Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 1248 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 10) тармақшасында:
"4 (төрт)" деген сөз "3 (үш)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"25 (жиырма бес)" деген сөздер "30 (отыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бұл ретте олардың әрқайсысындағы депозит сомасы екінші деңгейдегі банктің теңгерімдік капиталының 15 (он бес) пайызынан аспауы тиіс" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |