Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 мамырдағы № 596 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Алматы» және «Еңбек-Ерменсай» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 3-1 тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін;
2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 30 мамырдағы
№ 596 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының
Тізбесі
1. «Еңбек-Ақтөбе» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Ақтөбе» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
2. «Еңбек-Атырау» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Атырау» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
3. «Еңбек-Өскемен» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Өскемен» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
4. «Еңбек-Тараз» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Тараз» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
5. «Еңбек-Орал» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Орал» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
6. «Еңбек-Қарағанды» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Қарағанды» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
7. «Еңбек-Қызылорда» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Қызылорда» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
8. «Еңбек-Қостанай» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Қостанай» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
9. «Еңбек-Ақтау» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Ақтау» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
10. «Еңбек-Павлодар» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Павлодар» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
11. «Еңбек-Қызылжар» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Қызылжар» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
12. «Еңбек-Шымкент» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Шымкент» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
13. «Еңбек-Алмас» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Алмас» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
14. «Еңбек-Гранит» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Гранит» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
15. «Еңбек-Семей» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Семей» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
16. «Еңбек-Тас» еншілес мемлекеттік кәсіпорны | «Еңбек-Тас» түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны |