3) алып тасталды
Осы тармақтың бiрнеше шарттары болған жағдайда Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру күнi деп аталған келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) бiрiншiсi жасалған күн танылады.
6. Қазақстан Республикасындағы табыс көздерiнен табыс алу мақсатымен Қазақстан Республикасына келетiн, осы Кодекстің 521-бабының, 1-тармағында аталмаған резидент еместер қызметiнiң басталуы туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасына келген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына табыс етуге мiндеттi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 528-бап өзгертілді
528-бап. Салық төлеушiнiң тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiндегi жауапкершiлiгi
Салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеуден өту мерзiмiн бұзғаны үшiн; салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру мен тiркеу есебiне қою кезiнде табыс етiлетiн мәлiметтердiң растығы, сондай-ақ салық есептiлiгiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоюдың дұрыстығы және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайлар үшiн жауапты болады.
529-бап. Уәкiлеттi органдардың салық төлеушiлердi тiркеудi жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-әрекетi
Салық төлеушілердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық қызметi органдары мынадай:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды жүзеге асыратын;
2) статистика жүргiзетiн;
3) салық салумен байланысты объектiлердi және салық салу объектiлерiн есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын;
4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;
5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүргiзетiн;
6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;
7) нотариаттық iс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органдармен;
9) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi органдармен өзара iс-әрекет жасайды.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 530-бап өзгертілді
530-бап. Салық қызметi органдары тiркеу есебiн жүзеге асыратын кездегi уәкілеттi органдардың мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң 529-бабында белгiленген уәкiлеттi органдар уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн тәртiпке сәйкес тиiстi мәлiметтердi енгiзу кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерi мен салық салумен байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
2. Салық салу объектiлерiн, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар салық төлеушiлер, сондай-ақ салық салу объектiлерi, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлер туралы мәлiметтердi олардың есепке алынған және (немесе) тiркелген орны бойынша салық қызметi органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн мерзiм мен нысанда табыс етуге мiндеттi.
3. Лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн уәкiлеттi органдар олардың берiлген (керi қайтарып алынған немесе тоқтатылған) кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензия, куәлiк немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (керi қайтарып алынған немесе тоқтатылған) салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
4. Шетелдiк заңды тұлғалардың келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiк жеке тұлғалар туралы мәлiметтердi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық қызметi органына табыс етуге мiндеттi.
5. Бюджетке мiндеттi төлемдер жинауды, салық салу объектiлерiнiң және салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн және (немесе) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы уәкілеттi органдар берiлетiн мәлiметтерде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 531-бап өзгертілді
531-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алудың ерекшелiктерi
1. Осы бапта көзделген қызметтi жүзеге асыру кезiнде салық төлеушi:
1) бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда жасаудың;
2) алкогольдi өнiм өндiру мен (немесе) көтерме сатудың;
3) шыны ыдыстар қабылдаудың;
4) лотереялар ұйымдастырудың, өткiзудiң және лотерея билеттерiн сатудың;
5) ойын бизнесiн;
6) темекi өнiмдерiн өндiрудi, көтерме сатуды және импортқа шығаруды жүзеге асырудың басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлімдеуге міндетті.
Егер қызметтiң осы түрi лицензиялауға жатса, қызметтi жүзеге асырудың басталуын тiркеу салық төлеушiнiң тиiстi лицензиясы болған жағдайда жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi салық салу объектiлерiн және салық салумен байланысты объектiлердi кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалануды бастағанға дейiн оларды өтiнiш беру арқылы салық органында тiркетуге мiндеттi.
3. Салық органы өтiнiште аталған деректер негiзiнде объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi данасын да мөрмен және салық органы басшысының қолымен растайды.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тiркелгенiн куәландыратын құжат.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiр данасы салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда салық төлеушi тиiстi салық органына салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi қайта тiркеу туралы өтiнiш бередi.
4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiштi олардың орналасқан жерi бойынша бередi.
Салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) салық органы өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi және ол объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналында белгiлейдi.
5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi пайдалану Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Лотереялар ұйымдастыру, өткiзу және лотерея билеттерiн сату бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi оларды сату басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын лотерея билеттерiнiң әрбiр шығарылымын салық органында тiркетуге мiндеттi.
7. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілейдi.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 532-бап өзгертілді
532-бап. Қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу
1. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiлердi есепке қою талаптары осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.
2. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiнi есепке қою және оларды есептен шығару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
94-тарау. Салық тексерулері
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 13.03.03 ж. N 394-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 533-бап өзгертілді
533-бап. Салық тексерулерi ұғымы мен түрлерi
1. Салық тексеруi - салық қызметi органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеушi салық тексерулерiне қатысушылар болып табылады.
1-1. Арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін, қажет болған жағдайларда, салық қызметі органы салықтық тексеруге салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды тартуы мүмкін.
Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.
2. Салық тексерулерiн салық қызметi органдары ғана жүзеге асырады.
3. Салық тексеруi мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) құжаттық тексеру;
2) рейдтiк тексеру;
3) хронометраждық зерттеу.
4. Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) кешендi тексеру - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру;
2) тақырыптық тексеру салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалуды және (немесе) есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;
3) қарсы тексеру - егер салықты тексерудi жүргiзу кезiнде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушiлердiң жүргiзген операцияларының салық есебiнде дұрыс көрсетiлуi туралы қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда үшiншi бiр тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.
5. Рейдтiк тексерудi салық қызметi органдары жекелеген салық төлеушiлерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:
1) салық төлеушiлердiң салық органдарында тiркеу есебiне қойылуы;
2) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
3) лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;
4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.
6. Хронометраждық зерттеудi салық органдары салық төлеушiнiң нақты кiрiсiн және кiрiс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргiзедi. Хронометраждық зерттеу уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртіппен жүргiзiледi.
7. Салық тексеруiн жүргiзу, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің қызметiн тоқтатпауға тиiс.
8. Салық органы заңды тұлғаның өзiне салық тексеруiнiң жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 534-бап өзгертілді
534-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдiлiгi
1. Салық тексерулерi мынадай мерзiмдiлiкпен жүргiзiледi:
1) кешендi - жылына бiр реттен жиi емес;
2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң белгiлi бiр түрi бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бiр реттен жиi емес.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:
1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде, сондай-ақ салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда.
Бұл орайда тексеру салық төлеушiнiң өтiнiшiн алғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi өтуiне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде;
3) қарсы тексерудi жүргiзу кезiнде;
4) қайтарылуға қойылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығына салық төлеушiнiң өтiнiшi негізiнде тақырыптық тексеру жүргiзу кезiнде;
5) салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарайтын органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн қосымша тексерулер кезiнде;
6) нақты салық төлеушiге қатысты уәкілеттi мемлекеттiк орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргiзiлетiн кезектен тыс құжаттық тексеру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 535-бап өзгертілді
535-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдерi
1. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлетiн салық тексерулерiн жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
1-1. алып тасталды
2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға салық тексеруiн жүргiзген кезде салық тексеруiн жүргiзудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде салық тексеруiн жүргiзудiң мерзiмiн салық қызметiнің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн, құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн сексен жұмыс күнiне дейiн арттыруы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер салық қызметiнiң жоғары тұрған органының салық төлеушiге тапсыратын негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады.
4. Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушiге беру кезi мен салық тексеруін жүргiзу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушiні табыс етуi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ салық органының мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алу кезiнде тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзiмiнің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады.
5. Хронометраждық зерттеулер жүргiзудiң мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен хронометраждық зерттеулер жүргiзу тәртiбiне сәйкес белгiленедi.
95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 536-бап өзгертілді
536-бап. Салық тексеруiн жүргiзу негiздемесi
1. Салық тексеруiн жүргiзу үшiн мынадай деректемелердi:
1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушiнің толық атауын;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
5) тексеру түрiн;
6) тексеретiн адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің аты;
7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмiн;
8) құжаттық тексерулер кезiндегi тексерiлетiн салық кезеңiн қамтитын нұсқама негiздеме болып табылады.
2. Рейдтiк тексеру тағайындалған кездегi нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері көрсетiледi.
4. Нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс.
5. Осы Кодекстің 535-бабында көзделген тексеру мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегi, аты, әкесiнің аты көрсетіледi.
6. Бiр ұйғарым негiзiнде бiр ғана салық тексеруi жүргiзiлуi мүмкiн.
537-бап. Салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы
1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген кез салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
2. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
3. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамы, рейдтiк тексеруді қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етедi. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушi (салық агентi) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгi қояды.
4. Рейдтiк тексеру жүргiзiлген кезде салық төлеушiге танысу үшiн нұсқаманың түпнұсқасы көрсетiледi және оның көшiрмесi табыс етiледi. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны туралы түпнұсқаға белгi қойылады.
5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруiн жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
6. Салық тексерулерiн жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн салық кезеңiндегi салық есептiлiгiне салық төлеушiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.
538-бап. Салық қызметi органы лауазымды адамдарының тексерудi жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiберiлуi
1. Салық төлеушi салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлерге жiберуге мiндеттi.
2. Салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға немесе үй-жайларға (тұрғын үйлерден басқа) кiруiне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.
3. Хаттамаға салық органының тексерудi жүргiзушi лауазымды адамдары және салық төлеушi (салық агентi) қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi (салық агентi) бас тартуының себептерi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес салық төлеушінің аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнаулы рұқсат қажет болатын болса, салық қызметi органы лауазымды адамдарында ол болуға тиiс.
5. Салық төлеушiнiң мынадай жағдайларда, егер:
нұсқама белгiленген тәртiппен тапсырылмаса не ресiмделмеген болса;
нұсқамада көрсетiлген тексеру мерзiмдерi әлi басталмаған немесе өтiп кеткен болса;
бұл адамдар нұсқамада көрсетiлмеген болса;
тексерiлетiн салық кезеңiне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық органының лауазымды адамдарын салық тексеруiн жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiбермеуге құқығы бар.
539-бап. Құжаттарды алып қою
Құжаттарды алып қою Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.
540-бап. Салық тексеруiн аяқтау
1. Салық тексеруi аяқталған соң салық қызметi органының лауазымды адамы мыналарды:
1) салық тексеруiнің жүргiзілген орнын, актi жасалған күнiн;
2) тексерудiң түрiн;
3) салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын;
4) салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;
5) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның тiркеу нөмiрiн;
6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептiлiгi мен бухгалтерлiк есептiлiктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге тексеру жүргiзуге жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
7) алдыңғы жүргiзiлген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;
8) тексерiлетiн салық кезеңiн және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi;
9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын;
10) салық тексеруiнiң нәтижелерiн көрсете отырып, салық тексеруiнің актiсiн жасайды.
2. Салық тексеруiнiң актiсi салық төлеушiге тапсырылған күн салық тексеруi мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi.
3. Салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруi актiсiне тиiстi белгi қойылады.
4. Салық тексеруi актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi, салық қызметi органының лауазымды адамы жүргiзген есеп-қисаптар және салық тексеруi барысында алынған басқа да материалдар қоса тiркеледi.
5. Салық тексеруi актiсi кем дегенде екi дана етiп жасалады және оған салық тексеруiн жүргiзген салық қызметi органының лауазымды адамдары қол қояды.
6. Салық тексеруi актiсi салық тексеруi актiлерi мен хабарламаларын тiркейтiн арнаулы журналда тiркеледi, ол нөмiрленуге, бау өткiзiлуге және салық қызметi органының мөрiмен куәландырылуға тиiс.
7. Салық тексеруi актiсiнің бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылады. Салық төлеушi (салық агентi) салық тексеруi актiсiн алған кезде оны алғаны туралы белгi қоюға мiндеттi.
541-бап. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша шешiм
1. Салық тексеруi актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде салық тексеруiн аяқтау бойынша салық қызметi органы осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде салық төлеушiге (салық агентiне) жiберiлетiн салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомалары, өсiмпұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады.
2. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеудi, осы баптың 5-тармағында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық қызметi органы бiр нөмiрмен жүзеге асырады.
3. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәлiметтер:
1) хабарламаны және салық тексеруi актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi;
2) салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық төлеушiнің тiркеу нөмiрi;
4) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы;
5) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi;
6) тиiстi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың деректемелерi;
7) шағым жасау мерзiмi мен орны болуға тиiс.
4. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеушi, егер салық төлеушi салық тексеруi нәтижелерiне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
5. Егер салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруi нәтижелерi бойынша хабарлама шығарылмайды.
96-тарау. Камералдық бақылау
542-бап. Камералдық бақылау ұғымы
1. Камералдық бақылау - салық төлеушiлер берген салық есептiлiгiн және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негiзiнде тiкелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.
2. Камералдық бақылау тiкелей салық органының орналасқан жерi бойынша жүзеге асырылады.
543-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi
Салық органы салық есептiлiгiн қателiктер тапқан, салық есептiлiгiнде келтiрiлген мәлiметтердiң арасынан қайшылық табылған, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес салық төлеушiге жiберiлген қателiктердi өз бетiнше жоюы үшiн, сондай-ақ салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбiне көшуi үшiн хабарлама жiберiледi.
97-тарау. Мониторинг
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 544-бап өзгертілді
544-бап. Салық төлеушiлер мониторингi ұғымы
1. Салық төлеушiлер мониторингi салық төлеушiлердiң нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгiне талдау жүргiзу, қаржы, валюта заңдарын, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердiң қаржы-шаруашылық қызметiн байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады.