2003 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 362-II Заңы
Осы редакция ҚР 2003 ж. 12 маусымдағы N 438-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға берілген қосымшаларды орыс тіліндегі мәтіннен қара
1-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) түсімдер - 631555690 мың теңге, оның ішінде:
кірістер - 562836287 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 57629991 мың теңге;
кредиттерді қайтару - 11089412 мың теңге;
2) шығыстар - 714395690 мың теңге, оның ішінде:
шығындар - 678536417 мың теңге;
кредиттер - 35859273 мың теңге;
3) тапшылық - 82840000 мың теңге, яғни елдің жалпы ішкі өнімінің болжамды көлемінің 2 проценті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің тапшылығын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
2-бап. Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін төлейтін 4427500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетіледі, оның:
515200 мың теңгесі ақшалай түседі;
3912300 мың теңгесі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сынақ полигондарын жалға беру туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 045 "Әскери полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарды іске асыру" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі пайдаланады.
3-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін түсімдер:
18267750 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы;
1999 жыл үшін 10263500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы бойынша берешек көзделсін.
4-бап. 2003 жылы "Өнімдерді бөлу туралы" келісімшарттар бойынша алынатын Қазақстан Республикасының өнімдерді бөлу жөніндегі үлесі 100 процент мөлшерінде республикалық бюджетке есептеледі деп белгіленсін.
5-бап. Пайдалы қазбалар өндіруді жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшін аударымды роялти түрінде республикалық бюджеттің кірісіне бірыңғай бюджеттік жіктеменің кірістер жіктемесінің "Роялти" кодына Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісімшарт негізіне ауыстыруды жеделдету жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысымен бекітілген ставкалар бойынша белгіленген мөлшерде аударсын.
6-бап. Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке есептелетін салықтық түсімдердің көлемі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7-бап. Мыналар:
бірыңғай бюджеттік жіктеменің кірістер жіктемесінің "Роялти" коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын қорғау және минерал-шикізат базасын молықтыру жөніндегі республикалық қор алдындағы берешегін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың негізінде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтін келісім-шарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасы;
бірыңғай бюджеттік жіктеменің кірістер жіктемесінің "Әлеуметтік салық" коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөніндегі берешек, сондай-ақ бұрын Жол қорына түсіп келген автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударым жарналары;
"Өндірушілер көтерме саудада сататын, өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)" коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;
"Өндірушілер көтерме саудада сататын, өзі өндіретін дизель отыны" коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым жөніндегі берешек тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі деп белгіленсін.
8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туылған кезде, жерлеуге жұмыс берушілер есептеген жәрдемақы сомасының аталған қорға есептелген аударым жарналарының сомасынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жинақталған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне есептеліп отырады.
9-бап. Акционерлік қоғамдардан - ұлттық компаниялардан 2003 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
10-бап. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан (шаруашылық жүргізу құқығындағы) 2003 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
11-бап. Облыстық бюджеттерден және Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттік алулар мөлшерінің жалпы сомасы 2003 жылға 57629991 мың теңге, оның ішінде:
Ақтөбе облысынан - 428735 мың теңге;
Атырау облысынан - 20114903 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысынан - 497040 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 10651255 мың теңге;
Павлодар облысынан - 974293 мың теңге;
Алматы қаласынан - 24963765 мың теңге болып белгіленсін.
12-бап. Мына ұйымдардың:
мемлекеттік білім беру мекемелерінің;
санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің;
сот сараптамасы органдарының;
туберкулез мекемелерінің;
психоневрологиялық мекемелердің;
Қазақ республикалық лепрозорийінің;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйлердің;
ақыл-ой қабілеті төмен балаларға арналған интернат-үйлердің;
психоневрологиялық интернаттардың;
мемлекеттік мекеме нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің;
ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің;
ішкі істер органдарының тергеу изоляторларының;
Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің;
шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерді (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және олардың отбасы мүшелерін ақылы азық-түлікпен қамтамасыз еткен жағдайда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер бөлімдері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімдері мен бөлімшелерінің;
мемлекеттік мұрағаттардың;
мемлекеттік кітапханалардың;
мемлекеттік мұражай-қорықтардың тауарлар сатуы мен қызметтер көрсетуінен түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен пайдаланылады деп белгіленсін.
13-бап. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері - 5000 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшері - 5000 теңге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 872 теңге мөлшерінде белгіленсін.
14-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте бала тууға байланысты он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын біржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 2 914 603 мың теңге сомасында шығыс көзделсін.
15-бап. Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ ішкі істер органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, салық полициясының қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстарды төлеуі үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 3430 теңге сомасында белгіленсін.
16-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстарында:
1) Ресей Федерациясының аумағынан шығатын және импортталатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін әскери техника беруге - 480 000 мың теңге сомасында;
2) бюджетке төлемдер бойынша 2593843 мың теңге сомасында, оның ішінде:
элиталық тұқым шаруашылығымен және асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын аттестатталған шаруашылықтарға - 1479327 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджетке түсетін салықтар бойынша - 691995 мың теңге, жергілікті бюджеттерге түсетін салықтар бойынша - 787332 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне - 1114516 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджетке түсетін салықтар бойынша - 752022 мың теңге, жергілікті бюджеттерге түсетін салықтар бойынша - 362494 мың теңге;
3) әкелінетін тауарларға кеден баждары мен төлемдер бойынша 497569 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін әскери техника бергені үшін - 10577 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін арнайы жабдықтар бергені үшін - 188099 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша - 298893 мың теңге берешектерді өтеуге арналған қаражат ескерілсін.
17-бап. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 032 "Бюджетке қосымша түсетін кеден төлемдері мен салықтар үшін тәуелсіз сарапшыға сыйақы төлеу" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша 600000 мың теңге сомасындағы шығындар Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендік құнының олардың саны мен сапасына сәйкестігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тәуелсіз сараптама жүргізуден республикалық бюджетке түскен кірістерге тең үлеспен жүзеге асырылады.
18-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдардың 1914445 мың теңге сомасындағы, оның ішінде:
65000 мың теңге - "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының;
1000000 мың теңге - "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының;
170000 мың теңге - "Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамының;
279445 мың теңге - "Мал өнімдері корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының;
400000 мың теңге - "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталдары мен активтерін ұлғайтуға немесе қалыптастыруға қаражат көзделсін.
19-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте іргелі, бастамалық және тәуекелді зерттеулерді гранттар түрінде нысаналы қаржыландыру үшін 1520413 мың теңге сомасында Ғылым қорына аударылатын қаражат көзделсін.
20-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы шығыстарының құрамында мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңартуға 376688 мың теңге сомасында шығындар көзделді деп белгіленсін.
Мемлекеттік органдардың тізбесін және сатып алынатын техниканың санын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
21-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар мөлшерінің жалпы сомасы 2003 жылға 80513248 мың теңге, оның ішінде:
Ақмола облысына - 9353447 мың теңге;
Алматы облысына - 10125030 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 9348241 мың теңге;
Жамбыл облысына - 10409918 мың теңге;
Қарағанды облысына - 1835487 мың теңге;
Қостанай облысына - 5191128 мың теңге;
Қызылорда облысына - 8972104 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 6205549 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 19072344 мың теңге болып белгіленсін.
22-бап. Қарағанды облысының 2003 жылға арналған бюджетіне субвенция мөлшерін анықтау кезінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға жұмсалатын шығыстар ескерілді деп белгіленсін.
23-бап. Қызылорда облысының 2003 жылға арналған бюджетіне субвенция мөлшерін анықтау кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенінде тұратын және (немесе) жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері туралы 1998 жылғы 12 қазандағы
келісімге сәйкес "Байқоңыр" кешенінде тұратын және (немесе) жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар ескерілді деп белгіленсін.
24-бап. 2003 жылға арналған жергілікті бюджеттердің шығыстарында субвенциялар мен бюджеттік алуларды анықтау кезінде мыналарды:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіптік мектептердің оқушыларын тамақтандыруды;
мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақы төлеуді қамтамасыз етуге толық көлемде қаражат көзделді деп белгіленсін.
25-бап. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға қаражат 2003 жылға арналған жергілікті бюджеттерде 5-қосымшада белгіленген мөлшерден кем емес мөлшерде көзделеді деп белгіленсін.
26-бап. 2003 жылға арналған жергілікті бюджеттердің шығыстарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге 8694077 мың теңге сомасында қосымша шығындар көзделеді деп белгіленсін.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге қаражат жергілікті бюджеттерде 6-қосымшада белгіленген мөлшерден кем емес мөлшерде көзделеді.
27-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қызылорда облысының бюджетіне мынадай мөлшерде:
Арал және Қазалы аудандарының халқына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін - 231976 мың теңге;
Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін - 270000 мың теңге нысаналы трансферттер көзделсін.
Аталған сомаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету шығыстары жергілікті бюджеттерде өз қаражаты есебінен 116 000 мың теңгеден кем емес сомада көзделетіні ескерілсін.
28-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Ақтөбе облысының бюджетіне мынадай мөлшерде:
Шалқар ауданының халқына тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін - 32488 мың теңге;
Шалқар ауданының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін - 74354 мың теңге нысаналы трансферттер көзделсін.
Аталған сомаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Шалқар ауданының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету шығыстары жергілікті бюджетте өз қаражаты есебінен 95000 мың теңгеден кем емес сомада көзделетіні ескерілсін.
29-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерде:
2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгі штаттарын енгізуге - 692442 мың теңге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік білім беру мекемелері желісінің кепілдік берілген нормативін қамтамасыз етуге 572319 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен 2003 жылға арналған көшіп келу квотасына сәйкес көшіп келген оралмандардың отбасыларына тұрғын үй сатып алуға - 2414014 мың теңге нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аталған сомаларды бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүзеге асырылады.
30-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 7 және 8-қосымшаларға сай ауылдағы білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салудың инвестициялық жобаларының тізбелеріне сәйкес ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының инвестициялық жобаларын іске асыруға облыстық бюджеттерге 6697680 мың теңге сомасында, оның ішінде:
1) ауыл мектептерін салуға - 3697600 мың теңге, одан:
Алматы облысының бюджетіне - 1087400 мың теңге;
Атырау облысының бюджетіне - 480000 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне - 432300 мың теңге;
Жамбыл облысының бюджетіне - 682600 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 1015300 мың теңге;
2) перзентханалар салуға - 648360 мың теңге, одан:
Жамбыл облысының бюджетіне - 413500 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 234860 мың теңге;
3) орталық аудандық аурухана салуға Жамбыл облысының бюджетіне 33600 мың теңге;
4) туберкулез ұйымдарын және аудандық аурухана салуға - 2318120 мың теңге, одан:
Атырау облысының бюджетіне - 358000 мың теңге;
Қызылорда облысының бюджетіне - 350000 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысының бюджетіне - 818420 мың теңге;
Жамбыл облысының бюджетіне - 442100 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 349600 мың теңге нысаналы инвестициялық трансферттер көзделсін.
Ауылдың білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қаражат көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
31-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелердің материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға жергілікті бюджеттерге берілетін жалпы сомасы 1078454 мың теңге:
Ақмола облысына - 113 408 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 37 072 мың теңге;
Алматы облысына - 192 045 мың теңге;
Атырау облысына - 18 122 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 90 967 мың теңге;
Жамбыл облысына - 81 715 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 89 279 мың теңге;
Қарағанды облысына - 52 919 мың теңге;
Қостанай облысына - 106 502 мың теңге;
Қызылорда облысына - 52 291 мың теңге;
Маңғыстау облысына - 5 491 мың теңге;
Павлодар облысына - 56 363 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 118 949 мың теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысына - 63 331 мың теңге нысаналы трансферттер көзделсін.
32-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында сумен қамтамасыз ету жүйелерін салу мен реконструкциялауға 6003892 мың теңге сомасында қаражат, оның ішінде 9-қосымшаға сәйкес ауылдық елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау объектілерін салу мен реконструкциялауға 3000000 мың теңге көзделсін, оларды қаржыландыру көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
33-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 12496732 мың теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер көзделсін.
34-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте өткен жылдардың міндеттемелерін орындауға 1804172 мың теңге, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне - Астана қаласындағы әкімшілік үйінің құрылысы бойынша кредиторлық берешегін өтеуге 159700 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне - шет елде Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлік сатып алуға 201894 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне - республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын міндеттемелер бойынша кредиторлық берешекті өтеуге 500000 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстеме ақы төлеуге 599907 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне:
таратылған Жол қорының құқықтық қатынастарынан туындайтын негізгі борышты өтеу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруға - 34389 мың теңге;
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының әскери тасымалдаулар бойынша шығындарын өтеуге - 308282 мың теңге көзделсін.
35-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің жарғылық капиталын қалыптастыруға 500000 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
36-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте "Тұрғынүйқұрылысбанкі" жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері заемшыларының 2002 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 146618 мың теңге көзделсін.
37-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылға арналған резерві 5258913 мың теңге, оның ішінде:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен анықталатын өзге де күтпеген шығыстар үшін - 4428000 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін - 230913 мың теңге;
кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттерге кредит беру үшін арнаулы резерв - 600000 мың теңге сомасында бекітілсін.
38-бап. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 14420572 мың теңге көзделсін.