ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. N 561 қаулысымен 35-2-тармақпен толықтырылды
35-2. Салық органы агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн алған кезде, соңғы алушы ретiнде бенефициар - жинақтаушы зейнетақы қорын және делдал банк ретiнде Орталықты көрсете отырып, агенттердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер ұсынады.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. N 561 қаулысымен 35-3-тармақпен толықтырылды
35-3. Агенттер салық органдары ұсынған инкассалық өкiмдер бойынша пайдасына берешек өндiрілетін жеке тұлғалардың тiзiмдерiн ұсынбаған, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердiң банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкiм шығарады.
ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. N 2010 қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 36-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
36. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін агенттерді тіркеу облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынады.
Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгiзген, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының келiп түскен тiзiлiмдерi мен қайтарылған тiзiлiмдерi жеке ұсынылады.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару
жөнiндегi құжаттарды сақтаудың тәртiбi
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. N 1671 қаулысымен 6-бөліммен және 37-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 561 қаулысымен 37-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
37. Заңды тұлғалар - агенттер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.
Заңды тұлғаны - мiндеттi зейнетақы агентті таратқан кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттiк мұрағатқа берiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 15 наурыздағы N 245
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, аударудың және Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖы, 1997 ж., N 53, 485-құжат)
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 30 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 201 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1313 қаулысының 1-тармағы.