39-бап. Мыналар:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған кредиттер мен қаражаттар жөніндегі талаптары тоқтатылады;
ұйымдардың тізбесі мен берешек көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша анықтайды деп белгіленсін.
40-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша жергілікті атқарушы органдарға кредит беруге 4500000 мың теңге сомасында;
ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату жөніндегі кәсіпорындардың лизингтік негізде жабдықпен қамтамасыз етілуіне кредит беруге 500000 мың теңге сомасында;
айналым қаражатын толықтыруға ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату жөніндегі кәсіпорындарға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер сыйақысының (мүддесінің) ставкасын субсидиялауға 395000 мың теңге сомасында;
ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату жөніндегі кәсіпорындар үшін жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге 40500 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
Аталған қаражатты бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қарыз алуы жөніндегі шектеулер көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен берілген кредиттерге қолданылмайды деп белгіленсін.
41-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамының мекемелерінде тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтарын қайта ресімдеу жолымен айналысқа жіберілген, айналыс мерзімі 1, 2 және 3 жыл мемлекеттік арнаулы өтемақылық қазынашылық облигацияларға қызмет көрсету мен оларды өтеуге қаражат көзделсін.
42-бап. 2003 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 8050000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
43-бап. 2003 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 702000000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
44-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 10-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
45-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 11-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
46-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 12-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2003 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқарылу процесінде 13-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
47-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының