"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі
№ 471-II Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бап бойынша:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару мен үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;";
мынадай редакциядағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"15) аккредиттеу - уәкілетті органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасының атынан тиісті халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкілеттігін ресми тануы;
16) салалық көтермелеу жүйесі - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру нысаны.";
2) 7-бап алып тасталсын;
3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Журналистердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкілдерінің спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның ішінде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-және суретке түсіру құралдарын пайдалана отырып, жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын өткізу кезеңінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жарнамалау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларды ұйымдастырушылар мен жарнама қызметі субъектілерінің арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.";
4) 22-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
5) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті
органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) ведомстволық статистикалық есептілікті жүзеге асырады, спорт ұйымдарынан статистикалық ақпарат алады;
4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
6) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азиялық және Олимпиадалық ойындарға, әлем және Азия кубоктарына қатысуын қамтамасыз етеді;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
9) спорттық құрал-сайман мен жабдықтар жасау, спорт ғимараттарын салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
10) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
14) дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы құрметті атақтарды, спорттық атақтар мен разрядтарды, төрешілер санаттарын, дене шынықтыру мен спорт қызметкерлеріне санаттар береді;
15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
16) тұрғын аудандардың, әкімшілік үйлердің, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негізінде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;
17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
18) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, спорт жарыстарына және басқа да спорт шараларына қатысушыларды материалдық қамтамасыз ету және көтермелеу нормативтерін әзірлеп, бекітеді;
19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат береді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
6) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:
"23-1-бап. Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі
жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы орган:
1) дене шынықтыру және спорт дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
2) спорттың әр түрі бойынша облыстық құрама командаларды даярлау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
3) спорт ғимараттарын салу мәселелері үйлестіреді;
4) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
5) өз құзыреті шегінде спорттық разрядтар, жаттықтырушы-оқытушы құрамына, спорт төрешілеріне санаттар береді;
6) спорттық-бұқаралық шаралардың, соның ішінде халықаралық спорт жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырудың күнтізбелік жоспарын әзірлеп, бекітеді және іске асырады;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
9) әкімшілік-аумақтық бірліктегі дене шынықтыру және спортты дамыту туралы мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдап, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға табыс етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
7) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық
бірлестіктер
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.
2. Спорттың әрбір түрі бойынша тек бір республикалық қоғамдық бірлестік аккредиттелуі мүмкін, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.
Аккредиттеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.";
8) мынадай мазмұндағы 24-1 баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін
көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі, білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, лицензиялауға жатады.
2. Лицензиялау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
9) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар спорт клубтарының, мектеп-интернаттарының, спорт мектептерінің, командаларының немесе спорт шараларының демеушілері бола алады. Демеушілер мен спорт клубтары (мектеп-интернаттар, спорт мектептері, командалар, шараларды ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негізінде белгіленеді. Демеушілер спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады.";
10) 30-бап бойынша:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен жағдайда мемлекеттік қаражат есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асырады.";
3-тармақтың үшінші бөлігіндегі "дене шынықтыру мен спортты басқарудың уәкілетті органы" деген сөздер "дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
"30-1-бап. Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларды
мемлекеттік әлеуметтік қолдау
1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) түрінде өмірлік әлеуметтік қолдау жасайды, ол осы бапқа сәйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін ай сайынғы төлемдер болып табылады.
2. Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемінде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру мынадай мөлшерде тағайындалады:
1) Олимпиадалық ойындардың чемпиондары және (немесе) жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алғандарға және "КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері" және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы барларға - 8,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) "Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" және (немесе) "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген спортшыларды даярлағандарға - 8,0 айлық есептік көрсеткіш.
3. Материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, республикалық бюджет қаражаты есебінен дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы төленеді.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген бірнеше негіздер бойынша материалдық қамсыздандыру алуға бір мезгілде құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру олардың қалауы бойынша сол негіздердің біреуі бойынша ғана төленеді.";
12) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
31-бап. Спортшыларды сақтандыру
Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиісті спорт клубтарының, қоғамдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезінде мемлекеттік қаражат есебінен сақтандыруды жүзеге асырады.";
13) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық
комитеті
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті:
Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалысты дамыту үшін құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады және өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына және Олимпиадалық хартияға сәйкес жүзеге асырады;
Халықаралық олимпиадалық комитетте Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде жоғары жетістіктер спортын дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе, спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктермен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Олимпиада, Азия ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет өткізетін басқа да халықаралық спорт шараларына қатысу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын құру мен қамтамасыз етуді үйлестіреді;
Дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өзінің қаржыландыру көздері есебінен өз алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды іске асырады;
Олимпиадалық хартияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық олимпиадалық комитеттің олимпиадалық нышандарын, ұранын, туын, әнұранын, "Олимпиадалық", "Олимпиада" деген атауларын пайдалануға меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы құрама командаларының өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзеге асырылады.";
14) мынадай мазмұндағы 34-баппен толықтырылсын:
"34-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және
спорт туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.".
2-бап. Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10), 11), 12) тармақшаларын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының