Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын
пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарт негізінде ауыстыруды жеделдету
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 ж. 24 ақпандағы № 135 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 22.06.98 ж. № 578; 21.01.02 ж. № 73 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 73 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 73 қаулысымен кіріспе өзгертілді
Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдаланушылар мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арасындағы жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасу процесiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 22.06.98 ж. № 578 қаулысымен 1-тармақ өзгертiлдi; ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 73 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - Құзыретті органдар) жер қойнауын пайдалану құқығына бұрын берілген лицензияларда белгіленген жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасасу мерзімдерін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауына бақылау орнатсын. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарты белгіленген мерзімдерде жасалмаған жағдайда, келісім-шартты жасаспау жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен болмаған немесе дәлелді себептерден туындаған жағдайлардан басқа, Құзыретті органдар оларды қайтарып алу жөніндегі шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 73 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасасқанға дейін пайдалы қазбалар өндіріп алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттің кірісіне роялти түріндегі аударымдардың қоса беріліп отырған мөлшерлері бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 73 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқанға дейiн Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын барлық ұйымдар осы қаулыда бекітілген ставкасына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен роялти түрінде аударымдарды республикалық бюджеттiң кiрiсiне толық және уақтылы аударуды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 73 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының орындалуына пәрмендi бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулы 1998 жылдың 1 сәуiрiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 24 ақпандағы
№ 135 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 73 қаулысымен Қосымша өзгертілді
Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқанға дейін, пайдалы
қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін
республикалық бюджеттің кірісіне роялти түріндегі аударымдардың
мөлшерлері
Пайдалы қазбалар топтарының және түрлерiнiң атауы | Аударымдар ставкалары, пайызбен |
1 | 3 |
Отын-энергетикалық шикiзат Мұнай 12 Газ конденсаты 12 Табиғи газ 12 Ашық тәсiлмен өндiрiлетiн 5 көмiр Жерасты өндiру тәсiлiмен 2 өндiрiлетiн көмiр Радиоактивтi шикiзат, 8 уран Қара металдар Руда немесе темір 1,5 концентраты Марганец концентраты 1,5 Руда немесе хром 1,5 концентраты Түстi және сирек кездесетiн металдар Мыс (құйма, тазартылған, 2 анодты) Концентраттағы мыс 4 Кендегi мыс 9 Қорғасын (құйма) 2 Концентраттағы қорғасын 4 Кендегi қорғасын және 8 мырыш Құйма мырыш 2 Концентраттағы мырыш 4 Бокситтер 8 Концентраттағы қалайы 8 Концентраттағы танталдың 8 бес тотығы Концентраттағы вольфрамды 7 ангидрид Кендегi никель және 4 кендегi кобальт Концентраттағы молибден 6 Асыл металдар Алтын 4 Күмiс 3 Металлургияға арналған руда емес шикiзат Доломиттер 1 Флюстик әк тастар 1 Қалыптама құм 1 Тау-кен химия шикiзаты Фосфорит кеніндегі 1,5 фосфордың бес тотығы Бор кеніндегі бор 1,5 ангидридi Концентрат пен кендегi 1,5 барит Басқа кен емес шикiзат Хризотил-асбест 3,5 Отқа төзiмдi саз балшық 3,5 Керамика өнеркәсiбiне арналған шикiзат 3,5 Каолин 3,5 Құрылысқа арналған әк 3,5 тастар 3,5 Ас тұзы Калий тұзы 3,5 Цементтiк шикiзат 3,5 Бентонит сазбалшығы 3,5 Вермикулит 3,5 Жергiлiктi құрылыс материалдары Жол құрылысына арналған 4,5 кирлер Әрлеуге арналған әк 4,5 тастар, мәрмар Әрлеуге арналған тау 4,5 жыныстары Құрылыс тастары 4,5 Құмдар және құм-қиыршық 4,5 қоспасы Шығы өнеркәсiбiне 4,5 арналған шикiзат Керамзиттi шикiзат 4,5 Кiрпiш жасайтын сазбалшық 4,5 Гипс және гипсангидриттi 4,5 тастар Бор 4,5 Жарқылтас шикiзаты 15 Жерасты сулары 10 Басқа да пайдалы қазбалар, 5 оның ішінде сирек кездесетін |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 24 ақпандағы
№ 135 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
"Республикалық Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 6 қазандағы № 824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 38, 574-құжат).
"Жер қойнауын қорғау және минерал-шикiзат базасын қалпына келтiру жөніндегі Республикалық қор құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы № 407 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 17, 211-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 6 қазандағы № 824 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы № 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 50, 601-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 мамырдағы № 407 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 мамырдағы № 570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 23, 247-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 6 қазандағы № 824 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 қазандағы № 1117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 41, 449-құжат).