ЭМБРИОН - зародыш, развивающийся из оплодотворенной яйцеклетки (ст.1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278) | ЭМБРИОН - ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамитын ұрық («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап) |
ЭМИГРАНТЫ - граждане РК, выезжающие в другое государство для постоянного или временного проживания (cт.1 ЗРК «О миграции насеения» от 13 декабря 1997 года № 204-І) | КӨШІП КЕТУШІЛЕР - ҚР басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап) |
ЭМИГРАЦИЯ - выезд граждан РК в другое государство для постоянного или временного проживания (cт.1 ЗРК «О миграции населения» от 13 декабря 1997 года № 204-І) | КӨШІП КЕТУ - ҚР азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі («Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204 ҚРЗ 1-бап) |
ЭМИССИОННЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - ценные бумаги, обладающие в пределах одного выпуска однородными признаками и реквизитами, размещаемые и обращающиеся на основании единых для данного выпуска условий (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461) | ЭМИССИОННЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын, осы шығарылым үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭМИССИИ В ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ - выбросы, сбросы загрязняющих веществ, размещение отходов производства и потребления в окружающей среде, вредные физические воздействия (ст.1 ЗК РК от 9 января 2007 года № 212) | ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯЛАР - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап) |
ЭМИССИОННЫЙ КОНСОРЦИУМ - объединение андеррайтеров, созданное на основе договора о совместной деятельности в целях оказания услуг эмитенту по выпуску и размещению эмиссионных ценных бумаг (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461) | ЭМИССИЯЛЫҚ КОНСОРЦИУМ - андеррайтерлердің эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған бірлестігі («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭМИТЕНТ - лицо, осуществляющее выпуск эмиссионных ценных бумаг (ст.1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461) | ЭМИТЕНТ - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ ЦЕННОСТЬ ПИЩЕВОГО ПРОДУКТА - количество энергии, высвобождаемой в организме человека из пищевых продуктов, обеспечивающей физиологические функции (ст. 1 ЗРК «О качестве и безопасности пищевых продуктов» от 8 апреля 2004 года № 543) | ТАМАҚ ӨНІМІНІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - физиологиялық функцияларды қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінен адам организмінде бөлінетін қуаттың мөлшері («Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 543 ҚРЗ 1-бап) |
ЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ ЭКСПЕРТИЗА - экспертиза, проводимая в области электроэнергетики по действующим объектам, проектам реконструируемых, модернизируемых и вновь строящихся объектов, при расследовании технологических нарушений и аварий на энергетическом оборудовании в электрических и тепловых сетях, а также в случаях производственного травматизма на них, на соответствие нормативным правовым актам РК (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588) | ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ САРАПТАМА - жұмыс істеп тұрған объектілер қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылыстар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап) |
ЭНЕРГОПЕРЕДАЮЩАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, осуществляющая на основе договоров передачу электрической или тепловой энергии (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588) | ЭНЕРГИЯ БЕРУШІ ҰЙЫМ - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап) |
ЭНЕРГОПРОИЗВОДЯЩАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, осуществляющая производство электрической и (или) тепловой энергии (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588) | ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУШІ ҰЙЫМ - электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйым («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап) |
ЭНЕРГОСБЕРЕГАЮЩИЕ ТЕХНОЛОГИИ, ОБОРУДОВАНИЕ И МАТЕРИАЛЫ - технологии, оборудование и материалы, позволяющие повысить эффективность использования топливно-энергетических ресурсов по сравнению с достигнутым уровнем (ст.1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997 года № 210-І) | ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ, ЖАБДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРЫ - қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар, жабдықтар мен материалдар («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап) |
ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЕ - деятельность (организационная, научная, практическая, информационная), направленная на рациональное и экономное использование топливно-энергетических ресурсов (cт.1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997 года № 210-І) | ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық қызмет) («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап) |
ЭНЕРГОСНАБЖАЮЩАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организация, осуществляющая продажу потребителям произведенной и (или) купленной электрической и (или) тепловой энергии (cт.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588) | ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ ҰЙЫМ - өндірілген және (немесе) сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап) |
ЭНТОМОФИЛЬНЫЕ РАСТЕНИЯ - растения, опыляемые насекомыми (cт. 1 ЗРК «О пчеловодстве» от 12 марта 2002 года № 303) | ЭТНОФИЛЬДІ ӨСІМДІКТЕР - насекомдармен тозаңданатын өсімдіктер («Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы № 303-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭПИДЕМИЯ - массовое распространение инфекционного заболевания, значительно превышающее обычно регистрируемый уровень заболеваемости (ст.1 ЗРК « О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361) | ІНДЕТ - жұқпалы аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары жаппай таралуы («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап) |
ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИЗНАЧИМЫЕ ОБЪЕКТЫ - объекты, производимая продукция и (или) деятельность которых при нарушении требований законодательства РК в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения может привести к возникновению пищевых отравлений и вспышек инфекционных заболеваний среди населения (cт.1 3PK «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361) | ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ОБЪЕКТІЛЕР - шығаратын өнімі және (немесе) қызметі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ҚР заңдарының талаптары бұзылған жағдайда халық арасында тамақтан уланулардың және жұқпалы аурулар таралуының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін объектілер («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап) |
ЭПИЗООТИЧЕСКИЙ МОНИТОРИНГ - система сбора количественных данных о распространении болезней животных, включая эпизоотологическое обследование и информацию о закономерностях развития конкретной болезни животных, природно-географических и экономических (хозяйственных) условиях территорий их обитания (содержания, разведения), проводимых ветеринарно-санитарных мероприятиях, и последующая их статистическая обработка для анализа эффективности ветеринарно-санитарных мероприятий и прогнозирования возникновения, развития и ликвидации эпизоотии или панзоотии (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339) | ІНДЕТ МОНИТОРИНГІ - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық - санитариялық іс-шаралар тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭПИЗООТИЧЕСКИЙ ОЧАГ - ограниченная территория или помещение, где находятся источник возбудителя инфекции, факторы передачи и восприимчивые животные (ст.1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339) | ІНДЕТ ОШАҒЫ - жұқпалы ауруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қоражай («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭПИЗООТИЯ - массовое распространение особо опасных и других инфекционных болезней животных на территории соответствующей административно- территориальной единицы (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339) | ІНДЕТ - белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭСКИЗ (ЭСКИЗНЫЙ ПРОЕКТ)- упрощенный вид проектного (планировочного, пространственного, архитектурного, технологического, конструктивного, инженерного, декоративного или другого) решения, выполненный в форме схемы, чертежа, первоначального наброска (рисунка) и объясняющий замысел этого решения (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242) | НОБАЙ (НОБАЙЛЫҚ ЖОБА) - жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап) |
ЭТАЛОН ЕДИНИЦЫ ВЕЛИЧИНЫ - средство измерений, предназначенное для воспроизведения и (или) хравения единицы величины (кратных либо дольных значений единицы величины) в целях передачи ее размера другим средствам измерений данной величины, утвержденное в порядке, установленном (ст. 1 ЗРК «Об обеспечении единства измерений» от 7 июня 2000 года № 53-II) | ШАМА БІРЛІГІНІҢ ЭТАЛОНЫ - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы («Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II ҚРЗ 1-бап) |
ЭТИЛОВЫЙ СПИРТ - продукт, получаемый путем брагоректификации спиртовых бражек или ректификации этилового спирта-сырца, вырабатываемого из зерна, картофеля, сахарной свеклы, мелассы сахарасырца и другого сахаро и крахмалосодержащего пищевого растительного сырья, непищевого сырья из виноматериала путем прямой или двоиной перегонки и иным путем из непищевого сырья (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429) | ЭТИЛ СПИРТІ - спирт ашытқыларын айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикізаты сірнесінен және басқа да қантты-крахмалды тағамдық өсімдік шикізатынан, өндірілетін этил спирті шикізатын тазарту жолымен шарап материалынан төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен және тағамдық емес шикізаттан өзге де жолмен алынатын өнім («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап) |
ЭТИЛОВЫЙ СПИРТ ИЛИ АЛКОГОЛЬНАЯ ПРОДУКЦИЯ, ПЕРЕШЕДШИЕ В СОБСТВЕННОСТЬ ГОСУДАРСТВА- конфискованные, безвозмездно перешедшие в собственность государства на основании судебного решения, оформленные в таможенном режиме отказа от товара в пользу государства этиловый спирт или алкогольная продукция (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429) | МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ӨТКЕН ЭТИЛ СПИРТІ НЕМЕСЕ АЛКОГОЛЬ ӨНІМІ - сот шешімі негізінде тәркіленген, мемлекет меншігіне өтеусіз өткен, мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кедендік режимінде ресімделген этил спирті немесе алкоголь өнімі («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап) |
ЭФФЕКТИВНАЯ ДОЗА - величина поглощенной энергии ионизирующего излучения, используемая как мера риска возникновения отдаленных последствий облучения организма человека и отдельных его органов с учетом их радиочувствительности (ст. 1 ЗРК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года № 219) | ӘСЕРЛІ МӨЛШЕР - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген энергиясының шамасы («Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 ҚРЗ 1-бап) |
ЭФФЕКТИВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ТОПЛИВНО-ЭНЕРГЕТИЧЕСКИХ РЕСУРСОВ - достижение высокорезультативного, технически возможного, экономически выгодного использования топливно-энергеических ресурсов при существующем уровне развития техники и технологий и одновременно снижении техногенного воздействия на окружающую среду (ст. 1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997 года № 210-І) | ОТЫН ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ - техника мен технологиялардың қазіргі деңгейі жағдайында және қоршаған ортаға техногендік әсерді азайтумен бірге отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың техникалық жағынан мүмкін болатын және экономикалық жағынан ақталған тиімділігіне қол жеткізу («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап) |
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИЗДЕЛИЙ МЕДИЦИНСКОГО НАЗНАЧЕНИЯ И МЕДИЦИНСКОЙ ТЕХНИКИ - совокупность характеристик, обеспечивающих достижение профилактического диагностического и (или) лечебного эффекта (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522) | МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ БҰЙЫМДАРДЫҢ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ - профилактикалық, диагностикалық және (немесе) емдік әсер жетістігін қамтамасыз ететін сипаттамалар жиынтығы («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап) |
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТВА - характеристика степени влияния лекарственного средства на клинические проявления (патологическое соетояние) и причины заболевания (ст.1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522) | ДӘРІЛІК ЗАТТЫҢ ТИІМДІЛІГІ - аурудың клиникалық көріністеріне (дертті жай-күйіне) және себептеріне дәрілік заттың әсер ету деңгейінің сипаттамасы («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап) |
ЭФФЕКТИВНОСТЬ УПРАВЛЕНИЯ - показатели, характеризующие соотношение между целями и результатами управлшия собственностью в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение (ст.1 ЗРК «О государственном мониторинге собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение» от 4 ноября 2003 года № 490) | БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІ - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншік басқару мақсаттары мен нәтижелері арасындағы арақатынасты сипаттайтын көрсеткіштер («Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы № 490 ҚРЗ 1-бап) |