1) осы Заң немесе лицензия беру ережелерi бұзылғанда;
2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы көлемдерiн декларациялаудың белгiленген тәртiбi бұзылғанда;
3) лицензиардың өзiнiң құзыретiнiң шегiндегi талаптары орындалмағанда;
4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн осы Заңның 7-бабында белгiленген талаптарды бұза отырып өндiргенде;
5) стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiргенде немесе өткiзгенде;
6) лицензиарға мәлiметтердi беруден бас тартқанда немесе бұрыс ақпаратты бергенде;
7) акциз төлемдерiн үнемi төлемегенде;
8) алкоголь өнiмiн таңбалау ережелерi бұзылғанда;
9) лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіргенде, алкоголь өнiмiн сақтағанда, көтерме және бөлшек саудада өткiзгенде;
10) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсi көлемi мен айналымы жөнiндегi декларацияларды бұрмаласа және (немесе) белгiленген мерзiмдерде табыс етпесе;
11) лицензиат дәрменсiз болғанда;
12) этил спиртiн өткiзу алкоголь өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудамен өткiзу тәртiбiн бұзғанда;
13) шыққан жері белгiсiз алкоголь өнiмі саудада бар екені анықталса;
14) осы Заңның 15-бабының 6-тармағы көзделген қызмет түрлерiне лицензиясы жоқ тұлғалардан этил спирті мен алкоголь өнiмiн сатып алғанда алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұру себебiн көрсете отырып тоқтата тұруға құқылы.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жолсыздықты құжаттамамен растау арқылы жүргiзiледi.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенi қарау лицензиаттың қатысуымен жүргiзiледi.
4. Лицензиат келмеген жағдайда оған хабардар етілгеннен кейін, лицензияның қолданылуын тоқтата түру туралы шешiмдi лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
5. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылғаннан кейін лицензиар лицензия күшiн қайтадан қалпына келтiредi.
6. Лицензиат лицензияны тоқтата тұру жөнiндегi заңсыз әрекетке осы Заңға сәйкес сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
ҚР 10.03.04 ж. N 534-11 Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Лицензияны қайтарып алу
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткiзуге, этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортына арналған лицензиялар:
1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
2) лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға сот тыйым салған;
3) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұруына себепшi болған жәйттер жойылмаған; 4) лицензиат бір жыл iшiнде бұрын лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылып алынуы мүмкiн.
2. Қайтарып алынған жағдайда жаңа лицензия қайтарып алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң қайтадан берiлуi мүмкiн.
3. Сот шешiмiмен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы хабарландыруды алған соң қызметтің лицензияланатын түрiн жүзеге асыру, лицензиялық тәртiп белгiленген қызметтi лицензиясыз жүзеге асыру кезiнде осы Заңда басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 10.03.04 ж. N 534-11 Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнімi өндiрiлуiнiң және айналымының ережелерi мен шарттарын бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк
1. Белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн және (немесе) шыққан жерi анықталмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелiнген этил спиртi мен алкоголь өнiмi сот тәртiбiмен тәркiленуге жатады.
2. Тағамдық емес спирттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелiнген этил спиртiнен және (немесе) белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтін және (немесе) шыққан жері анықталмаған алкоголь өнiмiн өндiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған кiрiс тиiстi бюджетке алынуға жатады.
4. Лицензиясыз қызметтiң объектiсi болып табылатын этил спиртi мен алкоголь өнiмi сот тәртiбiмен тәркiленуге жатады.
5. Мемлекет меншiгiне өткен этил спиртi мен алкоголь өнiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ережелерге сәйкес пайдаланылады немесе жойылады.
Қазақстан Республикасының