2. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналасқан елдi мекендердiң базарлар аумағына бөлiнген жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналастырылған базарлар аумағына бөлiнген басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның қасындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
Осы тармақтың ережесi мал сату жөнiндегi базарларға қолданылмайды, оларға жер салығы осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген ставкалар бойынша салынады.!SUB 3370300
3. Осы бапта аталған коэффициенттер жерлердi автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар үшiн iс жүзiнде пайдаланған кезден бастап қолданылады.
§6. Салық ставкаларын түзету
338-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстiң 329, 330, 332, 334-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларынан елу проценттен аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкасын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:
1) балалардың сауықтыру мекемелерi, мемлекеттiк табиғи қорықтар (биосфералық қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерi, мемлекеттiк табиғат парктерi, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстiң 121-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициенттi қолданбай, жалпы белгiленген тәртіппен есептейдi.
55-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
339-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану кезеңi үшiн есептеледi.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы - қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.
6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.
7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып анықталады.
8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.
9. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жер салығын төлеу тәртiбi осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.
10. Қорғаныс қажетi үшiн берiлген жерлерге салынатын салықты алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 340-бап өзгертілді
340-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу
мерзiмдерi
1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердiң сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлестермен төленуге тиiс.
4. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 2), 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
6. Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық төлеушiлер салық сомасын салық мiндеттемелерi туындаған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.
Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 2), 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн ағымдағы төлемдердi төлеудің соңғы мерзiмiнен кейiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық төлеушiлер салық сомаларын салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру айынан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлейдi.
7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне құқықты iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуi тиiс.
Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесiн берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге салық органдары жiберетiн жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесiне құқығы пайда болған кезеңдегi ай басынан есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келiсiм бойынша) бiрi енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.
9. Салық төлеушi салық кезеңiнде декларация табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он күн мерзiмнен кешiктiрмей бiржолата есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.
10. Осы баптың ережелері бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.;
341-бап. Жекелеген жағдайларда салық есептеудiң ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 2), 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң, құрылыстың және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берiлген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиiс.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 342-бап өзгертілді
342-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
1. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзедi.
Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықты берген жағдайда салық сомасы осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
2. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
3. Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 340-бабында белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
56-тарау. Салық кезеңі және салық есептілігі
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 56-тараудын тақырыбы өзгертілді
343-бап. Салық кезеңi
Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 344-бап жана редакцияда
344- бап. Салық есептілігі
1. Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабын осы бапта белгіленген мерзімде табыс етеді.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
3. Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
4. Осы Кодекстiң 324-бабының 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабын обьектілер пайдалануға немесе жалға берілген айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей табыс етеді.
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрiлмей табыс етіледі.
6. Осы баптың ережелері бюджетпен есеп айырысуды ауылшаруа-шылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.;
13-Бөлім. Көлік құралдары салығы
57-тарау. Жалпы ережелер
345-бап. Салық төлеушiлер
1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiлер;
2) мемлекеттiк бюджет есебiнен ғана қамтылатын ұйымдар;
3) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
346-бап. Салық салу объектiлерi
1. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.
58-тарау. Салық ставкалары
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 347-бап өзгертілді
347-бап. Салық ставкалары
1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
Салық салу объектiсi | Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1. Двигатель көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): 1100-ге дейiн қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса 1500-ден жоғары 2000-ды қоса 2000-нан жоғары 2500-ді қоса 2500-ден жоғары 3000-ды қоса 3000-нан жоғары 4000-ды қоса 4000-нан жоғары 2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): 1 тоннаға дейiн қоса алғанда 1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса 1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса 5 тоннадан жоғары 3. Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер 4. Автобустар: 12 отыратын орынға дейiн қоса алғанда 12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса 25 отыратын орыннан жоғары 5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан артық емес) Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары) 6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдiң қуаты мынадай ат күшiне тең): 160-қа дейiн қоса алғанда 160-тан жоғары 500-ді қоса 500-ден жоғары 1000-ды қоса 1000-нан жоғары 7. Ұшу аппараттары | 4,0 6,0 7,0 12,0 17,0 22,0 117,0 6,0 9,0 12,0 15,0 3,0 90, 14,0 20,0 1,0 10,0 6,0 18,0 32,0 55,0 әрбір киловатт қуатта айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi |
2. Жеңіл автомобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы
бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше
сантиметрді қоса, он айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық
салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлық
есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000
текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткiш ставкасы
бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше
сантиметрдi қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң
аталған көлемiнен асқан әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
3. Егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, салық төлеудің
белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi алты жылдан
асқан жеңiл автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi
қолданылады:
ТМД елдерiнде шығарылған автокөлiк құралдары үшiн:
6 жылдан - 15 жылға дейiн қоса алғанда - 0,3;
15 жылдан жоғары - 25 жылды қоса - 0,2;
25 жылдан жоғары - 0,1;
двигатель көлемi мынадай басқа автокөлiк құралдары үшiн:
3000 текше сантиметрге дейiн қоса алғанда - 0,5;
3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса - 0,7;
4000-нан жоғары - 1,0.
Пайдаланылу мерзiмi жиырма жылдан асқан ТМД елдерi шығаратын жеңіл
автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету
коэффициентi 0.
4. Белгiленген салық төлеу мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу
мерзiмi жетi жылдан асқан ТМД елдерiнде шығарылған жүк таситын, арнаулы
автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
7 жылдан - 14 жылға дейiн қоса алғанда - 0,5;
14 жылдан жоғары - 20 жылды қоса - 0,3;
20 жылдан жоғары - 0,1.
5. Пайдаланылу мерзiмiне байланысты ұшу аппараттарының салық
ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 2,0;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0;
1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 0,5;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.
6. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының
паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқамада) көрсетiлген
көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.
7. Осы баптың 1-тармағындағы кестенің 6-тармағында көрсетілген көлік
құралдарының пайдаланылу мерзiмiне қарай салық ставкаларына мынадай
түзету коэффициенттерi қолданылады:
5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
5 жылдан жоғары - 10 жылды қоса алғанда - 0,5;
10 жылдан жоғары - 20 жылды қоса алғанда - 0,3;
20 жылдан жоғары - 30 жылды қоса алғанда - 0,2;
30 жылдан жоғары - 0,1.
59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу
мерзімдері
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 348-бап өзгертілді
348-бап. Салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық сомасын дербес есептейдi.
2. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнің 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi органда бұрын есепте тұрмаған, сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық оны есепке қойған кезге дейiн немесе қою кезiнде төленуге тиiс. Салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезеңге салықтың жылдық сомасын 12-ге бөлiп, оны салық кезеңiнiң аяғына дейiн қалған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асырушы заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салық төлеу тәртiбi осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.
3. Салық төлеушi заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде көлiк құралдарына салынатын салық бойынша декларацияны беру мерзiмi басталғаннан кейiнгi он күн мерзiмнен кешiктiрмей көлiк құралдарына салынатын салық бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi.
4. алып тасталды
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығында көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралына меншiк иесiнiң осы есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
60-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы
349-бап. Салық кезеңi
Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
350-бап. Салық декларациясы
Салық төлеушi заңды тұлғалар (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы бойынша декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық органдарына табыс етедi.
14-бөлім. Мүлік салығы
61-тарау. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге
салынатын мүлік салығы
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 351-бап өзгертілді
351-бап. Салық төлеушiлер
1. Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер.
2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
4. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.
Салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын белгiленген қажеттiлiк нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
2) салық салу осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
3) тек мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi;
5) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
6) дiни бiрлестiктер.
Осы тармақтың 3)-5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
352-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi анықтау
1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде меншiк иесiмен келiсiм бойынша салық төлеушi сенiмгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн.
Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.
4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
353-бап. Салық салу объектiсi
1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшiн негiзгi құралдар (оның iшiнде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу объектiсi болып табылады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есепте белгiленген материалдық емес объектiлер материалдық емес активтер болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:
1) осы Кодекстiң 326 және 327-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi болып табылатын жер;
2) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес көлiк құралдарына салық салу объектiсi болып табылатын көлiк құралдары;