5) келiсiм-шарттардың орындалу талаптарын сақтаудың мониторингi және оны бақылау.
Келiсiм-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
6) осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге рұқсат беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;
7) контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне контрактiнiң орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi табыс ету.
9) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде және iлеспе қызметте жоғары технологияларды, жаңа және өңдеушi өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын конкурс талаптарына енгiзу үшiн конкурсқа қатысушыларға ұсыныстар әзiрлейдi.
2. Құзыреттi орган :
1) контрактiнi жасау және атқару жөнiндегi өзiнiң қызметiнiң барысында Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
2) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге кен орындарының қорларына мемлекеттiк сараптамадан және өнеркәсiптiк санаттағы қорлары бар екендiгi расталғаннан кейiн ғана конкурс өткiзуге және келiсiм-шарттар жасауға мiндеттi.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де
уәкiлеттi органдардың құзыретi
1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган:
1) қазақстандық өндiрушiлердiң және Қазақстанда шығарылатын, мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және мiндеттi түрде осы Заңның 63-бабының 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес конкурстық негiзде алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жасайды және жүргiзедi;
2) мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес кeлетiн тауарларды өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтep көрсететiн салада тiркелген ұйымдар бойынша деректер тiзiлiмiн жасау жөнiндегi облыстық атқарушы органдардың қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
3) құзыреттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын пайдалану контрактiлерiнде тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнның есеп-қисап әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
4) тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық мазмұн бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарт мiндеттемелерiн орындау мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
5) Қазақстан Республикасында дамытылып жатқан басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн бекiтедi.
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын үйлестiретiн уәкiлеттi орган:
1) құзыреттi органмен бiрлесе отырып, қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнның есеп-қисап әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
2) қазақстандық кадрларды тарту бөлiгiнде қазақстандық мазмұн жөнiндегi келiсiм-шарттар жобаларына сараптама жүргiзедi;
3) қазақстандық кадрларды тарту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мазмұн жөнiндегi келiсiм-шарт мiндеттемелерiн орындау мониторингiн жүзеге асыруға қатысады.";
ҚР 11.05.99 ж. N 381-1; 11.08.99 ж. N 467-I ; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi
Облыстық атқарушы органдар:
1) жер туралы заңдарға сәйкес, контрактыда белгiленген мөлшерде жер қойнауын пайдаланушыға жер пайдалану құқығына жер учаскесiн бередi; қажет болған жағдайда көрсетiлген мақсаттар үшiн жер туралы заңдарда анықталған тәртiппен жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қояды;
2) өздерiне заң актiлерi берген құзырет шегiнде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзу үшiн берiлген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауiпсiздiк ережелерiн бұзбауына, археологиялық ескерткiштер және басқа тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) контракт жасалған кезде аймақ тұрғындарының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзуге қатысады;
3-1) қазақстандық мазмұн мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарт мiндеттемелерiн орындау мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
3-2) жер қойнауын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бередi;
3-3) мемлекеттiк және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде конкурстық негiзде сатып алу үшiн немесе келiсiм-шартпен байланысты iлеспе қызмет үшiн қазақстандық өндiрушiлер мен Қазақстанда шығарылатын тауарларды, орындалатын жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi өндiретiн салада тiркелген ұйымдар бойынша деректердiң тiзiлiмiн жасауды жүзеге асырады;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге келiсiм-шарттар жасасады, оларды тiркейдi және орындайды;
5-1) жер қойнауын пайдалануға байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және эстетикалық мәнi бар объектiлердi құру мен сақтауға жәрдемдеседi.
6) құзыреттi орталық атқарушы органдармен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерi мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, жергiлiктi маңызы бар ерекше - қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
3-Тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I ; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн берiледi:
1) Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу;
2) барлау;
3) өндiру;
3-1) бiрлескен барлау және өндiру;
4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
2. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiндегi кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Осы Заңда және басқа заң актiлерiнде негiздерден өзге, ешкiм жер қойнауын пайдалану құқығынан ажыратылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi
1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану Құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу
1. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.
2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 11-2-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 11-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-2-бап. Сервитуттар
1. Жер қойнауы учаскесiне сервитут мүдделі тұлғаға, егер мұндай тұлғаның қызметті заңды жүзеге асыруы мұндай сервитут берілмей мүмкін болмайтын не мұндай тұлғаны шамадан тыс шығынға әкеп соғуы мүмкiн жағдайда ғана берілуі мүмкін.
2. Сервитутты беруге, егер мұндай беру адамдардың өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы учаскесiнде барлау және (немесе) өндiру жүргiзу мүмкiн еместiгiне не оның тиiмсiздiлiгiне әкеп соғатын жағдайда тыйым салынады.
2-1. Сервитут алуға мүдделi тұлға (сервитут алуға үмiткер) сервитутты алу үшiн сервитут белгiленуi тиiс жер қойнауының учаскесiне жер қойнауын пайдаланушымен сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келiсiмге қол жеткiзуге және сервитутты белгiлеу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
2-2. Сервитут алуға үмiткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында сервитутты белгiлеу мүмкiндiгi туралы келiсiмге немесе сервитутты белгiлеу шартының ережелерiне қол жеткiзiлмеген кезде, мүдделi тұлға сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Сервитутты беру құзыреттi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
3-1. Сервитут құзыреттi органда тiркелуге жатады.
3-2. Жер қойнауының учаскесiне сервитут белгiлеу кезiнде, егер сервитуттың талаптары туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иегерi жер қойнауын пайдаланушының сервитутпен байланысты шығындарын өтеуге мiндеттi.
3-3. Сервитуттың талаптары туралы шартта сервитуттың құқық иегерiнiң жер қойнауын пайдаланушыға төлейтiн төлемі көзделуі мүмкiн.
3-4. Сервитут мерзiмiнiң өтуiмен не ол берiлген негiздер тоқтатылған кезде тоқтатылады.
4. Сервитут мәмiленiң, соның iшiнде сатып алу-сату мен кепiлдiң дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға тек мұндай сервитутты қамтамасыз ету үшiн берiлген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн. Сервитут жер қойнауын пайдалану құқығы берiлген және жер қойнауын пайдалану құқығы сервитутпен ауыртпалық салынған жер қойнауы учаскесiне қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
5. Сервитутты жер қойнауы учаскесiнiң бөлiгiне беру осындай сервитутты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жер учаскесiне сервитут беру үшiн негiз болады.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы
1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру;
3) жер қойнауын пайдалану Құқығы әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртiбiмен ауысу жолымен пайда болады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттiң тiкелей беруiн бiлдiредi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға басқа жер қойнауын пайдаланушының беруiн көрсетедi.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мұрагерлiк тәртiбiмен көшуi заңды тұлғаның қайта құрылуы кезеңiнде құқықтық мұрагерде жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болғанын бiлдiредi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I ; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, жер қойнауын пайдалану құқығын беру контракт жасасу арқылы жүргiзiледi.
1-1. Барлау, өндiру немесе бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт конкурс өткiзудiң нәтижелерi негiзiнде жасалады.
Конкурс өткiзбей тiкелей келiссөздер негiзiнде:
1) барлауға арналған келiсiм-шарттың негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
2) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;
3) ұлттық компаниямен бiрлесiп барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге келiсiм-шарттар жасалады.
1-2. Келiсiм-шарт аумағында немесе одан тыс жерлердегi барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттарды және ағынды суларды көмуге арналған жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға беру үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның жазбаша рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
1-3. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты және барлауға және (немесе) өндiруге арналған келiсiм-шарттардың жұмыс бағдарламаларына құрамдас бөлiк болып кiретiн жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға беруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.
1-4. Шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсатқа арналған жер асты суларын тәулiгiне 2000 текше метрден аз алу лимитiмен барлау және (немесе) өндiру құқығын беру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен арнаулы уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстық атқару органымен контракт жасасу жолымен жүргiзiледi.
2-1. 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу үшiн жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiндегi операцияларды жүргiзуге шарт жасасу жолымен жүргiзiледi.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты тұщы суларын өз қажетi үшiн өндiруге арнап жер қойнауын пайдалану құқығын беру, қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде қатар жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша пайдалануға берген кезде Кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз қажетiне пайдалану шарттары уақытша Жер пайдалану туралы шартта көрсетiлуi мүмкiн.
4-1. Жер қойнауын пайдалану Құқығы бiрнеше тұлғаға берiлуi мүмкiн. Осындай беру жағдайында мұндай тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi болып табылады. Мұндай тұлғалардың өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ құзыреттi органға қатысты құқықтары мен мiндеттерi контрактiде айқындалады. Жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иелерi контрактiнiң негiзiнде туындайтын мiндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады.
01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Геологиялық және тау-кен бөлулерi
1. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi жер қойнауын пайдалану жөнiндегi тиiстi операцияларды геологиялық немесе тау-кендiк бөлуге сәйкес белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерінде ғана жүргiзуге құқылы.
2. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының иегерi барлау жөнiндегi операцияларды тау-кендiк бөлумен белгiленген жер қойнауы учаскесiнiң шектерiнде жүргiзуге құқылы. Қорлар өсiп, оларды мемлекеттiк сараптама растаған жағдайда келiсiм-шартқа тараптардың жазбаша келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзiлуге тиiс.
3. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазын анықтағаны туралы құзыреттi орган хабарлаған күннен бастап жиырма күн iшiнде конкурс жеңiмпазына немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаға геологиялық бөлу берiледi.
4. Тау-кендiк бөлудi жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган конкурс жеңiмпазына немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаға, аталған тұлға тау-кендiк бөлу жобасын ұсынған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей бередi.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I ; 01.12.04 ж. N 2-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру
1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын ақылы не тегiн негiзде басқа тұлғаға iшiнара немесе толықтай (еншiлес ұйымнан және әмбебап құқықтық мирасқорлық шарттармен беру жағдайларынан басқа) беруi, құрылатын заңды тұлғаның жарғылық қорына жарна ретiнде берудi, жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушының банкроты кезiнде конкурстық өндiрiс процесiнде не жер қойнауын пайдаланушыларды - мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру процесiнде сатылатын мүлiктiк кешен құрамында берудi, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге берудi қоса алғанда, құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады. Құзыреттi органның рұқсаты немесе рұқсат беруден дәлелдi бас тартуы өтiнiш берген күннен бастап он бес күн iшiнде берiледi.
1-1. Жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге қойылып алынған кредит келiсiм-шартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдаланылуға тиiс.
1-2. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
1-3. Жер қойнауын пайдалану құқығын сот қарауынан тыс мәжбүрлi түрде iске асыру кезiнде мемлекеттiк органдардың кепiлге алынған мүлiктi сот қарауынан тыс өткiзу рәсiмiн тоқтата тұруға және жер қойнауын пайдалану құқығына, соның iшiнде кепiлге алынған мүлiкке тыйым салу жолымен шара қолдануға құқығы жоқ.
2. Құзыреттi органның нақты тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаты осындай әрбiр жағдайда жеке берiледi. контрактта жер қойнауын пайдаланушының қалауымен жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға беруге жер қойнауын пайдаланушының жалпы рұқсатын белгiлеуге жол берiлмейдi.
3. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен контракттың негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге деген жер қойнауын пайдаланушының құқығын беру осы органның келiсiмiмен жүргiзiле алады.
4. Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажеттi кең тараған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру астында кең тараған пайдалы қазбалары немесе жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жердi пайдалануға берумен қатар жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға берген ретте, кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн пайдалану шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартта ескерiлуi мүмкiн.
Өз мұқтажын қанағаттандыруға қажеттi кең тараған пайдалы қазбаларға және жерасты суларына арналған жер қойнауын пайдалану құқығын астында олар жатқан жер учаскесiнсiз беруге жол берiлмейдi.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да негiздер бойынша, осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында көзделген ережелер сақтала отырып жүргiзiледi. Осы баптың 1 және 9-1-тармақтарына сәйкес берiлетiн рұқсаттың болуынсыз жасалған жер қойнауын пайдалану құқығын өзгеге беру жөнiндегi мәмiле ол жасалған кезден бастап жарамсыз деп есептеледi.
6. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi барлық шығыс, егер беру шартында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушыға жүктеледi.
7. Жер қойнауын пайдаланушының контрактыға қандай болсын қатысы сақталып қалатын кезге дейiн ол және жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан тұлға контракт бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер учаскесiн , тау-кендiк және (немесе) геологиялық бөлудi қайта ресiмдеуге, сондай-ақ жер учаскесiне құқықты тiркеуге және заңдарға сәйкес онымен мәмiле жасасуға сөзсiз негiз болып табылады.
9-1. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшi мен оғАн қоса берiлген жер қойнауын пайдаланушы пайдасына осындай берудi жүргiзуге ниеттенген жеке және заңды тұлға туралы ақпараттың негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсатты беруден жер қойнауын пайдалану құқығын беру көзделген тұлға жер қойнауын пайдаланушыға контрактiмен жүктелетiн мiндеттемелердi немесе мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн (жер қойнауын пайдалану Құқығы iшiнара берiлетiн жағдайда) орындауға қабiлетсiз деп ұйғарылған не жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайда бас тартуға құқылы. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден негiзсiз бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
Құзыреттi органның , егер құзыретті органға негiзгi ұйым контракт бойынша мiндеттемелердi еншiлес заңды тұлғамен ортақтасып толық атқару кепiлдiгiн ұсынған кез келген жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын еншiлес ұйымға беруден бас тартуға құқығы жоқ.
9-2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер немесе толықтырулар тiркелген кезден бастап жасалған болып есептеледi. Құзыреттi орган контрактiні тiркеуден жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi азаматтық-құқықтық мәмiле жасасу фактiсi болмаған жағдайда не Жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға соның негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат берiлген жалған ақпарат ұсынуы фактiсi болған жағдайда не осы баптың 9-3 және 9-4-тармақтары сақталмаған жағдайда бас тартуға құқылы.
9-3. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа адамға iшiнара берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мен осындай жеке немесе заңды тұлға контракт бойынша құқықтарды бiрлесiп жүзеге асыру мен мiндеттердi орындау кезiнде туындайтын өзара мiндеттемелер бойынша келiсiмге келуге тиiс. Жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы бiрлескен қызмет туралы шарт не құқықтар мен мiндеттердi осындай шектеу туралы өзге де шарт құзыреттi органмен келiсiледi және ол контрактiнiң тараптары үшiн мiндеттi күшi бар контрактiге қосымша болып табылады.
9-4. Иеленушiлерi бiрнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бөлiгiн берген жағдайда мұндай беру тек осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық осындай иеленушiлерiнiң келiсiмiмен ғана мүмкiн болады.
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. 01.12.04 ж. N 2-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.08.99 ж. N 467-I Заңымен 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының әмбебап құқықтық иелiкке алу ретiнде ауысуы
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесiлi жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңдар нормаларына сәйкес құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) ауысады.