАСХОДЫ - все расходы, связанные с инициированием и проведением процедур банкротства, реабилитационной процедуры, внесудебной процедуры ликвидации и внешнего наблюдения, включая затраты по оплате услуг привлекаемых и специализированных организаций, суммы вознаграждений реабилитационного и конкурсного управляющих, а также администратора внешнего наблюдения. К административным расходам приравниваются налоги и другие обязательные платежи в бюджет, обязательства по уплате которых возникли в ходе ликвидации должника (ст.1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67) | ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫСТАР - сырттан тартылатын және мамандандырылған ұйымдардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сыйақы сомасын қоса алғанда, банкроттық рәсімдеріне, оңалту рәсіміне, соттан тыс тарату рәсіміне және сырттай байқауға бастамашылық жасау мен оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар. Борышкердің таратылуы барысында оларды төлеу жөнінде міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтар № 67 ҚРЗ 1-бап) |
АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СЛУЖАЩИЙ - государственный служащий, входящий в состав политических государственных служащих, осуществляющий должностные полномочия на постоянной профессиональной основе в государственном органе (ст.1 ЗРК «О государственной службе» от 23 июля 1999 года № 453) | МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТШІ - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші («Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 ҚР3 1-бап) |
АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ШТРАФ - денежное взыскание, налагаемое за административное правонарушение в случаях и пределах, предусмотренных в статьях особенной части настоящего раздела, в размере, соответствующем определенному количеству месячного расчетного показателя, устанавливаемого в соответствии с законодательным актом, действующим на момент наложения административного взыскания (ст. 48 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155) | АЙЫППҰЛ - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 48-бап) |
АДМИНИСТРАТОР БЮДЖЕТНЫХ ПРОГРАММ- государственный орган, ответственный за планирование, обоснование и реализацию бюджетных программ (ст.30 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548) | БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ӘКІМШІСІ - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 30-бап) |
АДМИНИСТРАТОР ВНЕШНЕГО НАБЛЮДЕНИЯ - лицо, назначенное в установленном порядке для проведения процедуры внешнего наблюдения (ст.1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67) | СЫРТТАЙ БАЙҚАУ ӘКІМШІСІ - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚР 31-бап) |
АДРЕСАТ - пользователь услуг оператора почты, которому адресовано почтовое отправление или почтовый перевод денег (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386) | АДРЕСАТ - өзіне почта жөнелтімі немесе почталық ақша аударымы арналған, почта операторының қызмет көрсетуін пайдаланушы («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап) |
АДРЕСНОЕ СУБСИДИРОВАНИЕ - финансирование конкретных получателей субсидий на безвозмездной и невозвратной основе, осуществляемое за счет средств государственного бюджета (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66) | АТАУЛЫ СУБСИДИЯЛАУ - мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап) |
АДЪЮНКТУРА - форма подготовки научно-педагогических кадров высшей квалификации в военных учебных заведениях (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389) | АДЪЮНКТУРА - әскери оқу орындарында біліктілігі жоғары ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап) |
АЗАРТНАЯ ИГРА - основанное нариске соглашение, заключенное участниками между собой либо с представителем игорного заведения, на исход события, предполагающий выигрыш, в котором они принимают участие (ст.1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219) | ҚҰМАР ОЙЫН - қатысушылардың өз арасында не ойын мекемесінің өкілімен ұтыс көзделіп, олар қатысатын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚР 31-бап) |
АКАДЕМИЯ - высшее учебное заведение, реализующее образовательные программы высшего профессионального образования и послевузовского профессионального образования, осуществляяющее подготовку, переподготовку и (или) повышение квалификации специалистов с высшим профессиональным образованием для определенной области производственной, научной и научно-педагогической деятельности; выполняющее научные исследования преимущественно в одной из областей науки или культуры (ст.1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389) | АКАДЕМИЯ - жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап) |
АКВАТОРИЯ - водное пространство, ограниченное естественными, искусственными или условными границами (ст.1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481) | АКВАТОРИЯ - табиғи, жасанды немесе шартты шекарамен шектелген су кеңістігі (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-ІІ ҚР Су кодексі 1-бап) |
АКВАТОРИЯ ПОРТА - внутренние воды РК, ограниченные линией, проходящей через наиболее удаленные в сторону моря точки гидротехнических и других сооружений портов или определяемой в соответствии с международными договорами, ратифицированными РК (ст.1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284) | ПОРТ АЙДЫНЫ - портты гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңіз жағындағы ең алыс нүктесі арқылы өтетін сызықпен шектелген немесе ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес белгіленетін ҚР ішкі су-лары («Сауда мақсатындағы теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
АКИМ - представитель Президента и Правительства РК, возглавляющий местный исполнительный орган (в случае его создания) и обеспечивающий проведение государственной политики на соответствующей территории, согласованное функционирование всех территориальных подразделений центральных государственных органов РК, руководство исполнительными органами, финансируемыми из соответствующего бюджета, наделенный пол-номочиями государственного управления в соответствии с законодательством РК, ответственный за состояние социально-экономического развития соответствующей территории (cт.1 ЗРК «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148) | ӘКІМ - ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, ҚР орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 1-бап) |