Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 қаңтардағы № 18 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 559-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларында:
1-тармақтың 3) тармақшасы "бірлестіктерінен," деген сөзден кейін "сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |