Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 1306 қаулысы
(2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 626 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1345 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1345 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдеріне:
14-тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 12,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 15,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейі 16,5
1,8 метрге тең немесе одан көп 18,0-ден аспауы тиіс;
болғанда
3) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 12,0
1 метрден 1,3 метрге дейін 14,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейі 16,0
1,8 метрге тең немесе одан көп 17,5-ден аспауы тиіс;
болғанда
4) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 17,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 21,0
1,3 метрден 1,8 метрге дейі 24,0
1,8 метрге тең немесе одан көп 26,5-ден аспауы тиіс;
болғанда
5) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда:
0,5 метрден 1 метрге дейін 16,5
1 метрден 1,3 метрге дейін 19,5
1,3 метрден 1,8 метрге дейі 22,5
1,8 метрге тең немесе одан көп 24,5-ден аспауы тиіс".
болғанда
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |