Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 6 қыркүйектегi № 1154
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1104 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 қыркүйектегi № 1154 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 31, 409-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесінде:
1-тармақта "ұйымдарға" деген сөз "заңды және жеке тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыларға рұқсат беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган берген шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға лицензия болған кезде беріледі.";
5-тармақта:
бiрiншi сөйлемдегi "негiзгi парақ" деген сөздер "белгiленген үлгiде толтырылған бланк" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегi "Heгізгі парақтан деген сөздер "Белгiленген үлгiде толтырылған бланкте" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген мерзiмдерде өтiнiштер берген табиғат пайдаланушылар үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат сұралатын жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсаны аралығына белгiленеді.
Табиғат пайдаланушы өтiнiш материалдарын Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген мерзімдерден кешiктiрiп берген жағдайда рұқсаттың қолданылу мерзiмi берiлген күннен бастап сұралатын жылдың 31 желтоқсанына дейiн белгiленедi";
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"экологиялық талаптар мен нормаларды табиғат пайдаланушылардың жүйелi түрде бұзуы (2 реттен астам)";
13-тармақтағы "рұқсаттарда белгiленген" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада және рұқсаттарда белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Рұқсаттар алуға өтінiштердi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар үшiн заңды және жеке тұлғалар рұқсат сұралатын жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 наурыз аралығында бередi";
20-тармақта:
"сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
"көлемiнiң" деген сөзден кейiн "және табиғат пайдалану шарттарының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Егер орталық органға ұсынылатын өтiнiштер материалдары Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген кезде материалдар ескертулерді 30 күн мерзiмде жою үшiн табиғат пайдаланушыға қайтарылады.
Табиғат пайдаланушы өтiнiш материалдарын осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетілген мерзiмнен кешіктіріп қайта ұсынған жағдайда рұқсаттың қолданылу мерзiмi берiлген күннен бастап рұқсат сұралатын жылдың 31 желтоқсанына дейiн белгiленеді.";
26-тармақтағы "жинақылығы" деген сөзден кейiн ", ластаудың сұралатын көлемi есебiнiң дұрыстығы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |