Қазақстан Республикасының Үкiметi мен орталық атқарушы органдарының облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң шығыстарын көбейтетiн нормативтiк құқықтық актiлерi келесi қаржы жылынан ерте күшiне енбейтiндей болып белгiлене отырып қабылданады.
3-1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға жергiлiктi атқарушы органдар үшiн кез келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.
Жергiлiктi атқарушы органдарға үшiншi бiр тұлғалар үшiн кез-келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады.
4. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк мекеменi жергiлiктi бюджеттердiң әртүрлi деңгейлерiнен ұстауға жол берiлмейдi.
5. Бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қойылмауға тиіс.
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі борышын өтеуге пайдаланылуы мүмкін.
Ағымдағы қаржы жылында жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу жөніндегі міндеттемелер болмаған жағдайда, бюджет қаражаттарының қалдықтары мәслихаттың жергілікті бюджетті нақтылау туралы шешімі негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін.
6. Мәслихаттың әкімшілік-аумақтық бөліністерді басқару схемасын өзгерту туралы шешімі қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органның бюджеттің атқарылуы барысында мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімімен бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша сомалар шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесіне өзгерістер енгізуге құқығы бар.
ҚР 29.11.99 ж. N 487-1; 06.12.01 ж. N 261-II Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Бюджет шығыстарын өзгерту тәртібі
Бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен асып кеткен не оны атқару барысында кірісті көздерден алынатын түсімдер төмендеп кеткен жағдайда, бюджет шығыстарын, бірақ бекітілген соманың 10 процентінен аспайтын, қысқарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 проценттен жоғарысы республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың тиісті шешімдеріне өзгерістер енгізу жолымен қабылданады.
Секвестрлеуге жатпайтын бағдарламалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкілетті органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджет туралы заңда және шешімдерде анықтайды.
27-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын төтенше бюджеті енгізілуі мүмкін. Төтенше бюджет қолданылған уақытта республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджеттер туралы шешімдердің күші тоқтатылады.
Төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуі немесе ғаламдық таралу сипаты бар, табиғи және техногендік тұрғыдағы төтенше оқиғалардың нәтижесінде экономикаға келтірілген елеулі экономикалық және қаржылық зиян төтенше бюджеттік енгізуге негіз болып табылады.
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1; 15.01.01 ж. N 140-II; 31.10.02 ж. N 351-II Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Қаржылық рәсімдер және бюджеттердің атқарылуын есепке алу
1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есеп беру (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Қаржы жылы ішінде бюджет қаражатын бөлу, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарын ашу және жабу тәртібін бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілейді.
2-1. Мемлекеттiк мекемелердiң тек қана бюджеттiк шоттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда басқа да шоттары болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк мекемелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде ғана шот ашады.
3. Есепті кезең ішінде есептік қаржы жылының бюджетін атқару шегіндегі операциялар аяқталады.
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1; 15.01.01 ж. N 140-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 06.12.01 ж. N 261-II; 31.10.02 ж. N 351-II Заңдарымен 29-бап өзгертілді және толықтырылды
29-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп беру
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге берiлген есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп республикалық бюджеттiң есептi жылға арналып бекiтiлген құрылымы бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызмет туралы және мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы ақпаратты енгізе отырып табыс етiледi.
Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша республикалық бюджеттiң кiшi бағдарламалар деңгейiнде атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей жергілiктi өкiлдi органдарға түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге есептi қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп жергiлiктi бюджеттiң есептi жылға арналып бекiтiлген құрылымы бойынша табыс етiледi. Аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары облыстың жергiлiктi атқарушы органына есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша тиiстi бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша облыстың, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi.
Жергілікті бюджеттердің (облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, облыстық бюджеттердің, қалалар, аудандар бюджеттерінің) атқарылуы туралы айлық және жылдық есептер тиісті жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару көлемдері туралы және мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуымен жұмсауы туралы ақпаратты қамтиды.
3. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша мемлекеттiк, республикалық бюджеттердің және облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң атқарылуы туралы айлық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiне табыс етедi.
3-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қбюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе тиісті жергілікті уәкілетті органға мынадай есептерді:
1) ай сайын:
мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін басқа да есептерді;
2) тоқсан сайын:
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың барысы туралы;
3) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей:
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;
мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген басқа да есептерді табыс етеді.
3-2. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе жергілікті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты тиісті бюджеттік комиссияға табыс етеді.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мекемелер бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасауы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерін басшылыққа алуға мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң атқарылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайынғы есептердi жариялап отырады.
6-тарау. Бюджеттердің атқарылуын бақылау
ҚР 26.07.99 ж. N 463-1; 15.01.01 ж. N 140-II; 06.12.01 ж. N 261-II; 31.10.02 ж. N 351-II Заңдарымен 30-бап өзгертілді және толықтырылды
30-бап. Бюджеттердің атқарылуын бақылау
1. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады.
2-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының дұрыс жасалуы мен бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
3. Жергілікті бюджеттердің әзірлену мен атқарылуын бақылауды тиісті деңгейдегі өкілді органдардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары тиісті жергілікті атқарушы және өкілді органдарға міндеттерді түрде хабарлай отырып жүзеге асырады.
3-1. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына ревизия және тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімділігін бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар белгілейді.
7-тарау. Бюджет заңының бұзылғаны үшін
жауапкершілік
31-бап. Бюджет заңының бұзылғаны үшін жауапкершілік
Бюджет заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылыққа апарып соқтырады.
32-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының