Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық
бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 12 ақпандағы № 229 қаулысы
(17.03.04 ж. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттері бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 12 ақпандағы
№ 229 қаулысымен
бекітілген
Тізбе 17.03.04 ж. берілген өзгерістерімен
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттері