Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 17 мамырдағы № 534 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасында:
"Күрделі құрылыс" 4-бөлімде:
"Іс-шаралар" тарауында:
төртінші, бесінші абзацтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспарында:
реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов |