5. Жер қойнауын мемлекеттiк сараптауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен арнаулы уәкiлдi атқарушы орган жүргiзедi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 58-бап өзгертілді
58-бап. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы
1. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті орган Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасының жай-күйiн есепке алу мақсатында жүргiзедi.
2. Пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансында Коммерциялық жолымен табылған, пайдалы қазбалардың әр түрiнiң қорының мөлшерi, сапасы мен зерделену дәрежесi, олардың орналасуы, өндiрiстiк игерiлу дәрежесi, өндiру, ысырабы мен өнеркәсiптiң пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтер болуы қажет.
3. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк балансқа енгiзу және оларды мемлекеттiк баланстан шығару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I ; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 59-бап өзгертілді
59-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастры
1. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті орган жер қойнауын геологиялық зерттеудiң республикалық және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеудi, кен орнын кешендi пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да мiндеттердi шешу мақсатында жүргiзедi.
2. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс - белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастры әрбiр кен орны бойынша негiзгi және онымен бiрге жатқан басқа пайдалы қазбалардың саны мен сапасы және олардағы компоненттердiң мөлшерi мен сапасы, кен орнын игерудiң тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық, тағы басқа жай-күйi мен оны геологиялық-экономикалық бағалау, сондай-ақ пайдалы қазбалардың анықталған көрiнiс-белгiлерi туралы мәлiметтерден құралады.
3. Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I ; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 60-бап өзгертілді
60-бап. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры
1. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті орган жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi.
2. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастры мөлшерi мен сандық көрсеткiштерi көрсетiлген көмiлген заттар мен ағын сулардың типтерi мен түрлерiн сипаттайтын мәлiметтер, көму мен ағызудың тау-кен техникалық, арнаулы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жай-күйi туралы мәлiметтердi қамтиды.
3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен қалдық суларды ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 61-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
61-бап. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры
1. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
2. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастры сақтаудың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, тау-кен техникалық және экологиялық жай-күйi көрсетiлген техногендiк минералдық түзiлiмдердiң типi мен түрлерiн сипаттайтын үйме объектi туралы мәлiметтердi қамтиды.
3. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
9-Тарау
Құқықтық шарттар
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 62-бап өзгертілді
62-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
Жер қойнауын пайдаланушының мыналарға құқығы бар:
1) өзiне берiлген контракт аумағы шегiнде контрактыда бекiтiлген шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланудың кез келген заңды әрекеттерiн өз еркiмен жүргiзу;
2) контрактыда басқа жағдай ескерiлмеген болса, өзiнiң әрекетiнiң нәтижелерiн, соның iшiнде минералдық шикiзатты өз қалауынша пайдалану;
3) контракт аумағында, қажет болған жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушыға белгiленген тәртiп бойынша бөлiнiп берiлген басқа жер учаскелерiнде, жұмысты жүргiзуге қажет өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлер салуға, сондай-ақ контракт аумағы шегiнде және одан тыс аумақтарда жалпы пайдаланатын коммуникациялар және объектiлердi келiсу арқылы пайдалану;
4) осы Заңның 43-бабына сәйкес белгiленген контракт күшiнiң мерзiмiн ұзарту туралы келiссөздi бiрiншi кезекте жүзеге асыру;
5) жер қойнауын пайдалану операцияларымен байланысты жекелеген жұмыс түрлерiн жүргiзу үшiн мердiгерлердi тарту;
6) осы Заңмен белгiленген шарттарды сақтай отырып, өз құқығын немесе оның бөлiгiн басқа тұлғаларға беру;
7) осы Заңда және контрактыда белгiленген шарттарға сәйкес өз қызметiн тоқтату;
8) 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 63-бап өзгертілді
63-бап. Жер қойнауын пайдаланушының мiндеттерi
1. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжiрибесiне негiзделген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;
2) контракт аумағын тек қана контрактыда көзделген мақсаттарға пайдалануға;
3) егер контрактіде басқа мерзiм көрсетiлмесе, контракт тiркелген күннен бастап барлау немесе өндiру жұмыстарын жүргiзудi бастауға;
4) жер қойнауын пайдалану операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзуге;
5) қызметкерлердiң және халықтың денсаулығы мен өмiрiнiң қауiпсiздiгiн, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келiсiлген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң технологиялық схемалары мен жобаларын сақтауға;
6) контракт аумағы шегiнде басқа адамдардың еркiн жүруiне, ортақ пайдаланылатын коммуникациялар мен объектiлердi пайдалану немесе, егер жер қойнауын пайдалану операциясына кедергi келтiрмесе және олар қауiпсiздiктiң ерекше жағдайларымен байланысты болмаса, онда жұмыстың барлық түрлерiн, соның iшiнде табиғи ресурстардың басқа түрлерiн барлауға және өндiруге кедергi жасамауға;
7) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
8) егер осы көрсетiлетiн қызметтер, Қазақстан Республикасының резидент еместерi орындайтын бiртектес жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темiр жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге қазақстандық ұйымдарды мiндеттi түрде тартуға;
8-1) 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзгенде қазақстандық мамандарға басымдық беруге;
9-1) келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру iсiн келiсiм-шартқа сәйкес жүзеге асыруға;
10) құзыреттi органға жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпарат ұсынуға;
11) Қазақстан Республикасының бақылау органдарына олардың қызметтiк функцияларын атқару кезiнде қажет құжаттарды, мәлiметтердi кедергiсiз беру мен жұмыс орындарына өтуге мүмкiндiк жасауға және олар айқындаған кемшiлiктердi уақтылы жоюға;
12) контракт аумағындағы жұмыс нәтижесiнде алынған геологиялық есептердi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органға беруге;
13) салықтарды, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды және өзге мiндеттi төлемдердi уақытылы төлеуге;
13-1) құзыреттi органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
14) қажет болған жағдайда, операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшiншi бiреуге, егер контрактыда өзгеше белгiленбесе, қатысушы жақтардың ортақ келiсiмi арқылы ғана беруге;
15) мәдени-тарихи маңызды объектiлердi сақтауға;
16) жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу әсерiнен бүлiнген жер учаскелерiн және басқа табиғи объектiлердi заңдарға сәйкес оны әрi қарай пайдалануға жарамды қалыпқа келтiруге ;
17) өз қызметiнiң экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
18) қоршаған ортаға зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.
2. Контрактыда жер қойнауын пайдаланушының заңдарға қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 63-1-баппен толықтырылды
63-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және
көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу
1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрi қолданылып:
1) ашық немесе жабық конкурс;
2) бәсекелес орта болмаған кезде бiр көзден;
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен конкурссыз негiзде жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың негiзгi тәсiлi конкурс болып табылады. Ашық және жабық конкурстар екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып өткiзiлуi мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың ережелерiн;
тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді конкурссыз негiзде жүзеге асырылатын сатып алудың ең жоғарғы мөлшерiн белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушылар конкурстарды Қазақстан Республикасының аумағында өткiзуге мiндеттi. Жекелеген жағдайларда құзыреттi органмен келiсе отырып, конкурс Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өткiзiлуi мүмкiн.
5. Конкурсты ұйымдастырушы басқа да тең жағдайлар болғанда қазақстандық өндiрушiлерге басымдық беруге тиiс.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 63-2-баппен толықтырылды
63-2-бап. Қазақстандық өндiрушiлердi қолдау
1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде мердiгер тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда, осы Заңның талаптарына сәйкес оларды қазақстандық өндiрушiлерден сатып алуға мiндеттi.
2. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң қазақстандық өндiрушiлерi болған кезде конкурс өткiзуге бiрыңғай шетелдiк ұйымдарды тартуға жол берiлмейдi.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңiмпазын анықтаған кезде тауарлары, жұмыстары және көрсететiн қызметтерi конкурстың талаптарына және белгiленген стандарттарға сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық өндiрушiлердiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасын шартты түрде жиырма процентке азайтады.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 63-3-баппен толықтырылды
63-3-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн
өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды
дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге
объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану
жөнiндегi мiндеттемелердi iске асыру
Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi жер қойнауын пайдаланушының iске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың және ұсынылған объектiлердi инвестициялауға арналған қосымша шарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушының аталған мiндеттемелердi орындауға байланысты шығындары өндiрiлген мұнайдан алынған өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыға өтелмейдi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 64-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
64-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзудiң шарттары
1. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру және пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауын пайдалану бекiтiлген техникалық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Барлауды жүзеге асыратын мердiгердiң кен орнының қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзуге, егер бұл келiсiм-шартта және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.
3. Барлау, өндiру не бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың жылдық бағдарламасын жыл сайын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен, егер келiсiм-шартта мұндай келiсiм үшiн өзгеше мерзiм белгiленбесе, бiрiншi жылы - келiсiм-шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 30-нан кешiктiрмей, ал одан кейiнгi жылдары жоспар жасалып отырған жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей келiсуге мiндеттi.
Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi мердiгердiң техникалық жобаның шешiмдерiн және кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн қолдану жөнiндегi мiндеттемелердi сақтамауынан басқа ешқандай өзге негiздер бойынша жылдық жұмыс бағдарламасымен келiспеуге құқылы емес. Жылдық жұмыс бағдарламасын қарау және келiсу мерзiмi жетi күннен аспауға тиiс.
4. Жер қойнауын пайдаланушы жылдық бағдарламаны жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қайта қарауы мүмкiн.
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептердi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен табыс етуге мiндеттi.
6. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган құзыреттi органға осындай бағдарламалар мен есептер бекiтiлген кезден бастап екi апта мерзiмде жұмыстардың жылдық бағдарламаларын келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн табыс етедi.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды
64-1-бап. Коммерциялық табу
1. Барлауға арналған келiсiм-шарттың негiзiнде жұмыс жүргiзген және коммерциялық табуды жасаған жер қойнауын пайдаланушының тiкелей келiссөздер жүргiзу негiзiнде өндiруге құқық алуға айрықша құқығы бар.
2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау нәтижесiнде кен орнын (кен орындарын) тапқан жағдайда бұл туралы құзыреттi органды хабардар етуге, кен орнына бағалау жүргiзуге және ол коммерциялық табу болып табыла ма, соған қорытынды жасауға мiндеттi. Табу туралы хабардар ету мерзiмдерi, бағалау, коммерциялық табудың бар екендiгi туралы шешiм қабылдауды талқылау рәсiмi келiсiм-шартпен айқындалады.
3. Коммерциялық табу кезiнде жер қойнауын пайдаланушыға келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес шығындарды толық немесе iшiнара өтеу құқығы берiледi. Бұл ретте негiзсiз ұлғайтылған сипаттағы немесе кен орындарын ашудың оң тәжiрибесiмен сай келмейтiн немесе жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгi, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласында мемлекет белгiлеген ережелер мен нормаларды бұзуымен байланысты не олардың Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келiсiм-шартта жүктелген өзге де мiндеттердi бұзуымен байланысты шеккен шығындарын өтеуге жол берiлмейдi.
4. Егер барлау нәтижесiнде коммерциялық табу болмаса, жер қойнауын пайдаланушының салынған қаржыларының өтеуiн алуға құқығы жоқ.
65-бап. Кен орнын бiрлесiп игеру
1. Кен орнын бiрлесiп игеру, бiр кен орнының әр бөлiктерiндегi жер қойнауын пайдаланушылардың өндiру операцияларын үйлестiру болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушылар кен орнын бiрлесiп игеру жөнiнде өзара жазбаша келiсiм жасауларына болады. Бұл келiсiм құзыреттi органмен келiсiлуге тиiс.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану
жөнiндегi операцияларды жүргiзудi тоқтату немесе
тоқтата тұру кезiндегi мiндеттерi
1. Жер қойнауын пайдалану операцияларын тоқтату немесе уақытша тоқтата тұру кезiнде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндiрiстiк объектiлерi және жер учаскелерi тұрғындардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жағдайға келтiрiлуi қажет. Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудi уақытша тоқтатқан кезде, тоқтатылған мерзiмнiң барлық уақытында кен орнының сақталуын қамтамасыз ету үшiн, кен орны консервациялануға тиiс. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң салдарлары жойылуға тиiс.
2. Барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтатқанда немесе барлауды және (немесе) өндiрудi тоқтата тұрғанда, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуда және (немесе) пайдалануда, жұмыс аяқталған кездегi геологиялық және өзге құжаттар, осы Заңның 69-бабында белгiленген тәртiппен сақталуға өткiзiледi.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
67-бап. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алу құқығы
Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын әлемдiк нарық бағасынан аспайтын бағамен бiрiншi кезекте сатып алуға құқығы бар. Сатылып алынатын пайдалы қазбалардың шектi мөлшерi, олардың бағасы мен төлем түрлерiн анықтау тәртiбi контрактыда ескерiледi.
2. 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
68-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау
1. Соғыс, табиғи апат кезiнде немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жер қойнауын пайдаланушыға тән пайдалы қазбалардың барлығын немесе бiр бөлiгiн реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Республика мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше жағдайдың барлық мерзiмiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Пайдалы қазбаларды реквизициялау жер қойнауын пайдаланушылардың меншiк түрiне және мемлекеттiк тиесiлiгiне қарамастан, олардың әрқайсысында жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы, реквизицияланған пайдалы қазбалардың өтемақысын заттай немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға еркiн айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға ұлттық валютамен, ревизициялау күнiндегi әлемдiк нарық бағасымен төлейдi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I ; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа иелiк құқығы
1. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қор мөлшерi, игеру жағдайлары, сондай-ақ геологиялық есептердегi, карталардағы және басқа материалдардағы жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпараттар, егер олар Республикалық бюджеттiң қаржыландыруы арқылы алынса - ол мемлекеттiк меншiкте, егер бұл мәлiметтер жер қойнауын пайдаланушының жеке қаржысына алынса - жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болып табылады.
1-1. Осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiндегi операцияларды жүргiзу барысында алынған ақпарат, қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттiң меншiгi болып табылады және жұмыстарды жүргiзу аяқталған соң орындаушы оны жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға беруге тиiс.
2. Қаржыландыру көздерiне қарамай жер қойнауы жайындағы геологиялық және өзге ақпараттар мiндеттi түрде белгiленген стандартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкілетті органға сақтауға, жүйелеуге және жинақтап қорытындылауға өтеусiз тапсырылады.
3. Мемлекет меншiгiндегi жер қойнауы жайындағы геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және басқа мақсаттарға пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушының қаржысына алынған, осы баптың 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi өкiлеттi органға табыс етiлген геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және өзге мақсаттарда пайдалану тәртiбi мәлiмет иесi мен жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi өкiлеттi орган арасындағы келiсiмiнен анықталады.
Осы келiсiммен барлық геологиялық ақпараттардың немесе оның бөлiгiнiң құпиялық мерзiмi, сондай-ақ контрактының қолданылу кезiнде геологиялық ақпараттарды жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнен Қазақстан Республикасының меншiгiне беру шарттары және мүмкiндiктерi анықталады.
5. Контрактының күшi тоқтатылған кезде, барлық геологиялық ақпараттар мемлекет меншiгiне көшедi. Жер қойнауын пайдаланушы, Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi өкiлеттi органға барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттардың өзге де материалдық сақтаушыларын өтеусiз тапсыруға мiндеттi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I ; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Жер қойнауын пайдаланушының контракт шарттарын сақтауын бақылау
Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт талаптарын сақтауын, соның iшiнде жұмыс бағдарламасын орындауын бақылауды жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыреттi орган мұндай бұзушылықты жою қажеттiгін жазбаша хабарламамен көрсете алады.
Ескерту талаптары белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда, құзыреттi орган осы Заңның 45-2-бабына сәйкес контрактыны бұзуға құқылы.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 70-1-баппен толықтырылды
70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн мемлекеттiк
органдар тарапынан бақылау мен қадағалау
Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн бақылау мен қадағалауды құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органнан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының кепiлдiктерi
Жер қойнауын пайдаланушыға заңдарға сәйкес оның құқықтарын қорғау кепiлдiгi берiледi. Жер қойнауын пайдаланушының жағдайын нашарлататын заңдарға енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар осы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жасалған келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабілетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
Ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiздерiн сақтау және нығайту үшiн жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келiсiм-шарттарда мемлекеттiң келiсiм-шарттың басқа тарапының немесе жер қойнауын пайдалануға құқығы бар заңды тұлға қатысушыларының және басқа тұлғалардың алдында жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) басқа сатып алушылар ұсынғаннан нашар болмайтын шарттармен сатып алуға басым құқығы бар.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 71-1-баппен толықтырылды
71-1-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы заңдарын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 71-2-баппен толықтырылды
71-2-бап. Дауларды шешу
1. Келiсiм-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не келiсiм-шартта бұрын келiсiлген дауларды шешу рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер келiсiм-шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмейтiн болса, онда тараптар дауларды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес сотқа;