"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"
1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР 11.05.99 ж. N 381-1; 11.08.99 ж. N 467-1; 16.05.03 ж. N 416-II;
01.12.04 ж. N 2-III Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР 01.12.04 ж. N 2-III Заңымен актiнiң нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1-Тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-Тарау. Атқарушы органдардың жер қойнауын (7 - 9 баптар)
пайдалану саласындағы құзыретi
3-Тарау. жер қойнауын пайдалану құқығы (10 - 20 баптар)
4-1-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге (41-1 - 41-7 баптар)
арналған конкурс
5-Тарау. Барлау мен өндiруге контрактылар (42 - 46 баптар)
6-Тарау. жер қойнауын және айналадағы табиғи (47 - 43 баптар)
ортаны қорғау
7-Тарау. Халықтың және қызметкерлердiң қауiпсiздiгi (54 - бап)
8-Тарау. жер қойнауының мемлекеттiк қоры (55 - 61 баптар)
9-Тарау. Құқықтық шарттар (62 - 71 баптар)
10-Тарау. Өтпелi және Қорытынды ережелер (72 - 76 баптар)
ҚР 01.12.04 ж. N 2-III Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр.ред. қара)
1-Тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I; 16.05.03 ж. N 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдаланудың қауiпсiздiгi - жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзген кезде техникалық, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
2) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi. Жағалау жиегiнiң нақты орналасу орнын белгiлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды;
3) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген өнiмдi әлемдiк нарыққа ықпалдастыру мақсатында қолданылатын жаңа және жетiлдiрiлген өнiм мен барынша экологиялық таза технология ретiнде сатуға шығарылған техника мен технологиялық процестердегi жалпы жұрт мойындаған жаңа жетiстiктер;
4) геологиялық бөлу - жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргiзуге құқылы жер қойнауының учаскесiн схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын келiсiм-шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын барлауға, бiрлескен барлау мен өндiруге жасалатын келiсiм-шартқа қосымша;
5) тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi сатып алудың жылдық бағдарламасы - тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң, оның iшiнде Қазақстанда шығарылғандарының, жер қойнауын пайдаланушы жоспарлайтын номенклатурасы мен көлемi және оларды иемденiп алудың тәсiлдерi мен мерзiмдерi;
6) жұмыстың жылдық бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының күнтiзбелiк жылға арналған барлау, өндiру жөнiндегi тау-кен жұмысының көлемi мен даму бағытын қамтитын iс-әрекеттерiнiң жоспары және қаржылық шығындары;
7) тау-кендiк бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндiрудi, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзуге құқығы бар жер қойнауы учаскесiн графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге жасалатын келiсiм-шарттардың ажырамас бөлiгi не сервитут ресiмделген жағдайда дербес құжат болып табылатын құжат;
8) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингiне, жер қойнауы учаскелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жекелеген бөлiктерiнiң және тұтастай бүкiл аумағының геологиялық құрылымын зерттеуге, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын iздестiру және iздестiру-бағалау жұмыстарын жүргiзу арқылы анықтауға, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негiзiн құрайтын мемлекеттiк геологиялық карталар жасауға байланысты жұмыстар (операциялар);
9) өндiру - минералдық шикiзатты уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетiне шығаруға, сондай-ақ техногендi минералдық түзiлiмдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкiл кешенi;
10) кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру - кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтаждары үшiн өндiруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндiру;
11) кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өз мұқтаждары үшiн өндiру - өндiрiлген кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсiз, жеке меншiктегi, не тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнде жүзеге асырылатын өндiру;
12) теңiздi ластау - адамдардың денсаулығына, теңiздiң жанды ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не зиян келтiруге қабiлеттi, теңiзде не оның жағалауында заңды жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын немесе залал келтiретiн не залал келтiруге қабiлеттi материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстiң теңiз аясына келiп түсуi, сондай-ақ сәулелер мен өрiстердiң алуан үлгiлерiнiң пайда болуы;
13) қазақстандық өндiрушi - Қазақстанда шығатын тауарларды өндiретiн, жұмыстарды орындайтын және қызметтердi көрсететiн Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
14) қазақстандық шығарылым (Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы тiкелей өндiрiсi (орындалуы);
15) қазақстандық мазмұн - жылдары бойынша:
қазақстандық кадрларды мiндеттi оқыту бағдарламаларын және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды iске асыру шаралары бойынша жыл сайын саны азаюға тиiс шетелдiк қызметкерге шаққандағы арақатынасында әрбiр санат бойынша жеке проценттiк мазмұнын көрсете отырып, қызметкер санаты бойынша бөлiп, қазақстандық кадрлар келiсiм-шартты орындаған кезде қолданылған;
тiкелей де, қосалқы мердiгерлiк шарттарды жасасу арқылы да иемденiп алынған Қазақстанда шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн қайта бөлу мүмкiндiгi бар проценттiк мазмұн;
16) коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағында өндiру үшiн экономикалық жарамды бiр немесе бiрнеше кен орындарын табу;
17) құзыреттi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және келiсiм-шарттар жасау мен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет жасайтын мемлекеттiк орган;
18) келiсiм-шарт - құзыреттi орган мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге не барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiм-шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыста болған заң актiлерiне сәйкес жасалған шарт;
19) келiсiм-шарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзуге құқылы, геологиялық не тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;
20) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың салдарын жою үшiн жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
21) кен орны - пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) табиғи шоғырланған жер қойнауының бөлiгi;
22) минералдық шикiзат - жер қойнауының (тау жынысы, кен шикiзаты және басқалар) жер үстiне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлiгi;
23) модельдiк келiсiм-шарт - келiсiм-шарттардың жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жекелеген операцияларды жүргiзу көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн және келiсiм-шарттар жасау кезiнде үлгi ретiнде пайдаланылатын типтiк келiсiм-шарт;
24) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - өзiнiң жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгiлi бiр саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған заңды тұлға;
25) жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болса - жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң және басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке созылған жер қыртысының бөлiгi;
26) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу құқығын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
27) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйiнде немесе сәл өңделiп, тазартылғаннан кейiн негiзiнен жергiлiктi шаруашылық мұқтаждарын қамтамасыз етуге жұмсалатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық тас және басқалар);
28) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар - жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге, барлауға және өндiруге, соның iшiнде жер асты суларын, шипалы балшықты барлауға және өндiруге, жер қойнауын қалдық суларды ағызу үшiн барлауға байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес, жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;
29) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауының ластануын болғызбауға, пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде оларды неғұрлым толық әрi кешендi түрде алуға, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi;
30) минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсiбi қызметiнiң өндiрiлген жерiнде жинауды, ұсатуды немесе үгiтудi, жiктеудi (сорттауды), брикеттеудi, агломерациялауды және физикалық-химиялық әдiстермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйiн, кристаллдық-химиялық құрылымын айтарлықтай өзгертпестен) қамтитын, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндiру жөнiндегi жұмыстардың (жер асты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық ерiту, ұсақ тау-кен жынысты кен орнын ұсақтап және гидравликалық жолмен игеру) арнайы түрлерi болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкiн түрi;
31) минералдық шикiзатты өңдеу - минералдық шикiзаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөлiп алуға байланысты жұмыстар;
32) жер асты сулары - жер қойнауында жатқан және осы Заңға сәйкес пайдаланылатын пайдалы қазба;
33) мердiгер - құзыреттi органмен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге келiсiм-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
34) iздестiру жұмыстары - пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерi мен кендiк нышандарын табу және сұлбасын жасау, болжамдық ресурстарын бағалау, оларға алдын ала геологиялық-экономикалық баға берiп, геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрi негiздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
35) iздестiру-бағалау жұмыстары - табылған объектiнiң жалпы ресурстарын анықтау, олардың өнеркәсiптiк маңызын бағалау және әзiрлеуге тартудың орындылығы мен қажеттiлiгiн техникалық-экономикалық негiздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;
36) пайдалы қазба - жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ күйiнде кездесетiн (соның iшiнде шипалы балшық) материалдық өндiрiсте қолдануға жарамды табиғи минералдық түзiлiм;
37) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесi - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде қолданылатын ұтымды, қауiпсiз, қажеттi және экономикалық тиiмдi деп саналатын жалпы қабылданған халықаралық iс-тәжiрибе;
38) жер қойнауын пайдалану құқығы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берiлген келiсiм-шарт аумағы шегiндегi жер қойнауына иелiк ету және оны пайдалану құқығы;
39) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңiз жағалауы жиегiнен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;
40) жұмыстар - тауарларды шығару (өндiру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, келiсiм-шартта көзделген қызмет үшiн де iлеспе ретiндегi өзге де қажеттi объектiлердi салу жөнiндегi қызметтi ақылы негiзде жүзеге асыру;
41) жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңның 41-5-бабының 5-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныстардың шарттарын iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қоса алғанда, келiсiм-шарт күшiнiң толық мерзiмiне арнаған жоспарларының жиынтығы;
42) барлау - пайдалы қазбалардың кен орындарын iздестiруге және оларды бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар);
43) пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалану - кен орнын игерудiң озық технологияларын пайдалану мен оң iс-тәжiрибесi негiзiнде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерiн экономикалық тұрғыдан тиiмдi игеру;
44) сервитут - жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда көзделген жағдайларда барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес барлау, өндiру, бiрлескен барлау жүргiзу және өндiру, не жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн басқа тұлғаларға берiлген жер қойнауы учаскесiнiң бiр бөлiгiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығы;
45) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру - мұнай мен газды сақтау үшiн жер асты құрылыстарын, сондай-ақ радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды және қалдық суларды көму үшiн жер асты инженерлiк құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;
46) техногендiк су - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қалауы бойынша билiк етуге құқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде технологиялық процестердi өткiзу үшiн мүлде жойылуы қажет су;
47) техногендiк минералдық түзiлiмдер - жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен өндiру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлi өндiрiстерiнiң қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттерi бар минералдық түзiлiмдердiң, кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың шоғыры;
48) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, келiсiм-шартта iлеспе ретiнде көзделген қызметтер үшiн де сатып алынатын жабдық, дайын өнiм және өзге де материалдық-техникалық құндылықтар;
49) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қойнауын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
50) қызметтер көрсету - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндiруге) бағытталмаған, келiсiм-шартта iлеспе ретiнде көзделген қызметтер үшiн де қажет қызметтердi ақылы негiзде жүзеге асыру;
51) жер қойнауы учаскесi - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тұйықталған шекараларда бөлiп көрсетiлетiн жер қойнауының геометрияланған бөлiгi;
52) экологиялық қауiпсiздiк - қоршаған ортаға антропогендiк және өзге де әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерi мен құқықтары қорғалуының жай-күйi.
2-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың мiндеттерi
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жайындағы заңдардың мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мүдделерiн және оның табиғи ресурстарын қорғау, Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерiн қорғау, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарының бiрдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргiзудi реттеу болып табылады.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
3-бап. Жер қойнауын және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:
1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3) республикалық және аймақтық мүдделердiң үйлесуiн қамтамасыз ету;
4) минералдық шикiзат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жариялы түрде жүргiзу;
6) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7) жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
4-бап. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдар
1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзгенде пайда болатын қатынастар осы Заңмен және соған сәйкес қабылданған басқа нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
пайдалы қазбалар мен техногендiк минералды түзiлiмдердiң кейбiр түрлерiне қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге байланысты ерекшелiктер, пайдалы қазбалардың осы түрлерi туралы және техногендiк минералды түзiлiмдер туралы заң актiлерiмен айқындалады.
2. Жер, су (жерасты және шипалы балшықтан басқа), орман, өсiмдiк және жануарлар әлемiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар арнайы заңдармен реттеледi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты азаматтық құқықтық қатынастар осы Заң нормаларымен реттелмеген болса, азаматтық заңдар нормаларымен реттеледi.
4. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк азаматтар және заңды тұлғалар; сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жер қойнауын пайдалану жөнiнде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтармен пайдаланады және мiндеттер атқарады.
5. Осы Заң белгiленген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары Үкiметтiң, орталық әрi жергiлiктi атқарушы органдардың және мәслихаттардың актiлерiмен шектелмейдi. Мұндай актiлердiң заң күшi болмайды және орындалуға жатпайды.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға , техногендiк минералдық түзiлiмдерге, техногендiк суларға және минералды шикiзатқа меншiк құқығы
1. Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншiгi болып табылады.
2. Егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикiзат меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен).
3. Техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзілімдерді игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауын пайдаланушыдан техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығын алған үшiншi тұлға кен орнын игеру кезiнде салық төленбеген пайдалы қазбалардың қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзуге және құзыреттi органмен оны өндiруге келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi.
4. Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға иелiк ету құқығы контрактыда айқындалады;
5. Минералды шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер мен техногендiк сулар немесе пайдалы қазбалар меншiк құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелiгiнде болса, ол минералды шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге , техногендiк суларға немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, олар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға хақылы.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 6-бап жаңа редакцияда;
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзудiң жариялылығы
1. Барлық мүдделi тұлғалардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкiлдi органының және жергiлiктi өкiлдi органдардың құзыреттi органда:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзудiң шарттарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
2) жасалған келiсiм-шарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты Қазақстан Республикасының заң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарына, жоғары өкiлдi органы мен жергiлiктi өкiлдi органдарына беру құпиялылық режимдi бұзу болып табылмайды.
2. Мақсаты қоршаған ортаны қорғау болып табылатын барлық мүдделi қоғамдық бiрлестiктердiң жүргiзiлетiн немесе жоспарланатын жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға әсер етуiне қатысты толық және дұрыс ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен алуға құқығы бар.
2-Тарау. Атқарушы органдардың жер қойнауын
пайдалану саласындағы құзыретi
ҚР 11.05.99 ж. N 381-1; 11.08.99 ж. N 467-I; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді;
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқаруды ұйымдастырады;
2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi;
3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген мемлекеттiң қажеттiлiгiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды, болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер қойнауы учаскелерiн консервациялайды;
4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды;
5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
6) контрактылар жасасу тәртiбiн белгiлейдi;
7) конкурсқа шығарылуға тиiс, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
9) 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) кең таралған пайдалы қазбалардан басқа жер қойнауын пайдалануға контрактылар жасайтын және орындайтын құзыреттi органды айқындайды;
11) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
12) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн, мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн немесе келiсiм-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн мiндеттi түрде конкурстық негiзде алынуға тиiстi тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;
13) келiсiм-шарттар шарттарының орындалуын қадағалаудың мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайды.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 8-бап жаңа редакцияда; 01.12.04 ж. N 2-III Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-бап. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерi
1. Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру;
2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын дайындау;
3) контрактiлiк құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шартты қоспағанда, келiсiм-шарт жасасу және оны тiркеу;