Мемлекеттiк талаптар тiзiлiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар талаптарының тiзiлiмiн қамтиды, олар уәкiлеттi орган мемлекеттiк кредиттер бойынша мiндеттемелердi орындауға байланысты бюджеттен берілген кредиттер бойынша бюджетке қаражатты және бюджеттен алынған қаражатты қайтару жөнiндегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органның талаптарын тiркеудi жүргiзетiн құжат болып табылады.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 қаулысымен 85-1-тармақпен толықтырылды
85-1. Мемлекеттiк мекемелердiң шығыстардың бiрiншi және екiншi топтары бойынша мiндеттемелерiн тiркеудi жүзеге асыру рәсімі мемлекеттiк мекемелердiң ақы төлеуге шоттарын, ал үшінші және төртiншi топтар бойынша - 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеме ұсынатын Мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiмдi және 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бюджет қаражатын алушылар алдындағы Міндеттемелерді тiркеу туралы хабарламаны (Тапсырысты) (бұдан әрi - Өтінiм және Хабарлама (Тапсырыс) бекiтуге негiзделедi.
Ерекше және өзге ағымдағы шығындарды жүзеге асыру, атқару құжаттарын орындау, сондай-ақ шығындарды жабуға заңды тұлғаларға ағымдағы трансферттердi, заңды тұлғаларға мақсатты ағымдағы трансферттердi, заңды тұлғаларға күрделі трансферттердi, өзге де күрделі трансферттердi мемлекеттiк мекемелер тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) берушілерге немесе үш миллион теңгеден асатын сомаға бюджет қаражатын алушыларға бөлу кезiнде аумақтық қазынашылық органдары мемлекеттiк мекеменiң ақы төлеуге шотының негiзiнде 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Өтінiмдi және Хабарламаны (Тапсырысты) қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 86-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
86. Шарт жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тiзбесiн және олар бойынша шарттар жасасуды талап етпейтiн шығыстардың тiзбесiн Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 87-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
87. Бірінші және екінші топтардың мiндеттемелерiн тiркеу қазынашылықтың аумақтық органдары оны Өтiнiм түрiнде қабылдау жолымен мемлекеттiк мекемелердiң ақы төлеуге берiлген Шотының негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте, мемлекеттiк мекеме оны Ақы төлеуге шот қалыптастыру кезінде пайдалану үшiн Өтiнiмге нөмiр бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 88-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
88. Үшінші топтың шығыстары бойынша мiндеттемелердi тіркеу мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн мемлекеттiк мекеме жүргiзгеннен кейiн басталады.
Мемлекеттiк сатып алу жөніндегi рәсімдерге дайындалу кезiнде конкурстың мiндеттi шарттарының құрамына рәсiмдердің қатысушыларына сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұсынылатын бағалардың негiзi туралы талаптар енгiзiлуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 88-1-тармақпен толықтырылды
88-1. Төртiншi топтың шығыстары бойынша қабылданған мiндеттемелердi тiркеу мыналарға бюджеттiк кредит беру кезiнде жүзеге асырылады:
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүргiзген конкурстық iрiктеудiңнәтижелерi бойынша екiншi деңгейдегi банктi немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдарға. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар осы Ережеде анықталады;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi);
бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi екіншi деңгейдегi банктердiң, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiне ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдар арасында кредит шарттарын жасасуды, кредит беруді, мiндеттемелердi орындаудың және кредиттердi қайтарудың мониторингiн жүзеге асыруды қоса алғанда агент қызметтерiн көрсетуге конкурс өткiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарын. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру жөнiндегi агенттер "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады;
үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражаты есебiнен инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi Қазақстан Республикасының резиденттерiн;
мәслихат жергiлiктi атқарушы орган кредит, оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдағаны туралы шешімдi бекiткеннен кейiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жергiлiктi атқарушы органға.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. N 320 (бұр. ред. қара) 89-тармақ өзгертілді
89. Мемлекеттiк мекеменiң тиiстi берушімен немесе бюджет ақшасын алушымен шарттар (бұдан әрi - Шарт) жасасуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес мынадай деректемелердi ескере отырып, берiлген рұқсаттар шегiнде жүзеге асырылады:
шарт бойынша міндеттемелердің қатысушылары;
тараптардың толық атауы және мекен-жайлары;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
шарт жасасу мәнi;
тараптардың міндеттемелерiн атқару нәтижелерiн кiм қабылдайтыны;
мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын атқару мүмкiндiктерi туралы;
міндеттемелердi атқару барысы туралы ақпаратты беру туралы;
мiндеттемелердi атқарудың бiр қалыптылығын талап ету;
ақшалай мiндеттемелердiң мөлшерi;
төлемдер мен есептемелердi жүзеге асыру тәртiбi және тәсілдерi;
Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН), жеке бiрегей коды, банктік бiрегей коды және тараптардың толық мекен-жайы;
шарт бойынша мiндеттемелердi атқару күнi немесе ол атқарылуы тиiс уақыт кезеңi, бұл ретте шарт бойынша міндеттемелердi атқару мерзімдерi бюджеттiк бағдарлама паспортында көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаның кiшi бағдарламасы және бюджеттiк бағдарламаларды орындау нәтижелерi бойынша iс-шараларды iске асыру мерзімдеріне сәйкес келуi тиiс;
шарт бойынша мiндеттеменi орындау орны;
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкіметтік сыртқы заем жөнiндегi шарт (келiсiм) шеңберiнде қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын Шартты жасасу кезiнде шарт шеңберінде сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны (бұдан әрi - Шарт сомасы), сомаларды тиiстi қаржы жылдарына бөле отырып, Шарттың жалпы сомасы көрсетiледi, валютада және немесе өтiнiмнiң жалпы сомасының пайыздарында алдын ала төлеу мөлшерiн көрсете отырып, ақы төлеудiң схемасы және шарты;
сандық (табиғи) және құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi. Құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң айлар бойынша көлемдерi тиiстi бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларындағы көрсетілген сомаларға сәйкес келуi тиiс;
шарттың ережелерiн орындау үшін тараптардың жауапкершілігі;
орындалған жұмыстардың (берулердiң, көрсетілген қызметтердің) кесiмiн мiндеттi жасауды көздейтiн шарт;
тараптардың оның шарттарын орындамау кезiндегi iс-әрекетi және шарттың екiншi тарапының айыппұл мен өсiмақыны бюджетке есептеуi.
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем жөнiндегi шарттың (келiсiмнiң) шеңберiнде мемлекеттiк мекеме мен тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) берушiнiң арасында жасалған Шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi бiр қаржы жылынан асқан кезде Шарт бойынша мiндеттемелердiң сомасы мемлекеттiк мекемеге жыл сайын бөлiнетiн рұқсаттардың шегінде тиiстi қаржы жылдарына бөлiнеді.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 89-1-тармақпен толықтырылды
89-1. Агенттiк келiсiм мыналарды қамтуы тиiс:
тараптардың толық атауы мен мекен-жайлары;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
агенттiк келiсiмдi жасасу мәнi;
агент функцияларының, ол орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құрамы мен мазмұны;
агент орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құны;
жұмыстар мен қызметтердi орындау мерзiмi;
жобаны қаржыландыру жөнiндегi төлемдер мен есеп айырысуларды, бюджеттiк кредиттi беру мен қаражатты бюджетке қайтаруды (қайтарымды қаржыландырған жағдайда) жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсілдерi;
бюджет қаражатын агент шотына аудару кестесi;
агенттiң бюджет қаражатын пайдалануды растайтын құжаттарды беру тiзбесi, тәртiбi және мерзiмi;
қаржы агентiнiң қызметтерiне ақы төлеу көздерi мен тәртiбi;
агенттiк келiсiм тараптарының өзара мiндеттемелерi;
тараптардың агенттiк келiсiмнiң шарттарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершілiгi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 90-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
90. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
кредит берушi - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергіліктi атқарушы органдар;
бюджеттiк несие - мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында тиiстi бюджеттерден кредит берушiлер ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттiк кепілдiк жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға оқшауландырылатын ақшалар;
заем алушы - тиiстi бюджет алдында кредиттi қайтару жөнiнде тiкелей мiндеттемелерi бар бюджет қаражатынан кредит алушы;
банк-заемшы - Даму Банкі,банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар, түпкi заемшыларды одан әрi несиелендiру үшiн тиiстi бюджеттерден бюджеттiк кредит алатын екiншi деңгейдегi банк немесе ұйым;
түпкi заемшы - банк-заемшы арқылы бюджеттік кредит алатын заңды немесе жеке тұлға.
Агент - екiншi деңгейдегi банк, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйым немесе агенттiк келiсiмнiң негiзiнде Даму Банкi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің (жергiлiктi атқарушы органның) актiсiне республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнің шешiмiне сәйкес қайтарымды негiзде бюджеттен жеке және заңды тұлғаларды, төмен тұрған бюджеттердi қаржыландыру үшін тағайындалған бюджеттік бағдарламалар бойынша төртiншi топтың (бұдан әрi - кредит алушылар) мiндеттемелерiн тiркеу үшiн Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында шарт жасалады, ал банктер-қатысушылар арасындағы конкурстың нәтижелерi бойынша:
кредиторлар мен банктер-заемшылар;
банктер-заемшылар және түпкі заемшылар арасында шарт жасалады.
Бюджеттiк кредит беру оларды түпкi заемшыларға кейіннен бере отырып банк-заемшыларға бюджеттік кредит беру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттерін банк-заемшыларға беру жөнiндегi рәсімдер осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттік кредиттер беру туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
Жергiлiктi бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттiк кредиттер беру туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу жергілiктi атқарушы орган атынан әкiм немесе оларды ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Кредитор мен кредит алушы арасындағы шартта мыналар:
шарт бойынша мiндеттеменiң қатысушылары - кредитор және кредит алушы;
толық атауы, СТН, және тараптардың мекен-жайы;
бюджеттiк бағдарламаның атауы;
шарт жасасудың мақсаты;
ақшалай мiндеттеменiң (кредиттiң) мөлшерi;
кредит валютасы;
кредит беру нысаны;
сыйақы ставкасы;
борыштың негiзгi сомасын өтеу мерзiмi;
борыштың негiзгi сомасын өтеу кестесi және сыйақы;
міндеттемелердi кредит алушылардың мерзiмiнен бұрын пайдалану мүмкiндiгi туралы;
кредит қайтарымдылығын қамтамасыз ету;
борыштың негiзгi сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiк кезеңiнiң болуы (болмауы);
кредиттi қамтамасыз ету (кепiл түрi);
шарт талаптарын орындағаны үшін тараптардың жауапкершiлiгi;
оның талаптарын тараптар орындамаған кезде iс-әрекеттер және айыппұл мен шарттың екiншi тарабының өсiмiн есептеу ескерiледi.
Бұл ретте:
бюджеттік бағдарламаның атауы, шарт жасасудың мақсаты, ақшалай міндеттемелердің (кредиттің) мөлшерi паспортқа сәйкес көрсетіледі;
бюджеттік кредиттің мөлшері абсолюттiк шамада қалай болса, сомада да, шетелдік валютадағы баламалы анықталған сомада айқындалуы мүмкін;
кредит валютасы ұлттық валютада айқындалады;
кредит беpy нысаны төлемдердi жүзеге асыру тәсiлiне және тәртiбiне тәуелдi болады;
бюджеттiк кредиттер тiркелмеген (құбылмалы), және сыйақының тiркелген ставкасы болып берiлуi мүмкiн;
Тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджет кредитiнiң бүкiл мерзімiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы.
Өзгермелi сыйақы ставкасы - капитал рыноктарындағы конъюнктураға байланысты өзгеретiн сыйақы ставкасы;
Бюджет кредитiнiң мерзiмi бюджет кредитiн қарыз алушының шотына аударған күннен бастап есептеледi.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен кредит бойынша жоғарыда аталған шарттың талаптары жергілікті атқарушы органдардың шешімдерiмен жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен анықталады.
Мемлекеттiк мекемелердi қайта ұйымдастыру және тарату кезiнде құқық мирасқорлары Қаржы министрлiгiнiң органдарында тiркелген шартқа өзгерiстер енгiзуге өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. N 320 (бұр. ред. қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Шарттың сомасы мемлекеттiк мекеменiң қабылдаған мiндеттемелерiн және жылдың басталуынан тиісті айдағы керi қайтаруды шегерiп тастағаннан кейiн және Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесi шығыстарының бюджеттiк жіктемесінің тиiстi кодтары бойынша мемлекеттiк мекемелерге бөлiнген рұқсаттардың мөлшерінен аспауы тиiс.
Егер Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем жөнiндегi шарттың (келiсiмнiң) шеңберiнде мемлекеттiк мекеме мен тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушiлер арасындағы Шарт бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасалса, онда мiндеттемелердi тiркеу ағымдағы қаржы жылына арналған Шарт шеңберiнде мiндеттемелердiң мөлшерiне сәйкес мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттардың шегiнде жүзеге асырылады.
Егер бiр бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) орындау үшiн Шарттар бiрнеше берушiлермен жасалса, мұндай шарттардың жалпы сомасы берiлген рұқсаттардың сомасынан аспайды, оның шегiнде осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шарттар жасасуға жол беріледi.
Шарт сомасының берiлген рұқсаттардың сомасынан асып түсуi қосымша сомаға рұқсаттар беру жолымен бюджеттiк бағдарлама және кiші бағдарлама жөнiндегi мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сомалар шегiнде жол берiледi.
Қосымша сомаға рұқсаттар жылдың басынан бастап ағымдағы айға арналған тиiстi кодтар бойынша мемлекеттiк мекемеге берiлген рұқсаттарды шегере отырып, бағдарлама, кiшi бағдарлама және мемлекеттік мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сомалар шегiнде берiлуi мүмкiн.
Егер бағдарлама, кiшi бағдарлама кодтары және жылдың басынан бастап ағымдағы айға арналған тиiстi кодтар бойынша мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттарды шегере отырып, бағдарлама, кiшi бағдарлама және мемлекеттiк мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сома қосымша сомаға рұқсаттар бepyгe мүмкiндiк бepмece, онда осы Ережеде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс енгiзiледi.
92. Бiрiншi және екiншi топтардың шығыстары бойынша мемлекеттiк мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына Ақы төлеуге шот ұсынады.
93. Екiншi және үшiншi топтардың шығыстары бойынша мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) бiр және одан көп атаулары үшiн бюджет қаражатын әрбiр алушыға жеке Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiнiң әрбiр коды бойынша өтінімдi (мекеме/бағдарлама/кішi бағдарлама/ерекшелiк), сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шартты немесе Қаржы министрлiгi (жергiлiктi уәкiлеттi орган) мен несие алушы арасында жасалған шартты бередi.
Қазынашылық органдары Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен және осы ережеге сәйкес Өтiнiмдi және шартты тексередi.
94. Өтiнiмдi қалыптастыру мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудің бiрiншi сатысы болып табылады. Өтiнiмдердi нөмiрлеудi мемлекеттiк мекемелер жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 қаулысымен 95-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
95. Өтiнiмнің бiрiншi бөлiмiнде мынадай деректемелер:
мемлекеттiк мекеменiң коды;
мемлекеттiк мекеме берген Өтiнiмнің нөмiрi:
санаты:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi;
03 - аудандық (қалалық) бюджет;
05 - арнайы;
қаржыландыру көзi:
1 - үкiметтiк сыртқы заемның қаражатынан басқа, бюджеттiң есебiнен;
2 - үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен;
мемлекеттік мекеменің атауы;
шығыстардың сипаттамасы;
бюджеттiк сыныптаманың кодтары (мекеме/бағдарлама/кiшi бағдарлама) ерекшелiк);
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнiң коды, атауы және мекен-жайы;
бiр бiрлiк үшiн атауы, саны, бағасы және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) топтарының жалпы құны және Өтiнiмнiң жалпы сомасы көрсетiледi. Өтiнiмнiң жалпы сомасы жылдың басынан бастап тиiстi айға қабылданған міндеттемелер мен қайтарып алулардың сомасын шегере отырып және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы шығыстарының бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша мемлекеттiк мекемелерге берілген рұқсаттардан аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. N 320 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 96-тармақ өзгертілді
96. Өтiнiмнiң бiрiншi бөлiмiнiң "Шығыстардың сипаттамасы" алаңында Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi бекiткен экономикалық сыныптаманың құрылымына сәйкес келетiн шығындардың түрi, тауардың (жұмыстар мен қызметтердiң) шығу тегi туралы ақпарат мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес және заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес мемлекеттiк сатып алудың тәсілдерi келтiрiледi, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнің немесе бюджет қаражатын алушының ЖБК.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмдерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер мiндеттемелер қабылдаған жағдайда мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеу үшiн Өтiнiмдер қалыптастырған кезде сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмiнiң нөмiрi және күнi "Шығыстардың сипаттамасы" алаңында көрсетiледi.
97. Өтiнiмнiң "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Негiздеме-құжат" алаңында құжаттың атауы көрсетiледi, оның негiзінде төлем жүргізіледі.
Мұндай құжаттар осы Ережеде анықталған көрсеткiштердi қамтитын мемлекеттiк мекеме мен бюджет қаражатын алушы арасында жасалған шарт және осы Ережеге сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттiк мекеменiң ақы төлеуіне шоты болуы мүмкiн.
98. Өтiнiмнiң "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Төлем күнi" және "Сомасы" алаңдарында төлемнiң жоспарланған күнi мен сомасы көрсетіледi. "Сомасы" бағанындағы жалпы сома Өтiнiмнің жалпы сомасына сәйкес келуі тиіс.
99. Өтінімнің "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Өтiнiмнiң %" алаңында қажет болған кезде түпкi төлемнің сомасы көрсетiледi. Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беру туралы шарттың ережелерiне сәйкес валютамен және Өтiнiмнің жалпы сомасының пайыздарымен алдын ала төлеудiң мөлшерi көрсетiледi.
Алдын ала төлеу шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi үшiн мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
100. Yшiншi топтың қабылданған мiндеттемелерiн төлеу үшiн:
Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 процентiнен аспайтын мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi үшiн алдын ала ақы төлеуге рұқсат етiледi:
131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу",
132 "Дәрi-дәрмектердi және медициналық сипаттағы өзге де құралдарды сатып алу",
134 "Мүлiктiк керек-жарақ заттарын және басқа пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу",
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу",
139 "Өзге тауарларды сатып алу",
411 "Активтердi сатып алу",
412 "Ғимараттар мен үй-жайларды сатып алу";
138 "Yй-жайларды жалға алуға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу" және 144 "Электр энергиясы үшiн ақы төлеу",
145 "Жылу үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi үшiн алдын ала ақы төлеуге рұқсат eтiлмейдi;
145 "Жылу үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша алдын ала ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентiнен аспайтын мөлшерде отын сатып алу бөлiгiнде ғана рұқсат етiледi;
жоғарыда санамаланған тiзбеге кiрмейтiн шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентiнен аспайтын мөлшерде алдын ала ақы төлеуге рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 12.05.04 ж. N 522 қаулысымен 100-1-тармақпен толықтырылды
100-1. Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру үшiн астықты мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi астықты мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландырудың арнайы тәртiбiн белгiлеуi мүмкiн.
101. Өтiнiмге мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтерi қол қояды, олар оның дұрыс ресiмделуiне жауап бередi. Өтiнiм мемлекеттiк мекеменiң мөрiмен куәландырылады.
Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтер болмаған жағдайда бiрiншi басшының оларға мiндеттер жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлғалар қол қояды.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 қаулысымен 102-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
102. Мемлекеттiк мекеме қол қойылған және мөрмен куәландырған шартты және Өтiнiмдi Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен қазынашылықтың тиiстi органдарына берiледi. Тауарды (жұмысты, қызметтi) бiр көзден сатып алған жағдайда мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк сатып алу туралы заңға сәйкес бiр көзден сатып алуға рұқсат туралы мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органның басшысының қолымен хат бередi.
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем туралы шарт (келiсiм) шеңберiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға арналған мiндеттемелердi тiркеу кезiнде мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық органына 12-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген өтінiмдi бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 102-1-тармақпен толықтырылды
102-1. Шарт сомасын арттырған немесе азайтқан жағдайда мемлекеттiк мекеме Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына негiзгi Шартқа қосымшакелiсiмдi және берiлген рұқсаттардың шегiнде арттыру сомасына Өтiнiмдi, азайтқан жағдайда - бұрын орындалған мiндеттемелердi ескере отырып, негiзгi Шартқа азайту сомасына арналған қосымша келiсiмдi және Шарттың жаңа сомасына арналған Өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. N 320 қаулысымен 103-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
103. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 12-6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық органына ұсынатын Берушiнi (бюджет қаражатын алушыны) енгізуге арналған өтiнiмге сәйкес бюджет қаражатын берушілер мен алушылардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргiзедi.
Мемлекеттiк мекеме Берушiнi (бюджет қаражатын алушыны) енгiзуге арналған өтiнiмдi толтырудың дұрыстығына жауап бередi.
Бюджеттен түсетiн түсiмдердi салық төлеушiге қайтаруды жүзеге асыру кезiнде Берушіні (бюджет қаражатын алушыны) енгiзуге арналған өтінімді салық органы аумақтық қазынашылық органына береді.
104. Өтiнiмнен басқа мемлекеттiк мекемелер қазынашылық органдарына заем туралы шарт (келiсiм) бойынша төртiншi топтың мiндеттемелерiн тiркеу үшiн заем туралы шарттың (келiсiмнiң) ережелерiне сәйкес тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушiлерге аудару туралы қарыз шотынан көшiрме ұсынады.
105. Қазынашылық органдары Өтiнiмнiң шарттың және заем туралы шарттың (келiсiмнің) ережелерiне сәйкестiгiн тексередi.
Бұдан басқа, үшiншi топтың мiндеттемелерiн тiркеу кезiнде берушiлер туралы деректер, қазынашылық органдарында тiркелген шарттар тексерiледi. Егер берушiлер туралы деректер мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға қайшы келсе, Хабарлама (Тапсырыс) тiркелмейдi және бұл туралы мемлекеттiк мекемеге хабарланады.
106. Қаржы министрлiгi және оның аумақтық органдары Өтiнiмнiң дұрыс жасалғандығын тексередi және олар осы ережеде көзделген шарттарға сәйкес келген кезде Өтiнiмдi орындауға қабылдайды.