8. Прокурорлық ден қою актiлерiн қарау кезiнде
орталық атқарушы органдардың өзара
iс-қимыл жасау тәртiбi
76. Yкiметтiң атына жiберiлген прокурорлық ден қою актiлерiн қарауды Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша прокурорлық ден қою актiсiнiң мәнiсi болған мәселелер құзыретiне енетiн мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Әдiлет министрлiгi тиiстi мемлекеттiк органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетедi.
77. Прокурорлық ден қою актiсiн қарау тапсырылған мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрi - Бас прокуратура) Үкiмет жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Yкiмет шешiмдерiнiң жобаларын дайындайды, прокурорлық ден қою актiсiнен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк орган Бас прокуратураға Үкiмет жауабының жобасын мiндеттi түрде Әдiлет министрлiгiмен, сондай-ақ прокурорлық ден қою актiсiн қарау туралы тапсырмада көрсетiлген өзге де мемлекеттiк органдармен келiседi.
Yкiмет жауабының жобасын келiсу тиiстi мемлекеттiк орган басшысының оған бұрыштама қоюы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жiберуi жолымен жүзеге асырылады.
78. Прокурорлық ден қою актiлерiне Үкiметтiң келiсiлген жауаптарының жобалары көрсетiлген актілерге жауап берудiң "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрмей Кеңсеге ұсынылады.
9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiн
жариялау тәртiбi
79. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты Үкiметтiң кесiмдерi мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiс.
80. Мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi бар Yкiмет кесiмдерi жариялануға жатпайды.
81. Үкiметтiң қаулылары Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi кесiмдерiнiң жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын және заңнамада белгiленген тәртiппен Үкiметтiң қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио бойынша халыққа жария етiлуi мүмкiн.
Үкiмет қабылдайтын шешiмдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Үкiметтiң Web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету және Internet (Интернет) ғаламдық желiсiн пайдалану жеке ережелермен регламенттеледi.
10. Орындалуын бақылау тәртiбi
82. Президент, Үкімет, Премьер-Министр кесiмдерiнiң, сондай-ақ Президенттiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Президент Әкiмшiлiгi мен Кеңсе Басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Әкiмшiлiк рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 Жарлығына, "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетiлген құжаттардың орындалуын бақылауды олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрдi жүйелi түрде хабардар ететiн Кеңсе жүзеге асырады.
83. Бақылау мынадай жолдармен:
1) қажеттi ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) тексеру және құжаттамалық тексерiстiң өзге де нысандары;
4) жергiлiктi жерге барып тексеру;
5) заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау:
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiнiң олардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкестiгi;
2) толық әрі уақтылы орындалуы;
3) орындау кезiнде заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде жүргізіледі.
84. Мынадай, оның iшiнде құпия құжаттар (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алынады:
1) Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берiлетiн Президенттiң кесiмдерi;
2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бap Үкiметтiң қаулылары, Үкiмет мәжілістерiнiң хаттамалары, Премьер-Министрдiң өкiмдерi;
3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастырушы адамның орындау мерзiмi көрсетiлген немесе бақылауға алынғаны туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмалары (оның iшiнде мәжілiстердiң хаттамаларында және iс-шаралардың жоспарларында қамтылатындары). Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының хаттамалық және өзге де тапсырмаларының нормативтiк құқықтық сипаты болмайды;
4) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттары.
85. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
86. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы үшiн жауапкершілік олар орындалуға жiберiлген мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
87. Президент кесiмдерiнiң орындалуына жауапты мемлекеттiк органдар үш күн мерзiмде оларды iске асыру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларының жоспарын жасайды.
88. Үкiмет пен Премьер-Министр кесiмдерiнiң орындалу мерзiмiн Премьер-Министр не оның нақты кесiмнiң орындалуын бақылау жүктелген орынбасары және Кеңсе Басшысы мемлекеттiк орган бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның белгiленген тәртiппен енгiзiлген жазбаша өтiнiшi негiзiнде ұзартуы мүмкін. Орындалу мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi.
Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiн және тапсырмаларын бiрге орындаушы мемлекеттiк органдар, егер тиiсті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгіленген орындау мерзiмі аяқталғанға дейiн 3 күннен кешiктiрмей ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға өз ұсыныстарын енгiзуге мiндеттi.
89. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе орындалуын бақылауды талап ететiн тапсырма берген лауазымды адам не оның міндетін атқарушы адам не оның тапсырмасы бойынша өзге адам бақылаудан алады.
Үкiметке қатысты Президент кесiмдерiн бақылаудан алу және олардың орындалу мерзiмiн ұзарту мәселелерiн Президент Әкiмшiлiгi қарайды.
90. Президенттiң жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар, егер Президент өзгеше белгiлемесе, екi аптадан аспайтын мерзiмде орындауы тиiс.
91. Президенттiң және Президент Әкiмшiлiгi басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бiрге орталық және жергілiктi атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзiм белгiленбесе Президент және/немесе Президент Әкiмшiлiгiнiң басшылығы тапсырған күннен бастап 25 күн мерзiмнен кешiктiрмей орындайды.
92. Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамаларында және Президентте, Yкiмет пен Кеңсе басшылығында өткен кеңестердiң хаттамаларында қамтылатын хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзiмдерi мәжiлiс (кеңес) өткен күннен бастап есептеледi. Егер мәжiлiсте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзiмi аталған жағдайда, атына тапсырма берiлген және өкілдерi мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиiстi мемлекеттiк органдар мәжiлiстен (кеңестен) кейiн, оларға мәжiлiс (кеңес) хаттамасының келiп түсуiн күтпестен, тапсырмаларды орындауға бiрден кiрiсуi тиiс.
Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзiм белгiленбесе, орындалуына жауапты мемлекеттiк органға түскен күнiнен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал "шұғыл" немесе "жеделдетiңiз" деген белгiсi болған кезде 10 күн мерзiмде орындалады.
Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптарды және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзiм белгiленбесе сауал (заң жобасы) Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 25 күн мерзiмнен кешiктiрмей орындалады.
Егер Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiнде, сондай-ақ iс-шаралар жоспарларында нақты орындау мерзiмi көрсетілмесе және мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бiр жыл iшiнде және т.с.с.) талап ететiнi туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзiмi туралы бiр мәндi қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда, осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттiгiн, оларды нақты орындау мерзiмiн белгiлеудi Кеңсе айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттiк органдарға жеткiзедi.
Егер тапсырманың белгiленген мерзiмде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам кешiктiрiлуiнiң себептерi туралы хабарлауға және белгiленген тәртiппен оның орындалу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасауға тиiс. Тапсырманың орындалу мерзiмiн екi реттен артық ұзартуға жол берiлмейдi.
Бақылаудағы құжаттарды орындаудың белгiленген мерзiмiн бұзу немесе олардың сапасыз орындалуы тәртiптiк терiс қылық болып табылады. Бақылаудағы құжаттарды орындаудың мерзiмiн бұзу немесе сапасыз орындау фактiлерi бойынша орындалуына жауапты мемлекеттiк органдар бiрiншi басшыларының бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығымен белгіленген тәртiппен қызметтiк тексеру тағайындалады, оның нәтижесi бойынша кiнәлi лауазымды адамдар тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
93. Бақылаудағы құжаттардың, оның iшiнде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттiк органдар Кеңсеге:
1) бақылаудағы құжаттарды орындаудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн әрбiр бақылаудағы құжаттың не оның нақты тармақтарының орындалуы туралы есеп;
2) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне жазалау туралы бұйрықтың көшiрмесiн қоса бере отырып, орындаушылық тәртiптiң жай-күйi және бақылаудағы құжаттарды орындау мерзiмiнiң бұзылуына немесе олардың сапасыз орындалуына кiнәлi нақты лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынады.
94. Мыналарды бақылаудан алу не орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдау:
1) Президенттiң тапсырмаларын, оның iшiнде Президенттiң кесiмдерiнде, оның қатысуымен өтетiн кеңестердiң (мәжiлiстердiң) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiткен iс-шаралар жоспарында қамтылатын тапсырмаларды - тиiсiнше Президенттiң немесе Президент Әкімшілігi Басшысының не оның міндетiн атқарушы адамның қарары бойынша;
2) Президент Әкiмшiлiгi басшылығының тапсырмаларын, оның iшiнде Президент Әкiмшiлiгiнiң басшылығында өтетiн мәжiлiстердiң хаттамаларында және ол бекіткен iс-шаралар жоспарында қамтылатын тапсырмаларды Әкiмшiлiк Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;
3) тапсырмаларды, оның iшiнде Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiнде, Үкiмет мәжiлiстерiнiң және Премьер-Министрде өтетiн кеңестердiң хаттамаларында қамтылатын тапсырмаларды - Премьер-Министрдiң немесе Кеңсе Басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның қарары бойынша; 4) Премьер-Министр орынбасарларының тапсырмаларын, оның iшiнде олар өткiзген кеңестердiң хаттамаларында және олар бекіткен iс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмаларды - Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарының қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмаларын, оның iшiнде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердiң хаттамаларында және ол бекiткен iс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмаларды - Кеңсе Басшысының не оның мiндетiн атқарушы адамның қарары бойынша;
6) Кеңсе Басшысы орынбасарларының тапсырмаларын - Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарының қарары бойынша жүзеге асырылады.
95. Бақылаудағы тапсырмалардың орындалуы туралы, оның iшiнде Кеңсеге олардың орындалуына жауапты мемлекеттiк органдар жiберетiн құпия сипаттағы есептерде белгiленген орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оларда мiндеттi түрде мыналар қамтылуы тиiс:
1) егер ақиқатты себептермен тапсырманың белгiленген мерзiмде орындалуы мүмкін болмаса, не жаңа нақты мерзiмiн көрсете отырып, орындалу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш;
2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтiнiш;
3) егер тиiстi кесiммен немесе тапсырмамен мерзiмдi ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртiбiмен енгiзiлiп отырғаны туралы жазба.
96. Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының iс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының, оның iшiнде хаттамалық тапсырмаларының Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын енгiзудi көздейтiн нақты тармақтарын бақылаудан алу үшiн тиiстi қаулы немесе өкiм қабылдау негiз болып табылады.
97. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Кеңсе Басшысы осы Регламент талаптарын, оның iшiнде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртiбiн өрескел бұзу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде Премьер-Министрге ұсыныстар енгiзуi мүмкiн.
11. Қорытынды ережелер
98. Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерінiң
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 6, 40-құжат).
2. "Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөнiндегi жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысының 7-тармағы.
3. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысы 2-тармағының 1) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 435-құжат).
5. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысының 5-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 42-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 149-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 611 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 224-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 361-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 маусымдағы N 856 қаулысы
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 74-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 343-құжат).