Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген салықтық мiндеттемелердiң орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операциялар сомасының процентiмен көрсетiледi.
2. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгiнен, лауазымды адамға салынатын айыппұл - бес айлық есептiк көрсеткiштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппұл - жиырма айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайды.
3. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен, лауазымды адамға - төрт жүз айлық есептiк көрсеткiштен, заңды тұлғаға - екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
4. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген салықтық мiндеттемелердiң орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операция сомасының процентiмен көрсетiлген айыппұл осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған айыппұлдар мөлшерiнен асатын мөлшерде белгiленуi мүмкiн.
5. Айыппұл заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.
49-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның
тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою, оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткiзу жөнiндегi шығыстарды шегерiп, түскен соманы бұрынғы меншiк иесiне бере отырып, ол затты өткiзуден тұрады. Өтемiн төлеп алып қоюды судья қолданады.
2. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
3. Өтемiн төлеп алып қою осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн.
50-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның
тiкелей объектiлерi болған заттарды, сондай-ақ әкiмшiлiк
құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстi, ақшаны
және бағалы қағаздарды тәркiлеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тiкелей объектiлерi болған заттарды тәркiлеу, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп тегiн аударудан тұрады.
2. Тәртiп бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiленуi мүмкiн.
3. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және басқа да рұқсат етiлген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркiлеудi аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
4. Тәркiлеудi судья қолданады және ол осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкiн.
51-бап. Арнаулы құқықтан айыру
1. Нақты адамға берiлген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртiбiнiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылады.
2. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады.
3. Арнаулы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.
4. Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.
5. Аң аулау қаруларын және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.
52-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан
(куәлiктен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр
iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру
1. Жеке кәсiпкерлердi немесе заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметтi жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
3. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан айыру лицензиялау туралы заңдарда белгiленген негiзде қолданылады.
53-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата
тұру не оған тыйым салу
1. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша тек сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi.
2. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды.
3. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұру түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.
4. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешiмiнсiз ерекше жағдайларда, талап қою өтiнiшiн сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге жол берiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.
5. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi өздерiнiң жарғысына (ережесiне) немесе заңдарға қайшы келетiн жағдайларда сот олардың қызметiн тоқтата тұруы немесе оған тыйым салуы (тоқтатуы) мүмкiн.
54-бап. Өз бетiмен салып жатқан немесе салынған құрылысты
мәжбүрлеп бұзып тастау
Өз бетiмен салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды, осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.
ҚР 25.09.03 ж. N 484-II ; 09.12.04 ж. N 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 55-бап өзгертілді
55-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу
1. Әкiмшiлiк қамауға алу - он бес тәулiкке дейiнгi, жеке адамға қарсы құқық бұзушылық үшiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны және (немесе) төтенше жағдай режимi талаптарын бұзғаны үшiн отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге белгiленедi. Әкiмшiлiк қамауға алуды судья қолданады.
2. Әкiмшiлiк қамауға алу тек әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерi үшiн айрықша жағдайларда ғана белгiленедi.
3. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға болмайды.
4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне қосылады.
56-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан
Республикасы шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру
1. Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданылады.
2. Әкiмшiлiк жолмен кетiрудi судья тағайындайды.
57-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкiмшiлiк-құқықтық ықпал етудiң мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн:
1) жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза тағайындаумен қатар, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстiң 67, 68-баптарында көзделген негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықтан босату кезiнде соның орнына қолданылуы мүмкiн.
58-бап. Жол жүрiсi ережелерiн бiлудi тексеру
Осы Кодекстiң 461-469, 476-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiлуi мүмкiн. Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнiң (бөлiмдерiнiң, басқармаларының, департаменттерiнiң) бастықтары мен олардың орынбасарлары жүргiзушiнi жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеруге жiберу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған маскүнемдiкпен,
нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратындарға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Созылмалы маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркiмен емделуден жалтарған адам басқа азаматтардың құқықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындауы мүмкiн.
2. Мәжбүрлеп емдеу мерзiмi маман наркологтардың ұсыныстары ескерiле отырып белгiленедi, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс.
3. Мәжбүрлеп емдеудi тоқтатуды сол адам емделiп жатқан емдеу мекемесi жүргiзедi.
7-тарау. Әкімшілік жаза қолдану
60-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы
ережелерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.
2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.
3. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, соның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.
6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мүмкiн.
61-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
жеңiлдететiн мән-жайлар
1. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады:
1) кiнәлi адамның өкiнуi;
2) кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;
6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.
ҚР 09.08.02 ж. N 346-II Заңымен 62-бап өзгертілді
62-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты
ауырлататын мән-жайлар
Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;
2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;
4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;
10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 63-бап толықтырылды
63-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде
әкiмшiлiк жазалар қолдану
1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.
2. Егер адам бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол iстердi бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, бұл адамға белгiлi бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғарғы шегiнен асыруға болмайды. Әкiмшiлiк қамауға алудың ең ұзақ мерзiмi мұндай жағдайларда отыз тәулiктен, ал төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк қамауға алу қырық бес тәулiктен аспауға тиiс.
3. Егер әкiмшiлiк айыппұлдар заң актiлерiнде белгіленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының процентiмен көрсетiлген жағдайда, оларды бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салған кезде, айыппұл әрбiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бөлек өндiрiлiп алынады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 64-бап өзгертілді
64-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк
залалды өтеу
1. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде азаматқа немесе ұйымға мүлiктiк залал келтiрiлсе, судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, дау болмаған жағдайда жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде бiр мезгiлде мүлiктiк залалды өтеу туралы мәселенi шешуге құқылы.
2. Өзге уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк залалды өтеу, залалды өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
65-бап. Әкiмшiлiк жаза мерзiмдерiн есептеу
Әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмi тәулiктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаға берiлген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауға тоқтата тұру мерзiмi - жылдармен, айлармен немесе күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
66-бап. Адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған адам әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы жазаға ұшырады деп есептеледi.
8-тарау. Әкімшілік жауаптылықтан және
әкімшілік жазадан босату
67-бап. Iс-әрекетiмен өкiнгендiгiн бiлдiруiне байланысты әкiмшiлiк
жауаптылықтан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған адамды, егер бұл адам құқық бұзушылық жасағаннан кейiн келтiрiлген залалды өз еркiмен өтесе немесе құқық бұзушылықпен келтiрiлген залалды өзге де жолмен ретке келтiрсе, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
68-бап. Құқық бұзушылық елеусiз болған жағдайда әкiмшiлiк
жауаптылықтан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян елеусiз болған жағдайда судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектелiп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босата алады.
Ескерту. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.
ҚР 09.08.02 ж. N 346-II; 25.09.03 ж. N 484-II; 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. N 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты әкiмшiлiк
жауаптылықтан босату
1. Адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн - оны жасаған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
2. Жеке тұлға салық салу саласында әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде жеке кәсiпкер) салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.
4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстың жасалуына септiгiн тигiзген және бұл туралы қылмыстық iстi тергеу немесе сотта қарау барысында мәлiм болған жағдайларға қолданылмайды. Сот Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 387-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi адамға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
4-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
Бұл мерзімдерді есептеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға уәкiлеттi органға кемшiлiктердi жою үшiн іс қайтарылған жағдайларда қайтадан басталады.
5. Құқық бұзушының iс-әрекетiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық iс қысқартылған жағдайда адам қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
6. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған мерзiмдер аяқталғанға дейiн адам жаңадан әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.
7. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
Ескерту. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген белгiлi бiр әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.
70-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан
рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан, не жазаның қосымша түрiнен рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер ол әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.
2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жеке белгiлi емес адамдар тобына қатысты шығарады.
71-бап. Жағдайдың өзгеруiне, науқастануға байланысты әкiмшiлiк
жауаптылықтан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекет жасаған адам жағдайдың өзгеруiне, сондай-ақ әкiмшiлiк жазаны орындауға кедергi келтiретiн науқасына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
9-тарау. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
72-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.