«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысы
(2015.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1416 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.10. № 1154 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған:
1) инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;
2) инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі;
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2005.07.09. № 851 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.06.08. № 809 Қаулысымен (бұр.ред.қара) модельдік келісімшарт өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1416 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.10. № 1154 Қаулысымен (бұр.ред.қара) модельдік келісімшарт жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2003 жылғы 8 мамырдағы
№ 436 қаулысымен
бекітілген
Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар
беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған
модельдік келісімшарт
Астана қаласы | ____________________ |
| (күні, айы, жылы) |
Осы Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт, бұдан әрi Тараптар деп аталатын ________________________________ негiзiнде әрекет eтeтiн (ереже немесе бұйрық) ______________________________________________________________________________________________________атынан
(басшының немесе оның мiндетiн атқарушы адамның аты, әкесінің аты) ____________________________________________ (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) (уәкiлеттi органның атауы)
және ________________________________________ негiзінде әрекет ететiн (Жарғы немесе сенiмхат)______________________________________ атынан (басшының немесе өзге уәкiлеттi адамның тегі, аты, әкесінің аты) ___________________________________________ жобаны iске асыруды жүзеге асыратын (инвестициялық) (бұдан әрi - инвестор) арасында жасалды______________________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік тіркеу нөмірі, күні)
Мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасы қызметтiң басым түрлерінде жаңа өндiрiстердi құру, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталғанын;
2) уәкiлеттi органға тiкелей инвестициялық келісімшартты жасасумен және орындалуын бақылаумен байланысты құқықтар берiлгенiн;
3) уәкiлетті орган және инвестор _______________________________________________________ инвестициялық жобаның атауы iске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерiн реттейтiнi туралы уағдаласқандарын назарға ала отырып, уәкiлеттi орган және инвестор төменде көрсетілгендер туралы осы инвестициялық келісімшартты жасасты.
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) инвестициялық келiсiмшарт - инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;
2) кiрiстер - пайданы, дивидендтi және басқа да сыйақыларды қоса алғанда, олар төленетiн нысанға қарамастан инвестициялық немесе онымен байланысты қызметтен алынатын кiрiстер;
3) материалдық емес активтер - жиынтық жылдық кiрiстi алу үшiн ұзақ мерзімді кезең iшiнде (бiр жылдан астам) пайдаланылатын материалдық емес объектiлер;
4) форс-мажор - инвестициялық келісімшарттың одан әрi орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары);
5) үшiншi тұлға - инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;
6) жұмыс бағдарламасы - өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын инвестициялық шартқа 1-қосымша;
7) инвестициялық басым жоба - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;
8) инвестициялық субсидия - инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі.
2. Осы бөлімде түсіндірмесі жоқ ұғымдардың «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және инвестициялық преференциялар мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілердегі ұғымдарға сәйкес келетін мағынасы бар.
2. Инвестициялық келісімшарттың мәні
3. Осы инвестициялық келісімшарттың мәні инвесторға инвестициялық жоба шеңберiнде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2015.09.04. № 210 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Инвесторға:
1) инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері берiледi:
технологиялық жабдықты және олардың жинақтауыштарын импорттау кезінде осы инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес ________ мерзімге кедендік баждар салудан босату;
технологиялық жабдықтарға қосалқы бөлшектер, шикізат пен материалдарды импорттау кезінде осы инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес ________ мерзімге кедендік баждар салудан босату;
мемлекеттік заттай грант: инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелерін орындаған жағдайда, ____________ түрінде ____________ құқығында кейіннен__________________ ;
4-тармағының 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:
салықтар бойынша преференциялар:
инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан бастап және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей, есептелетін корпоративтік табыс салығы сомасын ___ жыл * мерзімге 100 пайызға азайту;
мөлшерлемелеріне инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен бастап және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей ___ жыл * мерзімге жер салығының 0 коэффициентін қолдану.
Мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1 күнінен бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірмей есептеледі.
инвестор инвестициялық міндеттемелерін орындаған кезде, осы инвестициялық келісімшартқа 4-қосымшаға сәйкес кестеге және жылдық көлемге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өндіріс толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық субсидия беріледі.
3. Инвестициялық келiсімшарттың мақсаты
5. Осы инвестициялық келісімшарт _________________________________________________________________________
(қызметтiң басым түрлерiнiң атауы)
сыныбына сәйкес________________________________________________________________________________________
(инвестициялық немесе инвестициялық басым жоба)
іске асыру кезiнде инвестициялық преференцияларды беру мақсатында қолдану құқығына сәйкес уәкiлеттi орган мен инвестор арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберiн белгілейдi.
4. Инвестициялық қызмет объектiсі
6. Осы инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық қызмет объектісі мыналарды:
тiркелген активтерге инвестицияларды:
№ р/с | Шығындар баптары | Қосылған құнға салық ескерілмеген сома (мың теңге) |
Негізгі қаражатқа инвестициялар |
1 | | |
2 | | |
Материалдық емес активтерге инвестициялар |
3 | | |
4 | | |
| Жиыны: | |
қамтитын _______________________________________________________________________________________________
(инвестициялық жобаның атауы)
орналасқан жерi __________________________________________________________________________болып табылады.
(мекенжайы)
5. Тараптардың құқықтары
7. Уәкiлеттi органның:
1) өкілеттiктердi табыстау шегiнде инвесторлармен тiкелей келiссөздер жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы атынан өкілдік етеді;
2) инвестициялық келісімшарттардың шарттарын және жасасу мен бұзуы тәртібін айқындауға, инвестициялық келісімшарт жасасуға және тiркеуге;
3) инвестициялық жобаны iске асыруға бақылау жүргізуге, оның iшінде осы инвестициялық келісімшартқа 20 және 21-тармақтарына сәйкес Инвестордан инвестициялық келісімшарттың шарттарын орындау жөнінде есептi талап етуге, сондай-ақ инвестициялық жобаға қатысты өзге де ақпаратты сұратуға;
4) осы инвестициялық келісімшартқа 5-қосымшада көрсетілген мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдірілген тапсырысты қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді;
5) Уәкілеттi орган туралы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
8. Инвестордың:
1) инвестициялық жобаны iске асыру үшiн инвестициялық келісімшарт шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез-келген әрекет жасауға;
2) уәкiлеттi органға белгіленген тәртiппен инвестициялық келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшін осы инвестициялық келісім шартқа 6-қосымшаға сәйкес кәсіптер тізбесі мен сан бойынша тарту құқығы бар.
6. Тараптардың міндеттерi
9. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде:
1) Осы инвестициялық келісімшарт жасасу арқылы инвестициялық преференциялар беруге;
2) инвестордың қатысуымен инвестициялық дауларды сотқа дейiнгi тәртiппен реттеуде көмек көрсетуге міндеттенеді.
ҚР Үкіметінің 2015.09.04. № 210 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Инвестор:
1) жұмыс бағдарламасына сәйкес осы инвестициялық келісімшарттың 6-тармағында көрсетілген инвестицияларды жүзеге асыруға және тіркелген активтерді пайдалануға енгізуге;
2) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде осы инвестициялық келісімшарттың ережелерін сақтауға;
3) осы инвестициялық келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген қызмет түрін өзгертпеуге және инвестициялық преференциялар берiлетiн келісілген инвестициялық жобаның шарттарын бұзбауға;
4) қазақстандық кадрларды үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыру жөнінде жұмыс жүргізуге;
5) уәкiлеттi орган талап еткен инвестициялық жобаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты беруге және осы инвестициялық келісімшарттың 20 және 21-тармақтарына сәйкес есеп беру мерзiмiн сақтауға;
6) инвестициялық келісімшарт қолданылатын мерзімде берілген мемлекеттік заттай грантты және инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтерді жалға бермеуге, иеліктен айырмауға және олардың нысаналы мақсатын өзгертпеуге;
7) инвестициялық келісімшарт қолданылатын мерзімде осы инвестициялық келісімшарттың шеңберінде 5-тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін осы инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес импортталған технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектерді, шикізат пен (немесе) материалдарды қолдануға;
8) инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жыл ішінде мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті болатынына міндеттенеді.
7. Салықтар және төлемдер
11. Инвестор Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдердi төлеуге міндеттенеді.
8. Форс-мажор
12. Инвестициялық келісімшарт бойынша қандай да болмасын орындалмаған міндеттемелер үшін, егер бұл орындамаушылық немесе орындау кезiнде кiдiрту еңсерілмейтін күш (бұдан әрі - форс-мажор) мән-жайынан туған болса, Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
13. Еңсерілмейтін күш мән-жағдайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрт, iрi авариялар, коммуникациялардың бұзылуы т.б.) және осы жағдайлардағы өзге де төтенше және тежеусіз мән-жайлар жатады.
14. Инвестициялық келісімшарт бойынша жұмыстардың форс-мажор мән-жайларынан туындаған толық немесе iшiнара тоқтауы кезiнде жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу жолымен осы жұмыстардың жүргiзiлу мерзiмi форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор аяқталған сәттен бастап жаңартылады.
15. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап ол басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшінде бұл туралы форс-мажор оқиғасы басталған күндi және сипаттамасын көрсете отырып, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екiншi Тарапты хабардар етедi.
16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешуiн iздеу үшiн дереу келiссөздер өткiзедi және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
9. Құпиялылық
17. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзiмi iшiнде оны iске асыру жөніндегi жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын (осы инвестициялық келісімшарттың 18-тармағына сәйкес) сақтайды.
18. тараптардың ешқайсысы басқа Тараптан инвестициялық келісімшарттың мазмұнына қатысты немесе инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты және құпия деп есептелетін өзге де ақпаратты ашуға мына жағдайлардан басқа жағдайда құқығы жоқ:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылған;
2) егер үшінші тұлға мұндай ақпараттың құпиялылығы шарттарын сақтау және ол ақпаратты Тараптар белгіленген мақсаттарда және Тараптар анықтаған мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, ақпарат Тараптардың біріне инвестициялық келісімшарт бойынша қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген;
3) ақпарат инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап қаржы қаражаттарын алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға берiлсе, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпараттың құпиялық шарттарын сақтауға мiндеттеме алған жағдайда;
4) егер кез келген ақпаратты, соның ішінде банктік құпия болып табылатын, инвестордың кез келген, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банк шотына қатысты ақпаратты алуға мүмкіндігі бар салық немесе Қазақстан Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат берілетін жағдайлардан басқа жағдайда;
5) егер уәкiлеттi орган жасасқан инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық жобаны iске асыруға қатысты нормативтiк құқықтық актілерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласа. Бұл ретте уәкiлетті орган инвестициялардың сомасы мен іске асырылатын өңірлердің құрылатын жұмыс орындарының саны және инвестициялық жобаның атауы туралы ақпаратты ғана жариялауға құқылы.
10. Инвестициялық келісімшарт жағдайларының сақталуын бақылау
19. Инвестициялық келісімшарт талаптарының сақталуын бақылауды Уәкілетті орган мынадай нысандарда:
1) камералдық бақылау - уәкілетті орган осы инвестициялық келісімшарттың 20 және 21-тармақтарына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектiсiне барумен, оның iшiнде жұмыс бағдарламасын және инвестициялық келiсiмшарт талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарастыру арқылы жүзеге асырады.
20. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқаннан кейiн Инвестор уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындар баптары бойынша таратып жазып, инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді жиырма бесінші шілдеден және жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей береді.
ҚР Үкіметінің 2015.09.04. № 210 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылтайшы және (немесе) қатысушы (акционер) құрамынан шығуы жөніндегі талапты растау үшін инвестор Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшының қолымен және инвестордың мөрімен (бар болса) расталған жарғының көшірмесін ұсынады.
21. Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.»
22. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына бір рет енгізіле алады.
23. Инвестициялық қызмет объектілеріне бара отырып тексеру:
1) жұмыс бағдарламасының 1-бөлімі аяқталған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай бұрын өтелетін алты ай кезеңінде;
2) кедендік баждар салудан босатылатын технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар импорты жүзеге асырылған кейінгі жылдан бастап, жылға дейін, жыл сайын жүргізіледі.
24. Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның өкiлi мен инвестордың басшысы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасының орындалуын ағымдағы жай-күйі актісіне қол қояды.
25. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде, уәкілетті орган инвесторға инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуы мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
26. Егер уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, инвестициялық келісімшарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан кедендік баждардың сомасын төлемеген инвестор пайдаланылмаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді.
ҚР Үкіметінің 2015.09.04. № 210 Қаулысымен 26-1-тармақпен толықтырылды
26-1. Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылтайшы және (немесе) қатысушы (акционер) құрамынан шығуы жөніндегі талап орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан толық шыққанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу жөніндегі талаптың орындалмауы инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.
27. Инвестициялық келiсiмшарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
1) тиiстi шаралар қабылдау үшiн салық қызметі органдарына, кеден органдарына және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттiк органдарға;
2) оларға сәйкес мемлекеттiк заттай грант берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша салық қызметі органдарына, кеден органдарына, мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
11. Дауларды шешу
28. Тараптар инвестициялық келісімшарттың кез-келген ережелерiнің орындалуымен немесе түсіндiрулерiмен байланысты туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi өзара келiссөздер жолымен шешу үшiн бар күштi салады.
29. Тараптар кез келген Тараптың екiншi Тарапқа жазбаша өтiнiм алған күннен бастап екi ай iшінде келісімге қол жеткiзбеген жағдайда даулардың шешiлуi Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімiмен айқындалатын басқа инстанцияларда жүргiзiледi.
30. Тараптар пайда болған даулар мен келiспеушiліктер толықтай шешiлгенше инвестициялық келісімшартта белгiленген міндеттемелердi орындаудан босатылмайды.
12. Инвестициялық келісімшарттың тұрақтылығына кепілдемелер
31. Уәкілеттi орган мен Инвестор арасындағы жасасқан инвестициялық Келісімшарттың шарттары Заңда көзделген немесе Тараптардың келісімi бойынша инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, осы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанша өзгерiссiз қалады.
Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
Шетелдік жұмыс күшін тарту саласында Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы өзгерген кезде тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
13. Қолданылатын құқық
32. Инвестициялық келісімшарт негiзiнде қол қойылған инвестициялық келісімшарт және басқа да келісімдер үшiн Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
14. Инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзiмi және күшiне eнуі
33. Инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімімен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тоғыз айдан кешіктірмей аяқталуға тиіс.
34. Осы инвестициялық келiсімшарт уәкiлеттi органда тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
35. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы инвестициялық келісімшарттың 16-бөлімінде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, ____ жылдың ___ (айы) ___ соңғы күнiнiң өтуi бойынша тоқтатылады.
15. Инвестициялық келісімшартқа енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
36. Тараптар өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
16. Инвестициялық келісімшартты бұзу жағдайлары
37. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
1) тараптардың келiсiмi бойынша;
2) бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
38. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімшарт жасасқан тұлғаның жазбаша түрде хабарлаған кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келiсiмшартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.