Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың
және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке
тиесiлi ұйымдардың қаржылық қызметтердi сатып алуының кейбiр
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
14 қыркүйектегі N 960 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеті мемлекетке тиесілi ұйымдардың иелiгiнде бар уақытша бос ақша қалдығын тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдардың (бұдан әрi - Ұйымдар) акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың иелігiнде бар уақытша бос ақшаны мынадай қаржы құралдарына:
1) Қазақстан Республикасының, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарға - оны ұйымдастыру үшiн заңнамаға сәйкес иелігінде бар ақшаны мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру құқығы бар ұйымдар үшiн 10 (он) пайызға дейiн;
2) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары:
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi;
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi;
Азия Даму Банкi;
Ислам Даму Банкi;
Еуропа Инвестициялық Банкi;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Америкааралық Даму Банкi;
Халықаралық Есеп айырысу Банкi;
Африка Даму Банкi.
3) Standard & Poor's шкаласы бойынша BBB немесе Mood's шкаласы бойынша Ваа3 кем емес немесе Fitch Ratings шкаласы бойынша BBB төмен емес кредит рейтингі бар елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздарына;
4) Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаты тiзiмiне енгiзілген қазақстандық эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына;
5) шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының егемен рейтингінен бiр деңгейге кем емес кредит рейтингі бар қазақстандық эмитенттер шығарған мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға;
6) Standard & Poor's шкаласы бойынша BBB немесе Mood's шкаласы бойынша Ваа3 кем емес немесе Fitch Ratings шкаласы бойынша ВВВ төмен емес кредит рейтингi бар шетелдiк эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына;
7) осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары базалық активi болып табылатын өтемдi бағалы қағаздарға;
8) шетелдiк банктердегі (Standard & Poor's шкаласы бойынша ВВВ немесе Mood's шкаласы бойынша Ваа3 кем емес немесе Fitch Ratings шкаласы бойынша BBB төмен емес кредит рейтингi бар) салымдарға (депозиттерге) және шетелдiк банктер шығарған депозиттік сертификаттарға;
9) уәкілетті мемлекеттiк органның лицензиясы болған кезде тазартылған бағалы металдарға;
10) екiншi деңгейдегі банктердiң депозиттерiне орналастыруды қамтамасыз етсiн. Ұйымдар заңнамада белгiленген тәртіппен кемiнде 4 (төрт) екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерде уақытша бос ақшаны орналастырады. Олардың әрқайсысында депозит сомасы уақытша бос ақша мөлшерiнiң 25 (жиырма бec) пайызынан аспауы тиiс. Бұл ретте олардың әрқайсысындағы депозит сомасы екiншi деңгейдегi банктiң теңгерiмдiк капиталының 15 (он бec) пайызынан аспауы тиiс.
5000 (бес мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегi уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі банктiң бiреуiнде депозитке орналастырылуы мүмкiн.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар заңнамада белгiленген тәртiппен Ұйымдардың:
1) осы қаулыға сәйкес мынадай қаржылық қызметтердi тарту туралы:
несие капиталы рыногындағы қарыздарды тарту (бұл ретте қарыз тартқан кезде тартудың неғұрлым тиiмдi шарттарын (ең төменгi сыйақы ставкасы, қарыз мерзiмi, қамтамасыз ету шарттары, жеңілдiкті кезеңнiң болуы және басқа шарттар) ұсынатын қарыз берушiге басымдық беріледi);
екiншi деңгейдегі банктерде банктiк шот ашу;
2) Ұйымдардың:
депозиттерге қаражат орналастыру мерзiмi, екiншi деңгейдегi банктер есептейтiн сыйақы мөлшерi туралы ақпаратты және депозиттерге қатысы бар басқа да ақпаратты алу үшiн осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасын;
қарыз мерзiмi, қарыз бойынша сыйақы ставкасы, жеңiлдiктi кезеңнiң болуы, қарызды қамтамасыз ету шарттары және қарыз алуға қатысы бар басқа да шарттар туралы ақпаратты алу үшін осы қаулының 2-тармағын;
екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу және оларға қызмет көрсету шарттары туралы ақпаратты алу үшiн осы қаулының 3-тармағын орындау үшiн екiншi деңгейдегі банктерге сұратулар жiберу туралы;
3) осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты алғаннан кейiн Ұйымдар заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында және 2-тармағында көрсетілген неғұрлым тиiмдi шарттарды ұсынған қаржы қызметтерiн көрсету жөнiндегi екiншi деңгейдегі банктердi айқындау туралы шешiмдер қабылдауын қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдар осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов
|