«Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 906 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi түрi жылжымайтын мүлiктi және онымен мәмiлелердi және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiркелкiлiк, техникалық және құндылық сипаттарын, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзуге байланысты өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 44, 387-құжат):
1-тармақтағы «Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң» деген сөздер «Тiркеу қызметi комитетiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі