Қазақстан Республикасының Су Кодексі
2003 ж. 9 шілдедегі N 481-ІІ
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-Бөлім. Жалпы ережелер (1-21 баптар)
1-тарау. Негізгі ережелер (1-10 баптар)
2-тарау. Су қатынастары объектілері (11-21 баптар)
2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы (22-32 баптар)
құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар
3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы (22-23 баптар)
4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге (24-32 баптар)
де құқықтар
3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік (33-63 баптар)
реттеу
5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы (33-35 баптар)
мемлекеттік басқару
6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен (36-39 баптар)
қорғауды басқару саласындағы құзыреті
7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы (40-43 баптар)
бассейндік басқару
8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы (44-47 баптар)
мемлекеттік жоспарлау
9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау (48-54 баптар)
мен сараптама
10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның (55-57 баптар)
жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар
11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік (58-61 баптар)
есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су
объектілерінің мемлекеттік мониторингі. Су қорын
ұтымды пайдалану мен қорғауды ғылыми және
инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету
12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы (62-63 баптар)
жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және
қоғамдық бірлестіктердің қызметі
4-Бөлім. Су пайдалану (64-76 баптар)
13-тарау. Су пайдалану құқығы (64-76 баптар)
5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру (77-89 баптар)
14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары (77-80 баптар)
15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы (81-89 баптар)
мемлекеттік нормалау
Ерекше бөлік (90-146 баптар)
6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану (90-111 баптар)
16-тарау. Ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау (90-92 баптар)
17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар (93-94 баптар)
үшін пайдалану
18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл (95-102 баптар)
шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану
19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын (103-104 баптар)
өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану
20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, (105-106 баптар)
ағаш ағызу және өртке қарсы мұқтаждар үшін пайдалану
21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын балық (107-108 баптар)
және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану
22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн (109-111 баптар)
пайдалану. Өзендер мен каналдарда су қоймалары мен
тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы (112-126 баптар)
күресу
23-тарау. Су қорғау қызметі (112-120 баптар)
24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері (121-122 баптар)
25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою (123-124 баптар)
26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен (125-126 баптар)
белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі
8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі (127-131 баптар)
шаруашылық қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері
27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері (127-131 баптар)
9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды реттеудің экономикалық (132-136 баптар)
тетігі
28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері (132-136 баптар)
10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының Су заңдарын (137-140 баптар)
бұзғаны үшін жауаптылық
29-тарау. Су дауларын шешу (137-138 баптар)
30-тарау. Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғаны үшін (139-140 баптар)
жауаптылық
11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау (141-146 баптар)
саласындағы халықаралық ынтымақтастық
31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау (141-145 баптар)
32-тарау. Қорытынды ереже (146-146 баптар)
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекарамен шектелген су кеңiстiгi;
2) су объектiсiнiң бассейнi - гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;
3) жер асты суларының бассейнi - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
4) басқарудың бассейндiк принципi - әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы өзендердiң, көлдердiң және басқа да су объектiлерiнiң бассейндерi шегiнде су ресурстарын бөлу кезiнде iске асырылатын су қорын гидрографиялық белгiлер бойынша басқару;
5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi - су тұтынушылар үшiн ауыз сумен жабдықтаудың бiрден-бiр көздерi, олардың ауыстырылуы мүмкiн емес және мақсатқа сай келмейдi;
6) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (лық толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;
7) жағалау белдеуi - су объектiлерi жағалауының бойындағы табиғат қорғау талаптарын сақтай отырып, навигациялық белгiлер мен жабдықтарды орнатуға арналған жағалау жиегiнен енi жиырма метр құрлық белдеуi;
8) су сервитуты - су объектiсiн шектеулi пайдалану құқығы;
9) сулар - су объектiлерiнде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
10) су үнемдеу - су ресурстарының ұтымды және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi;
11) су жинау алаңы - шекарасы шегiнде су объектiсiнiң су ресурстары қалыптастырылатын аумақ;
12) сулардың зиянды әсерi - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың туындауы нәтижесiнде судың шаруашылық және өзге де қызметке терiс әсер етуi;
13) су шаруашылығы - су объектiлерiн пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы;
14) су режимi - су объектiлерi мен топырақ қабатындағы су деңгейiнiң, шығыстары мен көлемiнiң уақытқа қарай өзгеруi;
15) тау-кен жыныстарының су тұтқыш аймақтары, жиектерi мен кешендерi - тау-кен жыныстарының жарықтары мен кеуек қуыстарында жинақталған және гидравликалық байланыстағы сулар;
16) су тарту құрылысы - су объектiлерiнен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешенi;
17) ағын су - ойпаңды жер бетiнде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектiсi;
13) су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметiнiң арнайы режимi белгiленетiн су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына iргелес аумақ;
19) су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану;
20) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
21) су тұтынушы - су объектiлерiнен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерiн пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерiнен су алушы жеке немесе заңды тұлға;
22) су шаруашылығы ұйымдары - қызметi суларды реттеумен, жеткiзумен, молайтумен, су дайындаумен, ағынды суларды бұрумен және су объектiлерiн пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;
23) су қорғау белдеуi - шектеулi шаруашылық қызметi режимi белгiленетiн, су объектiсiне және су шаруашылығы құрылыстарына iргелес жатқан су қорғау аймағы шегiндегi енi кемiнде жиырма метр аумақ;
24) су шаруашылығы жүйесi - суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ағынды суларды бұруға арналған өзара байланысты су объектiлерi мен гидротехникалық құрылыстар кешенi;
25) су шаруашылығы құрылыстары - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды бұру және судың зиянды әсерiн жою мақсатымен су объектiлерiнде жасанды құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
26) гидромелиорациялық жүйе - жердi суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешенi;
27) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, суды дайындау, су пайдаланушыларға беру, тасымалдау және суды бұру, сондай-ақ олардың зиянды әсерiнiң алдын алу үшiн пайдаланылатын инженерлiк құрылыстар;
28) су қорының жерлерi - су айдындары (өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiндегi ағындыны реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулерiне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерiнiң санитарлық қорғау аймақтарына бөлiнiп берiлген жерлер;
29) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшiн сумен жабдықтау көзiн (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатымен белгiленген режим сақталуға тиiс сумен жабдықтау көзi мен су құбыры құрылыстарының төңiрегiнде арнайы бөлiнетiн аумақ;
30) су объектiсiндегi рекреация аймағы - жаппай демалыс, туризм және спорт үшiн пайдаланылатын су объектiсi немесе оның iргелес жағалауы бар учаскесi;
31) су пайдалану көзi - су пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн су объектiсi;
32) су объектiлерiн пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн су объектiлерiнiң пайдалы табиғи қасиеттерiн алу;
33) өзендерге теңестiрiлген каналдар - суды бiр бассейннен екiншiсiне, сондай-ақ бiр өзен жүйесiнен екiншiсiне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;
34) шегендеу құрылысы - табиғи шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетiне шығарылуын қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрылыс;
35) көлдете суару - гидротехникалық құрылыстар жүйесiнiң көмегiмен немесе оларсыз қар суын, тасқын суды және басқа да суларды ауыл шаруашылығы алқаптарына жайып жiберу үшiн пайдалану;
36) жер асты суларының көздерi мен учаскелерi - шегiнде жер асты суларын шығару мен алу үшiн қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердiң бөлiктерi;
37) минералды жерасты сулары - өзiнiң құрамы және (немесе) кейбiр epeкшe компоненттерiнiң мөлшерi бойынша оң бальнеологиялық әсер ететiн жерасты сулары;
38) ластаушы заттардың шоғырлануының жол берiлетiн шектi нормативтерi - адамның денсаулығын қорғау және өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне зиянды әсерiн болғызбау мақсатында белгiленетiн ластаушы заттардың су объектiлерiнде болуы мен табиғи факторлардың су ортасына әсер етуiнiң жол берiлетiн шамалары;
39) суару каналы - суару көздерiнен суаруды талап ететiн учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;
40) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерi - бiреуден артық елдi мекенге қызмет көрсететiн, басымдылығы мен әлеуметтiк маңыздылығы бар және Қазақстан Республикасының Yкiметi топтық сумен жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерiнiң санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық жүйелерi;
41) cу объектiлерiн қорғау - су объектiлерiн сақтауға, қалпына келтiруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсерiне жол бермеуге бағытталған қызмет;
42) жер үстi су объектiлерi - шекарасы, көлемi мен су режимi бар, құрлық бетiнде оның бедерi нысанындағы сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
43) су жiберу - ағын судың төменгi учаскесiндегi су шығынын немесе деңгейiн немесе су қоймасының өзiндегi судың деңгейiн реттеу үшiн су қоймасынан суды кезеңдеп немесе мезгiлдеп беру;
44) өндiрiстiк-техникалық жерасты сулары - өзiнiң сапасы мен физикалық қасиеттерi бойынша өндiрiстiк-техникалық сумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жерасты сулары;
45) су ағызу каналы - бөлу желiсiнiң жалғасы болып табылатын, пайдаланылған және артық суды өзеннiң арнасына немесе табиғи ылди жерге қарай ағызу үшiн пайдаланылатын жасанды құрылыс;
46) ағынды сулар - табиғи немесе жасанды су объектiлерiне немесе жер бедерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ағызып жiберiлетiн пайдаланылған немесе ластанған аумақтан келiп түскен сулар;
47) трансшекаралық әсер - табиғи көзi шектес мемлекеттiң немесе көршiлес мемлекеттердiң аумағында толық немесе iшiнара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметiнен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруi нәтижесiнде пайда болатын зиянды зардаптар;
48) құбырлы сүзгiш құдық - су тұтқыш тау-кен жынысына оларды сорғыту мақсатымен бекiтiлетiн бiрқатар тесiктерi бар құбыр кесiндiсi;
49) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы басқару мен бақылау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
50) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестiк меншiк құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнiң құрамына кiретiн бiр гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерiмен суарылатын жеке меншiк немесе уақытша өтеулi пайдалану құқығында жер учаскесi бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
51) жерасты шаруашылық-ауыз сулары - өзiнiң табиғи жай-күйiндегi немесе өңделгеннен кейiнгi сапасы бойынша нормативтiк талаптарға сай келетiн және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетiне, не ауыз су өнiмдерiн өндiруге арналған жерасты сулары;
52) шахта құдығы - сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетiнен атмосфералық және жер үстi суларын бұру мақсатында жерасты суларын алу үшiн құрылған тереңдiгi көлденең кесiктен үлкенiрек тiк тау-кен қазындысы.
2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары
1. Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
2) су қатынастарын реттеу;
3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.
4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры
Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.
5-бап. Су объектiлерi
Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.
6-бап. Су ресурстары
Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.
7-бап. Су қорының жерлерi
1. Су айдындары (өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, iшкi сулар, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жерлерi, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулерiне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерiнiң санитарлық қорғау аймақтарына бөлiнген жерлер мемлекет меншiгiнде болады.
2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.
4. Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi.
8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы
1. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады.
2. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.
3. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi
Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;
2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;
3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;
4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;
5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;
6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;
7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;
8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;
9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;
10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.
10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастар
1. Қазақстан Республикасының су заңдары су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы құрылыстарын басқару саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.
2. Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне қатысты қатынастар арнайы заңдармен және осы Кодекспен реттеледi.
3. Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарымен, сондай-ақ осы Кодекспен реттеледi.
4. Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жер асты сулары мен жер асты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және, осы Кодекстiң 66-бабының 5 және 6-тармақтарын қоспағанда, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
5. Су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңдарымен реттеледi.
6. Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.
7. Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар осы Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
8. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
2-тарау. Су қатынастары объектілері
11-бап. Су қатынастары объектiлерi
1. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.
2. Су объектiлерi:
1) жер үстi су объектiлерi;
2) жер асты су объектiлерi;
3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;
4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.
3. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:
1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi;
2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;
3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;
5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi.
12-бап. Жер үстi су объектiлерi
1. Жер үстi су объектiлерi:
1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;
2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.
2. Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады.
13-бап. Жер асты су объектiлерi
Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады:
1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi;
2) жер асты суларының бассейнi;
3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi;
4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы;
5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.
14-бап. Теңiз сулары
1. Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.
2. Қазақстан Республикасы теңiз суларының жағалау жиегi Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен белгiленедi.
15-бап. Трансшекаралық сулар
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.
2. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара туралы заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi.
16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады.
2. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн пайдалануды шектеуге жол берiледi.
17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi
1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
2. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
3. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.
4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бередi.
5. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi
1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.