Болмаған жағдайда, Қаржы министрлiгi немесе оның аумақтық органдары Өтiнiмдi қателерiн жою үшiн орындауға алмастан мемлекеттiк мекемеге тапсырады.
107. Хабарламаны (Тапсырысты) қалыптастыру мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудің екiншi сатысы болып табылады. Мемлекеттiк мекемелердiң Өтiнiмдерi негiзiнде Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырылады.
108. Хабарлама (Тапсырыс) республикалық бюджет туралы заңның және ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi бекiту туралы мәслихаттардыңшешімдерiнің шеңберінде және бюджеттiк бағдарламаның паспортына, мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландырудың егжей-тегжейлi жоспарына, берілген рұқсаттарға және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сәйкес қабылданатын мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi растайтын құжат болып табылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара); ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 қаулысымен 109-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
109. Мемлекеттiк мекеме осы Ереженiң 85-1-тармағында көзделген құжаттарды аумақтық қазынашылық органына берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық органы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша төрт данада тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының атауын, CTH-iн және ЖБК-сiн көрсете отырып Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырды.
Барлық даналарға аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оның бiрiншi басшысы күнiн көрсете отырып қол қояды және мөрмен расталады. 12-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) төртiншi данасы және шарттың көшiрмесi аумақтық қазынашылық органында қалады, бiрiншi, екiншi, үшiншi даналары 12-1, 12-2, 12-3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттiк мекемеге беріледі.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 қаулысымен 110-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
110. Хабарламаның (Тапсырыстың) алынған даналарына мемлекеттік мекеменiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтер қол қояды және мемлекеттiк мекеменiң мөрiмен расталады.
Мемлекеттiк мекеме Хабарламаның (Тапсырыстың) бiрiншi және екiншi даналарын 12-1, 12-2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) тиiстi берушіге немесе бюджет қаражатын алушыға бередi.
Егер Хабарламаның (Тапсырыстың) сомасы үш миллионнан асатын болса, онда Хабарламаның (Тапсырыстың) бiрiншi данасын 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруші немесе бюджет қаражатын алушы екiншi деңгейдегi банкке немесе оның банктік шоты ашылған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бередi.
Мемлекеттiк мекемелер ақы төлеуге шотты қалыптастыру кезiнде "төлемнiң тағайындалуы" деген бағанда оның негізiнде ақшаны аудару жүзеге асырылатын құжаттың атауынан, нөмiрi мен күнiнен басқа, Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрi мен күнін, сондай-ақ төлемнiң "ағымдағы" немесе "түпкі" мәртебесiн көрсетедi.
Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасын тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушi немесе бюджет қаражатын алушы 12-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды түпкі беру (жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету) кезiнде мемлекеттік мекемеге бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 111-тармақ алынып тасталды (бұр. ред қара)
111. алынып тасталды
Ақы төлеудің қолма-қол нысанында қабылданған мiндеттемелер бойынша ақы төлеудi жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк мекеме Хабарламаның (Тапсырыстың) бiрiншi данасын өзiне қалдырады.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 қаулысымен 112-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
112. Хабарламаларды (Тапсырыстарды) мемлекеттiк мекемелердiң міндеттемелері және тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) түпкi төлеу кезiндегi төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарын орындау бойынша бухгалтерлiк есептi жүргiзу үшiн пайдаланады.
11-тарау. Төлемдердi ұлттық және шетел валютасында ақы төлеудiң
қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде жүзеге асыру рәсімдерi
113. Бюджет қаражатының есебiнен, осы Ережеде айтылған ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың және депозиттiк қаражаттың есебiнен төлемдердi ақы төлеудiң қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде жүзеге асыру рәсiмдерi Ақы төлеуге шоттары және төлем құжаттарын қалыптастыру мен бекiтудi қамтиды.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 қаулысымен114-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
114. Ақы төлеуге шот - мемлекеттiк мекемелер қабылдаған және қазынашылық органдары тiркеген мiндеттемелердiң орындалғанын растайтын құжат, оның негiзінде қазынашылық органдары ақы төлеудiң қолма-қол емес және қолма-қол түрiнде төлемдердi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк мекеме - ақшаны жiберушi - Ақы төлеуге шотты белгiленген нысанның бланкілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемнiң негiздiлiгiн растайтын тиiстi құжаттарды міндеттi қоса бере отырып, екi данада Қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады.
Ақы төлеуге шот қолдар мен мөр бедерiнің үлгiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi органдарының және оның мөр бедерiн қамтуы тиiс.
Ақы төлеуге шотты онда көрсетiлген төлем күнiнен он күнтiзбелiк күн iшiнде қазынашылық органдары қабылдауы мүмкiн.
Ақы төлеуге ағымдағы шот - бұл алдын ала төлеудi қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердiң тиiстi мiндеттемесiн аралық төлеудi жүзеге асыру үшін қалыптастырылатын ақы төлеуге шот.
Ақы төлеуге түпкi шот - бұл мемлекеттiк мекеменiң тиiстi мiндеттемесiн түпкi төлеудi жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын ақы төлеуге шот.
115. Ақы төлеуге шотты мынадай құжаттардың:
мiндеттемелердің бiрiншi тобы үшiн Қаржы министрлiгi белгiлеген нысандар бойынша мемлекеттiк мекеменiң төлем және есеп-төлем ведомостерінің;
бюджеттiк бағдарламалар әкімшілерінің стипендияларды, мемлекеттiк білім және студенттік несиелердi аударуын қоспағанда, бюджет қаражатын алушының шот-фактурасының және міндеттемелердің үшiншi тобы үшiн орындалған жұмыстар актiсiнiң;
кредитордың банк-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтінiмi;
міндеттемелердiң төртiншi тобы үшін заем туралы шарттың (келiсiмнің) ережелерiне сәйкес республикадан тыс жерде ашылған банктiк шоттар арқылы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн ақы төлеу қажет болған жағдайда, кредит шотынан көшiрменің;
мiндеттемелердiң төртiншi тобы үшiн тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеу кезiнде заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған банк шоттары арқылы тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) ақы төлеу қажет болған жағдайда инвестициялық жобаның арнайы шотынан көшiрменің;
оны ұсынған жағдайда, инкассалық өкiмнiң;
қолма-қол ақы төлеу нысаны болған кезде төлемдердi жүзеге асыру үшін чектердің негiзінде белгiленген 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық валютада мемлекеттiк мекемелер қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 (бұр. ред қара); 15.03.04 ж. N 320 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 116-тармақ өзгертілді
116. Ақы төлеуге шоттарда мiндеттi тәртiппен мынадай деректемелер көpceтіледi:
ақы төлеуге шоттың нөмiрi;
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы бойынша мемлекеттiк мекеменiң коды, ҚҰБ белгілеген ақшаны жіберушiнің коды, салық төлеушiнiң толық атауы және СТН;
мемлекеттiк мекемеге есеп-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын қазынашылық органының атауы;
қаржыландыру көзi:
1 - үкiметтік сыртқы заемдардың қаражатынан басқа, бюджеттің есебінен,
2 - үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен;
3 - ақылы қызметтерден түceтін қаражаттың есебiнен,
4 - демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың есебінен,
5 - депозиттiк қаражаттың есебiнен,
8 - ерекше шығыстардың есебінен,
S - есептік кезеңде бюджеттік бағдарламалардың шығыстарына жұмсалатын бюджет қаражатының есебiнен,
І - Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық жүйесiнде ашылған аккредитивтiң есебінен;
санат:
01 - республикалық бюджет,
02 - облыстық бюджет және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi,
03 - аудандық (қалалық) бюджет,
05 - арнайы;
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодында мыналар:
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнің коды (үш белгi),
бюджеттiк бағдарламаның коды (үш белгi),
бюджеттiк кiшi бағдарламаның коды (үш белгi),
және
бюджет қаражатының есебiнен төлемдердi жүзеге асыру үшiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң коды (үш белгi),
немесе ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен төлемдердi жүзеге асыру кезiнде:
ақылы қызметтер түрiнiң коды (екi белгi);
тиiстi Өтiнiм мен Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрлерi және күндерi;
берушiнің толық атауы, ҚҰБ белгiлеген бенефициардың коды, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
банктiң атауы және коды (банктiк сәйкестендiру коды), банк шотының коды (жеке сәйкестендiру коды), делдал банктiң (банктiк сәйкестендiру коды) және делдалдың банктiк шотының коды (жеке сәйкестендiру коды);
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама шығыстарының жiктеу коды;
ҚҰБ бекiткен Бiрыңғай төлемдi тағайындаудың сыныптаушысына сәйкес төлемдi тағайындаудың коды;
тиiстi Хабарлама бойынша соңғысы төлеген ақы төлеуге шоттың нөмiрлерi мен күнi;
тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өлшем бiрлiктерi;
Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес тауардың әрбiр түрiнiң (жұмыстың, қызметтің) саны, бiр бiрлiгi үшiн немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) тобы үшiн бағасы, тауардың (жұмыстың, қызметтің) әрбiр түрi бойынша немесе тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) әрбiр тобы бойынша теңгедегi құны және ағымдағы және түпкi төлемнің сомалары көрсетіледi.
Ақы төлеуге шоттың "Тауардың (жұмыстың және қызметтiң) атауы" алаңында қосымша мыналар:
төлемдi жүргiзу үшiн негiз болып табылатын құжаттың түрi (орындалған жұмыстардың кесiмі, шот-фактура, чек, инкассалық өкiм және т.c.c.);
құжаттың нөмiрi және күнi;
төлемдi жүзеге асырудың мақсаты көрсетiледi.
Ақы төлеуге шоттың "Төлеу күнi" алаңында төлемдi жүзеге асырудың күнi, ал мемлекеттiк (үкiметтiк) сыртқы заемның қаражаты есебiнен операцияны жүргiзген жағдайда - қаражатты несие шотынан алу көрсетiледi.
Ақы төлеуге көрсетiлген шығыстардың бюджеттiк жiктелiмiнiң коды Өтiнiмде көрсетілген шығыстардың бюджеттiк жіктелiмiнiң кодына ұқсас болуы тиiс, ақы төлеуге шотта көрсетілген төлемдi iске асыру мақсатыбюджет шығыстарының экономикалық ерекшелiгi құрылымы шығыстарының тiзбесiне сәйкес келуi тиiс.
Төлемнiң тағайындауында міндетті түрде мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасындағы Шарттың және мемлекеттiк мекеменiң Хабарламасының (Тапсырысының) нөмiрлерi мен күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкi" түрінде ақы төлеуге шоттың мәртебесi көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 117-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
117. Ақы төлеуге шотта төлемдердi шетел валютасында жүзеге асыру үшiн тауардың (жұмыстың, қызметтiң) әрбiр түрiнiң бiрлiгi үшiн бағасы, ондағы құны және жалпы сомасы төлем күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
118. Ақы төлеуге шотта бюджетке түсетiн түсiмдердi және мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына аудару бойынша сома тұтастай теңгеде көрсетіледi, тиындармен түпкi есеп айырысу жылына бiр рет желтоқсан айында жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 (бұр. ред қара); 15.03.04 ж. N 320 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 119-тармақ өзгертілді
119. Барлық топтардың тіркелген мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме Ақы төлеуге шотты Қаржы министрлiгiнiң органдарын ұсынады.
Бұдан басқа, тауарларды беруге (жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге) түпкі ақы төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлігінiң аумақтық қазынашылық органына 12-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасын бередi.
Жергілікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме Хабарламаның (Тапсырыстың) бірінші данасының көшірмесін тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегі бухгалтерлік есепті жүргізу үшін жергiлiктi уәкілеттi органға береді.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 120-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
120. Бiрiншi топтың қабылданған міндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн есептіден кейiнгi келесi айдың 26-сы күнiне дейiн Ақы төлеуге шотқа міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн белгiленген тәртiппен екi данада Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес қалыптастырылған мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің тізімі қоса берiледi.
Жоғарыда санамаланған тiзiмдердiң жасалуының және қалыптастырылуының дұрыстығына мемлекеттiк мекеменің басшысы жауап бередi.
Мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегi тiзiмнің бiр данасында оның қабылданғандығы туралы қазынашылықтың аумақтық органы қызметкерлерiнiң белгiсi қойылады және мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 121-тармақ толықтырылды (бұр. ред қара)
121. Субсидияларды төлеудi жүзегe асыру үшiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазынашылық органдарына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiмен белгiленген құжаттарды береді.
Субсидияларды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.
Заңды тұлғалардың шығындарын жабуға байланысты қабылданған мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес Ақы төлеуге шотқа бюджеттiк бағдарламаны және кiшi бағдарламаны орындауға пайдаланылған жалпы сома туралы ақпарат, сондай-ақ заңды тұлғалардың кiрiстерi есебiнен бюджеттiк бағдарламаның және кiшi бағдарламаның жалпы құнын жабуға пайдаланылған сома туралы ақпарат қоса берiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 122-тармақ өзгертілді (бұр. ред қара)
122. Шетел валютасындағы төлемдердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер ақы төлеуге арналған шоттан басқа, 13-1 және 14-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Шетел валютасын айырбастауға және аударуға өтiнiм бередi.
Шетел валютасында төлемдердi жүргiзу мемлекеттiк мекеменiң сыртқы экономикалық қызметiмен байланысты және бюджеттiк бағдарламаның паспортында сипатталған iс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
123. Қазынашылық органдары Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен:
Ақы төлеуге шотты қабылдайды, онда күнiн және жауапты қабылдайтын қызметкердің тегiн көрсетедi;
ақы төлеудiң деректерiн тиiстi Хабарламаның (Тапсырыстың) деректерiмен салыстырады; берушінің деректерiн тексередi;
осы Ереженің 5-бөлiмiнiң 11-тармағында санамаланған мемлекеттiк мекемелер ұсынған құжаттарды тексередi.
Алдын ала төлеу нысанында төлемдердi жүзеге асыру үшiн қазынашылық органдарына Ақы төлеуге шот қана ұсынылады.
Белгiленген талаптарға сәйкес келмеу табылған кезде ұсынылған құжаттар жою үшiн қателерi көрсетiле отырып, мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
124. Ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттың, депозиттiк қаражаттың есебiнен барлық топтардың қабылданған міндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн төлем құжаттары тиісті ҚБШ бос қалдықтардың шегiнде қазынашылықтың аумақтық органдарында, ал үкіметтік борышқа, республикалық бюджеттен несиелендіруге және ресми трансферттерге байланысты мiндеттемелер бойынша - Қазынашылық комитетінде қалыптастырылады.
Тиiстi ҚБШ ақша жетпеген жағдайда қазынашылық органдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың шешімдерімен анықталған бюджет шығыстарының басым бағыттарына сәйкес немесе төлем құжаттары түсiмдерiнiң кезектiлiгi тәртiбiмен анықталған басымдықтарға сай төлемдердің пакеттерiн қалыптастырады.
125. Қазынашылық комитетi қалыптастырылған төлемдердi оларға белгiленген тәртiппен тауар және заттай түрде бюджетке түсетiн түсiмдердiң есебiнен жүзеге асырылатын төлемдердi қоспағанда, ҚБШ-тен қаражатты бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банк шоттарына аудару үшiн төлем жүйесiне жiбередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 126-тармақ алынып тасталды (бұр. ред қара)
126. алынып тасталды
127. Мемлекеттiк мекемелердің жалақысы бойынша және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша төлемдердi жүргiзу кезiнде төлем құжатымен бiрге Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің тiзімi берiледi.
128. Төлемдердi жүргiзгеннен және төлем жүйесi расталғаннан кейiн жүргiзiлген операциялар туралы ақпарат Шоттардың бiрыңғай стандартты жоспарына сәйкес тиiстi ҚБШ-да көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 (бұр. ред. қара) қаулысымен 129-тармақ өзгертілді
129. Келесi банк күнi төлем жүргiзу күнi көрсетiле отырып, Ақы төлеуге шоттың екiншi данасын және бiр күнде жүргiзiлген төлемдер бойынша қалыптастырылған есептердi қазынашылықтың аумақтық органының жауапты атқарушысының қолымен және мөртабанымен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.
"Түпкi" мәртебесi бар ақы төлеуге шот жүргiзу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) қосымша даналарын қалыптастырады. 12-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) бiр данасына аумақтық қазынашылық органының бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттік берген тұлға қол қояды, мөрмен расталады, орындалған және қазынашылық органдарында тiркелген мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн есепке алуды жүргізу үшiн мемлекеттiк мекемеге берiледi. 12-4-қосымшаға сәйкес Хабарламаның (Тапсырыстың) екiншi данасы аумақтық қазынашылық органының жауапты орындаушысының қолымен және мөртабанымен расталады және мемлекеттiк мекемелердiң орындалған мiндеттемелерiн жабу үшін аумақтық қазынашылық органында қалады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 130-тармақ толықтырылды (бұр. ред қара)
130. Дұрыс жүргiзiлмеген төлемдердi қалпына келтiру және берушiлердiң мемлекеттiк мекемелерге ағымдағы жылдың дебиторлық берешегiн өтеуi (бұдан әрi қалпына келтiру) бiр қаржы жылы шегiнде Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша орындалмаған мiндеттемелердің сомасын арттыру және кассалық шығыстарды азайту жолымен жүзеге асырылады.
Қалпына келтiруге арналған төлем құжатын қазынашылықтың аумақтық органы тиiстi мемлекеттiк мекемеге бередi.
Бюджет шотына арналған қалпына келтiрудi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекеме қалпына келтiруге арналған төлем құжатын алған күннен бастап 3 күннiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органына негiздемелiк-хатты әкелiп бередi.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегiн өтеу сомасы Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының тиiстi коды бойынша бюджетке есептеледi.
131. "Сайлауларды өткiзу" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша төлемдер Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
132. Қаржы министрлiгi және оның аумақтық органдары жүргiзiлетiн төлемдердiң сомалары тиiстi бюджеттiк бағдарлама, кiшi бағдарлама, ерекшелік бойынша қабылданған мiндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыруды тоқтатады.
133. Мемлекеттiк мекемелердiң кассалары арқылы ақы төлеудiң қолма-қол түрiндегi төлемдер Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
12-тарау. Инкассалық өкiмдердi орындау рәсiмдерi
134. Мемлекеттiк мекемелердiң шотынан олардың келiсiмiнсiз ақша алу Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша кассалық өкiмдердi пайдалана отырып жүргізіледі.
Инкассалық өкiм салық қызметi және кеден органдарының инкассалық өкiмдердi беру жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нормалардың негiзiнде атқарушы құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшiрмелерi қоса беріле отырып Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына ұсынылады.
Инкассалық өкiмде төлем тағайындауы көрсетіледi және ақша жіберушінің келісімінсіз ақша алу құқығын көздейтiн заң актiсіне сілтеме жасалады.
135. Ақшаны жiберушiнiң келiсiмiнсiз ақша алу үшiн инкассалық өкiм соттардың атқарушы парақтары немесе шешімдерi, үкiмдерi, анықтаулары және қаулылары бойынша берiлетiн атқарушы парақтарының немесе бұйрықтарының немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
136. Салық берешегiнiң сомасын өндiрiп алуға арналған инкассалық өкiм бiрiншi кезектегi тәртiппен және көрсетілген өкімдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрiлмей бюджеттік сыныптаманың тиiстi коды бойынша бөлiнген лимиттердiң қалдығы шегiнде орындалады.
137. Мемлекеттiк мекемелерге қойылған талаптарды қанағаттандыруды ағымдағы қаржы жылына бөлiнген бюджет қаражатының есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес инкассалық өкім қойылған шығыстардың сыныптамасының бағдарламасы, кіші бағдарламасы және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша атқару құжаттары бойынша, салық және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi бойынша - шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша ақылы қызметтерден мемлекеттiк мекемелер алатын қаражаттың есебiнен соңғысы жүргiзедi.
138. Атқарушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдi алып Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары үш банк күнi iшiнде атына өкiм қойылған мемлекеттiк мекеменi (бұдан әрi - Борышкер), ал соңғысы - өзінiң жоғары тұрған мекемесiн - бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн (егер Борышкер бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болмаса) жазбаша хабардар етедi.
Қабылданған мiндеттемелердi не бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша ақылы қызметтердi көрсетуден түсетiн қаражатты шегере отырып берiлген рұқсаттар болған кезде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары Борышкердi хабардар еткен күннен бастап нұсқау ережелерiмен өзге мерзiм қойылмаса, нұсқау акцептiнен кейiнгi операциялық күннен кешiктiрмей өкiмдi орындайды.
Болмаған жағдайда, бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 155 ерекшелiгi бойынша бөлiнген рұқсаттарды шегере отырып жоспарлы сомалар (бұдан әрi - жоспардың қалдығы) болған кезде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары өкiмдi орындайды.
155 ерекшелiк бойынша жоспарлы сомалар жетiспеген не жоқ болған жағдайда инкассалық өкімнiң атқарылуы шығыстардың экономикалық сыныптамасының осы ерекшелiгi бойынша мемлекеттік мекеменің мiндеттерi мен төлемдерi жөнiнде қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзу жолымен мүмкiн болады.
139. Үшiншi тұлғалар үшiн бюджетке түсетiн төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкiмдерiн қабылдау тiркелген шарттар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Үшiншi тұлғалар үшiн бюджетке түсетiн төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкiмдерi бөлiнген лимиттер қалдығының (не ол болмаған жағдайда бөлiнген бюджет қаражатының) және оған шарт жасалған және мемлекеттiк мекеменiң дебитор алдындағы берешегi пайда болған шығыстардың тиiстi ерекшелiгi бойынша ақылы қызметтердің шоты бойынша бос қаражаттың және мемлекеттiк мекеменiң дебитормен салыстыру актiсiнiң шегінде орындалады.