Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін
дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 28 қарашадағы N 1778 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. N 1369; 26.01.02 ж. N 127; 17.05.02 ж. N 534;
20.05.03 ж. N 462 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы ред. қара
Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамыту және осы саладағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) және оны іске асыру жөнiндегi Iс-шаралардың жоспары бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
2. Мемлекеттiк инвестициялар есебiнен толық немесе ішінара қаржыландырылатын құрылыс объектiлерi мен кешендерiнiң техникалық-экономикалық негiздемелерi (ТЭН) мен жобаларын құрылыстың сметалық құны:
қолданылып жүрген бағамен 400 000 (төрт жүз мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiн болса, құрылысқа тапсырыс берушiлер бекiтедi;
қолданылып жүрген бағамен 100 000 000 (жүз миллион) теңгеден 400 000 (төрт жүз мың) және одан астам айлық есептiк көрсеткiш болса, олар Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс істерi жөніндегi комитетінің (бұдан әрi - Комитет) бекiтуiне жатады;
3. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiппен тоқсан сайын Комитеттi күрделi құрылыс саласындағы, мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу мен құрылыс материалдарының экспорты-импорты аясындағы статистикалық материалдармен қамтамасыз етiп отырсын.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi құрылыстағы инвестициялық жобаларды қаржыландырудың сыртқы көздерiн тарту жөнiндегi жұмыстарды белсендi түрде жүргізсiн, Комитеттiң қатысуымен сыртқы инвесторлармен және кредиторлармен келiсiм-шарттарды әзiрлеу мен жасасу кезiнде отандық мердiгерлiк ұйымдар мен материал өндiрушiлердің мүдделерiн сақтауды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | К.Токаев
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 28 қарашадағы
N 1778 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында сәулет, қала
құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың
бағдарламасы
1. Паспорт
2. Кіріспе
3. Қала құрылысы
4. Күрделі құрылыс
5. Тұрғын үй құрылысы
6. Құрылыстағы мердігерлік жұмыстар
7. Құрылыс материалдарының, бұйымдары
мен құрастырмаларының өндірісі
8. Нормативтік-техникалық база
9. Қолданбалы ғылым және жобалау ісі
10. Мемлекеттік басқару жүйесі
11. Қажетті ресурстар және
оларды қаржыландыру көздері
12. Бағдарламаны іске асырудан
күтілетін нәтижелер
13. Іс-шаралардың жоспары
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен паспорт өзгертілді және толықтырылды (бұрынғы ред. қара)
1. Паспорт
1. Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Сәулет, қала
атауы: құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың
бағдарламасы
2. Бағдарламаның Қазақстан Республикасы индустрия
әзірлеушісі мен және сауда министрлiгінің Құрылыс iстерi
әкімшісі: жөніндегi комитетi
3. Бағдарламаның Қазақстан Республикасында Сәулет, қала
құрылымы: құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың
бағдарламасы паспорттан, кiрiспеден және
мынадай бағыттар бойынша секторлық
бөлiмдерден тұрады:
қала құрылысы;
күрделi құрылыс;
тұрғын үй құрылысы;
құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстар;
құрылыс материалдарының, бұйымдары мен
құрастырмаларының өндiрiсi;
нормативтiк-техникалық база;
қолданбалы ғылым және жобалау iсi;
мемлекеттiк басқару жүйесi.
Бөлiмдерде сектордағы істердiң қазiргi жай-күйi
мен проблемаларына қысқаша талдау жасалған,
мақсаттар мен мiндеттердi, сондай-ақ саланы
тұтас дамытуды қамтамасыз ететiн iстiң жайын
жақсартуды және проблемаларды шешу жөніндегi
қажеттi шараларды белгiлейдi.
4. Бағдарламаны Қазақстан Республикасында Сәулет, қала
іске асыру құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың
мерзімдері: бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
жоспары 2000-2005 жылдар ішiнде бiрiншi
кезектегi мiндеттердi шешуге бағытталған.
инфрақұрылымды дамыту мен орналастыру
жүйесiмен қоса Қазақстан Республикасының
Аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеу
бюджеттен қаржыландырылған жағдайда
2005 жылы аяқталады.
2005 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған
бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
жоспары бiрiншi кезектегi шаралар аяқталғанда
жасалатын болады.
5. Қаржыландыру Бағдарламаны iске асыруға арналған
көлемi мен көздерi. қаржылық шығындар республикалық бюджет
есебiнен көзделедi, жыл сайынғы
көлем тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде
нақтыланады: 2002 жылы - 63,0 миллион теңге,
бөлiну болжанып отырған 2003 жылы - 249,0
миллион теңге, 2004 жылы - 99,0 миллион
теңге, 2005 жылы - 99,0 миллион теңге
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
2. Кіріспе
Елдің қоғамдық-саяси және экономикалық құрылысындағы өзгерiстер сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн жүзеге асыруда жаңа көзқарастарды талап етедi. Жаңа өндiрiстiк кешендер құрылысында, тұрғын үй мен әлеуметтік сала құрылысын дамытуда мемлекеттiң қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн отандық құрылыс салаларын көтеру және олардың сенiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдай туғызу қажет.
Бүгiнгi таңда, республика экономикасындағы айқын оң өзгерiстердiң нәтижелерiне қарамастан, құрылыс саласы жаңа тұрғын үй құрылысы көлемiнiң қанағаттанғысыз төмендеуiмен, негiзгi қорлардың моральдық тозуымен және жедел iстен шығуымен, жұмыссыздықтың өсуiмен, құрылыстық қызмет көрсетулер мен материалдар импортының артуымен сипатталады.
Сонымен бiрге, құрылыс белгiлi бiр жағдайларда ел экономикасын жеделдете өркендету негiздерiнiң бiрi бола алатын бәсекеге қабiлеттi отандық салалардың бiрi болып табылады. Осындай мақсатқа қол жеткiзу үшiн басты талаптардың қатарында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласында дәйектi мемлекеттiк саясат жүргiзу қажет деп танылады.
Қазақстан Республикасында Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiн дамытудың осы Бағдарламасы 2030 жылға дейiнгi Қазақстан Республикасының Стратегиялық дамуын ескере отырып әзiрлендi және 2005 жылға дейiнгi кезеңге есептелген.
Бағдарламада саланы тұрақтандыруға және оны дәйектi көтеруге бағытталған iс-шаралар кешенi жазылған.
3. Қала құрылысы
Проблемалар
Елдi мекендердiң инфрақұрылымын жаңартудың және қоныстанбайтын аумақтарды игерудiң бұрынғы тетiктерiнiң (әлеуметтiк-экономикалық тетiктердi қоса алғанда) тоқтатылуы, сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiк реттеу негiзiнде аумақтарда ұйымдастырудың, дамытудың, жайластыру мен оларға құрылыс салудың жаңа қағидаттарының болмауы белгiлi бiр келеңсiз зардаптарға әкеп соқтырады.
Нәтижесiнде, қала құрылысын салу саласында қазiргi уақытта мынадай проблемалар орын алуда:
1) экологиялық (табиғатты қорғау және әлеуметтiк-экологиялық бағыттар);
2) әлеуметтiк-экономикалық;
3) елдi мекендердi дамыту мен аумақтарды игеру (жайластыру) серпiнiндегi әлеуметтiк-демографиялық;
4) аумақтық-жоспарлау;
5) жеке меншiк тұрғын үй қоры рыногының ғана көрiнiсiн танытатын жылжымайтын мүлiк рыногының жеткiлiксiз деңгейде дамуы.
Мiндеттер
Қала құрылысы саласындағы негiзгi мiндеттер халықтың өмір сүру және толыққанды тiршiлiк ету ортасын құру, қала құрылысы қызметi кезiнде аумақтарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту үшiн мемлекеттiк қала құрылысы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Iс-шаралар
Аталған мiндеттердi iске асыру үшiн мынадай бағыттар белгiленген:
1) Мемлекеттiк қала құрылысы саясатының әзiрленген тұжырымдамасын iс жүзiне асыру;
2) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау;
3) инфрақұрылымды орналастыру мен дамыту жүйесiмен бiрге Қазақстан Республикасының Аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын әзiрлеудi бастау;
4) Елдiң аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негiзiнде аумақты қала құрылысына жоспарлаудың, өндiрiстiк, көлiктiк, инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытудың аймақаралық және аймақтық кешендi сызбаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
5) қалаларды дамыту мен салуды, аумақтарды игеру мен жайластыруды реттейтiн бас жоспарлардың және басқа да қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде жүзеге асыру;
6) республикалық, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) және аудандық деңгейлерде мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының жүйесiн қалыптастыру.
ҚР Үкіметінің 17.05.2002 N 534 қаулысына сәйкес 4 бөлім өзгертілді
4. Күрделі құрылыс
Проблемалар
Күрделi құрылыстағы инвестициялар немесе негiзгi қорларды құру мен ұдайы өндiруге арналған шығындар 1999 жылдың 12 айы iшiнде 243,1 миллиард теңге болды. Соңғы 3 жылдың iшiнде осы салада инвестициялардың бiршама өсуi байқалғанымен, 1990 жылдан берi орын алған күрделi құрылыс көлемiнiң он еседен астам қысқаруы, бiр жағынан, өнеркәсiптегi негiзгi қорлардың моральдық және табиғи тозуына, ал екiншi жағынан, құрылыс кешенiнiң күнi кеше ғана қуатты мүмкіндiктерiнiң сұранымсыз қалуына әкеп соқты.
Мiндеттер
Күрделi құрылысқа жұмсалатын инвестициялардың бәсекеге қабiлеттi қазiргi кәсiпорындардың негiзгi қорларының ұдайы өсуi мен елдiң экономикалық дамуының жоспарларында көзделген жаңа кәсiпорындардың құрылысын салуды қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн арттыру.
Iс-шаралар
Инвестициялық ахуалды жақсарту мен сыртқы және iшкi инвестицияларды тарту үшiн тиiстi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде, оның iшiнде салық салу мәселелерi жөнiнде де дәйектi жұмыс жүргiзiлетiн болады.
Осы мақсаттарға орай Қазақстан Республикасының "Шетел инвестициялары туралы" және "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңдарын бiрiктiретiн және шетелдiк пен отандық инвесторлардың құқықтарын теңестiретiн "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленетiн болады.
Қазақстан Республикасының тиiстi Заңында көзделген тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қорғау саясаты дәйектi жүргiзiлетiн болады.
5. Тұрғын үй құрылысы
Проблемалар
Қазiргi уақытта республикадағы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 253 млн. шаршы метрдi құрайды, саны 15 млн. адам халықтың бұл орта есеппен әр адамына 17 шаршы метрден келедi. Алайда, соңғы он жылдың ішінде тұрғын үй құрылысының көлемi ұдайы төмендедi және 1990 жылдағы 7,9 млн. шаршы метрден 1999 жылы 1,1 млн. шаршы метрге дейiн түстi, сонымен бiрге тұрғын үй қорын қарапайым ұдайы өсiру (сақтау) жағдайын негiзге алатын болсақ, жылына кем дегенде 3 млн. шаршы метр тұрғын үйдi пайдалануға беру қажет. Пәтер меншiк иелерi кооперативтерiне (ПМК-не) қарайтын көп пәтерлi тұрғын үйлердi күрделi жөндеу барлық жерде тоқтатылды деуге болады.
Нәтижесiнде, жылдан жылға халықтың көптеген санаттарының тұрғын үй проблемасы шешiлмеген күйiнде қалып отыр, тұтастай алғанда, тұрғын үй қоры тозды, апатқа ұшырау қаупi Жоғары және тозығы жеткен тұрғын үйлердің саны өстi, сондай-ақ құрылыс-монтаж ұйымдарының жұмыс көлемi күрт төмендедi. Жаппай құрылыс салудың алғашқы жылдарында тұрғызылған iрi панельдi үйлердi жаңғырту мен елімiздiң сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы көптеген үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн арттыру проблемалары өз шешiмiн талап етедi.
Мiндеттер
Тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғын үй қорын сақтау үшiн жағдайлар жасау. Тұрғын үй қорын қарапайым ұдайы өсiру (сақтау) жағдайын негiзге ала отырып, таяу жылдары тұрғын үй құрылысының көлемiн жылына 3 млн. шаршы метрге дейiн жеткiзу қажет.
Iс-шаралар
Сенімдi және халық сенiмiн иеленетiн құрылыс жинақ ақшасы жүйесiн құру - тұрғын үй құрылысын дамытудың негiзгi бағыты болады, ол адал салымшыларға сыйлық түрiнде мемлекеттiк қолдау көрсетедi.
Осы мақсатта 2000 жылдың екiншi жарты жылдығында "Құрылыс жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлдi.
Қазiргi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру арқылы ипотекалық несие жүйесi одан әрi дамытылатын болады.
Мемлекеттiк пен қызметтiк тұрғын үйлер құрылысын салу жалғасады, ол үшiн барлық деңгейдегi бюджеттерде қажеттi қаражат көзделетiн болады.
Астана қаласында, бiрiншi кезекте бюджеттен тыс қаражаттарды тарту есебiнен тұрғын үй құрылысын салу жеделдетiлген қарқынмен жалғастырылады. Жаппай құрылыс салудың алғашқы жылдарында тұрғызылған iрi панельдi тұрғын үйлердi жаңғырту бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi аймақтарындағы үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық төзiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралардың аймақтық және республикалық iс-шаралар жоспарлары әзiрленетiн болады.
Тұрғын үйлердiң нормативтiк тұрғыдан күтiп, ұсталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және ПМК-iне құқықтық көмек көрсету мақсатында 2001 жылы тұрғын үйлердi мемлекеттiк инспекциялаудың жүйесi құрылатын болады.
6. Құрылыстағы мердігерлік жұмыстар
Проблемалар
Соңғы он жылдың iшiнде күрделi қаржы көлемiнiң азаюына байланысты өнеркәсiп құрылысының да, тұрғын үй құрылысының көлемi де күрт төмендеп кеттi, ал жалпы iшкi өнiмнiң құрылымында олардың үлесi 1990 жылдағы 12 пайыздан 1999 жылғы 4,8 пайызға дейiн төмендедi. Сонымен бiр мезгiлде, импорттық жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) құқықтық реттеу мәселелерiнiң пысықталмауы және құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) сатып алуға конкурстар ұйымдастыру мен өткiзуде кемшiлiктердiң болуы салдарынан республикадағы құрылыс-монтаж жұмыстарының едәуiр көлемiн шетелдiк фирмалар орындауда. Iстiң мұндай жағдайына отандық мердiгерлердiң айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелiк ресурстарға, сондай-ақ шетел капиталы қатысатын iрi инвестициялық жобалар бойынша мердiгерлiк жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) сатып алу конкурстарына қатысқан кезде олардың өз мiндеттемелерiн банктiк және сақтандыру кепiлдiктерiмен қамтамасыз етуге қол жеткiзе алмауы ықпал етедi.
Нәтижесiнде, отандық құрылыс-монтаж ұйымдарының жүктемесi де, тиiсiнше олар орындайтын жұмыс көлемi де күрт қысқарды. Олардың көпшiлiгi өздерiнiң өндiрiстiк-техникалық және кадр әлеуетiнен бiртiндеп айрылуда, нәтижесiнде сәулет-құрылыс мамандықтары бар жұмысшылар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейде екендiгi байқалады.
Мiндеттер
Елдiң құрылыс-монтаж ұйымдарының өндірістік-техникалық және кадр әлеуетiн сақтау және арттыру үшін жағдайлар жасау.
Iс-шаралар
Мердiгерлiк жұмыстарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк реттеудi жетiлдiруге, Қазақстандағы объектiлер құрылысына, оның iшiнде шетелдiк капиталды тарта отырып салынып жатқандарына отандық құрылыс-монтаж ұйымдарының қатысуын кеңейту үшiн жағдайлар жасауға бағытталған қазiргi нормативтiк құқықтық базаға қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделiп отыр.
Құрылыс саласындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында шетелдiк жұмыс күшiн әкелудi ретке келтiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын арттыру үшiн құрылыс-монтаж ұйымдарын құрылыс сапасын басқарудың халықаралық стандарттарына көшiру жөнiнде шаралар әзiрленетiн болады.
Құрылыста баға белгiлеу мен қаржыландыру тетiктерiн жетілдiру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Құрылыс-монтаж ұйымдарын осы заманғы машиналармен, механизмдермен және жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында құрылыста лизингтi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрленедi.
Құрылыс-монтаж ұйымдарының өнеркәсiптiк кәсiпорындарды шетелдiк фирмалардың басқаруына беру жөнiндегi Үкiметтiң жекелеген шешiмдерiнiң нәтижесiнде жинақталған дебиторлық берешектердi кезең-кезеңiмен өтеу немесе қайта құрылымдау жүргiзiледi.
7. Құрылыс материалдарының, бұйымдары
мен құрастырмаларының өндірісі
Проблемалар
Республикадағы құрылыс кешенiнiң негiзi болып табылатын құрылыс материалдарының өндiрiсiн дамыту елiмiздiң құрылыс саласын өрiстетудегi басымдықтардың бiрi болып табылады.
Алайда, құрылыс саласының ұзақ уақыт бойы дағдарысты жұмыс iстеуi және республикаға едәуiр мөлшерде құрылыс материалдары импортының әкелiнуi республикада құрылыс материалдары мен бұйымдарының өндiрiс көлемiн құлдыратып жiбердi.
Мәселен, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң республиканың өнеркәсiптiк өнiмдерiнiң жалпы құрылымындағы үлесi 1994 жылдағы 4,1 пайыздан 1999 жылғы 0,89 пайызға дейiн төмендедi.
Сонымен бiрге, кәсiпорындардың ескiрген, тозу деңгейi 60-80 пайызды құрайтын, энергияны көп қажет ететiн технологиялық желiлермен және жабдықтармен жарақталуы iшкi рыноктың өзiнде бәсекеге қабiлеттi өнiм жасауға мүмкiндiк бермедi. Iшкi рынок импорттық құрылыс материалдары мен бұйымдарға толып кеткендiктен, жағдай одан әрi шиеленiсе түстi. Сонымен қатар, бәсекеге қабiлеттi отандық материалдарды, бұйымдар мен құрастырмаларды қолданудан негiзсiз бас тарту кеңiнен етек алды.
Мiндеттер
Өндiрiстi тұрақтандыру мен дамыту, құрылыста бәсекеге қабiлеттi отандық құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын қолдануды кеңейту үшiн нормативтiк құқықтық және экономикалық алғышарттар жасау.
Iс-шаралар
Құрылыстың келешегi бар, бәсекеге қабiлеттi және сұранымға ие өнiмдер шығаруды көздейтiн құрылыс материалдарының өнеркәсiптiк кәсiпорындарын жаңғырту немесе техникалық қайта жарақтандыру жобалары Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына белгiленген тәртiппен енгiзiлетiн болады. Осындай жобаларға Yкiмет қаржыландыруды, оның iшiнде сыртқы несиелер мен заемдарды iздестiру мен тарту, табиғи ресурстарды өндiруге, жайластыру мен пайдалануға арналып жасалған келiсiм-шартқа және тартылатын инвестициялық заемдарға арналған шарттарға тиiстi қағидаларды енгiзу арқылы ұйымдастыруда атаулы қолдау көрсетедi.
Отандық құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қолдану аясын кеңейту мақсатында "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Парламентiне тиiстi ұсыныстар әзiрленедi және ұсынылатын болады.
Отандық құрылыс өнiмдерiн өндiрушiлердi қолдау үшiн:
1) "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен берiлiп отырған мүмкiндiктер пайдаланылатын;
2) тиiстi тауарларды әкелуге арналған кедендiк баж ставкалары қажет болған жағдайда қайта қаралатын болады.
Тапсырыс берушiлердi, мердiгерлер мен жобалау ұйымдарын Қазақстанда өндiрілетiн бәсекеге қабiлеттi құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн республикада олардың өндiрiстiк мониторингi ұйымдастырылады және жаңартылған тиiстi тiзiмдемесi мезгiл-мезгiл шығарылып тұратын болады. Толық немесе iшiнара мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын жобаларда импорттық құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын тиiстi негiздемелер болған жағдайда ғана қолданылуы көзделетiн тәртiп енгiзiлетiн болады.
Құрылыс тауарларының, оның iшiнде халықаралық көрмелерiн өткiзу тәжiрибесi жалғасатын болады.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. N 462 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
8. Нормативтік-техникалық база
Проблемалар
Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiнің нормативтiк-техникалық базасы басым көпшілiгi Кеңестiк Одақ кезiнде әзiрленген, оның үстiне, бұлар негiзiнен Ресейдің ғылыми және жобалау институттары әзiрлеген 1700-ден астам нормативтiк-техникалық құжаттар бiрлiгiнен тұрады.
Бұлжымас техникалық прогреске, жаңа технологиялардың, материалдардың, машиналар мен механизмдердің пайда болуына, экономикалық және қоғамдық қатынастардың өзгеруiне байланысты нормативтiк-техникалық құжаттар ұдайы жаңарту мен нақтылауды талап етедi. Мердiгерлiк жұмыстар (қызмет көрсетулер) мен құрылыс материалдарының қазақстандық рыногының ерекшелiгiн ескере отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы құрылыстың сметалық құнын айқындау қағидаттарын қабылдауға көшу мiндетi айрықша өзектi болып табылады.
Отандық нормативтiк-техникалық базаны халықаралық стандарттармен және талаптармен үйлестiру мәселелерi, қолданбалы ғылым мен жобалау-iздестiру iсiнің проблемалары өз шешiмiн талап етедi.
Мiндеттер
Сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметiнiң халықаралық талаптарға жауап беретiн осы заманғы нормативтiк-техникалық базасын жасау және ғылымның, техника мен жаңа технологиялардың жетiстiктерiн ескерiп, оны ұдайы сонымен сүйемелдеп отыру.
Iс-шаралар
Нормативтiк базаны жүйелi және жоспарлы реформалау мен нормативтiк құжаттардың жаңа жүйесін қалыптастыру жөнiндегі жұмыстар жалғасады. Бiрiншi кезекте нарықтық экономика талаптарынан, құрылыста жаңа технологиялардың пайда болуынан туындайтын аса маңызды проблемаларды шешуге бағытталған негiзгi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу көзделiп отыр.
ТМД елдерi Үкiметтерi басшыларының Мемлекетаралық келiсiмдерi шеңберiнде бiрыңғай нормативтiк базаны қалыптастыру жүйесiн сақтауға, олардың халықаралық талаптармен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормалар мен стандарттарды әзiрлеу жөнiнде келiсiлген техникалық саясат одан әрi жалғасады.
ТМД елдерiндегi құрылысты стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия (МҒТҚК) шеңберiнде бiрыңғай перспективалық жоспар бойынша құрылыс құрастырмаларын, инженерлiк жүйелердi, жылу-энергия үнемдеу, үйлер мен ғимараттардың төзiмдiлiгiн, өрт-жарылыс қауiпсiздiгiн және т.б. есептеу құрылымдау және жобалау салаларына негiз болатын нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеу ұйымдастырылады.
ТМД елдерiнiң ұлттық нормативтiк базасы зерделенедi және осы нормативтiк құжаттарды сатып алу мен Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгiзу мүмкiндiгi туралы жұмыс жүргiзiледi.
Құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық әлеуеттi сақтау мақсатында осы салада басымдыққа ие ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының күшiмен ұлттық техникалық нормативтер әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жалғасады.
2001-2003 жылдар iшiнде құрылыстың сметалық құнын айқындаудың жаңа жүйесi әзiрленiп, сынақтан өткiзiледi және оны енгiзу басталады.
9. Қолданбалы ғылым және жобалау ісі
Проблемалар
Саяси-экономикалық қайта құрулардың басталуына және бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты егемендi Қазақстан бұрынғы кеңестiк ақпараттық, нормативтiк-техникалық және әлеуметтiк қамтамасыз ету көздерiнен айрылып қалды, ал тапсырыстардан айырылуы салдарынан отандық жобалау мен ғылыми-қолданбалы рыноктың ауқымы едәуiр тарылды.
Бұрынғы мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру ұйымдарының көпшiлiгi жаңа жағдайларда олардың ғылыми техникалық және кадрлық әлеуетiне қарамастан қажетсiз болып қалды.