Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің
2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 18.03.04 ж. N 337 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 тамыздағы N 914 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiрудiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 18.03.04 ж. N 337 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігi (келiсiм бойынша) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне жарты жыл мен жыл қорытындылары бойынша осы Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің
тарифтік саясатын жетілдірудің
2002-2004 жылдарға арналған
бағдарламасы
Астана 2002 ж.
ҚР Үкіметінің 18.03.04 ж. N 337 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Паспорты
Атауы Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк
саясатын жетiлдірудiң 2002-2004 жылдарға арналған
бағдарламасы.
Әзірлеу үшін
негіз "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жыл-
дарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі
iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470
қаулысы.
Негізгі
әзірлеушілер Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi
агенттiгi.
Іске асыру
мерзімдері 2002-2004 жылдар.
Бағдарламаның
мақсаты Мемлекеттiң, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
және олардың қызметтерiн тұтынушылардың
мүдделерiнiң балансына қол жеткiзуге бағытталған
орташа мерзiмдi негiздегi тарифтiк саясатты
қалыптастыру; табиғи монополия секторына
инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
монополиялардың қызметiн мемлекеттiк бақылау
шараларын кеңейту.
Бағдарламаның Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн
міндеттері реттейтiн халықаралық көзқарастарға негiзделген
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдіру.
Iшкi және сыртқы факторлардың өзгеруiне бара-бар
ден қоюды қоса алғанда, табиғи монополия саласын
реттеу әдiснамасын жасау және жетiлдіру.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту.
Табиғи монополиялардың өндiрiсiн жаңартуға және
олар ұсынатын қызметтердiң (тауарлардың,
жұмыстардың) сапасын арттыруға инвестицияларды
тарту мақсатында орта мерзiмдi кезең iшiнде табиғи
монополиялар қызметтерiнiң тарифтерi орташа
деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Табиғи монополиялардың олардың тұтынушыларына
әсерiн талдау үшiн ақпараттық дерекқор құру және
ғылыми зерттеулер жүргізу.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне
тарифтердi тұтынушылардың топтары бойынша негізсiз
саралауды қолдану практикасын жою.
Күтілетін Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге
нәтижелер және табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң
ашықтығын арттыруға мүмкiндiк беретiн нормативтiк
құқықтық кесiмдердi қабылдау.
Табиғи монополиялар саласындағы экономиканы
мемлекеттiк реттеу тетiгiн жетiлдіретiн әдiснамалық
көзқарастарды әзiрлеу.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өндiрiсiн
жаңартуды инвестициялау үшiн жағдайларды
қамтамасыз ету.
Өндiрiстi жаңғырту және нормативтен жоғары
ысырапты азайту есебiнен ұсынылатын қызметтердiң
сапасын арттыру.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтерiн
өзгертудiң олардың тұтынушыларына әсерiн талдауға
мүмкiндiк беретiн әдiстемелер мен бағдарламалық
өнімдерді әзірлеу.
Табиғи монополиялар қызметi саласының мониторингі
жүйесін құру.
Табиғи монополия субъектiлерi қызметтерiнiң
тарифтерiн тұтынушылардың топтары бойынша негізсiз
саралауды жою.
Қаржыландырудың 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламаның құны
қажетті 992,188 млн. теңге мөлшерiнде бағаланады.
ресурстары мен Қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатынан
көздері жүргiзiлетiн болады. 2002 жылы нормативтiк
құқықтық базаны әзiрлеуге және жетiлдiруге
консультанттар тартуға республикалық бюджеттен
17,1 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.
Бағдарлама 2003-2004 жылдары 589,062 млн. теңге
мөлшерiндегі, оның iшiнде 2003 жылы - 435,362 млн.
теңге мөлшерiндегі, ал 2004 жылы - 586,062 млн.
теңге шығындарды талап етедi.
2. КIРIСПЕ
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшiн әзiрлендi. Осы Бағдарламаны құрудың практикалық негiзi ұлттық экономика мен Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи монополия субъектiлерiнiң қазiргi жай-күйi болып табылады.
"Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысының шығуы табиғи монополия саласын реттеу негiзiн салды. Осылайша, атап айтқанда, бағаларды тоқсанында бiр реттен жиi қайта қарауға тыйым салынды. Монополиялық жоғарғы пайда деңгейiне бақылау белгiлендi. Табиғи монополист-кәсiпорындар жанындағы негiзгi қызметтi қайталайтын құрылымдар таратылды. Осы шаралар табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерiне тарифтердiң өсу қарқындарын баяулатуға және жалпы алғанда, экономиканың жағдайын сартуға мүмкiндiк бердi. 1995-1997 жылдары азық-түлiк тауарларына бағаларды реттеу алынып тасталды. Монополистердің пайдалылық деңгейiн реттеу тоқтатылды. Сол уақыттан берi мемлекеттің бәсекелестiк-нарықтық реттеудi кеңейтуге бағытталған белсендi қызметi нақты экономиканың барлық секторларында ауқымды сипат, ол республиканың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға жәрдемдестi.
Республика экономикасының, өтпелi кезеңнің аяқталғаны туралы сөз етуге болатын қазiргi даму кезеңiнде мемлекетке экономикалық реформалаудың жаңа тетiктерiн iске қосу қажет: отандық экономиканы дамыту басымдықтарын айқындау; өнеркәсiп инфрақұрылымы мен халықтың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау және т.б. Осы жағдайларда негiзгi мiндеттердiң бiрi экономиканың нақты секторының өсуiне, экономикалық байланыстарды дамытуға, өндiргiш күштердi оңтайлы орналастыруға, отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жәрдемдесетін жалпы экономикалық мiндеттердi шешуге бағытталған, табиғи монополиялар субъектілерінiң қызметтерiне тариф түзудің тиiмдi жүйесiн құру болуы тиiс.
3. ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН TАЛДАУ
1. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫҢ САЛАЛАРЫН РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
1) Табиғи монополиялар саласын реттейтін қолданылып жүрген заңнама
1997-1999 жылдары экономиканың салыстырмалы тұрақтану кезеңi табиғи монополияларды бағалық реттеудің қолданылып отырған әдiснамасының негiзiн қайта қарауға, оны осы заманғы деңгейге шығаруға мүмкiндiк бердi. Бұл мемлекеттің экономикалық стратегиясының ережелерiн, техникалық ерекшелiктерi мен қылмыстық iс жүргiзу нормаларын олардың сақталуын қамтамасыз ететiн тетiктермен бiрiктiруге құрылған ұлттық монополияға қарсы заңнаманың негiзгi пакетiн қалыптастырумен бір мезгiлде болды. Бұл ретте халықаралық нормалар мен дамыған елдердің тәжiрибесiн есептеуге үлкен мән берiлді.
Заң базасын кеңейту мен рынок құрылымдарын өзгерту табиғи монополия саласындағы болып жатқан процестерге, iздестiруге, баға және монополияға қарсы саясаттың жаңа аспектiлерiн әзiрлеуге бақылауды күшейтудiң қажеттiгiн бiрiншi жоспарға шығарды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес монополистi қызмет заңнамамен реттеледі және шектеледi, терiс пиғылды бәсекеге тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бәсекенi шектеуге, негiзсiз артықшылықтарды алуға, тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған монополистi қызметке жол берiлмейдi. Көрсетiлген нормативтік құқықтық кесiмдердi iске асыру мақсатында табиғи монополиялар саласын және тауар рыноктарындағы бәсекенi қорғауды реттейтiн заңдар ("Табиғи монополиялар туралы" , "Бәсеке және монополистi қызметтi шектеу туралы" , "Терiс пиғылды бәсеке туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) әзiрленген болатын.
1998 жылы қабылданған "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында табиғи монополиялардың қызметі мемлекет реттеудің құқықтық аспектiлерiн заңды түрде бекiте отырып, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған монополияға қарсы заңнаманы реформалаудың жаңа кезеңi болды.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау - мемлекеттік монополияға қарсы саясаттың негiзгi құрамдас бөлiктерiнiң бiрi. Мемлекет саясатының осы бағыты "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", "Терiс пиғылды бәсеке туралы" және "Бәсеке және монополистік қызметтi шектеу туралы" заңдармен реттеледi.
Қолданылып жүрген монополияға қарсы заңнаманың ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiктi айқындау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.
2) Тариф түзудің әдіснамалық базасы
Тариф түзудiң қолданылып жүрген әдiснамасының құқықтық негiзi:
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтердi өндiруi мен ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн;
табиғи монополия субъектiлерiнiң тендер негiзiнде ресурстарды сатып алу ережесiн;
табиғи монополия субъектiлерiнің тауарларына, жұмыстарына, қызметтерiне бағаларды (тарифтердi) ұсыну, қарау, бекiту және енгiзу тәртiбiн анықтайтын заңға тәуелдi кесiмдер болып табылады.
Тариф түзудiң көрсетілген кесiмдерде салынған негiзгi қағидаты табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң тарифтерi қызметтердi көрсету үшiн қажеттi шығындардың құнынан төмен болмауға тиiс екенiн айқындайды. Қазiргi тариф түзу әдiснамасы шығындық қағидатты бiлдiредi және табиғи монополияларды оларды азайтуға ынталандырмайды. Табиғи монополиялар субъектiлерi тиiмдi немесе тиiмсiз жұмыс жасайтынына қарамастан, белгiленген тәртiпке сәйкес барлық шығындар тарифке енгiзіледi. Демек, әлеуметтік салдарларға жол бермеу үшiн тарифтердің өсуiн тежеу шығындардың тиiмділігiн бақылау есебiнен емес, жоспарланатын шығындарды мәжбүрлi түрде қысқарту және пайданы азайту есебiнен жүзеге асырылады. Қалыптасқан жағдай табиғи монополия саласына инвестиция жұмсауды ынталандырмайды.
Осыған байланысты табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеуге қатысты бұрынғы көзқарастарды қайта қарау қажеттiгi өткiр туындап отыр.
3) Тарифтерді өзгертудің қазіргі рәсімі
Табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң тарифтері тоқсанына бiр реттен жиі емес қайта қаралуы мүмкiн. Қызметтердiң тарифтерiн өзгерту үшiн табиғи монополия субъектiсi жаңа тариф қолданысқа енгiзiлуi мүмкiн келесi тоқсанның бiрiншi күнiне дейiнгi 45 күннен кешiктiрмей өтiнiммен жүгiнуге тиiс. Реттеушi орган негiздеме материалдары бар өтiнiмдi 30 күн iшiнде қарайды.
Практикада көптеген табиғи монополиялар субъектілерi тоқсан сайын тек шұғыл деректердiң негiзiнде жасалатын (салық және монополияға қарсы заңнама бойынша қаржылық есептiлiк мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен) тарифтердi көтеруге арналған өтiнiмдермен жүгiнедi.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қолданылып жүрген тарифтердi өзгертуге берген өтiнiмдерiн қабылдаудың және қараудың қазiргi рәсiмi реттеушi органның ұсынылған материалдарды жан-жақты қарау, тәуелсiз сарапшылардан қорытынды алу және, ең бастысы, қабылданған шешімдердiң субъектiнiң өзi мен оның тұтынушыларына мүмкiн әсерiн бағалау мүмкiндiктерiн шектейдi.
2. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫ
КӘСIПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КYЙIН TАЛДАУ
Қазiргi уақытта елiмiзде Табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттiк тіркелiмiнiң республикалық және жергiлiкті бөлiмдерiне енгiзілген 690 табиғи монополиялар субъектiлерінің қызметi реттеледi (барлығы 1012 қызмет реттеледi).
Табиғи монополиялар субъектiлерінің жай-күйін талдау салалық тиесілілiгiне қарамастaн, олардың қызметi проблемаларының ортақтығы туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Көптеген субъектілер, әсiресе электр энергиясын, газды және суды өндiру мен бөлу жөнiндегi кәсiпорындар, iс жүзінде залалды болып табылады: 2001 жылы осындай кәсiпорындардың саладағы үлестiк салмағы 53,7%-тi құрады. Жекелеген кәсіпорындарда терiс кiрiстiк байқалып отыр, ол су шаруашылығы жүйесiнiң кәсiпорындарына тән. Алайда, кейбiр кәсіпорындар пайдалы жұмыс жасағанымен, олардың көбiсінің кiрiстiлiгi төмен болып отыр - 5%-тен артық емес (мысалы: 2001 жылы "Қазпочта" ААҚ, "KEGOC" ААҚ).
Табиғи монополияларға жұмсалатын күрделi салымдары көлемдерiнiң үлкен бөлiгi кәсiпорындардың меншiктi қаражатының есебiнен қаржыландырылатынына байланысты көптеген кәсiпорындардың басқа мүмкiндiктерi шектеулi: амортизациялық аударымдар мен таза пайда (салық төлегеннен кейiнгi) жеткiлiксiз. Пайдадан әртүрлi аударымдарды ескергенде, инвестицияларды жүзеге асыру мен өндiрiстi дамыту үшiн кәсiпорындарда қалатын кiрiс бөлiгi едәуiр азаяды.
Нәтижесiнде негiзгi қорларды жаңарту коэффициенттерiнiң серпiнi өткен жылдары төмен болып қалғандықтан, негiзгi қорлардың iстен шығу коэффициенттерi осы жылдары өсiп отыр. Анықталған үрдiстер, тұтастай алғанда, табиғи монополиялардың пайдаланылатын өндiрiстiк қорларын жаңарту дәрежесiнiң төмен екенін куәландырып отыр.
Көптеген кәсiпорындар үшiн өтiмділіктiң төмен коэффицентi тән. Есептеулер олардағы, кәсiпорындардың жоғары өтiмдi активтерiнiң қысқа мерзiмді мiндеттемелерге қатынасы ретiнде айқындалатын дереу өтiмділік коэффициенттерiнiң төмен қалпында қалып отырғанын көрсетiп отыр, бұл оларды төлемге қабiлетсiз немесе берешегiн өтеумен байланысты проблемалары бар кәсiпорындар ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi.
Жоғарыда келтiрiлген дәлелдердi табиғи монополиялардың жекелеген кәсiпорындарының инвестициялар үшiн қаражат тапшылығын көрiп отырғаны туралы қорытындылар растайды. Оларды кредиттердi тарту есебiнен толықтыру төлемге қабiлеттілігінiң төмен болуына орай мүмкiн болмай отыр.
Сонымен бiрге негiзгi қорларды жаңарту экономикалық өсудің негiзгi факторларының бiрi болып табылады. Олардың көлеміне, сапалы сипаттамаларына, кеңейту және жаңарту стратегиясына, пайдалану тиiмділігiне, сайып келгенде, экономикалық өсу мен тұрақты даму тәуелдi.
Қазақстан басқа да ТМД елдерi сияқты 2000 жылдарға техникалық ескiрген негiзгi қорлармен қадам басты. Материалдық өндiрiсте пайдаланылған жабдықтардың орташа қызмет мерзiмi нормативтік мерзiмнен жоғары, кей жағдайларда тiптi елеулi түрде жоғары. Республиканың экономикасында реформаларды жүзеге асырған жылдары, негiзiнен, "қайта құруға дейiнгi", моральдық жағынан ескiрген және табиғи тозған техника пайдаланылды.
Негiзгi құралдардың тозу дәрежесi экономиканың барлық салаларында машиналар мен жабдықтардың, көлiк құралдарының табиғи тозуы орташа алғанда шамамен 50%-тi құрағанын дәлелдейдi. Сондай-ақ осы көрсеткiш жекелеген табиғи монополиялар субъектiлерiнде де жоғары. Мысалы, электр энергиясын берудi және бөлудi жүзеге асыратын "Қалалық электр жүйелерi" ЖШС ("Астанаэнергосервис" ААҚ) 2001 жылы шамамен 50% тозу дәрежесiне ие болды.
Негiзгi қорлардың салыстырмалы жоғары тозу дәрежесi "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ-қа (60%-тен жоғары), "Павлодарэнергосервис" ЖАҚ-қа (шамамен 50%), "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ (40%-ке дейiн), "АӨК" ЖАҚ (31%-ке дейiн), "KEGOC" ААҚ-қа (26%-ке дейiн) және басқаларға тән. Техникалық жаңғыртуға елеулi қаражат жұмсаған Ақтау теңiз сауда порты, "ҚазТрансОйл" ЖАҚ, Астана қаласының Халықаралық әуежайы мен "Қазаэронавигация" РМК сияқты субъектiлер бұлардың қатарына кiрмейдi.
Статистикалық деректер бойынша көптеген табиғи монополияларға негiзгi қорларды жаңартудың төмен қарқындары тән. Демек, мысалы, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ 0,3% жаңарту коэффициентiне ие. Тұтастай алғанда, 1995-1998 жылдары негiзгi қорларды жаңарту коэффициентi 1,5 есе азайды, ал iстен шығу коэффициентi өзгерген жоқ. 1998-2001 жылдары жаңарту коэффициентi ұлғаю үрдiсiне ие болды, алайда пайдаланылып отырған техника мен технологияны толық жаңарту жөнiнде айту ерте.
Осылайша, қазiргi жабдықтардың функционалдық және экономикалық ескiру фактiсi айдан анық. Техникалық ескiрген және тозған машиналар паркі мен жабдықтарды пайдалану iс жүзiнде экономиканың табиғи монополиялар қатысатын барлық салаларында ұсынылатын қызметтердi өндiру тиiмдiлiгінiң кемуiне және сапасының төмендеуіне әкелді.
3. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТIЛЕРIНIҢ ҚЫЗМЕТТЕРIН
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ TАЛДАУЫ
Тұтынушылардың жай-күйiн талдаудың негiзгi мақсаты оларға табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметтерiне тарифтердің деңгейiн өзгертудің әсерiн бағалауға негізделген.
Түпкiлiктi тұтынушылар екі үлкен санатқа топталады:
заңды тұлғалар;
жеке тұлғалар (халық).
Әрбiр табиғи монополия субъектiсi үшiн қызметтердi тұтынушыларды сыныптау (топтау) және тұтынушылардың әр тобы үшiн сұраным ауытқымасын бағалау қажет.
1-кесте
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін
тұтынушылардың жіктемесі
Табиғи монопо- лиялар субъекті- лері | | Қызметтерді тұтынушылар | Тарифтің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушы өнімінің құнына әсері |
Темір жол Темір жол Өнеркәсіп кәсіп- Темір жол көлігінің тарифі көлігі магистраль- орындары; басқа өнімнің құнына көліктің дарын заңды тұлғалар; құрамдас бөлігі ретінде пайдалану кіреді |
Табиғи Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің құнына тасымал- газды орындары; басқа даудың құрамдас бөлігі бөлуші заңды тұлғалар; ретінде кіреді құбырлар тұрғын үй-ком- арқылы муналдық шаруа- тасымалдау шылықтары |
Табиғи Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің құнына тасымал- газды орындары; басқа даудың құрамдас бөлігі магист- заңды тұлғалар; ретінде кіреді ральды тұрғын үй-ком- құбырлар муналдық шаруа- арқылы шылықтары тасымалдау |
Суды Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің құнына тасымал- магистраль- орындары; басқа даудың құрамдас бөлігі ды және заңды тұлғалар; ретінде кіреді бөлуші халық құбырлар арқылы тасымалдау |
Телекоммуни- Жергілікті Өнеркәсіп кәсіп- Тариф тұтынушылардың кация желілерді орындары; басқа шығыстарына кезең шығыстары пайдалана заңды тұлғалар; ретінде кіреді отырып, халық көрсетілетін телекомму- никация қызметтері |
Аэрона- Аэронави- Әуетасымалдаушы- Тариф әуетасымалдау құнына вигация гацияның лар; басқа заңды кіреді қызметтері тұлғалар; |
Айлақтар Айлақтардың Өнеркәсіп кәсіп- Тариф теңіз көлігімен тасы- қызметтері орындары; басқа малдаудың құнына кіреді заңды тұлғалар; |
Почта Почта Өнеркәсіп кәсіп- Тариф кәсіпорын шығыстарының байланысы байланысының орындары; басқа жүк құжатына енгізіледі қызметтері заңды тұлғалар; халық |
Электр Электр Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің өзіндік құнына энергетикасы және жылу орындары; басқа кезеңнің шығыстары ретінде энергиясын заңды тұлғалар; енгізіледі беру мен халық бөлу |
Сумен Су шаруа- Өнеркәсіп кәсіп- Тариф өнімнің құнына жабдықтау шылығы және орындары; басқа енгізілуі немесе кезең кәріз жүйе- заңды тұлғалар; шығыстары ретінде ескерілуі лерінің халық мүмкін қызметтері |
Талдау жүргiзу кезiнде әзiрше әлеуметтiк жағынан толық қорғалмаған
халық сияқты тұтынушылар санатына баса көңiл аудару қажет.
Бiрiншi кезекте, бұл тұрғын үй-коммуналдық саланың табиғи
монополияларының қызметтерiн тұтынуға қатысты. Бүгiн көптеген коммуналдық
кәсіпорындардың қызметi халық тарапынан "жағымсыз бағаға" ие, ол БАҚ-тағы
көптеген жарияланымдармен расталады.
Қалыптасқан жағдайдың негiзгi себебi - бұл осы кәсiпорындардың
қызметтерi құнының көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы төмен бола тұра,
халық табысының орташа деңгейiне жоғары қатынасы.
Осылайша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар
деңгейiнiң халықтың адам басына шаққандағы айлық ақшалай табысына
арақатынастағы бағасы шамамен 30%-тi құрайды.
Сонымен бiр мезгiлде 2001 жылы республикада халықтың 28%-тен
астамының табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен болды. Табысы күнкөрiс
деңгейiнен төмен халықтың неғұрлым үлкен үлесi 2001 жылы Жамбыл (48,4%),
Маңғыстау (46,2%) және Оңтүстiк Қазақстан (38,4%) облыстарына тиесiлi
болды.
Қазақстанның аймақтары бойынша табыстардың деңгейiнде аса елеулi
айырмашылықтар бар. 2001 жылы атаулы ақшалай табыстың аймақаралық саралау
коэффициентi 4,9%-тi құрады (2000 ж. - 5,0%). Бұл ретте тұрғын
үй-коммуналдық қызметтерге төленетiн ақы алынған зейнетақының үштен
бiрiнен асады, бiрқатар облыстарда жартысына жуық.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, тарифтiк саясатты жүргiзу халықты
әлеуметтiк қорғау бағдарламаларының орындалуын бақылауды күшейтуге және
халықтың аз қамтылған жіктерiн қолдаудың қосымша тәсілдерiн iздестiруге
негiзделуi тиiс.
4. ТАРИФТIК РЕТТЕУДІҢ НЕГIЗГI ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Экономиканың қазiргi даму кезеңiнде табиғи монополия саласының барлық қатысушыларының: табиғи монополия субъектiсiнің өзінің, оның қызметтерiн тұтынушылардың және мемлекеттiң мүдделерін ескеру қажет.
Реттеушi органның негiзгi функциясы мемлекеттiң басымдықты мақсаттарына және тұтынушы мен өндіруші мүдделерінiң тиiстi балансына қол жеткiзуге жәрдемдесетiн тарифтердiң оңтайлы деңгейiн айқындау болып табылуға тиiс. Сондықтан табиғи монополияларды реттеудiң қазiргi моделi мемлекеттiк әсер ету құралдарымен күшейтiлуге тиiс, олардың арақатынасы шешілетін экономикалық міндеттер мен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жай-күйiне тәуелдi болуға тиiс.
Мүдделер балансын айқындау мiндетiнiң күрделілігi табиғи монополия саласына қатысушылар мүдделерінің қарама-қайшылығына негiзделген:
тұтынушы табиғи монополия субъектiсi қызметтерінің сапасына, төмен бағасына және сенiмділігіне мүдделi;
монополист пайданы ұлғайтуға, өндірістің тиімділігін арттыруға және тарифтердің негізсіз сараланымын қолдану практикасын жоюға мүдделі;
мемлекеттің мүдделеріне барлық қатысушыларды дамыту үшін жағдайлар жасау сәйкес келеді.
1-сурет
Тарифтер деңгейінің монополия рыногына қатысушылардың
қаржы-экономикалық жағдайына әсері
[Графикалық нысанды қараңыз]
Тарифтердің оңтайлы деңгейін айқындау үшін табиғи монополиялар саласына қатысушылардың жай-күйін, мүмкіндіктерін, даму перспективалары мен жоспарларын зерделеу және мониторинг жүргізу қажет. Осы мақсаттарда барлық осы қызмет саласына қатысушылардың мүдделерін ескеретін жаңа әдістер мен құралдарды әзірлеу қажет.